|  |  | 

Суреттер сөйлейді Тарих

ТҰРАРДЫҢ ТҰЯҒЫ

318804176_2377834072372465_3398470941269502683_nBeken Kayratuly

Жақында «Егемен Қазақстан» (1 желтоқсан, 2022) газетіне тарих ғылымдарының кандидаты, ақын-жазушы Сұраған Рахметұлының «Моңғолды мойындатқан Тұрар» атты мақаласы жарық көрді. Осы жазбада, Тұрар Коминтрен өкілі ретінде Моңғолияға барып, тағдырдың қалауымен Дугарқызы Дэнсмаа (1906-1985) есімді арумен танысқаны жөнінде айтылады. Дэнсмаа болса Троицкосавск (Хяагта хот) қаласында дүниеге келген екен. Дэнсмааның 12 жасында әкесі ақтар интервенциясы тарапынан атып өлтірілген. Содан Да Күре (қазіргі Ұланбатыр) қаласына көшіп келіп, осында орысша орта білім алған. 1923 жылы 17 жасында Мәскеудегі КУТВ-қа (Коммунистический университет Трудящихся Востока) оқуға аттанады. Осынау жылдары Моңғолияның Ішкі істер министрлігі, Халықтық серуен бағы, Қаржы мектебі қатарлы мекемелерде қызмет атқарған.
– Қолдағы дерекке сүйенсек, -дейді автор. – Моңғол аруы Мәскеуден келе жатып жолай Коминтерн өкілі Тұрар Рысқұловпен танысады. Бұл таныстық махаббатқа да ұласқан көрінеді. Сөйтіп, 1925 жылы Дэнсмаа босанып, Мая есімді қыз табады. Бұл қыз (мамыр) айында туыпты. Әйтпегенде буддалық сенімдегі халық бұндай есімді қоюы екіталай. Жарықтық Мая 2002 жылы дүниеден өткен екен. (Таңданарлық жағдай Тұрар кейін Вера Дергачева атты әйелінен 1929 жылы туған қызына да Мая деп ат қойған екен Б.Қ)
Тұрар Рысқұлов 1925 жылы Моңғолиядағы тапсырмалық мерзімі аяқталып, Мәскеуге оралған тұста, Дэнсмаа Моңғол армиясының екінші орынбасары, корпус командирі Гончигийн Самбуу деген офицермен тұрмыс құрады. Бұл кісі де 36 жасында 1937 жылы нәубетке ұшырап, атылады.
Маяның шынайы өмірін білетіндер аз. Десе де жоқ емес. Соның бірі – 1924 жылы туған қазақ өнерінің майталманы, Моңғолияның Халық әртісі Қайжамал Бақышқызы. Қайжамал апамыз 2020 жылы дүниеден өтті. Көзі тірісінде әз-апаға жолығып Мая туралы ауызша айтқан естелігін Сұраған Рахметұлы жазып алған екен.
– 1966-1975 жылдары аймақтық МДТ-ын басқардым, – деді апамыз. – Әлі есімде, 1968 жылы Ұланбатырдан бір топ өнер майталмандары Бай-Өлкеге келді. Қонақтарды Мая есімді тұлғасы ғажап, сұлу әйел бастап жүрді. Делегация құрамында атақты опера әншісі, кейін Еңбек Ері атанған Цэвэгжавын Пүрэвдорж, жазушы-драматург Чойжилын Чимэд бар еді. Топ басшысы Мая бізге ерекше ықылас танытты. Кәдімгі бағзы туысқандай біз өзара тез іштесіп кеттік. Қазақы дәстүр бойынша қонақтарға қазақтың ұлттық киімдерін сыйға тартып, құрмет көрсеттік. Мая ажарлы еді және қазақтың ұлттық киімін кигенде қатты толқығанын көзім көрді. Біз екеуміз қатарлас, 43-44 жас шамасындамыз. Дәл қоштасарда Мая мені қасына шақырып алып, өзінің туған әкесі, Турар Эрискулов деген қазақ болуы мүмкін екенін сыбырлап айтты және ол кісі туралы білгісі келетінін меңзеп еді. Көп жыл бұрын анасы екеуі сөйлессе керек. Кезінде Мәскеуде Коминтерн қызметкері болған Гульсим Гареевна Ахметзянова деген татар әйелдің әдіресін тауып, оған хат жазып Рысқұлов жайлы сұраған екен. Ол кісіден жартымды дерек, жөнді жауап та болмаған.
Мая Самбууқызы 1957 жылы Ұланбатырда Мұғалімдер жоғары оқу орнын моңғол тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітіреді. Жастайынан өнерге бейім ол Моңғолия сазгерлер одағына мүшелікке өтіп, осы ұйымда жауапты хатшылық қызметте болған. Біршама патриоттық әндердің авторы. Бір қызығы, Маяның Баян-Өлкеге сапары кезінде қазақ театрының әртістерімен бірге түскен мына фотосы Т.Сарантуяа деген іскер әйелде сақталыпты (Мая дөңгелек ақ сызықпен белгіленді).
Айтпақшы, жоғарыдағы Қайынжамал Бақышқызына Сұраған Рахметұлы барып жолыққанда қасында менде бірге болған едім, – дейді аймақтық Діндарлар одағының бастығы, көп жыл өлке имамы болған Азатхан Мұқанұлы: – Қайынжамал маған аталас апайым болып келеді, Серік деген баласы қайтыс болғанын естіп, Сұраған екеуіміз көңіл айтуға бардық. Құран оқып, дұға бағыштадық. Дастархан үстінде апай, жоғарыдағы әңгімені айтты. Сұраған жазып алды. Бірақ өз басым Ұланбатырда Тұрардың қызы тұратын жайлы бұдан әлдеқайда көп бұрын Даниял Дікейұлы деген ақсақалдан естіген едім. Бұл кісі 1916 жылы туған, жас кезінен ел кезіп, анда-мұнда көп жүрген адам еді жарықтық. Тіпті 1939 жылғы Халқын-гол соғысына қатысқан ардагер. Дәкең өмірінің соңында Алматы қаласына көшіп, келіп 97 жасында қайтыс болды…

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Тибет асқан көш не себепті басталды?

    Тибет асқан көш не себепті басталды?

    1883-жылы Алтайдан Жамысбай бастаған қазақтар алғаш рет Баркөл жеріне көшіп барды, 1887-1891-1895 жылдары тағыда көшіп келгендер болды. онан кейінде көшіп келгендер болды, мысалы 1912-1913 жылдары, 1920 жылдары, 1924-1929 жылы келгенлер болды, олардың дені Алтайдан болатын. 1912 жылдан кейін манжу билігі құлап қытай билігі орнады, 1928 жылы билікке келген Жин Шурын Алтай төресі Қасымқан ұлы Шәріпқанды, Тарбағатай төресінің ұлы Қызырды, Баркөл қазақ үкірдайы Әліптің ұлы Елісқанды Үрімжіде оқытты, Елісқан заманауй Әскери білім алды, қытай тілін үйренді. Оны 200 адамдық қарулы қазаққа басшы етіп оны «Шығыс Шыңжаң шегара қорғаныс отрияды» деп атады. 1931 жылы Құмыл ұйғырлары Қожанияздың бастауында көтеріліс жасады. Оқиға Бір қытай әскер басының бір ұйғыр қызды зорлықпен әйел етіп алмақ

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: