|  |  |  | 

Көз қарас Суреттер сөйлейді Тарих

Шағын сараптама:Шыңжаң өлкелік үкіметі, шетелге оқушы жіберу жұмысы

Шағын сараптама
1934-35 жылы жаңа Шыңжаң өлкелік үкіметі құрылған соң шетелден оқу, шетелге оқушы жіберу жұмысы кешенді жүзеге асты. Соның негізінде өлкелік үкімет Совет Одағынан оқитын жас талапкерлерге конкурс жариялап арнайы үкіметтің оқу стипендиясын бөлді, нәтижесінде 1935-39 жылдары ұзын саны 300-ге тарта студент Совет Одағында білім алды.
1935 жылдары Шығыс Түркістандық студенттердің ең көп оқуға түскен білім ордасы- Ташкендегі САГУ еді, атап айтқанда Орталық Азия Мемлекеттік Университеті. Ташкеннен оқыған Шыңжаңдық студенттер Шығыс Түркістанның барлық аймақтарында түрлі қызметте жұмыс істеді, оларды кейін “Ташкентшілдер” деп те атады.426039277_2832650150231887_2898209500227915015_n
1939 жылдан кейін Мәскеу мен Шыңжаң өлкелік үкіметтің арасы дипломатиялық дағдарысқа ұшырады, соның кесірінен ресми Үрімжі Совет Одағы құрамындағы студент азаматтарды елге шақыртып алды. Білім саласындағы ауыс-түйіс кілт тоқтады.
Архивтік статистикаға сүйенсек 1935-39 жылдары шетелге шығып оқыған Шығыс Түркістандық студенттің 95%-і Совет Одағында, 5%-і ішкі қытайда (Нанкин, Ланжоу) білім алған. Ішкі қытайда білім алу мүмкіндігінің аз болуы Өлкелік үкімет пен ресми Нанкин үкіметі арасындағы саяси тоқырау себеп болса керек, дегенмен оншақты студент Ланжоу, Нанкинде оқуын жалғастырған.
Бір қызығы, шетелде және ішкі қытайда білім алған студенттерге Екінші Жаһан соғысы жанамалай әскер еткен. Советке оқуға түскен кейбір студент жастар арасында майданға аттанғандары болды. Ал Жапон-Қытай соғысы кезінде ішкі қытайға әскери барлау саласы бойынша стипендиямен оқыған ұйғыр мен қазақтар болған. Олардың кейінгі тағдыры өте қызық.
1939 жылдан кейін кілт тоқтап қалған Өлкелік үкіметтің шетелге оқушы шығару бағдарламасы араға 10 жыл кешігіп 1951 жылы қайта қолға алынды. Нәтижесінде 1951-58 жылдары 150-ге тарта студент Совет Одағында білім алды. Естеріңізде болса осы жылдары заңғар жазушы Қ.Жұмаділ марқұм Алматыда білім алған еді. 1958 жылдан соң Совет Одағы мен Қытай коммунистік үкіметі арасына тағы да жік түсті, бүкіл байланыс арналары жабылды. Қытай мүлде жабық елге айналды…426035615_2832650190231883_6846607761536015603_n
1978 жылдан кейін жылымық пайда болды, 1980 жылдан бастап оқу ісі қайта қаралды, кейбір түзетулер енгізілді. 1983-84 жылдан соң шетелден оқу үдерісі қайта толқыды, бірақ бұл қатарда әлі де болсын Совет Одағы болмады, керісінше алыс шетелге (АҚШ, Еуропа) мәдени байланыс қарқынды дамыды. 80- жылдың аяғына қарай ұйғыр мен қазақ жастары АҚШ пен Еуропа университеттерінде білім алды. Сол жылдары мәдени майдан бүкілқытайда қарқынды жүрді, оның соңы 1989 жылғы студенттердің толқуына әкелді, ресми билік студент жастардың саяси күшке айналуынан мейлінше үрейленді. Аталған жағдай Шыңжаңда да қайталанды, студент жастар Үрімжіде алаңға шықты, элитаны ашық диалогқа дебатқа шақырды.
1991 жылы Совет Одағы құрдымға кетті. Сол жылдан бастап Қазақстанда білім алу үдерісі қайта көтерілді. 2001-2003 жылға келгенде жылына мың-екі мың студент Қазақстан университеттеріне оқуға тапсырды. Бұл 1935-39 жылдан кейінгі рекордтық ең жоғары көрсеткіш. 2010 жылдан кейін Орталық Азия респубиликаларында (соның ішінде Қазақстанда) оқитын Шыңжаңдық студенттер (көбінше қазақтар) саны күрт азайды, есесіне АҚШ, Еуропа және т.б шетелде оқу көрсеткіші жоғары болды. 2017-2021 жылдары Қазақстанға оқуға тапсырушы Шыңжаңдық студенттер (қазақтар) саны тіпті құлдырау деңгейіне жетті.425995099_2832650216898547_6893789984581302218_n
2022-23 жылдары оқуға тапсырушы студенттер арасында Шыңжаңдық қазақтардан бөлек оқу грантін игеруші қытайлық өзге азаматтар да кездеседі. Есесіне Шыңжаңда ішкі қытайда білім алу немесе жұмыс істеу көрсеткіші жалғасты жоғарлаған. Сонымен бірге, Қазақстаннан бөлек алыс шетелдерде білім алу көрсеткіші де өскен.
Соңғы жылдары қытайда білім беру саласы түрлі реформалардан өтті, оқу жүйесі кешенді жаңартылды. Аталған жүйе негізінде білім алған қазақ қандастардың Қазақстанға келуі, бұл жақтың білім беру жүйесіне бейімделуі жеке мәселе болғалы тұр.
Ал, қытайдағы қазақтар үлкен масштабта 3 үлкен санатқа бөлінеді. Олар:
* Төтеше оқығандар;
* Төтеше және қытайша оқығандар;
* Қытайша оқығандар.426074251_2832650183565217_3359438382271102126_n
Қытай сарапшылары осы үш категория бойынша стратегиялық кешенді жоспар құрған. Қазірдің өзінде таза қытайша білім алған ұрпақ қоғамның түрлі саласында көрініс тауып алдыңғы екі буын ұрпақпен жабық конкурент болып жатыр. Соған байланысты қытайда бұрын 100 мыңдаған тұтынушысы бар таза қазақша контенттердің дәурені құлдырады, есесіне шұбар тілді контент пайда болды.
Енді қайтбек керек?
Менің ойымша мынадай Қазақстандық мүмкіндіктер бар:
Мәдени ықпалдастық
Яғни қытайда әсіресе ШҰАР-да қазақстандық контетті түрлі жолдармен ықпалын көтеру;
Экономикалық ықпалдастық
Қазақстандық бизнес өкілдері қандастар көп тұратын аймақтарда сауда бизнес ынтымақтастығын көбірек қаперге алуы тиіс;
Геосаяси ықпалдастық
ШҰАР аймағы Орталық Азияның географиялық бір бөлігі саналады. 1864 жылғы “Шәуешек келісімі” негізінде бүгінгі шекаралық белдеу сызығы қалыптасты. Бірақ геосаясатты бұрынғы қалпында қала берді, атап айтқанда ОА ШҰАР-ға, ШҰАР ОА-ға геосаяси әсерін тигізеді. Біз осы ықпалдастықты Қазақстандық мүддеге жұмыс жасата білетін дипломатиялық қабілетке ие елміз;
Елдес ОРДА
06.02.2024

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Тибет асқан көш не себепті басталды?

    Тибет асқан көш не себепті басталды?

    1883-жылы Алтайдан Жамысбай бастаған қазақтар алғаш рет Баркөл жеріне көшіп барды, 1887-1891-1895 жылдары тағыда көшіп келгендер болды. онан кейінде көшіп келгендер болды, мысалы 1912-1913 жылдары, 1920 жылдары, 1924-1929 жылы келгенлер болды, олардың дені Алтайдан болатын. 1912 жылдан кейін манжу билігі құлап қытай билігі орнады, 1928 жылы билікке келген Жин Шурын Алтай төресі Қасымқан ұлы Шәріпқанды, Тарбағатай төресінің ұлы Қызырды, Баркөл қазақ үкірдайы Әліптің ұлы Елісқанды Үрімжіде оқытты, Елісқан заманауй Әскери білім алды, қытай тілін үйренді. Оны 200 адамдық қарулы қазаққа басшы етіп оны «Шығыс Шыңжаң шегара қорғаныс отрияды» деп атады. 1931 жылы Құмыл ұйғырлары Қожанияздың бастауында көтеріліс жасады. Оқиға Бір қытай әскер басының бір ұйғыр қызды зорлықпен әйел етіп алмақ

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Zhalgas Yertay Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ. Ол халықтың ішкі күші мен биліктің саяси еркіне қарайлап тұр Ертеректен бастайық. Баяғыда қазақтың басты проблемасы санында еді, ол рас. Қазақтар өз жерінде азшылыққа айналған-ды. Ал қалада қазақша есту қиын болатын. Мектептерде, университеттерде, мемлекеттік басқаруда, бизнесте қазақ тілі шеттетілді. Сол кезде қазақ тілінің тағдыры демографияға тәуелді еді. Бұл логика ұзақ уақыт дұрыс саналған. Бірақ бүгінгі Қазақстанға қарасақ, жағдай өзгерді. Қазақтар көпшілікке айналды. Қазақ тілін түсінетіндер мен сөйлейтіндер саны бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Қазақ мектебіне баратын балалардың саны жыл сайын артып келеді. Қазақ тілі күнделікті өмірдің негізгі тіліне айналды. Бірақ неге тіл мәселесі әлі өзекті болып тұр? Мәселе санға емес, санаға

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: