|  | 

Қазақ шежіресі

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ УРА-НЫ “АЛАШ” ДЕП АУДАРҒАН

Естімеген елде көп. Білім иелері, сұлу тілдеріміздің талай әдемі сөзін естіп жүрміз ғой. Сингармонизм шығып, көменес «күмән» бола жаздап барып қалды. «Интернационал» би бауырмал, бауырсыз болып барып қалды. Сингармонизмнің «е» әрпі басымызды қатырып «кемесер», «кемет», «кеперетіп», «кеменес» деген өңшең «ке»-лерден сүрініп жығылуға айналдық. «Қадіс те осылай депті» деген молдалардың жұмбағы сықылды, сингармонизмнің жұмбағына түсіп, күні бүгінге шейін тіліміз сына жаздап жүр. Оның бәрінің оқасы жоқ еді. Неге десеңіз, ол «термин» де. Қолақпандай білім комиссиясының шығарған «заңы» да.

Заң – заң ғой. Бірақ заңның да заңы бар. Сингармонизм деуге тіл сынса, терминдеріміз бара-бара жүректі сындыруға айналды. Сеніп тізгін берген білім комиссиясы ауыздықты тісімен жалғыз-ақ омырып, шадыр аттай басымен сүзді. Заңның жөні осы деп «ура»-зақтың ұраны-ақ болсыншы. Әйткенмен, соңғы кезде «алаш» қазақтың байының ұраны болған жоқ па еді?!

Партия осы күні мамандарды сыйлайды. Сеніп іс береді, сеніп істетеді, сеніп советский ақша береді. Партия ұраны – міндетті ұран. Оны орындау – әрбір коммунистің міндеті. Сондықтан маманға іс істетпеймін деп көлденеңдеген коммунистікі қияңқылық екені рас. Коммунист маманға жол беру керек. Бірақ маман алған ақшасын адал етіп, адал дастарқанға арам тигізбеу керек. Сонда ғана шын маман бола алады.

«Біздің Ақаң» (Ақмет Байтұрсынұлы) – тіліміздің маманы. Ақаңды «Ақа» дегеннен басқа жазығымыз жоқ еді. Тілімізді уыстап қолына беріп қойдық. Ақаң – білім комиссиясының мүшесі. Олай болса, кеңес білімін білім сықылды білім қылып, жалпы бұқараның алдына ұсынуы керек еді. Олай етудің Ақаңа түк обалы жоқ еді. Бірақ Ақаң мамандығын дұрыс атқармады. Неге? дейсіздер ғой. Былай: «Әскерлік атаулары» деген кітап шықты. Кітаптың сыртына: «Бұл кітап білім комиссиясының қаулысымен алынды» деп Ақаң мен Нұрым ұлының мүбәрак қойған қолдары бар. «Ура»-ның «Алаш» болуы осы кітаптың ішінде. Ақаң алашты жақсы көретін шығар ғой. Аузы дағдыланып кеткен сөзі-ақ шығар. Әйткенмен, советский ақшаны алып отырып, советский кітаптың ішіне «ура»-ны «алаш» деп аударуға Ақаң үйренген дағдысын қолданбай-ақ қоюы керек еді. Үйткені кітап Алаш орданікі емес, советский ғой. Ғаббас Нұрымұлы – Алаш орданың сенімді жасының біреуі. Ол – жас жігіт, жас жігітте қызулық, албырттық болмай қоя ма? Ғаббастікі жастығы, қызулығы болсын. Ал 60-қа тақалып, байсалды кісі болған Ақаң «ақсақалдікі» не? Ақаңның Алаш орданы сүйетінін кім білмейді? Бірақ оны өзге жерде-ақ ретін тауып еткізіп, советский ақша беріп отырған советский кітапқа енгізбей-ақ қоюы керек еді. Қасқырға: «қойды неге жейсің» деп түлкі сұрау бергенде, «жемейін десем де, көзім қызығып кетеді», – деген екен деседі. Бұл сықылды, Ақаңның әлде көзі қызығып кетті ме екен?

«Бір сөзде сонша байланатын не тұр?» дейтіндер болар. Бұл сөз біреу болса да, бірегей сөз. Жаман айтпай, жақсы жоқ. Ертең соғыс бола қалып, Алаш орда бас көтерсе, біз Алашордамен соғыссақ, шабуылға барғанда, Ақаңша «ура»-ның орнына «Алаш» деп шабамыз дағы. Алда, масқара-ай, ұят-ай!

«Әскерлік атауларында» оңған термин шамалы. Соның ішінде оңбағанның былай тұрсын, төңкеріске қарсылық (контреволюция) иісі аңқып тұрған – осы «Алаш».

Сәбит МҰҚАНОВ

 («ХХ ғасыр басындағы қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» атты жинақтан алынды. – Алматы, «Қазығұрт» баспасы, 2013. – 640 бет. Дайындаған: Кенесова Арайлым)

 tilortalyq.kz

Related Articles

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Тек тілге байланысты…

    Тек тілге байланысты…

    Қазақ Республикасында бір ғана мемлекеттік тіл бар. Ол- қазақ тілі. Қазақ тілінен басқа ешбір екінші тілге мемлекеттік мәртебе берілмеуі керек! Отыз жылдан астам уақыттан бері геосаяси ахуалды сылтауратып келдік. Енді біздің де мінезімізді һәм мысымызды көрсететін уақыт келді. ҚР-ның азаматы һәм салық тапсырушы қатардағы тұрғыны ретінде талап етемін! Алдағы бес жылда Қазақ Республикасында елеулі демографиялық өзгерістер болады. Атап айтқанда 2030 жылынан кейін қазақтардың республикадағы жалпы үлесі 80-85% ке дейін артады. Славян халықтарының өсімі азайып 10%-ға дейін түседі. Есесіне елдегі түркітілдес өзбек, татар, ұйғырлардың өсімі еселеп өсіп тіпті 10-15 жылда орыстардың орнын басып озуы мүмкін. Сол кезде Қазақ Республикасындағы жалпы түркітілдес халықтардың үлес салмағы 85-90% ке жетеді. Нәтижесінде қазақ мектептерінің саны,

  • “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін. “Жаңа конституцияның” 9-бап 2-тармағы тұрғанда құжаттар ешқашан қазақша жасалмайды. Тек аударма тілі болып қалады. Себебі мемлекеттік бюрократия 9-баптың 2-тармағына сүйеніп, іс-қағаздарды орысша жасап үйренген. Сол себепті іс-қағаздың бәрі алдымен орысша жасалады, кейін қазақшаға қалай болса солай аударылады. Сол себепті 1-тармақтың болғаны қазақ тілінің нағыз мемлекеттік тіл мәртебесінде болуына еш көмектесе алмайды. Бір ғана жолы бар: конституцияда мемлекеттік тіл де, ресми тіл де – қазақ тілі деп тайға таңба басқандай жазылып тұруы керек. Құжаттың мемлекеттік тілдегі нұсқасының ғана заңды күші болуы тиіс. Сол кезде басқа тілдердегі нұсқасы жай аудармасы болады. Сол кезде ғана қазақ

  • Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

    Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

     Серік Ерғали Суреттер: aqmeshit-zhastary.kz, democrat.kz сайттарынан алынды. Ата Заң жобасының талқысы Қазақстандағы ең сезімтал, ең ұзақ талқыланып келе жатқан мәселенің бірі — мемлекеттік тілдің нақты мәртебесі. Конституцияда қазақ тілі мемлекеттік тіл деп жазылғанына отыз жылдан асты. Алайда қоғамдағы шынайы сұрақ әлі де ашық: қазақ тілі — басқарудың тілі ме, әлде символдық мәртебедегі тіл ме? Тіл мәселесі неліктен шешілмей келеді? Себебі біз ұзақ уақыт бойы тілге: – мәдени құндылық ретінде ғана қарап келдік; – оны мемлекеттік басқару тілі ретінде нақты бекітпедік. Нәтижесінде: – Конституцияда бір мәтін, – тәжірибеде басқа жағдай қалыптасты. Бұл қайшылық тілдің емес, конституциялық айқындықтың әлсіздігінен туындады. 9-баптағы басты түйін Жоба бойынша: 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. 2. Мемлекеттік ұйымдарда

  • “Төңкеріс жасауға машықтанғандар” кім? Қаңтар құпиясы ашылса, салдары не болады? Депутатпен сұхбат

    “Төңкеріс жасауға машықтанғандар” кім? Қаңтар құпиясы ашылса, салдары не болады? Депутатпен сұхбат

    Нұрбек ТҮСІПХАН Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты, заңгер Абзал Құспан Азаттыққа сұхбат беріп отыр. Астана, 26 қазан, 2023 жыл Қаңтарды кім ұйымдастырғанын билік біле ме, білсе неге ашық айтпады? Парламентте неге Қаңтар бойынша тағы тыңдау өтпейді? Президент Тоқаев Қаңтар “төңкеріс жасауға әбден машықтанған мамандардың жетекшілігімен” ұйымдастырылды деді. Олар кімдер? Мәжіліс депутаты Абзал Құспан осы сұрақтарға жауап берді Азаттық: Абзал мырза, сіз – Қаңтар оқиғасына бір тараптан емес, жан-жағынан қарауға мүмкіндік алған адамсыз. Ең алдымен сол оқиғаға тікелей қатыстыңыз, жұртты алаңға шығуға шақырдыңыз. Одан кейін қанды қырғында қамауға алынғандарды босатуға ат салысып, заңгер ретінде де араластыңыз. Одан бөлек мәжіліс депутаты есебінде де жаңа бір ракурстан қарап отырсыз. Айтыңызшы, жан-жағынан қарағанда Қаңтар оқиғасында сізге

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: