|  |  | 

Көз қарас Саясат

“Прагматик болуымыз қажет”. Тайвань Украина мен Трамптан қандай сабақ алды?


Тайвань сарбаздары Жаңа Тайпей қаласындағы әскери жаттығуда қару-жарақты пайдалануды үйретіп жатыр. Архив.

Тайвань сарбаздары Жаңа Тайпей қаласындағы әскери жаттығуда қару-жарақты пайдалануды үйретіп жатыр. Архив.

АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде Украина президенті Владимир Зеленскиймен жұрт көзінше керісіп қалған соң, Тайвань Вашингтонмен қарым-қатынасын басқаша жүргізуге көшті.

Зеленскийдің Ақ үйдегі сол кездесуінің нәтижесінде жоспарда болған минералдар келісіміне қол қойылмады және АҚШ-тың Украина қорғанысына бөлетін қолдауы тоқтап қалатындай қауіп төнді. Осыдан соң Тайвань Вашингтонға ұсыныс жасады. Әлемнің ең ірі микрочип өндірушісі – Taiwan Semiconductor Manufacturing Company (TSMC) 3 наурыз күні АҚШ-қа 100 млрд доллар инвестиция құю жоспарын жариялады. Жоспарда жаңа зауыттар, өнімді буып-түю нысандары және зерттеу орталығы қарастырылған.

Ақ үйде тұрып сөйлеген TSMC басшысы Си-Си Вей чип инвестициясына саяси қысым емес нарық талабы түрткі болғанын мәлімдеді. Бірақ баспасөз конференциясында Трамп TSMC компаниясы жалпысалалық 25 пайыз баж салығынан босатылады деп мәлімдеді.

“Тайвань ұсына алатын ең негізгі тауар – чиптер. Трамп біз туралы сөйлегенде әрдайым чип туралы айтады” деді Азаттыққа Тайваньнің бұрынғы депутаты, Хадсон институтының ғылыми қызметкері Джейсон Сюй. “Бұл – алдыңғы шепке шығып, оны жанында ұстау амалы”.

Киев содан бері Вашингтонмен қарым-қатынасын қалыпқа келтіре алғанымен, осы бір оқиғалар Киев пен Тайпейдің әдістері әртүрлі екенін көрсетті. Бірақ сөйте тұра Тайвань Украинаның майдандағы және майданнан тыс қимылдарынан сабақ алып отыр.

Қытай Тайваньді өз құрамына қосу үшін әскери үстемдігін көрсетіп, дипломатиялық қысым жасап жатқан тұста 23 млн халқы бар Тайвань Украинадағы соғыстан көп нәрсе үйрене алады дейді Азаттық сөйлескен сарапшылар. Оның ішінде қоғамды соғысқа дайындау мәселесі, АҚШ президентімен қарым-қатынас құруда неден тартыну қажет екені бар.

Тайвань әскері аралға сырттан келетін басқыншыларға тойтарыс беруге жаттығып жатыр. Гаосюн, Тайвань, 11 қаңтар, 2023 жыл.

“Тайваньға көз тіккен Қытайды тежеудің ең дұрыс жолы – Украинаны қолдау”

СОНЫМЕН ТАЙВАНЬ УКРАИНАДАҒЫ СОҒЫСТАН НЕ ҮЙРЕНДІ?

Ресей Украина үлкен күшпен басып кіргелі Тайпей Киевті белсене қолдап келеді. Өйткені Тайвань үкіметі өзінің геосаяси жағдайын Украинаныкіне ұқсатады. Ұзақ уақыт бойы Тайваньға қысым көрсетіп келе жатқан Пекин бұл арал Қытайға бейбіт жолмен қосылмаса, оны күшпен басып алудан тартынбайтынын айтады.

Украинаны да, Тайваньді де бірінші болып қолдаған АҚШ. Вашингтонның Киевті дипломатиялық жолмен, әскери көмекпен және барлау деректерімен қолдағаны Украинаның Ресей екпініне төтеп беруінде үлкен рөл атқарды.

Тайвань да АҚШ-тың әскери және саяси қолдауына арқа сүйейді. АҚШ-тың Тайвань туралы заңы бар. Ол бойынша Вашингтон Тайваньді Қытай әскери агрессиясынан қорғауға тиіс.

Бірақ Трамптың кейінгі мәлімдемелері АҚШ пен Тайвань қарым-қатынасының болашағын бұлыңғыр етті. Ол Тайпейді АҚШ шалаөткізгіш индустриясын ұрлап отыр деп (мұны терістейтіндер көп) бірнеше рет айтып, Тайвань АҚШ ұсынған “қорған” үшін ақы төлеуге міндетті деген.

“Зеленский тап болған жағдай керілген арқанның үстімен жүруге тура келетінін еске салады” дейді Джейсон Сюй. “Нөмірі бірінші қағида: Тайвань Трамп пайдақор саясаткер екенін, ол қандай да бір келісім жасаса, оның өтемін алғысы келетінін түсінуі қажет”.

АҚШ пен Ресейдің жақындасуы Қытайға қалай әсер етуі мүмкін?

Бірақ Тайвань шенеуніктерінің айтуынша, арал мемлекет Украинадағы соғыстан бұдан да ауқымды қорытынды жасаған.

Тайвань сыртқы істер министрінің орынбасары У Чжи-чжуннің Азаттыққа айтуынша, Украинадағы соғысқа дейін Ресей президенті Владимир Путиннің Украина жөніндегі сөзі мен қадамдарын елемегендер көп болған. Дәл қазір Қытай басшысы Си Цзиньпин де Тайваньға деген амбициясын білдіріп, сол жолмен келе жатыр; халықаралық қауымдастықтың мұны байқамауы “аңқаулық” болар еді дейді ол.

Вице-министрдің сөзінше, Тайвань қазір “бүгін емес” саясатын ұстанып отыр. Бұл саясат аясында Тайпей Еуропадағы және өзге аймақтардағы серіктестерімен тығыз жұмыс істеп, Қытайды әскери қадамнан тартынуға итермелеуді көздеп отыр.

ТАЙВАНЬ ЫҚТИМАЛ ҚАҚТЫҒЫСҚА ҚАЛАЙ ДАЙЫНДАЛЫП ЖАТЫР?

Бұл саясаттың бір тармағы қоғамды Пекин қысымына төтеп беруге дайындауға бағытталған. Қытай бұл аралды үйден қашқан баладай көреді: оны қайтарып алғысы келеді.

Тайвань президенті Лай Циндэ 2024 жылы “Бүкіл қоғам төзімділігі комитетін” құрды. Бұл комитет елді табиғи және адам қолымен жасалған апатқа дайындауы қажет. Мұның ішінде Қытайдың ықтимал экспансиясы не блокадасы да бар. Бұл қадам елде азаматтық қорғаныс ұйымдары мен олардың мүшелері санының артуымен тұспа-тұс келді. Мұндай ұйымдар алғашқы медициналық жәрдемнен бастап эвакуациялау жоспарына дейін үйретіп, соғыс кезінде ұрысқа дайын болуға жаттықтырады.

Қоғамды және азаматтарды дайындау 14 наурызда жаңа деңгейге көтерілді. Президент Лай Циндэ Қытайды “шетелдік жау күші” деп жариялап, қауіптің артуына және тыңшылық оқиғалары (оның ішінде Тайвань әскеріндегі жағдайлар да бар) легіне байланысты ұлттық қауіпсіздік шаралары күшейтілетінін мәлімдеді.

“Қытай демократиялық Тайваньнің еркіндігін, әралуандығын және ашықтығын пайдаланып жатыр. Олар қылмыстық топтарды, баспасөз құралдарын, комментаторларды, саяси партияларды, тіпті қызметтегі және зейнетке шыққан әскерилер мен полицейлерді арбап, солардың қолымен елге бүлік салып, бірлігімізді бүлдіргісі келеді” деді Лай теледидар арқылы халыққа жолдауында.

Атлант кеңесінің штаттан тыс ғылыми қызметкері, АҚШ теңіз әскерінің отставкадағы контр-адмиралы Филип Юдің Азаттыққа айтуынша, “Украинадағы соғыс азаматтық қорғаныс дайындығымен бірге стратегиялық инфрақұрылымдарды қорғау қаншалық маңызды екенін көрсетті”.

Мәскеудің басқыншылық соғысы басталғанда Ресей танкілерінің Киевке бет алғанын көрген едік. Бірақ Тайваньнің жағдайында соғыс мүлдем басқаша өрбуі мүмкін.

Әрине, Тайвань бірінші кезекте Қытайдың әскери шабуылына дайын болуы қажет. Дегенмен Пекин бұл аралды құрсауға алып, тұншықтыру әдісін қолдануы да мүмкін. Мұндай жағдайда Тайпей сауда-саттық жүргізе алмай, азық-түлік тапшылығына душар болып, Пекинге бағынуға мәжбүр болады.

Қытай сондай-ақ карантин жариялап, Тайваньнің әуе және теңіз қатынасын шектеп тастай алады және мұны әскер емес құқық қорғау органдарының көмегімен іске асыруы мүмкін. Бұл жағдай да сауда-саттыққа соққы жасалады.

Мұндай қадам іске асса, Тайвань халықаралық қолдауды жұмылдыруда қиыншылыққа тап болып, ықтимал әскери шабуыл қарсаңында әлсіз болып қалмақ.

“Арал мемлекет ретінде энергия көздерінің 97 пайызын теңіз импортынан алатын Тайваньға үлкен қауіп-қатер төнеді” деді Ю.

ТАЙПЕЙДІҢ ТРАМП ЖӨНІНДЕГІ СТРАТЕГИЯСЫ ҚАНДАЙ?

Трамп әзірге Тайвань жөніндегі саясатын нақтыламады және қақтығыс жағдайында бұл елге АҚШ әскерін жіберу-жібермеу жөнінде жауап беруден бас тартты.

Сайлауалды науқан кезінде Трамп Тайвань қорғанысқа көбірек қаражат жұмсауы қажет екенін мәлімдеген. Тіпті қорғаныс бюджетін ЖІӨ-нің 10 пайызына жеткізуге үндеген. Арал мемлекет мұны қаперге алды.

АҚШ президенті құны 100 млрд доллар инвестиция жоспарын жариялаған TSMS басшысы Си-Си Вейдің қолын алып тұр. Вашингтон, 3 наурыз 2025 жыл.

АҚШ президенті құны 100 млрд доллар инвестиция жоспарын жариялаған TSMS басшысы Си-Си Вейдің қолын алып тұр. Вашингтон, 3 наурыз 2025 жыл.

 

Тайвань кейінгі жылдары қорғаныс бюджетін арттырып, міндетті әскери қызметті төрт айдан бір жылға созды. Дей тұрғанмен, елдің қорғанысқа бөлетін ақшасы ЖІӨ-нің 2,45 пайызын ғана құрайды. Тайвань премьер-министрі Чжо Жунтай әскери бюджетті ЖІӨ-нің 10 пайызына жеткізу мүмкін емесін айтты.

Оның үстіне оппозиция бақылауындағы Тайвань парламенті қаңтарда үкімет шығынын қысқартуды мақұлдап тастаған. Бұл қорғаныс қаражатын арттыруды одан әрі қиындатады.

Бірақ сөйте тұра, Тайвань үкіметі Вашингтонның шағымдануына жол бермеу үшін барын салып отыр.

Трамптың келісім жасағыш қасиетін қаперге алған Тайвань АҚШ-тан үлкен сомаға қару-жарақ алуы мүмкін екенін меңзеп отыр. Тайпей сондай-ақ бұл елден келетін газ импортын арттыруға да ниетті екенін білдірді. Кейбір зерттеушілердің айтуынша, бұл ұсынысты іске асыру АҚШ кемелері мен өңдеу терминалдарын қажет етеді. Ал ол өз кезегінде Тайвань үшін Қытайдың ықтимал агрессиясынан қосымша қорған болмақ.

Бірақ Тайваньнің ең қуатты ұсынысы стратегиялық маңызы бар шалаөткізгіш өндірісі болуы мүмкін. Осы айдың басында үлкен инвестиция туралы жоспарын жариялаған TSMC әлем бойынша озық шалаөткізгіштің 90 пайыздан астамын өндіріп отыр. Бұл өнім смартфондар мен жасанды интеллектіде, озық технологиялы қару-жарақта қолданылады.

Шалаөткізгіш өндірісі секілді стратегиялық маңызы жоғары салалар кемде-кем. Ал Тайваньдағы TSMC пен өзге де чип өндірушілер АҚШ-тың Nvidia секілді алпауыт компанияларымен серіктес.

100 млрд долларлық инвестиция туралы жоспар Тайвань ішінде қарсылық тудырды. Әлемнің ең басты шалаөткізгіш өндірушісі болғаны Тайваньнің АҚШ үшін стратегиялық маңызын арттырып, Қытайдың ықтимал шабуылынан қорған болып келген. Стратегиялық өндірісті АҚШ-қа көшіру осы қорғаннан айыра ма деп алаң бар.

TSMC АҚШ-та озық технологиялы чиптерін өндіре ме, жоқ па, бұл жағы әлі белгісіз. Бірақ Джейсон Сюй Тайваньнің бұл саладағы үстемдігін пайдаға жаратуын дұрыс қадам деп санайды.

“Бұл – компромисс. Бұл – біз үйренетін маңызды сабақ” деді Сюй. “Бұл – төрт жыл бұрынғыдан бөлек Америка. Әлемнің өзі де төрт жылғы бұрынғыдан өзгеше. Біз прагматика болуымыз керек”.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы 

Related Articles

  • “Төңкеріс жасауға машықтанғандар” кім? Қаңтар құпиясы ашылса, салдары не болады? Депутатпен сұхбат

    “Төңкеріс жасауға машықтанғандар” кім? Қаңтар құпиясы ашылса, салдары не болады? Депутатпен сұхбат

    Нұрбек ТҮСІПХАН Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты, заңгер Абзал Құспан Азаттыққа сұхбат беріп отыр. Астана, 26 қазан, 2023 жыл Қаңтарды кім ұйымдастырғанын билік біле ме, білсе неге ашық айтпады? Парламентте неге Қаңтар бойынша тағы тыңдау өтпейді? Президент Тоқаев Қаңтар “төңкеріс жасауға әбден машықтанған мамандардың жетекшілігімен” ұйымдастырылды деді. Олар кімдер? Мәжіліс депутаты Абзал Құспан осы сұрақтарға жауап берді Азаттық: Абзал мырза, сіз – Қаңтар оқиғасына бір тараптан емес, жан-жағынан қарауға мүмкіндік алған адамсыз. Ең алдымен сол оқиғаға тікелей қатыстыңыз, жұртты алаңға шығуға шақырдыңыз. Одан кейін қанды қырғында қамауға алынғандарды босатуға ат салысып, заңгер ретінде де араластыңыз. Одан бөлек мәжіліс депутаты есебінде де жаңа бір ракурстан қарап отырсыз. Айтыңызшы, жан-жағынан қарағанда Қаңтар оқиғасында сізге

  • Атеистер мен тәңіршілдерге мың алғыс! 

    Атеистер мен тәңіршілдерге мың алғыс! 

    Елдес Орда Сурет: Автордың жеке архивінен алынды. Қазақ қоғамында жаңа интеллектуалдық кезең туып келеді. Бірінші, қазіргі қазақ қоғамында сенім мәселесіне қатысты пікірталастардың күшеюі кездейсоқ құбылыс емес. Бұл дегеніңіз әлеуметтік желілердің, ашық ақпараттық кеңістіктің және жаһандық интеллектуалдық ағымдардың ықпалымен қалыптасқан жаңа қоғамдық ойлау формасының көрінісі. Атеистік көзқарастардың ашық айтылуы, тәңіршілдік идеялардың қайта жаңғыруы және дәстүрлі діни орта арасындағы пікір қақтығысы зиялы ортада алаңдаушылық тудырғанымен, шын мәнінде бұл құбылыс қоғамның рухани әлсіреуін емес, саналы ізденіске бет бұрғанын көрсетеді. Екінші, ұзақ уақыт бойы қазақ қоғамындағы діни дискурс негізінен МОНОЛОГТЫҚсипатта болды. Уағыз айтылды, ал тыңдаушы тарап оны талқылаусыз қабылдауға тиіс еді. Сұрақ қою күмәнмен, күмән әлсіз иманмен теңестірілді. Мұндай ортада сенім дәлелдеуді емес, қайталауды талап етті. Ғылыми

  • Олжас Сүлейменов. Мен білем!.. 

    Олжас Сүлейменов. Мен білем!.. 

    Серік Ерғали Суреттер: madeniportal.kz және С.Ерғали мұрағаттарынан алынды. «Я знаю!..» кітабынан үзінді-аударма. ОСИРИС ЗАҢЫ I Біз адамзат тарихын өте нашар білеміз. XIX ғасырдың басында Наполеон әлемге Мысырды ашты, ал ғалымдар бұл елдің қирандыларын зерттеп, оның шамамен б.з.д. III мыңжылдыққа тиесілі екенін анықтады. Сол кезде адамзат тарихы тағы да қос мыңжылдыққа тереңдей түсті. Бірнеше мыңжылдық бұрын (мен білем) адамзат (немесе оның кейбір бөлігі) таңбалы жазуды қолданып, жазып жүрген. Бұл білімдерді қалпына келтіру арқылы біз XX ғасырдың басында жасанды түрде үзілген тіліміздің тарихына қатысты қолжетер шындықты қайта тануымызға тура келді. 1926 жылы Бакуде өткен алғашқы түркологиялық конгрестен кейін түркология ғылым ретінде қалыптаса алмады… …2018 жылы Назарбаев мені әңгімелесу үшін Ақордаға шақырды. Үлкен үстелдің басында

  • Қытай интеллигенциясы қытай иероглифін сынады, қытай тілін емес…

    Қытай интеллигенциясы қытай иероглифін сынады, қытай тілін емес…

    Қазір әлеуметтік желіде кейбір қазақ зиялыларының қазақ тілін сынаған пікірі тарап жүр. Есіме бір кездері Қытай интеллигенциясының қытай иероглифін сынағаны түсіп кетті. 20- ғасырдың алғашқы ширегінде қытайдың дәстүрлі иероглифтерін сынамаған зиялы кемде кем. *** *** *** “Иероглифтерде заманауи идеялар мен теорияларды жеткізетін сөздік қор жоқ, әрі олар зиянды ойлардың ұясына айналады. Оларды жоюда ұят жоқ” деп жазды 1918 жылы Қытай Коммунистік партиясының негізін қалаушылардың бірі әрі Жаңа мәдениет қозғалысының жетекші қайраткері Чэнь Дусю (陈独秀). Қытай иероглифін қатты сынаушылардың қатарында тағы да Қытай коммунистік қозғалыстың жетекшілерінің бірі Цюй Цюбай (瞿秋白) де болған. Ол тіпті 1931 жылы “Қытай иероглифтері шын мәнінде әлемдегі ең лас, ең жексұрын әрі ең жиренішті нәрсе. Тіпті ортағасырлық

  • Қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады?

    Қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады?

    Zhalgas Yertay         Қазақстан билігі мемлекеттік тілді дамыту үшін қатаң шешімдерге барғысы келмейді дейік. Бірақ қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады? Соны ойланып көрейік. Қазақ тілін дамыту жайын айтқан кезде Қазақстан билігі қоғамды екіге бөледі. Бірі – тілді дамытудың радикал шешімдерін ұстанады, екінші жағы – қазіргі статус-квоны сақтағысы келеді, яғни ештеңе өзгертпей-ақ қояйық дейді. Бірақ екі жолды да таңдамай, ортасымен жүруді ұсынып көрсек қайтеді!? Батыл қадамдарға барайық, бірақ ол радикал жол болмасын. Қазақ тілін күшпен емес, ортаны дамыту арқылы күшейтсек болады. Яғни адамдар тілді үйреніп әуре болмай-ақ, халық жай ғана қазақ тілі аясында өмір сүруді үйренсін. Негізгі ой осы. Біз осы уақытқа дейін адамдар ортаны

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: