|  |  | 

Езутартар Әлеумет

МЫСАЛДАР мен ӘЗІЛДЕР

Жұмат ӘНЕСҰЛЫ,
«Езу тартар», «Күлдір дүлдір», «Ғазелдерім мен әзілдерім»,
«Жұматтың ғазелдері мен әзілдері атты кітаптарынждағы
әзіл қалжың, мысалдарымен оқырмандарға таныс. Ақын,
жазушы, ҚР Құрметті Журналисті ЖҰМАТ ӘНЕСҰЛЫ 74 жасқа
толып, өзінің әзіл қалжыңдарымен мерейлі күнін атап отыр
АЛТЫН алабұғаның АЙТҚАНЫ (мысал)

Бір жігіт таңертеңнен кешке дейін балық аулап отырады. Қармағына еш балық түспейді. Тек
кетерде бір алабұға қармағына түседі. Жігіт алабұғаға:
-Сені бәрібір асып жеймін -дейді. Алабұға:
-Оған бәрібір тоймайсың ғой.- дейді. Жігіт:
-Еңбегім еш кетпесін деп… Содан жігіт алабұғаны асып жеп отырғанда қылқаны тамағына
тұрып қалып, жедел жәрдем шақыртады. Жігіттің тамағынан қылқанды хирургтер алып беріпті.
Жігіт үйіне келіп, алабұғаның басына:
-Енді сендей балықтың мыңы түсседе жемеймін -дейді. Алабұғаның басы:
-Одан біздің мүйізіміз қисаймайды
-Сендерде мүйіз жоқ қой?
-Ендеше қылшығымыз қисаймайды.
-Сендерде қылшық жоқ қой?
-Ендеше құйрығымыз қисаймайды.
-Рас сендерде құйрық жағы бар -дептіде жігіт алабұғаның басы мен омыртқа сүйегін қайтадан
өзенге лақтырып жіберіпті. Сол кезде алабұғаға қайтадан жан бітіп, Алтын алабұғаға айналып,
судан басын шығарып:
-Жігітім, сен ақылсыздығыңнан басыңа қонатын бақтан айрылдың. " Көзі тоймастың, қарны
тоймас" деген" деп суға қайтадан сүңгіп кетіпті.

"БІЗГЕ ҚАСЕКЕҢНІҢ ЖАМБАСЫНА БАТАТЫН
СЫН АЙТУҒА БОЛМАЙДЫ" (мысал)

Қасқыр үлкен бастық. Түлкі -тілші. Соған зорман келіп:

-Әй, сен осы қу даланың ең көп тұрғындары екенімізді білесің бе?
-Білем ғой.
-Білсең, күн көрісіміздің нашар екенін, қор өмір сүріп жатқанымызды
неге жазбайсың!?
-Ойбай, сен көп нәрсені білмейсің. Біз сын айтсақ та, ешкімнің ашуына
тимейтіндей етіп айтамыз. Ептеп шымшимыз, қыршимыз дегендей.
Бізде тендер деген бар, Тендер!. Біз соның ақшасын кеміріп күн көріп
жатырмыз. Сол қаржыны бөлетін кім?- Қасекең! Сондықтан Қасекеңнің
жамбасына бататын сын айтуға бізге болмайды!- депті тілші түлкі.

"МЕН ЖОҚТА ҚАБЫЛДАҒАН ШЕШІМІНЕ
КӨМЕКШІМ ӨЗІ ЖАУАП БЕРЕТІН БОЛСЫН"
Әкім аудан тұрғындарымен жиналыс өткізіп жатады.
Залдан біреу тұрып:,
-Қазір "көмекші деген мода болды.Сізде көмекшіңіз бар ма? деп сұрапты.
-Бар ғой -деп мүңк ете қалады әкім.
Сосын залдан тағы біреу тұра қалып:
-Біздің ауылдың әкімі үнемі орнында отырмайды. Оған көмекші беріңіз" деп өтініш жасапты.
Сонда бір ауылдың әкімі орнынан тұрып:
-Егер маған көмекші бөлсеңіз, мен ауданға, облысқа кеткен кезде көмекшім өзі қабылдаған
шешіміне өзі жауап беретін болсын!"- депті.
Тағы біреу залдан:
-Көмекшінің көмекшісі деген штат бар дейді, Сол штатқа мені алмайсыз ба? деп сұрапты.
-Қазір ондай штат бөлінген жоқ.Егер бөліне қалса, оған конкурспен аламыз депті әkім.

"АҚШАНЫҢ ИІСІН ЕКІ КҮН БҰРЫН СЕЗЕМ"
Ауданның есепшісі бүгін ертерек тұрған. Тұра салып, әйелін тұқыртып жатыр
-Шалбарымды үтіктедің бе
-көйлегім үтіктеліп пе еді?,

-Қазір дайын болады
-Галстугым мен қол орамалы ше>
-Ойбай ай, ойбай, не болды бүгін саған, жұмысқа ерте жиналдың ғой?
-Үлкен жиналыс болады
-Жиналыс болса ше, сонша мұрныңнан сүрініп не болды?
-Ойпырмай, шашы ұзынның ақылы қысқа болады деген рас па екен. Маңызды жиналыс дедім
ғой, үлкендер қатысатын.Маңызды болғасын, "ақша түседі "деген сөз.Мен ондай жиналыста
сөйлемеймін, тек сөйлегендерді шала тыңдап, кейде қалғып, мызғып алам. Маған тек,
"қаржыны бөлеміз" десе болды.Есепке ақша түсетінін мен ылғи екі күн бұрын сезем депті-
есепші

Related Articles

  • Әйелдің бағы бес елі екен. Өйткені ол АҚШ-та тұрады…

    Полицейдің жуан білегіне қолын сүйеп, басын иіп шексіз ризашылықтың ишарасын білдіріп тұрған мына әйел күн бұрын дүкеннен бес жұмыртқа ұрлап, қолға түседі. Оқиға орнына жеткен Уильям Стейси ұрының қолына кісен салып, қамаудың орнына бес жұмыртқаға бола басын қатерге тіккен бейбақты сөзге тартады. Сұрай келе үйінде төрт баласы ашқұрсақ отырғанын, екі тәуліктен бері нәр татпағанын біледі. Шиеттей бала-шағамен айына 120 долларға ғана жан бағатынын, оның өзін біреуге ұрлатып алғанын естиді. Мән-жайға қаныққан офицер сол жерде әйелді босатып, үйіне жеткізіп салады. Күдігін сейілту үшін отбасының жағдайымен танысып, байғұс ананың алдамағанына көз жеткізеді. Кетерінде ұрлық жасау – тығырықтан шығар жол еместігін айтып, бұдан былай заң бұзбауын ескертеді. Бие сауым уақыт өткен соң ашқұрсақ

  • Талдықорғанда дәрігерлерге ескерткіш ашылды

    Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында «Аяулы алақан» аллеясы ашылды. Жетісудың бас шаһары Талдықорған қаласының облыс орталығы мәртебесін алғанына 20 жыл толуына орай, қаланың көркіне-көрік қосатын тағы бір жер орын тепті. Бұл мекенде ақ халатты абзал жандарға деген алғыстың нышаны ретінде «Аяулы алақан» мүсіні қойылған. Жоба авторы, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов. Мүсінде адамзаттың қос алақаны бейнеленген. Ал екі уыстың арасында жапырағы жайқалған жас ағаш өсіп тұр. Бұл жан жылуының әр тіршілік иесіне өмір сыйлай алатынын бейнелеп тұрған ерекше сәулет өнері. «Пандемияның алғашқы күндерінен-ақ Елбасы үндеуімен еліміз бірігіп, індетті жеңуге жұмылды. Қиын жағдайда алдыңғы қатарда күрескен – медицина қызметкерлері болды. Бүгінгі ашылған «Аяулы алақан» ескерткіш – аса қауіпті індетпен бетпе-бет келген

  • Жетісуда 60 жуық жанұя баспаналы болды

    Талдықорғанда алпысқа жуық отбасы баспаналы болды. “Болашақ” шағын ауданында берілген көппәтерлі тұрғын үйдің жалпы ауданы 5 мың шаршы метрден асады. “Талдықорғанда соңғы 20 жылда аймақтағы барлық салалар бойынша өсу қарқыны орын алды. Қала жан-жақты дамыды. Жаңадан шағын аудандар ашылып, түрлі әлеуметтік нысандар бой көтерді. Бұның барлығын жасау үшін, қазынаға түсетін салықтың көлемі де артуы керек. Қазіргі кезде бұл көрсеткіш 860 млрд. теңгені құрап отыр. Осының арқасында бүгінгі деңгейге жетіп отырмыз. Елбасы мен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының қолдауы да қазіргі нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік беріп отырғанын атап өткен жөн”,- деді облыс әкімі Амандық Баталов. Жаңа пәтер кілтін алғандардың арасында қартаналар, көп балалы және әлеуметтік әлсіз топқа жататын отбасылар да бар. “Балам

  • Талдықорғанда жаңа эко-автобустар қолданысқа берілді

    Бүгін, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, облыс орталығының Талдықорғанға қоныс аударуының 20 жылдығы аясында айтулы оқиға өтті. Көлік қолжетімділігін арттыру мақсатында қалада автобус паркі жаңартылды. “Жетісу” ӘКК арқылы жалпы сомасы 2,3 млрд.теңгеден асатын газбен жүретін 55 экологиялық автобус сатып алынады, олар тасымалдаушыларға 7 жылға лизингке беріледі (жылдық 4% – бен). Оның 32-сі қала тұрғындарына пайдалануға берілді. Мереке қарсаңында орталық алаңда облыс әкімі Амандық Баталовтың қатысуымен “Ютонг” маркалы 32 жаңа автобустың алғашқы партиясын-тапсыру салтанаты өтті. Қалған 23 автобус (14 ПАЗ және 9 “Ютонг”) жыл соңына дейін Талдықорған көшелерімен жүреді. “Бірнеше күн бойы жаңа автобустар қалалық бағыттар бойынша сыналды. Жалпы, олар барлық заманауи талаптарға жауап береді. Олардың кейбіреулері – 10 метр, басқалары-8,5

  • Жол картасы: Алматы облысында 60 мыңнан астам жұмыс орны ашылды

    Алматы облысында былтыр 1051 жобаға 105 миллиард теңге бөлінген. Жоба Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» аясында атқарылған. Бағдарлама аясында 60 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Карантин кезеңінде жұмысынан босап қалған азаматтардың дені жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналастырылған. «Бағдарламаның негізгі міндеттері: өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, жұмыссыздарды және халықтың нысаналы топтарына кіретін азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын орындау, кадрлық әлеуетті дамыту. Биыл біз бұл салаға көп көңіл бөлеміз»,- деп атап өтті Амандық Баталов. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында 18 миллиард теңгеге 216 ауылдың жолы жөнделді. Еңбеккерлер жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа алынып, ең азы 85 мың теңге жалақы алып отырған. Осы бағдарлама арқылы жұмысқа орналасқан Фархат Мансапбековтың айтуынша,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: