|  | 

Әлеумет

53 мың доллар тұратын бақыт

53 мың доллар тұратын бақыт

   Баи Фанг Ли Қытайдағы шағын қалашықта велотаксидің жүргізушісі болатын. Ол азаннан кешке дейін тынбай жұмыс істейтін. Ли қызметіне нақты ақы қоймаса да, пассажирлері оның мейірімділігі мен көтеріңкі көңіл-күйіне бола, артығырақ төлейді екен. Бір жағынан көпшілігі нанын ауыр еңбекпен тауып жүрген мейірімді ақсақалға қолдау көрсеткісі келсе керек. Ол жұпынылау, жағдайы жасалмаған пәтерде, кедей аудандардың бірінде тұрыпты. Лидің тапқан табысы өзінің жағдайын жасауға, жақсырақ тұруына жететін еді, бірақ ол басқаларға көмектесу үшін жұмыс істейтін.

         Бірде 74 жасар жалданып ауыр жұмыс істеп жатқан 6 жасар баланы байқап қалады. Бала ақысын алғанда қатты қуанады, сонысына қарамастан нанды қоқыстан алып жейді. Таңғалған ақсақал баладан неге олай істегенін сұрай бастайды. Сөйтсе, кішкентай баланың әке-шешесі жоғалып кеткен, үйінде екі қарындасы бар екен. Өзі нанды қоқыстан жесе де мәз, тек қарындастарының қарнын аштырмаса болғаны. Баланың мейірімге толы жұдырықтай жүрегі ақсақалды таңғалдырады. Сосын оларды балалар үйіне орналастырып, өмір сүрулері үшін өз айлығынан ақша төлеп тұратын болады. Ли бөлмесінің ақысы мен түскі асына ғана аз-маз қаражат қалдырып, қалған табысын балалар үйіне беретін еді. Сонысына қарамастан, өзінің қарапайым өміріне риза болатын. «Тұратын жер, ішетін тамақ, киетін киімім бар. Одан артық не керек?» деп ойлайтын үнемі. Өзінің арқасында балалардың аштықтан құтылып, білім алып жатқаны ойына оралғанда ауыр тұрмысының өзі жеңілдеп кеткендей сезілетін. Уақыт өте қария балалар үйіне тапсырған үш бала өседі, өмірден өз орындарын табады. Соған қарамастан Ли жетімдер үйіне ақша беруін тоқтатпайды. Мейірімді қария 93 жас ғұмыр кешіп, кедейлік пен кәрілік жеңіп, өмірден өтіпті…

Ал балалар үйінің қызметкерлері Ли қайтыс болғаннан кейін ол садақа еткен ақшаны есептейді. Сөйтсе ақсақал 53 мың долларды өзге адамдардың қуанышына жұмсаған күйі, бұ дүниемен қоштасып кете барыпты…

Мүмкін Ли 53 мың долларға үй алар ма еді… жоқ, жақсы киініп, дәмді тамақтанар ма еді? Бірақ ол оған бақыт сыйлайтын ба еді? Адам өзгелерді қуантқанда бақыттырақ бола түсетінін Ли мырза ерте байқап қойған секілді…) Біреулер бар байлығын сарп етіп, таудан, тастан іздеп жүрген бақытты, бар-жоғы 53 мың долларға сатып алғанын Лидің өзі сезді ме екен…

marfugashapian.islam.kz

Related Articles

  • Тек тілге байланысты…

    Тек тілге байланысты…

    Қазақ Республикасында бір ғана мемлекеттік тіл бар. Ол- қазақ тілі. Қазақ тілінен басқа ешбір екінші тілге мемлекеттік мәртебе берілмеуі керек! Отыз жылдан астам уақыттан бері геосаяси ахуалды сылтауратып келдік. Енді біздің де мінезімізді һәм мысымызды көрсететін уақыт келді. ҚР-ның азаматы һәм салық тапсырушы қатардағы тұрғыны ретінде талап етемін! Алдағы бес жылда Қазақ Республикасында елеулі демографиялық өзгерістер болады. Атап айтқанда 2030 жылынан кейін қазақтардың республикадағы жалпы үлесі 80-85% ке дейін артады. Славян халықтарының өсімі азайып 10%-ға дейін түседі. Есесіне елдегі түркітілдес өзбек, татар, ұйғырлардың өсімі еселеп өсіп тіпті 10-15 жылда орыстардың орнын басып озуы мүмкін. Сол кезде Қазақ Республикасындағы жалпы түркітілдес халықтардың үлес салмағы 85-90% ке жетеді. Нәтижесінде қазақ мектептерінің саны,

  • “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін. “Жаңа конституцияның” 9-бап 2-тармағы тұрғанда құжаттар ешқашан қазақша жасалмайды. Тек аударма тілі болып қалады. Себебі мемлекеттік бюрократия 9-баптың 2-тармағына сүйеніп, іс-қағаздарды орысша жасап үйренген. Сол себепті іс-қағаздың бәрі алдымен орысша жасалады, кейін қазақшаға қалай болса солай аударылады. Сол себепті 1-тармақтың болғаны қазақ тілінің нағыз мемлекеттік тіл мәртебесінде болуына еш көмектесе алмайды. Бір ғана жолы бар: конституцияда мемлекеттік тіл де, ресми тіл де – қазақ тілі деп тайға таңба басқандай жазылып тұруы керек. Құжаттың мемлекеттік тілдегі нұсқасының ғана заңды күші болуы тиіс. Сол кезде басқа тілдердегі нұсқасы жай аудармасы болады. Сол кезде ғана қазақ

  • Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

    Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

     Серік Ерғали Суреттер: aqmeshit-zhastary.kz, democrat.kz сайттарынан алынды. Ата Заң жобасының талқысы Қазақстандағы ең сезімтал, ең ұзақ талқыланып келе жатқан мәселенің бірі — мемлекеттік тілдің нақты мәртебесі. Конституцияда қазақ тілі мемлекеттік тіл деп жазылғанына отыз жылдан асты. Алайда қоғамдағы шынайы сұрақ әлі де ашық: қазақ тілі — басқарудың тілі ме, әлде символдық мәртебедегі тіл ме? Тіл мәселесі неліктен шешілмей келеді? Себебі біз ұзақ уақыт бойы тілге: – мәдени құндылық ретінде ғана қарап келдік; – оны мемлекеттік басқару тілі ретінде нақты бекітпедік. Нәтижесінде: – Конституцияда бір мәтін, – тәжірибеде басқа жағдай қалыптасты. Бұл қайшылық тілдің емес, конституциялық айқындықтың әлсіздігінен туындады. 9-баптағы басты түйін Жоба бойынша: 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. 2. Мемлекеттік ұйымдарда

  • Қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады?

    Қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады?

    Zhalgas Yertay         Қазақстан билігі мемлекеттік тілді дамыту үшін қатаң шешімдерге барғысы келмейді дейік. Бірақ қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады? Соны ойланып көрейік. Қазақ тілін дамыту жайын айтқан кезде Қазақстан билігі қоғамды екіге бөледі. Бірі – тілді дамытудың радикал шешімдерін ұстанады, екінші жағы – қазіргі статус-квоны сақтағысы келеді, яғни ештеңе өзгертпей-ақ қояйық дейді. Бірақ екі жолды да таңдамай, ортасымен жүруді ұсынып көрсек қайтеді!? Батыл қадамдарға барайық, бірақ ол радикал жол болмасын. Қазақ тілін күшпен емес, ортаны дамыту арқылы күшейтсек болады. Яғни адамдар тілді үйреніп әуре болмай-ақ, халық жай ғана қазақ тілі аясында өмір сүруді үйренсін. Негізгі ой осы. Біз осы уақытқа дейін адамдар ортаны

  • Қазақ мектебінде оқитын 7 жасар бала орыс тілі сабағында неге орысша сайрап тұруы керек?

    Қазақ мектебінде оқитын 7 жасар бала орыс тілі сабағында неге орысша сайрап тұруы керек?

    Магнумды өзім мүлде ұнатпайды екенмін. Үнемі барсам, есі дұрыс көкөніс таппайтынмын. Ескірген, шіріген. Азық-түлікті тек базардан аламын. Бірақ магнумге байкотты тоқтатпау керек! Сонымен бірге, орыстілді кино, фильмдерге де байкот жариялау керек. Бірақ, одан күштісі, балаларыңды тек қазақша оқытып, қазақша тәрбиелеу керек. Бірақ, балаңды қазақша тәрбиелейін десең, тағы бір кедергі шығып жатыр. Ғалымдардың айтуынша, баланы 13 жасқа дейін қазақ тілінде оқытып, ұлттық құндылықтарды бойына, ойына сіңіру керек. Енді солай істеп жатсақ, 7-8 жасар қап-қазақша өсіп келе жатқан балаңды мектепте орыс тілін үйретіп миын ашытуға тура келіп отыр. Яғни, 2-сыныптан бастап орыс тілі мектеп бағдарламасында тұр. Бжб, тжб-сында орыс тілі мұғалімдері баланың орысша мазмұндамасын (говорение) тексереді. Талап етеді. Сонда, біз байғұс қазақ,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: