«Сендер семіре тұрыңдар» (мысал)
Жұмат ӘНЕСҰЛЫ
(КҮЛДІР- ДҮЛДІР , Жұматтың әзіл қалжыңдары, мысалдар)
«Сендер семіре тұрыңдар» (мысал)
Ымырт түсе бастаған кез. Бір жерге сары шегіртке, далашегіртке, қоңыршегіртке, қалашегіртке, бидайшегіртке, шөпшегіртке бас қосып, әңгіме шертісіп отырыпты. Сол кезде қастарына қараторғай келіп қонады. Сол кезде шегірткелер қорқып кетіп, ұшып кетейін деп жатқанда Қараторғай
“Қорықпаңдар! Мен сендерге жақсы пиғылмен келдім. Араларыңда домбыра тартатын, ұйқас құрай алатындарың бар ма?” -деп сұрайды. Шегірткелердің көңілдері орнына түсіп, арасынан бір ересегі:
“Енді керемет болмағанмен қамысты шертіп, ән айтамыз, сосын ұйқас құрудегенде бізге жат емес”- депті.Қараторғай:
“Онда тамаша! Сендердің араларыңда Айтыс ұйымдастырамыз! Бірінші орынға10-мың Биткоин!Екінші, үшінші орындарға да бәйгеміз жаман емес!
Шегірткелер шексіз қуанып:,
“Біз бұрын айтысып көрген жоқпыз, сол жағы қалай болады?”
“Ол жағы сендер ойлағандай қиын емес. Ертең кешке дейін айтысқа қатысатындар үшін кастинг болады. Соған айтыста бір біріңе айтатын сөздеріңді ұйқаспен жазып келесіңдер. Репетиция кезінде жазып әкелгендеріңді орындап, айтысып көресіңдер. Сол жерде жюри мүшелері ең жақсы айтыс сөзін жазғандарды таңдап алады”.дейді. Шегірткелер, қараторғайдың ұсынысын қабыл алып, айтысқа дайындалуға кетеді. Содан ертеңіне кастинг кезінде біраз шегірткелер сыннан өтіп, айтысқа қатысатын болады. Содан кейінгі шегірткелер арасындағы үлкен айтыста бәрінен басым түсіп, Далашегірткесі бірінші орынға ие болып, 10 мың биткоин сыйлық беріліпті. Екінші орынға Шөпшегіртке ие болып, ол да ақшалай сыйлыққа ие болады. Қараторғай үшінші, төртінші орын алғандарға да сыйлық беріп:, “Сендер бәріңде өте арық екенсіңдер, пока семіріп, менің кәдеме жарағанша мына жерде отыра тұрыңдар” деп, темір тордың ішіне сыйлық алғандардың бәрін тыға салыпты. Сосын ең соңғы орынға ие болған Бидайшегіркені Қараторғай уысында ұстап тұрып, “Сен бидай әлі піспей тұрып, семіріп кеткен екенсің” деп, аузына салып жіберген екен.
“БАЯҒЫ ДӘУ ПІСПЕКТІ САҒЫНДЫМ” (мысал)
Бір үйде ертеден келе жатқан күбі бар екен. Иесі соған күнде қымыз құяды. Пісілмеген қымыз қымыз ба! Үй иесі күбідегі қымызды басында шағын темір қалақшасы бар КІШКЕНЕ піспекшемен қымызды біраз піседі екен. Бірақ қымыздың ашуы, әлде пісуі келіспеген бе, күбідегі қымыз тамақты қырып жібереді екен.
Сонда баяғыдан келе жатқан күбі: “Қымыздың жақсы болмағаны менен емес, жаман піспектен ғой” деп іштей ашуланады екен. Сосын қасында жатқан ағаш табаққа: “Баяғыда мен жас едім, қымызға толғанда екі бүйірім шығып тұратын еді. Ол кезде піспегімде шоқпардай басы бар дәу еді. Мені сол піспекпен піскенде, ой жаным рахат табатын еді ғой. Сол дәу піспекті сағындым” деп мұңайыпты.
“АҚЫЛДЫ ӨЛШЕЙТІН ГІР ЖОҚ ПА?”
Бір спорткомплексте салмағы көптер таласып, гірге салмақтарын өлшетіп жатыр:.
-90!
-95!
-100!
-120! Оған сол жерде салмақпен тең түсетін адам табылмайды.
Сонда солардың арасында тұрған кішкентай жігіт гірге жұртты салып тұрғаннан:
-Ақылдыларды өлшейтін гір жоқ па?- деп сұраған екен.
ӘУЛИЕ МЕ”, “ҚУ”ма?(мысал)
Қиян далада түлкі мен суыр кездесіп, әңгімелесіп қапты. Түлкі бір сөзінде суырға: “мен аңдардың ішіндегі әулиесімін” деп мақтаныпты. Оған суыр таңданып:, “Сен қалай аңдардың әулиесі” боласың?” деп сұрапты. Түлкi: “Солай!, Нанбасаң біздің үйге барып арнаулы ТАРАЗЫ бар, соған түсіп көрейік” дейді. Содан екеуі аяңдап түлкінің үйіне келеді. Онда айтқандай ТАРАЗЫ тұр екен. Ол таразыда “адал”, “қу”,”данышпан”, “әулие” деген графалар жазылған екен. Түлкі суырға қарап:,”Мен қазір осы таразыға тұрамын, ол менің “әулие” екенімді көрсетуге тиіс” дейді де таразының үстіне тұра қалады. Түлкі айтқандай таразы ” данышпан” деген көрсеткіштен өтіп барып, “әулие” деген графаға барып тоқтайды. Түлкі таразыны көрсетіп: “Айттым ғой, жаңа! Мен әулиемін деп” дейді. Суыр оған сенбей түлкіге: “таразыға қайта тұр” дейді. Түлкі таразыға қайта мінеді. Таразының тілі тағы “ӘУЛИЕ” деген нүктені көрсетеді. Суыр сонда да түлкіге сенбей , таразының қақпағын ашып қалса, оған түлкі арнаулы тас салып қойвпты. Суыр тасты алып тастап, түлкіге: “Таразыға қайта тұр” дейді. Түлкі таразыға шықса, таразының стрелкасы “Қу” деген нүктеге барып тоқтапты. Сонда суыр: “Міне, енді сенің кім екенің анықталды” деген екен.
“НЕ ҚҰЛЫ БОЛАСЫҢ, НЕ ЖЕМІ БОЛАСЫҢ” (мысал)
Орманның ортасындағы дөңде әйдік арыстан жатыр маңғазданып, дөңкиіп. Оған қызыққан қасқыр түлкіден:
-Арыстанға жақындап дос болсам, менің де дәрежем, атағым өсетін шығар? -деп ақыл сұрапты. Сонда түлкі:
-Арыстанның аты арыстан. Ол сені дос қылып, уақытын зая кетірмейді. Сені ол НЕ ҚҰЛ ҚЫЛАДЫ, НЕ ЖЕМ ҚЫЛАДЫ- деген екен.
«Аштан өлсек те, үй қояны болмаймыз» (мысал)
Ақ қоян, көк қоян, ала қоян, қара қоян, дала және тау қояндарының арасында жиналыс өтіп жатады. Жиынның тқрағасы
Бізде оппозициялық партия юар ма деп сұрайды:
-Жооқ! -деп жауап беріпті. Сосын бірі:
-Бізде осы оппозициялық газет бар ма?- деп сұрапты. Сонда төрде отырғандардың бірі:
-Бір екеуі бар сияқты, бірақ олардың өзі кім жем береді соның сөзін айтады ғой- деген екен. Сосын мәжілісте отырған тағы бір қоян:
-Біздің арамызда елдің қамын жейтін шын ұлтшыл қоян бар ма?- деп сұрайды. Залда бәрі тым тырыс ,бір біріне қарап, сол сұраққа жауап таба алмапты. Ақыры болмағасын бірі:
-Арамызда ондай ұлтшыл қоян жOқ!”- депті.Сонда жиынды басқарушы сұр қоян:
-Біз осы жиналысқа ” басымызды қосып, қалай ел боламыз?” деп келіп отырмыз. Сонда оппозиция болмасa, ұлтшылдарымыз жоқ болса біздің басымызды кім қосады дейді. Сонда залдан жиналысқа қатысып отырған үй қояны:
-Сендер оппозицияны, ұлтшылдарды іздеп қайтесіңдер. ОНАНДА БІЗ СИЯҚТЫ ҮЙ ҚОЯНЫ БОЛЫҢДАР, тамақтарың тоқ, кигендерің көк болады -деп ұсыныс айтыпты. Сонда бірігуден үміті үзілген даланың сұр қояны:
-Аштан өлсекте, торға түсіп, үй қояны бола алмаспыз -деген екен.
Сөйтіп, дала қояндары, тау қояндары, орман қояндары және үй қояндары бас қосқан жиналыс бір мәмілеге келе алмай тарқасқан екен.
“СІЗ ҚАЛАЙ ЫМДАСАҢЫЗ, СОЛАЙ АЙТАМ»
Азан шаұырып қойған аты Өмірбай, елдің қойған кличкасы “Қысқаш”. Өйткені жиналыс сайын жоғарғы жақты сынап жүруді әдетке айналдырған.. Сол Қысқаш үйінде не істерін білмей ерігіп, жақын маңдағы сыраханада сыра сораптап отырған. Сол сәтте үш қара машина сырахананың алдына бір ерек салтанатпен тоқтай қалды.
Қысқаштың “өзі сынап жүрген бастықтардың бірі ме?” деп іші қылп ете қалған. Неде болса, мәшинеден шығатындарды асыға күтті.
Ортадағы қара мәшинеден бір маңғаз шығып Қысқаштың өзіне қарай бет алды. Қысқаш бұл маңғазды ептеп таниды. Осы аймақтағы аса байлардың бірі.
Маңғаз байыппен аяғын басып, Қысқаштың тура жанына кеп отырды.Ол сыраға тапсырыс берді. Асықпай оны ішіп отыр. Сосын көзін сығырайтып, Қысқашқа қарап,
“Сен осы ауылдың атақты ділмары Қысқашпысың?” деп сұрады. Қысқаш ” бұл мені қайдан біледі” дегендей түрмен, оның сөзіне сасып қап:
“Иә” деп жауап берген.
“Онда мәселе былай. Мен меценат ретінде осы аймақтағы белгілі адам болса, соған “қамқорлық көрсетейін деген оймен, бір мәшина сыйламақ едім.
Ел адамдарының тізімін қарап отырып, сенен басқа адам таппадым..
“А,а, не дейді құдай ау!?”
“Иә, сенен басқа аты шыққан адам тізімде болмады».
Бірақ, саған мәшине сыйлайын десем, жұрт сені ” тілі шаянның тілінен жаман” деп сөгіп жатыр.
“Ойбай, байеке! Соның бәрі жоқтықтан ғой…”деп Қысқаш ақтала бастаған.
Сонда маңғаз бай Қысқашқа салмақтап қарап:
“Ақыл тоқтататын жасқа келген екесің. Менімен жақсы қарым қатынаста болған адам ойына келгенді айта беруге тиісті емес!.”.
“Басеке, конешно!”
“Ендеше, мында кел. Мына су жаңа мәшиненің есігін аш.!”
Қысқаш мәшиненің есігін ашады. Анау бай бұдан:
“Мәшине қалай?” деп сұрайды. Анау мәшиненің ішін көзімен шолып:
“Керемет!” дейді.. Маңғаз бай Қысқашқа:
“Онда мәшинең құтты болсын! Бірақ, бір нәрсені есіңнен шығарма. Бұдан былай мен не десем, соны айтасың! “депті. Сонда Қысқаш:
“Ойбай, басеке! Мені бір әумесер көресіз бе. Бұдан былай сіз не десеңіз соны айтам” дейді де , қунышы қойнына сыймаған Қысқаш сыйға алған мәшиненің рөліне асығыс отырадыда, кілтін қосып, от алдырады.
Су жаңа мәшине зыңылдап тұр, жүрегі орнына сыймай лүпілдеп тұр. Сол қуаныш лүпілмен Қысқаш газды басып қалғанда, мәшине ытқып барып, алдыңғы мәшинеге соғылады. Қысқаштың не істерін білмегеннен екі көзі шарасынан шығып кеткен.
Сол кезде мәшина берген маңғаз келіп, Қысқашқа
“Саған мына мәшинені сыйладым ғой, иә?”
“Иә”
“Ендеше мына мәшиненің құнының сұрауы жоқ, ал бірақ, ана мәшинеге қарыз боласың” деп маңғаз бай соны айтты да, артына қарамай тартып отырды.
Қысқаштың басы дың -дың.
“Ана мәшиненің құнын қашан төлеп бітірем?” Қысқаштың басты “проблемасы” сол боп қалды!!! Ананы мәңгілік мақтау және бар.
Жұмат ӘНЕСҰЛЫ, жазушы сатирик
kerey.kz
Пікір қалдыру