|  |  | 

Оқиға Әлеумет

Семейлік жігіт адамды ажалдан құтқарып қалғанын ешкімге айтпаған

daurenШығыс Қазақстандағы Шүлбі кентінің тұрғыны Николай Заставин өзін ажал тырнағынан алып қалған азаматты жеті ай бойы іздестіріп әрең тапты.

Оқиға өткен жылдың наурыз айында Шүлбі су қоймасында болыпты. Жұқа мұз жарылып кетіп суға кетіп бара жатқан адамды белгісіз бір жігіт құтқарып қалған. Мұздай суық судан құтқарып қана қоймай, белгісіз жігіт оны өз киіміне орап жылындырып, жолшыбай өтіп жатқан көліктерді тоқтатқан. Тіпті үйіне дейін жеткізіп те тастаған.

Николай Заставин болса суықтан және қатты шошынып қалғандықтан өзінің сөйлеуге де шамасы келмегенін айтады. Қас пен көздің арасында мұз астына түсіп қайта шыққан ол, ер жүрек құтқарушысының атын да сұрап үлгермеген.

Кейін ол жігітті табу да оңай болмапты. Жеті ай бойы ел­жұрттан сұрастырып жүріп батырдың кім екендігін әрең анықтаған. Ол – Семейдегі №2 өрт сөндіру бөлімшесінің старшинасы Дәурен Абылхасенов болып шықты.

Ең қызығы Дәуреннің ерлігін оның жанындағы әріптестері Дәуреннен емес, ажалдан аман қалған Николай Заставиннің аузынан алғаш рет естіп тұр екен. Қарапайым жігіт адамды ажалдан құтқарып қалғанын маңайындағы адамдарға да айтпаған көрінеді.

Менің орнымда болса кез­келген адам сөйтер еді,­дейді Дәурен. 14 мамыр күні Дәурен Абылхасеновке жұмыс орнында батырға лайық құрмет көрсетіліп, ІІМ басшысы атынан арнайы медаль тапсырылды.

Талант Нұржол

ozgeshe.kz

Related Articles

  • “Төңкеріс жасауға машықтанғандар” кім? Қаңтар құпиясы ашылса, салдары не болады? Депутатпен сұхбат

    “Төңкеріс жасауға машықтанғандар” кім? Қаңтар құпиясы ашылса, салдары не болады? Депутатпен сұхбат

    Нұрбек ТҮСІПХАН Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты, заңгер Абзал Құспан Азаттыққа сұхбат беріп отыр. Астана, 26 қазан, 2023 жыл Қаңтарды кім ұйымдастырғанын билік біле ме, білсе неге ашық айтпады? Парламентте неге Қаңтар бойынша тағы тыңдау өтпейді? Президент Тоқаев Қаңтар “төңкеріс жасауға әбден машықтанған мамандардың жетекшілігімен” ұйымдастырылды деді. Олар кімдер? Мәжіліс депутаты Абзал Құспан осы сұрақтарға жауап берді Азаттық: Абзал мырза, сіз – Қаңтар оқиғасына бір тараптан емес, жан-жағынан қарауға мүмкіндік алған адамсыз. Ең алдымен сол оқиғаға тікелей қатыстыңыз, жұртты алаңға шығуға шақырдыңыз. Одан кейін қанды қырғында қамауға алынғандарды босатуға ат салысып, заңгер ретінде де араластыңыз. Одан бөлек мәжіліс депутаты есебінде де жаңа бір ракурстан қарап отырсыз. Айтыңызшы, жан-жағынан қарағанда Қаңтар оқиғасында сізге

  • Қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады?

    Қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады?

    Zhalgas Yertay         Қазақстан билігі мемлекеттік тілді дамыту үшін қатаң шешімдерге барғысы келмейді дейік. Бірақ қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады? Соны ойланып көрейік. Қазақ тілін дамыту жайын айтқан кезде Қазақстан билігі қоғамды екіге бөледі. Бірі – тілді дамытудың радикал шешімдерін ұстанады, екінші жағы – қазіргі статус-квоны сақтағысы келеді, яғни ештеңе өзгертпей-ақ қояйық дейді. Бірақ екі жолды да таңдамай, ортасымен жүруді ұсынып көрсек қайтеді!? Батыл қадамдарға барайық, бірақ ол радикал жол болмасын. Қазақ тілін күшпен емес, ортаны дамыту арқылы күшейтсек болады. Яғни адамдар тілді үйреніп әуре болмай-ақ, халық жай ғана қазақ тілі аясында өмір сүруді үйренсін. Негізгі ой осы. Біз осы уақытқа дейін адамдар ортаны

  • Қазақ мектебінде оқитын 7 жасар бала орыс тілі сабағында неге орысша сайрап тұруы керек?

    Қазақ мектебінде оқитын 7 жасар бала орыс тілі сабағында неге орысша сайрап тұруы керек?

    Магнумды өзім мүлде ұнатпайды екенмін. Үнемі барсам, есі дұрыс көкөніс таппайтынмын. Ескірген, шіріген. Азық-түлікті тек базардан аламын. Бірақ магнумге байкотты тоқтатпау керек! Сонымен бірге, орыстілді кино, фильмдерге де байкот жариялау керек. Бірақ, одан күштісі, балаларыңды тек қазақша оқытып, қазақша тәрбиелеу керек. Бірақ, балаңды қазақша тәрбиелейін десең, тағы бір кедергі шығып жатыр. Ғалымдардың айтуынша, баланы 13 жасқа дейін қазақ тілінде оқытып, ұлттық құндылықтарды бойына, ойына сіңіру керек. Енді солай істеп жатсақ, 7-8 жасар қап-қазақша өсіп келе жатқан балаңды мектепте орыс тілін үйретіп миын ашытуға тура келіп отыр. Яғни, 2-сыныптан бастап орыс тілі мектеп бағдарламасында тұр. Бжб, тжб-сында орыс тілі мұғалімдері баланың орысша мазмұндамасын (говорение) тексереді. Талап етеді. Сонда, біз байғұс қазақ,

  • Қазақ жастары бүгінде жаппай орыстану процесін бастан кешуде.

    Қазақ жастары бүгінде жаппай орыстану процесін бастан кешуде.

    Қазақ жастары бүгінде жаппай орыстану процесін бастан кешуде. Бала-бақшадан бастап, мектеп, жоғары оқу орны, еңбек мекемелерінің барлығы негізінен орыс тіліне көшуде. Өз еркімен емес, әділетсіз биліктің ұзақ жылғы солақай саясатының арқасында. Көшеде, кеңседе, дүкенде, көлікте, қоғамдық орында қазаққа қазақ орысша сөйлемесең немесе ұлтты сақтау керек деген жауапкершілік жүгін ұстанып, сенімен орысша сөйлесіп тұрған қазаққа қазақша сөйле деп ескерту жасасаң болды, бітті, бәле-жалаға қаласың. Заң да, оны орындаушы полиция, прокуратура, сот та орысқұлды қолдайды, ұлтқа жаны ашыған қазақты мүлде қорғамайды. Бұл қандай әділеттілік?! Мемлекеттік тілді, мемлекеттік қауіпсіздікті жекелеген адам емес, осыған жауапты мемлекеттік құрылымдар қорғауы керек қой. Жеке адам емес, ең алдымен билік қорғауы керек. Қазақ жеке тәуелсіз мемлекет болып тұрса

  • Енді қазақ тілін елемейтін мекеме байкоттың нысанасына ілігіп, шығынға бата беретін болады

    Енді қазақ тілін елемейтін мекеме байкоттың нысанасына ілігіп, шығынға бата беретін болады

    Кейде қоғамды бір ғана оқиға қозғалысқа түсіріп, іште қатқан шеменді жарып жібереді. Бұл жолы дәл сондай ахуал орын алды. Magnum дүкендер желісінде орыс тілді бір азамат қазақ тілін білмейтін курьерге шағым түсіріп, артынан дүкен әкімшілігі әлгі курьерді жұмыстан шығарып, мәселені жылы жауып қоя салмақ болғанда, жұртшылық оқыстан оянып кетті. Бұл тек бір азаматтың реніші немесе дүкеннің ішкі тәртібі емес. Бұл – тілдік теңсіздікке қарсы ұлттың рефлексі. Қазақтың өзі, өз жерінде, өз тілінде сөйлей алмайтын күнге жеттік пе деген сұрақ сананы сыздатып тұр. Өз елінде тұрып, өз тілінде сөйлемейтін азаматты қоғамнан аластатылуы ақылға симайтын дүние. Ал Magnum дүкендері желісі отты күлмен көміп қойғандай болды. Қазақ тілі – елдің өзегі. Оған жасалған

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: