|  | 

Жаһан жаңалықтары

“Сириядан айырылу Ресейге ауыр соққы болды”. Асад режимінің құлауының салдары қандай?


Исламшылдар басқарған көтерілісшілер 8 желтоқсанда Дамаскіні басып алғанын мәлімдеді. Президент Башар Асадтың қашып кеткені белігі болды. Жарты ғасыр билік құрған Баас партиясының дәурені аяқталды.

Исламшылдар басқарған көтерілісшілер 8 желтоқсанда Дамаскіні басып алғанын мәлімдеді. Президент Башар Асадтың қашып кеткені белігі болды. Жарты ғасыр билік құрған Баас партиясының дәурені аяқталды.

Владимир Путин Ресейді қайтадан әлемдік державаға айналдыруға осыдан ширек ғасыр бұрын, постсоветтік мемлекетте билік басына келген соң кіріскен. 15 жылдан кейін Мәскеу Сириядағы азамат соғысына араласатынын мәлімдеді. Осылайша Ресей әлемдік деңгейде өзгелер онымен санасуға тиіс күш екенін көрсетпек болды.

Мәскеу осынау имиджін өзін Батысқа балама күш ретінде көрсетіп, Таяу Шығысқа және одан тысқары аймақтарға ықпалын кеңейту үшін қолданды. 2024 жылғы 8 желтоқсанда осы кезге дейін Мәскеудің Таяу Шығыстағы негізгі одақтасы болып келген Башар Асадтың режимінің құлауы ұлы держава болуды көксеген Ресейге ауыр соққы болып тиді.

“Путиннің Сириядағы әскери авантюрасы Ресейді өз ықпалын шетелде де жүргізе алатын ұлы держава етіп көрсету мақсатын көздеген еді, – деді Таяу Шығыс жөніндегі сарапшы Филип Смит. – Сириядан айырылу — Путинге үлкен соққы болып тиді”.

Ол Асадтың биліктен тайдырылуы Ресей үшін беделіне келген нұқсан ғана емес, сонымен бірге кәдімгідей стратегиялық сәтсіздік болған тәрізді деп есептейді. Сирияда Ресейдің екі ірі әскери нысаны: Хмеймимде әуе базасы және Тартуста әскери-теңіз базасы орналасқан. Тартустағы нысан Ресейге Жерорта теңізіне шығуға мүмкіндік беретін әскери-теңіз базасы еді.

“Ресей Сириядағы базаларын өз күш-қуатын Жерорта теңізінің шығыс жағына, сонымен бірге бүкіл Таяу Шығысқа да көрсетуге пайдаланды”, – деді Смит.

Идлиб аймағының солтүстік-шығысындағы Саракеб қаласына кіреберісте жол бойында тұрған қарулы көтерілісші. Сирия, 1 желтоқсан, 2024 жыл.

Идлиб аймағының солтүстік-шығысындағы Саракеб қаласына кіреберісте жол бойында тұрған қарулы көтерілісші. Сирия, 1 желтоқсан, 2024 жыл.

Үнемі назарда ұстауды қажет ететін актив

2015 жылы Ресейдің Сириядағы жағдайға араласуы ол елде болып жатқан соғыс барысын өзгертті. Ресей күштерінің көтерілісшілерге әуеден жасаған жойқын шабуылдары Сирия үкіметінің әскеріне соның алдында айырылып қалған біраз жерді қайтарып алуға, ал Башар Асадқа – билік тізгінін уысынан шығармай сақтап қалуына көмектесті.

Мәскеу Сириядағы әскери науқаны Украинаның Қырым түбегін аннексиялап алғаннан кейін және Украинаның шығыс аймағында Кремльдің қолдауына сүйенген сепаратистік күштер қарулы жанжал шығарған соң бір жылдан кейін басталған.

Мәскеу Сирия мен Украинадағы жағдайларға араласуды АҚШ, НАТО және тұтастай Батысқа қарсы тұратын, сонымен бір мезетте Жерорта теңізінен бастап Африка мен Латын Америкасына дейін ғаламдық ықпалын кеңейте бастаған держава болып көрінуге пайдаланды.

Бақылаушылардың пікірінше, Ресей күштері 2022 жылы ақпанда Украинаға басып кіргеннен кейін Мәскеу үшін Сирия пайдасы көбірек активке айналды, бірақ Ресейге енді соғысты екі майданда қатар жүргізуге тура келді.

Асад үкіметі құлағаннан кейін Ресейдің Сириядағы әскери активтері одан сайын әлсірей түсті. Ресей Курск облысының Украина әскері жаулап алған бір бөлігін қайтарып алу үшін ірі қарымта шабуылға дайындыққа едәуір күш-қаражат жұмсады – тіпті Солтүстік Кореядан алдырған әскердің көмегіне жүгінбекші.

Бұған қоса Мәскеу болашақта бейбіт келіссөздер бастала қалса, оған дейін Украинаның шығысында неғұрлым көп жерді басып алуға тырысып жатыр. Бірақ сондай шақта Жерорта теңізінің Сирияның батысындағы жағалауында орналасқан ресейлік әскери базаларды “Хайат Тахрир әш-Шам” (АҚШ-та террористік ұйым деп танылған) жетекшілік ететін қарулы көтерілісшілер басып алу қаупі бар.

Вашингтон институтының аға ғылыми қызметкері Аарон Зелин Ресейдің Сириядағы активтерін қорғап қалуға күші жетпейді деп отыр.

“Ресей алғаш рет Сириядағы соғысқа кіріскен 2015 жылғымен салыстырғанда қазір Украинада ауқымы одан да үлкен соғысқа қатысып жатқанын ұмытпаған жөн, – деді Зелин. – Бұған қоса Ресейдің Африкада Сахараның оңтүстік жағындағы соғыс жүріп жатқан елдерде де активі бар. Ресейде [марқұм Евгений] Пригожин басқаратын Вагнер тобы болған он жыл бұрынғымен салыстырғанда… дәл сол кездегідей жасайтындай қазір Ресейдің ондай деңгейдегі күш-қуаты немесе мүмкіндігі жоқ”.

Мысалы, Тартустағы әскери-теңіз базадан айырылу “Ресей үшін өте орасан зор шығын” деді Зелин.

Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) Сирия президенті Башар Асадпен қол алысып тұр. Кремль, Мәскеу, 24 шілде, 2024 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) Сирия президенті Башар Асадпен қол алысып тұр. Кремль, Мәскеу, 24 шілде, 2024 жыл.

“Бұл Ресейдің әскери-теңіз қызметіне пайдалана алатын әрі өз күш-қуатын көрсететін суы жылы теңіздегі жалғыз порт, – деді ол. – Одан айырылса, шын мәнінде, Ресей Таяу Шығыстың кіндігінен ажырап қалады”.

Мәскеу құрлықтағы әскерін “Хайат Тахрир әш-Шам” мен оның одақтастарының күшіне төтеп бере алмай құлаған Дамаскіге жәрдемдесуге жіберген жоқ. Қарашаның аяғына қарай қарулы жасақ Асад армиясына қарсы тұтқиылдан шабуылға шыққанда Ресей күштері оншақты рет әуеден соққы берген. Бірақ Мәскеудің шектеулі әскери іс-қимылы көтерілісшілер шабуылын тоқтата алмады.

Сириядағы сәтсіздігі Ресейге тым қымбатқа түседі дейді сарапшылар. Асад режимінің құлауы “бұрынғысынша шетелде әскери және саяси ықпал жүргізе алатын әлемдік держава болып көрінгісі келетін Ресейдің ниетіне елеулі соққы боп тиді”, деді герман халықаралық қатынастар және қауіпсіздік институтының ғылым қызметкері Хамидреза Азизи.

Оның пікірінше, бұдан кейін Латын Америкасы мен Африка тәрізді басқа аймақтағы ойыншылар “Ресейге тәуелділігі мен онымен байланысы жайлы ойлана бастауы мүмкін”.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Рид СТЭНДИШ Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) елге сапармен келген қытай генералы Чжан Юсямен қол алысып тұр. 2017 жыл. Өткен аптаның аяғында Қытайдың Орталық әскери комиссиясы төрағасының орынбасары қызметінен әрі Қытай коммунистік партиясы саяси бюросының мүшелігінен босатылды. Әскери басшылықтағы мұндай жоғары шенді тұлғаның орнынан алынуы Пекиннің Тайваньға қатысты жоспарына, АҚШ-пен бәсекесіне және аймақтағы тұрақты ойыншы ретіндегі рөліне қатысты бірқатар сұрақ туғызып отыр. 24 қаңтар күні Пекин қызметтен босатылған генерал Чжан Юся (Қытай басшысы Си Цзиньпиннің көп жылдан бергі сенімді серігі болған) тергеуге алынды деп хабарлады. Тосын шешімнен кейін Си Цзиньпин әскери басшылық шыңында жалғыз өзі қалды. Қытайды зерттеуші сарапшылар мұның билік сабақтастығына елеулі салдары болады дейді. Ал Пекиннің серіктестері

  • Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Швеция мен Дания Украинаға арнап британ-швед өндірісіндегі заманауи Tridon Mk2 зениттік қондырғыларын сатып алуға бірігіп кірісті. Кешен әсіресе жақын қашықтықта ұшатын ирандық «Шахед» дрондарына қарсы ең тиімді қарудың бірі. Қазіргі уақытта Tridon Mk2 өз класындағы ең озық әуе шабуылына қарсы жүйе саналады. Tridon Mk2 зениттік қондырғысының басты ерекшелігі атыс қарқыны. Ол минутына 300 оққа дейін жаудыра алады. Осылайша әуе кеңістігіне енетін шағын дрондардың көзін жылдам әрі дәл жоюға мүмкіндік туады. Тағы бір артықшылығы атылатын 40-мм снарядтардың құны небәрі 27 долларды құрайды. Экономикалық тұрғыдан тиімді екенін дәлелдейді. Қару-жарақ саласындағы мамандар Украинадағы әскери қақтығыстарды ескере отырып, арзан әрі тиімді әуе қорғанысы қаруына сұраныс жоғары екенін айтады. Tridon Mk2 жүйесінде қолданылатын арнайы британдық

  • Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Инвестордан артық қатаң реалист жоқ қой. Ол салған ақшасы өзіне еселеп қайтуы үшін тек перспективасы мол, келешегі жарқын салаларды таңдайды. JPMorganChase АҚШ-тағы, әлемдегі ең ірі банктің бірі ретінде алдағы 10 жылда 1,5 трлн доллар инвестиция құятынын қараша айында жариялады. Сөйтіп, негізгі 4 бағытты таңдаған. Олар ары қарай 27 салаға бөлінеді: – Озық технология: робототехника, фармакология, аса маңызды минералдар – Қорғаныс, аэроғарыш өндірісі: байланыстың жаңа буыны, мүлде жаңа дрондар – Энергетикалық тәуелсіздік: күн, атом, жаңа батареялар – Стратегиялық технология: ЖИ, киберқауіпсіздік, кванттық есептеу Арғы жағындағы 27 саланы оқысаң, мына банк әлемдік соғысқа дайындалып жатқан сияқты көрінеді. Себебі гипердыбыстағы ракета, 6G байланыс, ғарыш, адамсыз технология деп кете береді. Энергия көздерінің түр-түрі. Екінші

  • Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Владимир Зеленский  Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президентінің арнайы уәкілі Стив Уиткофф және Трамптың күйеубаласы Джаред Кушнермен телефонмен “мәнді әрі конструктивті” әңгімелескенін хабарлады. Уиткофф пен Кушнер 2 желтоқсанда Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен. “Біз көптеген аспектіге назар аудардық және қантөгісті тоқтатып, Ресейдің үшінші рет басып кіру қаупін жоюға кепілдік беретін маңызды жайттарды, сонымен бірге Ресейдің өткен жолғыдай уәдесін орындамау қаупі сияқты нәрселерді талқыладық” деді Зеленский. Әңгімеге сонымен бірге қазір АҚШ-та жүрген Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров, қарулы штабтың бастығы Андрей Гнатов қатысқан. Axios дерегінше, әңгіме екі сағатқа созылған. Келіссөздерден хабары бар дереккөздің айтуынша, Уиткофф пен Кушнер екі жақтың да талаптарын жинап жатыр және Путинді де, Зеленскийді де

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: