|  |  | 

Суреттер сөйлейді Тарих

Суретте 1956 жылғы Үрімжі қазақтары

Тарихи сурет
Орны: Үрімжі
Уақыты: 1956.ж
Түсірген: Том Хатчинс (фотожурналист)317999968_2507948089368763_773851040671069586_n
Түсініктеме: Жаңа Зеландияық фотожурналист Т.Хатчинс (туған жері Австралия) Қытай сапары кезінде қазақтар біршама шоғырлы қоныстанған аймақтарды назардан тыс қалдырмады. Сол кезде қытайға рұқсат етілген санаулы фотожурналистің бірі болған ол коммунистік режимнің алғашқы кезеңіндегі қытайды фото тілімен сәтті көрсете алды. Суретте 1956 жылғы Үрімжі қазақтарының тұрмыс-тіршілігі көрсетілген.
Өкінішке қарай Үрімжі қазақтарының саяси, әлеуметтік тарихы еш зерттелмей келе жатыр. Үрімжі өлкенің саяси кіндігі болғандығы себепті ондағы қазақтардың саяси, мәдени һәм әлеуметтік істерге араласуы ерте басталды. 1922 жылы қала орталығында қазақ-моңғол мектебі шаңырақ көтерді. 1935 жылы қалада қазақ-қырғыз мәлени, ағарту ұйымы құрылды. Сол жылы қалада “Тяньшан”, “Шынжаң” газеттерінің қазақша бөлімдері құрылды сонымен бірге қала орталығында өлкелік қазақ театры ашылды. Институт пен педагогикалық училищеге түсіп оқитын қазақ балаларының саны күрт өсті.
1935 жылдан кейін қала қазақтары біртіндеп ұлттық кәсіпорын құра бастады. Шағын тұрпаттағы жүн және тері заводтарын ашып шикзат өңдеп мәнерлеп оны өлкенің сауда кенттерінен тыс совет олағына экспорттады. Өлкелік қазақ-қырғыз ұйымы ұлттық қорды қамтамасыз ету мақсатында қазақ кәсіпорындарын көп қолдады.
1944-46 жж. қаладағы қазақтар екі түрлі саяси жікке бөлінді. Бірі Құлжада құрылған тәуелсіз уақытша үкіметті қолдады. Бірақ келесі бір топ уақытша үкіметтің совет факторын ескере отырып коммунистік саяси ықпалдастықтың артуынан алаңдады. Уақытша үкіметті қолдайтын топ Манас өзені шекарасынан өтіп батысқа жол тартты. Ал оған қарсылар Үрімжідегі астыртын саяси ағартушылық іс-қимылын жалғастыра берді.
1947 жж Үрімжі қазақтарының саяси қарбаластығы біршама артқан жыл болды. Қалада мыңдаған азаматтардың митингі көбейді. Арасында кісі өлімі де болды… Үрімжіге жақын аудандардың азаматтары түпқопарылып Үрімжіге қарай көшті. 1949 жылға қарай Үрімжі қазақтары саяси тұлғалардың жиы басқосу жасап келелі кеңес өткізетін саяси майданына айналды. Қаладағы АҚШ, Ұлыбритания консулдығының назары манағы саяси құрылтайларға көп ауды. Соңында Үрімжі және көрші қазақ аудандары анти-коммунистік ортақ іс-қимыл жасады, бірақ бұлқыныс сәтсіз аяқталды. Соның кесірінен Манас, Құтыби, Санжы және Үрімжі қазақтары “сенімсіз зонаға” кірді. Қазақтардың осы аймақтағы ықпалы ескерілмеді, есесіне қақпайлау саясаты жүргізілді. 1954-55 жж ұлттық автономиялы аумақтарды межелеу кезінде “саяси қылмыс зонасы” атанған қазақ аудандары мүлде ескерілмеді. Керісінше бөлу, бөлшектеу саясаты жүргізілді.
Ең қызығы 1946-47 жж Гоминьдан үкіметі аймақтағы қазақ санының көптігін ескере отырып тұрғылықты қазақтардың әкімшілік, саяси һәм әлеуметтік істерге араласуына мүмкіндіктер жаратқан еді. Соның ықпалымен Үрімжіде анти-коммунистік көңіл жақсы күй қалыптасты. Бірақ 1951 жылдан кейінгі саяси һәм әкімшілік тағдырлары өте қиын болды.
Елдес ОРДА
07.12.2022
ЕСКЕРТУ:
Үрімжі деген атау тек қала орталығымен шектелмейді. Қалаға қарасты барлық елді-мекендер қарастырылады. Қалада арнайы қазақтар тұратын шағын райондар болудан тыс қаланың айналасындағы елде-мекендердердің бәрінде кілең қазақтар тұрған.318620267_2507947702702135_6261867396450333512_n 318531599_2507948266035412_766137538318300572_n 318487693_2507948012702104_1187623161933590484_n 318212579_2507948336035405_1128915993783752310_n 317999968_2507948089368763_773851040671069586_n 317834328_2507948076035431_8992700920804590383_n 317725195_2507948209368751_5042983465853377694_n

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Тибет асқан көш не себепті басталды?

    Тибет асқан көш не себепті басталды?

    1883-жылы Алтайдан Жамысбай бастаған қазақтар алғаш рет Баркөл жеріне көшіп барды, 1887-1891-1895 жылдары тағыда көшіп келгендер болды. онан кейінде көшіп келгендер болды, мысалы 1912-1913 жылдары, 1920 жылдары, 1924-1929 жылы келгенлер болды, олардың дені Алтайдан болатын. 1912 жылдан кейін манжу билігі құлап қытай билігі орнады, 1928 жылы билікке келген Жин Шурын Алтай төресі Қасымқан ұлы Шәріпқанды, Тарбағатай төресінің ұлы Қызырды, Баркөл қазақ үкірдайы Әліптің ұлы Елісқанды Үрімжіде оқытты, Елісқан заманауй Әскери білім алды, қытай тілін үйренді. Оны 200 адамдық қарулы қазаққа басшы етіп оны «Шығыс Шыңжаң шегара қорғаныс отрияды» деп атады. 1931 жылы Құмыл ұйғырлары Қожанияздың бастауында көтеріліс жасады. Оқиға Бір қытай әскер басының бір ұйғыр қызды зорлықпен әйел етіп алмақ

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: