|  | 

Сұхбаттар

Роза Құрманбайқызы. Менің мақсатым – Қазақ ордасынан Корей еліне көз салар бір терезе ашу

Қазақ елінің көркейіп, гүлденуі үшін жастардың білімі мен біліктілігін арттырудың сан түрлі жолын қарастыру – мемлекеттің ғана емес, бүгінгі елдің ертеңіне бей-жай қарамайтын кез-келген Қазақстан азаматының абыройлы міндеті болса керек. Міне, сол  абыройлы парызды өз әлінше орындауға тырысып, нәзік жанды қыз болса да азаматтың жүгін көтеріп жүрген, қазақ қызы “Халықаралық білім беру ұлттық орталығының” директоры   Роза Құрманбайқызымен сұхбаттасудың орайы келді.
– Роза Құрманбайқызы, бұл күндері танымал бола бастаған  «Халықаралық білім беру ұлттық орталығына» дейінгі өміріңіз жайлы мәлімет бере кетсеңіз.
– Мен ОҚО тумасымын. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің “психология және педагогика” мамандығы бойынша; екінші мамандығым: “кітапхана ісі” бойынша үздік дипломмен бітірдім.  Алғашқы еңбек жолымды “Ыбырай Алтынсарин атындағы балаларға арналған кітапханада бастадым. Дәл сол кезде Қазақстан астанасы Алматыдан Астанаға көшіріліп, Қазақ үкіметі жер-жердегі  жастарды  Астанаға жұмысқа шақырып жатты. Сондай іс-шаралардың  бірінде Қазақстан акедемиялық кітапханасының директоры Роза Аманғалиқызы Оңтүстік Қазақстанда іс-сапарда болды. Сол іс-сапар кезінде Роза Аманғалиқызы мүмкіндігі бар, білімді жастарды Астанаға шақырды.  Мен де сол кезде жаңадан ірге бекітіп жатқан Елордамызға өз үлесімді қосайын деп, Астанаға жол алдым. «Ұлттық  акедемиялық кітапханасына» жұмысқа тұрып, табаны күректей бес жыл жұмыс істедім.
Ал өзімнің  кішкентай кезімнен ешкімге  айтпаған арманым – шетелде білім алу  еді. Сол арманымның орындалуына кітапханадағы жұмысым көмектесті. Мен істеген  акедемиялық кітапхана-электронды кітапхана болғандықтан ол жерде әлемнің әр елінің  кітаптар базасы жасақталған. Кітапхана – әлемнің әртүрлі елімен байланыста болды. Осы кітапханада жүріп,Корей елінде біліктілікті арттыру мүмкіндігіне ие болдым.
– Корей елінде біліктілікті арттыруға берілген мүмкіндікке қалай ие болдыңыз?
– Ұлттық акедемиялық кітапханада үлкен тұсаукесер болды. Тұсаукесерге  Корей елінің елшісі келді. Сонымен қатар Ұлттық акедемиялық кітапхананың басшылары, белгілі лауазымды тұлғалар,саясаткерлер қатысты. Бір өкінерлігі осы шарада Қазақстан елдігін,қазақ халқын сыйлаған Корей елшісі өз құттықтауын таза қазақ тілінде жасаса да,шараны өткізіп жатқан Қазақстан жағынан сөз алған бірде-бір тұлға Қазақстан елінің мемлекеттік тілін сыйламай,ресми тілде сөз сөйледі. Өзіміз қадірлей алмаған қазақ тілін жұрттың алдында биікке көтерген Корей елшісіне,Корей еліне деген алғашқы құрметім сол тұсаукесерден бастау алды. Біздің елдігімізді,тілімізді қадыр тұтқан Корей еліне барып,солардың тілін үйреніп,сол өзін де,өзгені де  сыйлай алатын халықтың ортасына болғым келді. Солардың жетістігін елге әкеліп,туған еліме қарлығаштың қанатымен су сепкендей болса да үлесімді қосайын деген бекімге келдім. Сол арманның жетегімен Корей тілін үйрене бастадым. Бір жылдан соң ұлттық акедемиялық кітапханада  Корей еліне үш жыл тегін оқитын мүмкіндік беретін байқау болды. Сол  байқауда жоғарда оқиға  менің шығармашылығыма арқау болды. Ол шығарманы мен сол кезде енді үйреніп жүрген Корей тілінде жаздым. Байқауға қатысқан қаншама адамдар болса да Корей елінен келген сарапшылар өз ұлтының мемлекеттік тілінің тағдырына  бей-жай қарай алмаған мені грантқа лайықты деп тапты. Сонымен Алла ақ жолын беріп, Сеул ұлттық унверситетіне “Корей тілі жане мәдениеті” бағдарламасы бойынша біліктілігімді шыңдадым.
-Ал бүгінгі «Халықаралық білім беру ұлттық орталығын»  құру идеясы қашан,қалай басталды?
-Мен Сеул ұлттық унверситетінде оқып жүрген кезімде, Қазақстан жастарының Корей еліне барып білім алуға деген қызығушылықтары арта бастады. Бірақ көптеген жастарда арман болғанымен Корей еліне қалай бару,қандай жолмен бару керек екенін білмейтін. Корей елінде қандай тегін немесе жеңілдетілген мүмкіндіктермен оқи алатынын тіпті де  білмейтін. Сонда оқып жүрген кезде таныс  достарыма,олардың таныстарына шамам келгенше өз көмегімді көрсетіп жүрдім. Бірақ ол көмек көп жастарға жетпей жатты.  Корей елінен келгеннен соң  Корей-Қазақ елі ортасында білім көпірін жасасам  деген ой келді. Сонымен тәуекелге барып, 2011 жылы осы “Халықаралық білім беру ұлттық орталығын” аштым. Алғаш жұмыс бастаған кезде оңай болған жоқ. Кореядағы ықпалды жоғары оқу орындарымен байланыс орнату,сеніміне ие болу үшін аз тер төгілген жоқ. 4 жыл бойы үздіксіз еңбектену, Корей елі жоғары оқу орындарынан келген сарапшылар,олардың қойған талаптарын орындау,осылардың барлық сатысынан өткеннен кейін ғана бүгінгі жағдайға жетіп отырмыз.
-Корей елінен оқимын деген жастар Кореядағы қандай жоғары оқу орындарына түсе алады?
-4 жыл бойы тынбай істелген еңбектің нәтижесінде бүгінге дейін Корей еліндегі халықаралық стандарттармен әлемдік дәрежеде аккредитациядан өткен 3 университеттің және 20 жетекші университеттің ресми өкілі болып табыламыз.
Атап айтсақ:Ajou University,Duksung Women’s University,Hanshin University,Hanyang,Kyungpook National University,
Myongji University ,Pusan National University ,Seoul National University of Science and Technology.және т.б
Біз туралы толық мәліметті төмендегі сайттардан білуге болады.http://korea-edu.kz  жане http://www.korea-education.kz/
-Корей еліне оқимын деген жастарға қандай мамандықтар бойынша гранттарға түсу мүмкіндігі жоғары жане ол мамандықтарды қазақ елінде сұранысқа сай мамандық деп айтуға болама?
-Корей елі өзіңіз білгендей біз сияқты шикізатпен күн көріп отырған ел емес.Ешқандай қазба байлығы жоқ,табиғи ресурстары жоққа тән. Тек технология мен өндіріске арқа сүйеген мемлекет. Сондықтан олар үшін ең басты байлық-білімді,білікті мамандар. Ал білімді,білікті мамандарды дайындау үшін оларда білім жүйесі өте жақсы жолға қойылған.Корей елінде сапасыз білім алу мүмкін емес. Сондықтан Корей елінің халықаралық стандарттарға сай,сертификатталған унверситеттерінен бітіріп келген кез-келген маман- қазақ елінде сұранысқа ие. Белгілі мамандықты айтып,бөліп жаруға келмейді. Корей елі арқылы бөлінетін гранттар көбінесе Корей тілі,мадениеті,машина жасау технологисы, Технология,техника  салалары бойынша көбірек. Қазір бұл елмен Қазақстан арасындағы экономикалық-мәдени байланыстың дамуы,біріккен өндіріс орындарының артуына байланысты сол елден бітіріп келген жастар ешқандайда жұмыссыз қалып жатқан жоқ.  Қайта айлық жалақысы жоғары, тұрақты жұмыстарға ие болып жатыр.
-Корей елі шетелдік студенттерге қандай грант түрлерін ұсынып отыр?
-Корей елінде жоғары оқу орындарында үш түрлі оқу гранттары бар.Бірінші: мемлекеттік грант. Біз ондай гранттарға қатыса алмаймыз. Ол  гранттар Қазақстандағы  Корей елшілігі арқылы тағайындалады. Екінші :профессорлық грант.  Үшінші: ректорлық грант. Біз осы екі грантпен жұмыс істейміз. Бұл екі гранттың айырмашылығы: ректорлық грант-тек стунденттердің оқу ақысын ғана төлейді. Профессорлық грант-оқу ақысымен қоса,жатар орын,жол ақыларына дейін көмек беріледі.Профессорлық грант-тек ағылшын тілінде ғана жүргізіледі.  Сөз кезегінде айта кетейін,корей елінде біздің “Болашақ” бағдарламасы сияқты өз мамандарын шеттен оқытып отырады. Бірақ ең алдымен ұстаздық салаға  басымдылық берілген. Өйткені,білім беретін ұстаз- сапалы білім алып келсе, ол мыңдаған ұрпақты тәрбиелейді.Ал өзге мамандық оқып келген адам – бір ғана адамның жұмысын істейді. Сондықтан алдымен ұстаздарына жағдай жасаған Корей елі бүгінгі таңда білім саласын биікке көтеріп отыр деуге толық негіз бар.
– Профессорлық грантта оқу үшін қандай талаптар қойылады?
– Профессорлық грантта оқу үшін әрине  IELTS 5-6+ деңгейден өту керек,Сондай-ақ, сол грантқа үміткердің зерттеу тақырыбы-корей еліндегі  профессорды қызықтыруы керек. Сондықтан Корей елінде берілетін әрбір мүмкіндік ,қолға жайдан жай келе қоймайды.
-Осы сала бойынша 4 жыл жұмыс жасадым деп отырсыз,Осы 4 жылда  профессорлық грант,мейлі ректорлық грант болсын,Сіздің «Халықаралық білім беру ұлттық орталығы» арқылы  қанша Қазақстандық жастар Корей елінен білім алуға ие болды?
-Алғаш жұмыс бастағаннан бастап,қазірге дейін оқып жатқаны бар,400 ге тарта жастар аталмыш орталық арқылы Корей елінде білім алу орайына ие болды.Олардың алды Қазақ еліне  оралып, республиканың барлық облыстарында аударма саласында,әртүрлі халықаралық дәрежедегі ірі компанияларда,мәдениет саласында қызмет етіп жатыр. Қалғандары Корей елінде әрсала бойынша білімдерін жалғастырып жатыр.
-Корей еліндегі білім сапасы,білім берудің жоғары деңгейі жайлы айттыңыз. Корей елінде білім алған жастар тек сол елден білім игеріп қоймай,сол елдің тағы қандай өзіне тән қасиеттерін,құндылықтарын бойларына сіңіре алады деп ойлайсыз?
-Басында мен айтып кеттім,менің Корей елінен оқу орайына ие болуымның өзі де ұлтын,тілін сыйлаған елді өзге елде силайтынын дәледеп отыр деп ойлаймын. Корей елінен оқыған жастар шынымен де тек озық білім,ғылым үйреніп қоймай,Корей елінің өз ана тілін,дәстүрін,ұлттық құндылықтарына деген құрметін үйренеді деп ойлаймын. Сонымен қатар Корей елінде білімге,қабілетке деген құрмет ең жоғары. Егер сіздің біліміңіз,біліктілігіңіз бастығыңыздан асып тұрса,бастығыңыз сізге өз орнын береді. Олар үшін арзан атақ,биік кресло емес,қайта сол істі ілгерілете алатын,қызметті өрге бастыратын қабілетті маман маңызды. Шынайы қабілеттілерге жол ашқан Корей елі бүгінгі күні Жапон,Европа елдерімен қатар дамудың даңғыл жолына түсіп,өз жолын қалыптастырды. Ал тек шикізат сатуға арқа сүйеген Қазақ елінде дарындылар мен қарындылар арасындағы бәсекеде дарындылар жеңіліс табады. Мемлекетті алға сүйрейтін салаларға шынайы білікті мамандар келе алмай жатыр. Сондықтан қазағымның әрбір азаматы өз кемшілігін көріп,артқа емес,алдыға қарау үшін өзге өсіп жатқан елдерге қарап,бой түзеуі керек.  Менің Корей елінен оқығысы келетін жастарға жол ашып, осы орталықты ашудағы мақсатым- Қазақ елінің әлемнің шығысындағы дамыған бір елге көз жүгіртетін бір терезе ашу. Сол терезе алдына келіп,басқа әлемге көз салып, ашық терезеден жаңа леп,жаңа үрдістер Қазақ еліне кіріп жатса-онда менің арманым орындалғаны. “Адаммен адамды,халықпен халықты теңестіретін нәрсе ол -білім” деген екен Әуезов. Ал мен Қазақ елінің әлеммен теңескенін қалаймын. Бұл жолда менің де,сіздің де, елдің де мүддесі бар.
-Әңгімеңізге рахмет. ісіңізге сәттілік тілейміз.

Сұхбат алған Серік Мұратхан

 

 

kerey.kz

Related Articles

  • Елдес Орда, тарихшы: «Түркістан» атауын қолдану – аймақтағы жұмсақ күш позициясын нығайту тәсілі

    Елдес Орда, тарихшы: «Түркістан» атауын қолдану – аймақтағы жұмсақ күш позициясын нығайту тәсілі

    Фото ашық дереккөздерден алында Өткен аптада Түркияның ұлттық білім министрлігі мектеп бағдарламасына «Түркістан» деген терминді енгізген еді. Шетел басылымдарының жазуынша, бұл атау енді «Орталық Азия» ұғымының орнына қолданылмақ. Білім министрі Юсуф Текин жаңа атау түркі әлемінің бірлігін қамтамасыз етуге бағытталғанын айтады. Оның сөзінше, үкімет оқу бағдарламасынан империялық мағынасы бар географиялық атауларды алып тастамақшы. Ең қызығы, «Түркістан» аумағына Қазақстаннан бөлек, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан мен Тәжікстан жатады екен. Сондай-ақ кейбір басылымдар бұл терминнің Қытайдың батысында орналасқан Шыңжан өлкесіне қатысы барын да атап өтті.  Кейбір ғалымдар «Орталық Азия» термині колониализмнен қалғанын жиі атап жүр. ХХ ғасырдағы әлемдік академиялық ғылымды сол кездегі ірі империялар қалыптастырғандықтан, бүгінде мұндай терминдер мен атаулар халық санасына әбден сіңіп

  • Саясаттанушы: Еуроодақпен әріптестікке Орталық Азия көбірек мүдделі

    Саясаттанушы: Еуроодақпен әріптестікке Орталық Азия көбірек мүдделі

    Нұрбек ТҮСІПХАН Еуроодақ жетекшілері мен Орталық Азия елдерінің басшылары “Орталық Азия – Еуроодақ” саммиті кезінде. Самарқан, Өзбекстан 4 сәуір 2025 жыл 3-4 сәуірде Самарқанда “Орталық Азия – Еуропа одағы” саммиті өтті. Орталық Азияның ресми БАҚ-тары мен мемлекеттік құрылым сайттары Самарқан саммитінің “тарихи маңызын” айтып жатыр. Ал екі аймақ арасында осындай форматтағы алғашқы кездесуді сарапшылар қалай бағалайды? Азаттық тілшісінің сұрақтарына саясаттанушы Жәнібек Арынов жауап береді. – Орталық Азия және Еуроодақ саммиті қаншалықты тең жағдайда өтіп жатыр деп айта аламыз? – Орталық Азия мемлекеттерінің 30 жылдық сыртқы саясатына, тарихына үңілсек, Еуроодақ әрдайым тең дәрежеде жұмыс жасауға тырысатын үлкен әріптестердің бірі. Мысалы, АҚШ немесе Ресей не болмаса Қытаймен салыстырғанда мемлекет тарапынан болсын, қоғам

  • Жин Нода: Қазақ хандары мен Цинь империясының байланысы тым терең

    Жин Нода: Қазақ хандары мен Цинь империясының байланысы тым терең

    Өткен жылы қолыма Токио шет тілдер университетінің профессоры Жин Ноданың «Ресей мен Цин империялары арасындағы Қазақ хандықтары: XVIII-XIX ғасырлардағы Орталық Еуразия халықаралық қатынастары» атты зерттеу еңбегі түсті. Өз тарихымызға қатысты болған соң, бір деммен оқып шықтым. Аталған кітапта қазақ ханы Абылай мен өзге сұлтандардың Цин императорына жазған хаттары туралы баяндалады. Жақында Жин Нодамен хабарласып, көкейімізде жүрген сұрақтарды қойдық. – Ғылыми зерттеу кітабыңыз ерте­дегі Қазақ-Цинь империясы қатына­сын өзгеше тануға арналған академия­лық еңбек екен. Бұндай зерттеуге бет бұруға не түрткі болды? – Мен Орталық Азияны зерттеу барысында Ресей және Цинь империясы туралы көзқарастарда үлкен алшақтық бар екенін байқадым. Осы алшақтықты жою мақсатында мен қазақтардың тарихын ресейлік және қытайлық дереккөздер негізінде зерттеуге кірістім.

  • Бұл – советтік һәм назарбаевтық кезеңнен қалған, журналистиканы жағымпаз қолбала, шауыпкел құрал деңгейіне түсірген шенеуніктік штамповка.

    Бұл – советтік һәм назарбаевтық кезеңнен қалған, журналистиканы жағымпаз қолбала, шауыпкел құрал деңгейіне түсірген шенеуніктік штамповка.

    “Сұхбатты” енді ғана оқып шықтым. Әзірге, сипаты туралы аз сөз: Әлбетте, бұл – журналистика стандарттарына сай, шынайы, нағыз сұхбат емес. Конституциялық құқығы тең, екі саналы азаматтың өзара пікірлескен, еменжарқын әңгімесі емес. Бұл – советтік һәм назарбаевтық кезеңнен қалған, журналистиканы жағымпаз қолбала, шауыпкел құрал деңгейіне түсірген шенеуніктік штамповка. Пәленбай адам түзеп-күзеген, ананы да, мынаны қамтуға тырысқан, аяғында жаны жоқ мәтіндер жиынтығы туған. Тоқаев айналасындағыларға: “осыншалық жасанды кейіппен халық алдында көрінуім ұят болады, қойыңдар, айналайындар, қателессем де өз болмысыммен шығам” деуге түсінігі жетпегені өкінішті. Былтыр “Егеменде” “сұхбаттасқан” Дихан Қамзабек те, биыл “Ана тілінде” “әңгімелескен” Ерлан Жүніс те, кешіріңіздер, ешқандай да интервьюер емес. Иә, біреуі терең ғалым, екіншісі тамаша ақын, бірақ, өмірінде бір

  • “Геосаясат илеуіне түсіп қалуымыз мүмкін”. Қазақстанда АЭС салуға қатысты сарапшы пікірі

    “Геосаясат илеуіне түсіп қалуымыз мүмкін”. Қазақстанда АЭС салуға қатысты сарапшы пікірі

    Елена ВЕБЕР Атом электр стансасын салу және пайдалану экологиялық қатер және төтенше жағдайда адам денсаулығына қауіпті ғана емес, оған қоса соғыс барысында Украинаның Запорожье АЭС-індегі болған оқиға сияқты бопсалау құралы дейді әлеуметтік-экологиялық қордың басшысы Қайша Атаханова. Ол мұның артында көптеген проблема тұрғанын, қазақстандықтарға АЭС салу жөніндегі референдум қарсаңында біржақты ақпарат беріліп, онда тек пайдалы жағы сөз болып жатқанын айтады. Сарапшы АЭС-тің қаупі мен салдары қандай болатыны жайында ақпарат өте аз деп есептейді. Голдман атындағы халықаралық экологиялық сыйлықтың лауреаты, биолог Қайша Атаханова – радиацияның адамдарға және қоршаған ортаға әсерін ширек ғасырдан астам зерттеп жүр. Ол бұрынғы Семей полигонында және оған іргелес жатқан аудандарда зерттеу жүргізген. Қарағанды университетінің генетика кафедрасында оқытушы болған.

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: