|  | 

Езутартар

Ақкөңіл бастық

Ілгеріде “Қаз білім және ғылым” дейтін мекемеге министрлік көз ашқалы әкімдікте істеген шенеунікті бастық қылып жіберді.
Әлгі мекеме өзіне тиесілі жұмысты ғана істеп тып-тыныш жатыр еді.
Жаңа бастық іске қатты кірісті.
– Нарыққа, өркениетке сай болу керек!- деді. Дереу жаңа адамдарды жұмысқа алды.
Бір күні кабинетімізге қылдай қара галстук, қара кәстөм-шалбар киген еңгезердей жас жігіт кіріп келді.
- Пәленше Төленшеевич деген сіз бе? Қандай тамақ ішесіз?
Қолында бес-алты тамақтың тізімі тұр.
Сөйтсек бастықтың “ұжымды түскі аспен қамтамасыз ету жөніндегі көмекшісі” екен. Өзінің айтуынша – менеджер – маркетинг.
Түсте кабинеттерді аралап тапсырыс қабылдайды да, тамақты алдырып береді.
Кез келген тамақты үш қайталап ішсең – шығасың ғой. Біз ондай астан тез шықтық. Екі-үш ай сықиып, сенделіп жүріп әлгі жігіт те жұмыстан шығып кетті.
Түсініксіз жұмысқа кіріп, түсініксіз жұмыс істеп кетіп жатқандар жалғыз ол емес еді.
Штат ашып, штат жауып, шабылып жүрген де бастықтың өзі.
Жаңа бастық бір күні “баспасөзбен жұмыс істеу керек, өз-өзімізді таныту керек, ол үшін танымал ғалымдарды шақырып, ғылыми-практикалық конференция өткізу керек” деген тапсырма берді.
Біздің жұмысқа негізі ондайдың дымға керегі жоқ еді. Ғалымдарды босқа әурелеп ұят болады-ау деп ойладық.
Сөйтсек конференциялар мен дөңгелек үстелдерді шексіз сүйетін қолы бос ғалым көп екен. Отызға жуық ғалым келіп, бастық төрде отырып марқайып қалды.
Конференция тақырыбы “Тәуелсіз Қазақстанның даму стратегиясындағы Абылай хан мен тұңғыш президенттің рөлі” болатын. Шамамен осылай.
Ғалымдар бастыққа, оның артында Назарбаевтың портретіне қарап көп сөйледі. Кейде Абылай ханды қосып қояды сөздеріне.
Абылай хан мен Назарбаев туралы ғылыми конференцияға мемлекеттік телеарналар жақсы келеді екен.
Кейбір журналистер сартылдатып стендап жасайды. Мә, мынау бізді айтып тұр ма деп өзің таңғаласың. “Ғылыми-практикалық конференция!” деп тақ-тақ етеді. “Орталық Азия!”, “ТМД!” деп қояды.
Содан не керек, бұйығы мекемеміздің аты шыға бастады. Бір-екі жыл ішінде қашқанға да, қуғанға да қосыла шабатын әйгілі белсенді мекемеге айналды. Неше түрлі іс-шара, конференция, форум…
Сөйтіп жүріп өзінің сонау кездері тып-тыныш жасап жүрген жұмысын ұмытып қала жаздады.
Мына жұмысыңның сапасы неге бұлай деп министрлік те сұрамайтын. Бастық бәрімен жақсы еді.
Бастықтың өзі де ақкөңіл, жақсы адам болатын.

Related Articles

  • МЫСАЛДАР мен ӘЗІЛДЕР

    Жұмат ӘНЕСҰЛЫ, «Езу тартар», «Күлдір дүлдір», «Ғазелдерім мен әзілдерім», «Жұматтың ғазелдері мен әзілдері атты кітаптарынждағы әзіл қалжың, мысалдарымен оқырмандарға таныс. Ақын, жазушы, ҚР Құрметті Журналисті ЖҰМАТ ӘНЕСҰЛЫ 74 жасқа толып, өзінің әзіл қалжыңдарымен мерейлі күнін атап отыр АЛТЫН алабұғаның АЙТҚАНЫ (мысал) Бір жігіт таңертеңнен кешке дейін балық аулап отырады. Қармағына еш балық түспейді. Тек кетерде бір алабұға қармағына түседі. Жігіт алабұғаға: -Сені бәрібір асып жеймін -дейді. Алабұға: -Оған бәрібір тоймайсың ғой.- дейді. Жігіт: -Еңбегім еш кетпесін деп… Содан жігіт алабұғаны асып жеп отырғанда қылқаны тамағына тұрып қалып, жедел жәрдем шақыртады. Жігіттің тамағынан қылқанды хирургтер алып беріпті. Жігіт үйіне келіп, алабұғаның басына: -Енді сендей балықтың мыңы түсседе жемеймін -дейді. Алабұғаның басы:

  • “Жолы болар жігіттің, Жазушылар Одағының төрағасы шығар алдынан”

    “Жолы болар жігіттің, Жазушылар Одағының төрағасы шығар алдынан” дейді ғой (суахиліктер). Ұлықбек Есдәулет ағамен әуежайда кездесіп қалдық. Ұшақтағы орнымыз да қатар болып шықты. Енді бас қалаға жеткенше елдің жағдайын бірге ойласып баратын шығармыз. Айтпақшы: Бас жазушы құлағына телефонын жабыстырып, кіммен сөйлесіп жатыр деп ойлайсыз(дар)? Жауап нұсқалары: 1. Екінші президент мырзамен; 2. Екінші президенттің таң атпастан кофе ішетін сұлу көмекшісімен; 3. Алматы қаласының жезөкше қуғыш әкімімен; 4.Қазақстанның Ресейдегі экс-Елшісімен; 5. АП жетекшісінің жұмсақ мінезді бірінші орынбасарымен; 6. Баян сұлу Алагөзовамен; 7. Зейнеп апай Ахметовамен; 8. …сіздің нұсқаңыз? “FlyArystan Мұхамедиұлы” ұшағы. 21.01.2020. Серік Абас-шахтың facebook парақшасынан алынды

  • «Сендер семіре тұрыңдар» (мысал)

    Жұмат ӘНЕСҰЛЫ (КҮЛДІР- ДҮЛДІР , Жұматтың әзіл қалжыңдары, мысалдар) «Сендер семіре тұрыңдар» (мысал) Ымырт түсе бастаған кез. Бір жерге сары шегіртке, далашегіртке, қоңыршегіртке, қалашегіртке, бидайшегіртке, шөпшегіртке бас қосып, әңгіме шертісіп отырыпты. Сол кезде қастарына қараторғай келіп қонады. Сол кезде шегірткелер қорқып кетіп, ұшып кетейін деп жатқанда Қараторғай “Қорықпаңдар! Мен сендерге жақсы пиғылмен келдім. Араларыңда домбыра тартатын, ұйқас құрай алатындарың бар ма?” -деп сұрайды. Шегірткелердің көңілдері орнына түсіп, арасынан бір ересегі: “Енді керемет болмағанмен қамысты шертіп, ән айтамыз, сосын ұйқас құрудегенде бізге жат емес”- депті.Қараторғай: “Онда тамаша! Сендердің араларыңда Айтыс ұйымдастырамыз! Бірінші орынға10-мың Биткоин!Екінші, үшінші орындарға да бәйгеміз жаман емес! Шегірткелер шексіз қуанып:, “Біз бұрын айтысып көрген жоқпыз, сол жағы қалай

  • «ШАЙТАННЫҢ ДАҢҒЫРЛАҒЫ…»

    ТҰРАРБЕК ҚҰСАЙЫНОВ («Демос» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі): Астанадағы Бекболат Тілеуханның үйінде болған кездесу кезінде болған бір қызық жайтты айта кеткім келеді. Отырыстың арасында намаз оқып алу үшін бәріміз көрші бөлмеге шықтық. Енді намазға сап түзеп тұра беріп едік, терезеден соққан самал қозғаған болу керек, қабырғада ілулі тұрған арнайы жасалған қымбат бағалы домбыра жерге тарс етіп құлап түсті. Құдайға құлшылық жасау алдында терең ойға бойлай бастаған біз селк ете қалдық. Өзін Халил ұстаздың алдында ыңғайсыз сезінген Бекболат «Шайтанның даңғырлағы-ай…» деп, жерде жатқан домбыраны жұлқи тартып орнына іліп қойды да, кінәлі адамша күйбеңдеп барып, қайыра кеп сапқа тұрды… (Т.Құсайыновтың «Мен қалай рухани жаңғырдым» кітабынан үзінді) Серік Абас-шахтың facebook парақшасынан алынды

  • Ақырет

    Исрафил періште кернейін ойнап, дүниеге заман ақырдың орнағанын хабарласа, қазақтар ғана оның сөзінен соң аза тұтпай, керісінше жаңа бір қызу талқылау бастап кетіпті. У да шу, айғай-ұйғайға таң қалған Исрафил көктен жақындап келіп тыңдаса, қазақтар “ақырет” деп айтқан дұрыс па, жоқ әлде “ахират” деген дұрыс па” деген мәселені шеше алмай жағаласып жатқан көрінеді. Ғалым БОҚАШтың facebook парақшасынан алынды

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: