АХМЕТ ХАСИХАННЫҢ ӨМІРБАЯНДЫҚ ТАНЫСТЫРМАСЫ
Керейдің «Ноқта» ағасы Ителі Хасихан менің әкем. Тайгешкеннің екі баласы болып ҚХР-ның Бурыл тоғай деген жеріде дүниеге келіпті. Сонда ер жетіп өсіп, отбасылы болған. Жолдасы «Қарақас» сүйекті Тоғайбайқызы Ләтипамен тұрмыс құрған екен. Біз нағашымыз туралы білеріміз жоқ. Себебі Монғолияда халық революциясы 1921 жылы жеңгеннен кейін Монғолияға қоныс аударып мекендеген екен. Нағашылардан бірде-бір адам көргеміз жоқ. Тек шешеміздің айтуы бойынша Хашай Нұғыман атты бауырлары Буырыл тоғай деген жерде мекендеп, тіршілік еткен көрінеді. Оқыған, тоқығаны жоқ, тек ғана мал шаруашылғымен тіршілік еткен көрінеді. Монғолия шекарасы екі айға ашылып, адамдардың барыс-келісіне бір рет мүмкіндік бергенде Бурыл тоғайдағы төркініне барып келген екен. Ол кезде біз жас бала кезіміз болғандықтан бірге баруға рұқсат етілмеген екен. Біздің мекеніміз Монғолияның батыс бөлігі Улан-Батор қаласынан 1700 шақырым (км) Баян-Өлгий аймағында мекендеген. Әкеміз Ахмет жаңаша (крилце) хат танығандықтан әртүрлі жұмыстар атқарған.
Монғолия халық партиясының мүшесі болған. Партияның жоғарғы мектебінде 6 айлық курста оқып білімін жетілдірген. 1940 жылы 8 айда Баян-Өлгий аймағы Хавда аймағынан бөлініп жеке аймақ болған. Сонда осы күнгі Баян-Өлгий аймағына алғашқы көшіп келген үш үйдің бірі екен. Алғашқы жұмысы аймақтық халық депутаттар құрамында жоспарлау комиссиясында жұмыстап, соңында сауда, даяшылық ұжымында жұмыстап жүріп, зейнеткерлікке шыққан. 1972 жылы желтоқсан айының 25 күні 61 жасында дүниеден өтті.
Шешеміз Тоғайбайқызы Ләтипа тек ғана үй шаруашылығымен айналысқан. Оқыған, тоқығаны жоқ қазақтың қарапайым әйелі болған. Өмірге үш ұл, 6 бала әкеліп тәрбиелеген. 1972 жылы тамыз айының 20-да өмірден өткен.
***
Әкемнің туыстары туралы қысқаша мәлімет төмендегідей:
Мәкібайдан:
- Байшан
- Тәйгешкен
- Мықтыбай
- Шектібай деген төрт ағайынды екен.
Үлкені Байшаннан:
- Тойлыбай
- Хобдабай
- Мұхамбетқалый
- Солтанғалый деген төрт ағайынды.
Тәйгешкеннен:
- Шәкей
- Ахмет
- Зәки
- Жәнәбіл
- Шәри бес ағайынды.
Мықтыбайдан:
- Мүбәрәк
- Лас
- Хайса үш ағайынды
Шектібайдан:
- Бүркітбай
- Асқар
- Уңкән
- Қуғынбай
- Хишат
- Ершат
- Жәлей жеті ағайынды болған.
Бұл адамдардың барлығы да мал шаруашылығымен тіршілік еткен. Тек ғана Ғайса, Лас, Шәри, Жәлейлер әр сатылы мамандықта оқып, білім алып, өз дәрежесінде жұмыстаған. Айтуыңыз бойынша Тайшешкенұлы Ахметтің әулеті туралы мағлұмат. Ахмет пен Лятипа өмірге алты бала әкелді дегенді басында жазғамды. Енді соларды жеке-жеке атап келіп, өзім туралы толық мәлімет білдіремін.
- Мен Ахмет Хасихан үшінші бала болып дүниеге келіпппін. Орта мектепті бітірген соң Улан-Батор қаласындағы Монғолия ұлттық мұғалімдер университетіне түсіп, 4 жыл оқып бітірдім. Бұдан кейін Баян-Өлгий аймағы орталығындағы қазақ 10 жылдық орта мектебіне мамандығым бойынша мұғалім болып жұмыстандым. Осы мектепте әртүрлі көпшілік ұйымдарды басқара жүріп, оқу ісінің меңгерушісі, жетекші партия ұйымының бастығы қатарлы жұмыстарды атқара жүріп, соңында мектеп директоры болып бекітіліп, бірнеше жыл жұмыстандым. Осы аралықта Ресейде маман жетілдіру курсын оқып бітірдім. Мектепте жұмыстаған мерзімде өз дәрежемде жұмыстап тұрдым. Соңында аймақтық партия комитеті мен атқару әкімшілігінің нұсқауымен Аймақтық «Спорт, дене шынықтыру» мекемесінің бастығына бекітіліп, 1993 жылы Қазақстанға көшкенге дейін табысты жұмыстадым. Жұмыстаған мерзімімде әртүрлі съезд жиналыстарға қатыстым. Монғолдың ұлттық олимпиада комитетінің басқармасына дейін көтерілдім. Әлде неше медаль, дипломдармен марапатталдым. Менің негізгі мамандығым «Спорт, дене шынықтыру» пәнінің маманы болғандықтан, спорттың волейбол түрімен айналыстым.
Волейболдан Монғолдың Звор командасында 4 жыл ойнап, «Спорт мастері», «Спорттың азат» қызметкері атағына ие болдым. Шет елдерге (Ресей, Болгария, Ветьнам, Прибалтика жағалауы) бәсекеге қатынастым. Баян-Өлгийге келгеннен кейін негізгі жұмыстарыммен қоса аймақтық волейбол командасының аға жаттықтырушысы жұмысын қоса атқардым. Жалпы, волейболды 24 жыл ойнап, көптеген спортшыларды тәрбиелеп шығырдым. Халықаралық дәрежедегі спорт төреші атағына ие болдым. Жарыстарда спорттың алтын, күміс, қола медальдарымен марапатталдым. Жалпы, мені Монғолияда Улан-Батор, Өлгий қаласындағы монғол, қазақтар көптен танып біледі. 1993 жылы Қазақстанға қоныс аударған мерзімде «Қазақ тілі» қоғамы, ауданның ақсақалдар алқасы ұжымын басқарып жұмыстап тұрып, зейнеткерлікке шықтым. Қазір ҚР-сы Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Макинка қаласындамын.
***
Менің өзімнің жанұям, отбасыммен тұрамын. 1965 жылы сүйегі Сарбас (шотқара) Сейітжапарқызы Күлизаға үйлендім. Күлиза мектеп бітіргеннен соң Баян-Өлгий аймағының музыкалы-драма театрында әнші-биші болып 30 жылға тарта жұмыстады. Жұмыстаған мерзімінде көрермен көпшіліктің алғысына бөленіп, кейбір пессаларда бас рольді, бас бишілік рольді абыроймен атқарып, көптеген марапатқа ие болып, «Мәдениет» озат қызметкері атағына ие болды. Осы мерзім ішінде Монғолияның барлық аймақ, қала, сумындарында гостролдік сапарда болып, монғол жұртшылығына қазақтың ән, биін насихаттауда табысты өнер көрсетіп келді. Аймақтың драма театрының екі реткі есеп беру ойыны астана Улан-Баторда өткен мерзімде толықтай қатынасты. Осы есеп беру концертінде Монғолдың орталық жастар комитетінің «Алтын медалі» және дипломымен марапатталды. Жұмыстаған мерзімде өз маманына сай көптеген жастарды тәрбиелеп шығарды. Сондай-ақ көршілес Ресейдің Барнаул, Қызыл,
Горно-Атой (тау алтай) сияқты қалаларға гостролдік сапармен барып, концерт қойып қайтты. Ұжымдықтың әлденеше рет озат жыл қызметкері атағына ие болды. Осы мерзім ішінде екі ұл, үш қыз, бес бала өмірге әкеліп, тәрбиелеп өсірді. Балалар туралы жеке-жеке мағлұмат беремін.
Хасихан Ханатбек 1967 жылы өмірге келген. Жастайынан бала бақшада тәрбиеленіп, ары қарай Өлгий қаласы 10 жылдық қазақ орта мектебіне кіріп, 10 жыл өте жақсы оқып бітірді. Одан кейін Политехникалық университетке студент болып 5 жыл оқып, «Механик-инженер» мамандығы бойынша бітіріп инженерлік диплом алды. Университетті бітірген соң Баян-Өлгий аймағының «Даяшылық» автобазасына механик болып жұмыстады. Соңында автобазаның бас инженеріне дейін көтеріліп жұмыстады. 1991 жылы наурыз айында сүйегі «Хангелді» (Күнбас) Аймиханқызы Маржангүлмен жанұялы болды. Маржангүл университеттің тарих, география факультетін бітіріп, қазір макинка қаласындағы Балуан шолақ атындағы №1 орта лицей мектебінде мамандығы бойынша мұғалімдік қызмет атқаруда. Өмірге үш ұл бала әкелген. Үлкені Әлібек Астана қаласындағы «Аграрлық универсиеттің 3 курс студенті. Әмірбек техникалық колледждің 2 курс студенті, экономика мамындығы бойынша оқып жүр. Әбілмансұр 6 сынып оқушысы. Ханатбек қазір жеке кәсіпкерлік жұмыспен айналысады.
Хасихан Ғалия 1968 жылы туған, орта мектепті бітіргеннен соң компьютер програмист мамандығы бойынша жұмыстап жүр. Отбасылы болған Тайлах сүйекті Кәкешқан Семсерханмен серіктес болған. Өмірге үш бала әкелген. Үлкен қызы Гүлжауһар медик, мамандығы бойынша Астанада оқиды. Ұлы Олжас биыл 9 сыныпты бітіреді. Ғалия Макинка қаласындағы №5 орта мектебінде мамандығы бойынша жұмыстап жүр. Өкініштісі жолдасы К. Семсерхан 2001 жылы өмірден өтті, артында жанұясы, үш баласы қалды.
Хасихан Елік 1976 жылы туған, орта мектепті бітірген соң Баян-Өлгийде мұғалімдер колледжін бітіріп, Қазақстанға келген соң университеттің қазақ тілі, әдебиет мамандығы бойынша қызыл дипломмен өте жақсы бітірді. Қазір Макинка қаласындағы №5 орта мектепте оқу және тәрбие ісі жөніндегі меңгеруші болып жұмыстайды. Екі баласы бар, үлкен қызы Еркеназ 7 сыныпта, ұлы Ерасыл бала бақшада. Жолдасы Хангелді сүйекті Кәнжил Магзаммен жанұля. Магзам университеттің математика факультетін бітірген, қазір мамандығы бойынша жұмыстап жүр.
Хасихан Еңлік 1981 жылы туған. Жастайынан бала бақшада тәрбиеленген, 6 сыныпты бітірген жылы Қазақстанға көшіп келгеннен кейін 9 сыныпқа түсіп, өте жақсымен 11 сыныпты бітірді. Ары қарай жалғастырып Қазақстанның белгілі ғалымы Манас Қозыбаев атындағы университеттің математика-информатика мамандығы бойынша өте жақсы қызыл дипломмен бітірді. Студент болып жүрген кезінде университеттің әртүрлі тәрбие жұмыстарына белсенді қатынасып, университеттің «Жұлдыздар» ансамбілінің мүшесі болып жұмыстады. Шешесіне тартқан ән айтып, би билейді. Облыстық мектепаралық әртүрлі конференция, тақырыпты жұмыстарға тұрақты қатынасып, алдыңғы орындардан көрінуде. Қазір мамандығы бойынша Балуан шолақ атындағы мектеп лицейде жұмыс жасайды. Өмірге екі бала әкелген, үлкені Ақерке 4 сынып, Жанерке бала бақшада. Жолдасы Секел сүйекті Текен Ханатбек өз алдына жеке кәсіпкер, әртүрлі жұмыстармен шұғылданады.
Хасихан Бабек 1983 жылы туған, жастайынан бала бақшада тәрбиеленді. Орта мектептің 2 сыныбын бітірген жылы ҚР-на қоныс аударылды. Ары қарай Қазақстанда оқуын жалғастырып, 11 сыныпты бітірді. Мектеп бітіргеннен кейін Көкшетау қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы университеттің спорт, дене шынықтыру факультетіне түсіп, 5 жыл оқып, дене шынықтыру мұғалімі дипломын алды. Содан бері Макинка қаласындағы №5 орта мектепте мамандығы бойынша жұмыстап келеді. Спорт түрінің «Волейбол» спортын таңдаған қазір Макинка қаласының волейбол звор командасының алдыңғы қатардағы ойыншысы. Жыл сайын республикалық, облыстық, аудандық бәсекелерге тұрақты қатынасып, алтын, күміс, қола медальға ие болған. Мадақтама дипломмен марапатталды. Мұнымен қоса коньки, жеңіл атлетика жарыстарына да қатысып, алдыңғы орындардан көрінуде. Волейбол спортынан көптеген спортшылар тәрбиелеп. Үйірме жұмысын тұрақты жүргізгенінің нәтижесінде тәрбиелеген оқушылары әртүрлі бәсекеле табысты ойнап, алдыңғы орындарда көрінуде. Отбасылы, сүйегі Найман Теңселқызы Үміткермен үйленіп, өмірге екі ұл, бір қыз бала әкелді. Үміткер Астана қаласындағы Гумилев атындағы университеттің физика-математика мамандығы бойынша 5 жыл оқып бітірді. Қазір Макинка қаласындағы Балуан шолақ атындағы 11 жылдық мектеп лицейде мамандығы бойынша жұмыс жасап жүр. Өз маманы бойынша лицейдегі мұғалімдер арасында алдыңғы қатардағы мұғалім.
Жалпы, біздің ата-бабамыздан бастап «Қара шаңырақ» ортаншыға бұйырған. Сондықтан да әкемнің қара шаңырағына мен ие болып отырмын.
***
Ахметтің үш ұлы Рашатхан 1949 жылы туған, орта мектепті бітіргеннен кейін 1963 жылдан 1968 жылға дейін Москвада темір жол институтында оқып, темір жол инженері мамандығы бойынша бітірген. Мамандығы бойынша Монғолияның Сайманд, Чойболсан, Дархан, Эроэнт, Салхит қалаларында инженер, бастық қатарлы жұмыстарды табысты атқарып, 1993 жылы Қазақстанға қоныс аударған. Қазақстанға келген соң Ақмола облысы, Ақкөл ауданы темір жол станциясының бастығын істеп тұрып, 2011 жылы зейнеткерлікке шыққан. Темір жолдың озат қызметкері, сондай-ақ әртүрлі медальдармен марапатталған. Монғолдың халық хуралының депутаты болып жұмыстаған.
Жанұлы, 7 бала тәрбиелеп өсірген. Балаларының бәрі де әртүрлі мамандық игеріп, қазір мамандықтары бойынша жұмыс жасауда. Отбасы Р. Ғалия темір жолда үнемі жол серік болып жұмыстаған, қазір зейнеткер. Қазір сол Ақкөл ауданында үй іші, балаларымен тіршілік етуде.
Бүткейұлы Байболат
Байболат Бүткейұлы 1940 жылы Баян-Өлгий аймағы Ногын-Нуур сумынында туған. Осындағы бастауыш мектебінің алғашқы түлектерінің бірі. 1962 жылы Хобда аймағының қыршаруашылық техникумын, 1965-1970 жылдары ауыл шаруашылық институтын малдың аға дәрігері маманымен, 1979-1981 жылдары партияның жоғарғы мектебін бітірген. 1962-1965 жылдары Цэнгэл сумынында малдың кіші дәрігері 1970-1974 жылдары сол сумында бригада бастығы, 1974-1979 жылдары улаан-хус сумынында мал дәрігері ұйымының бастығы болды. Жоғары мектеп бітіріп өз тілегімен аймақта ең соңғы (57) орында тұрған бригада жұмысын жақсарту үшін ауыспастан 3 жыл ішінде 3-5-ші орынға әкелді. Улаан-хус сумынында тұрғанда жаңа ……… 300 мал дәрігерлік жұмыстарды коллектив күшімен бірігіп аз уақыт ішінде сапалы түрде бірлестіктің ұсақ малын сырғалы (нөмірлі) іріқара малдарын таңбалы және меншік күште болдырып, мал шаруашылығында жүрілетін әртүрлі екпе-сұрыптау сияқты 300 мал дәрігерлік жұмыстарды (9-13 түрлі) коллектив күшімен жүргізгенін аймақтық партия комитеті «жаңа бастама» деп көріп тәлімдік мектеп ұйымдастырып Байболат талайлардың іс-тәжірибесімен жұмыстардың барлық сумын басшылары, аға мамандарға тапсырған осы жұмысының нәтижесімен 1978 жылы «аймақтың озат аға дәрігері» атағына ие болып, 1979 жылы партияның жоғарғы мектебіне жіберген 1981-1984 жылдары улаан-хус сұмын партия комитетінің бастығына тағайындалды. Сумынның экономика, әлеуметтік жоспарлы жұмыстарды табысты жүргізіп (соның ішінде 10 жыл үзіліп келген сарымай жоспарын орындатып) аймақтың озат сумындарының біріне жеткізді. 1984-1986 жылдары Ақкөл қалашығының партия ұясының …. іргесінде Ақкөлдің жалғастыру базы, нефть баздарының планды жұмыстарын одан әрі қарқындатумен қатар партияның идеология жұмыстарын жаңа белге көтеріп көпшіліктің алғысына бөленді.
1986-1989 жылдары Буяной сумын партия комитетінің бастығы болып істеген аз уақыт ішінде аймағымызды озат сумындары қатарына қосып партия ұйымынан жүрілетін үгіт-насихат жұмысын жаңа белге көтергенін, аймақттың партия комитетінің 1-ші …… Б. Құрметбек өзі көзімен көріп жұмысқа танысқаннан кейін 1989 жылы бәсекелес 3 аймақтың партияның бастауыш ұйымдарының тәлімдік мектебін өткізуге орталық партия комитетінде ұсыныс жасаған. Алайда елімізде өрбіген көп партия жүйесі қалыптасуына байланысты кешіндетілген. Бірақта Байболат аймақтың партия комитетінің «жылдың озат қызметкері» ақшалай сыйлыққа ие болды.
1989-1991 жылдары . …… хуур жем шаруашылығының партия ұясының ……., 1991-2001 жылдары осы сумының сауда ұйымының бастығы болды. Нарықтық-экономиканың алғашқы кезеңінде ұн, шай т.б. күнделікті тұтынатын заттарды тарату жұмысы оңай болмады. Тамыр-таныстық, бармақ басты, көз қысты дегендей артқы есікпен бірінікі-біріне берілген айғай-шудың жаңадан өрбіген кезінде сумын халқын тарықтырмады. Көршілес Қытай елінің Алтай аймағы арасында көршілес Торшо-Алтай, Баян-Өлгий аймақтарымен қатынас жасап жоқшылықтан жеңіл құтылды. 2004-2005 жылдары сумын әкімі оның іс басқару ….. бастығын істеген жұмысы жағынан осы сумын соңғы 5 жылда аймақта озат сумын қатарына қосылды. Бұл әрине білімді, білікті , шебер ұйымдастырушы Байболаттың қажырлы еңбегінің нәтижесі екенін сумын халқы мақтан тұтады. Аймағымызға танымал шебер ұйымдастырушы, саясаткер Бакеңнің еңбегін партия, үкімет жоғары бағалады. Еңбек Қызыл ту, Алтын жұлдыз ордені, еңбек құрметі медалі және мерекелік медалдармен үкімет орнының сыйлықтарына ие болды. Монғол қалалық партиясы қатарында 50-дей жыл болған Бакең партияның тәуелсіз ел ордені, партияның озат қызметкері атағымен марапатталып, аймақтың дәрігеріне ….. жазылды, аймақ сумының құрметті азаматы, ел ағасы, еңбек ардагері атағына ие болды. Жастайынан …. спортпен шұғылданды. Аймақтың … сумында 5 рет бірінші палуан атағына ие болса, шахматтан мемлекеттік І-ші разрядты спортшы, домбырамен ән шырқап отырған ортасын ойын күлкіге бөлеуге де жалықпайды.
Ежелден ізденгіш, жаңашыл, шебер ұйымдастырушы Бакең жетпістен асса да сумынының 60 жылдық тойына орай сумын халқының …. жазып, шашуын шашты.
Рысбек Зурғанбайұлы.
09.05. 2012 жыл.
Елінен туған ерлер ел есінде
Демократия жариялылықтың арқасында тіліміз, дініміз, салт-дәстүріміз жанданып, өткенді еске алып өмір парқымызды білу үшін құлшынып жатқан кезде қазақ халқына жасалған жазушы, ақын бауырым Баяхмет ителі руының тарихын жазып жатқанына өте қуаныштымын. Сізге зор денсаулық, бақытты өмір тілеймін. Монғолия еліндегі ат төбеліндей аз ғана қазақтаржырғаулы өмір сүріп келдік. Солай дәстүріміз, тіл, дін, әдет-ғұрып мәдениетіміз қалпында сақталып, басқаға үлгі боларлықтай табысқа жеттік. Тарих беделді ел бастаған аға буындармен еңбегімен алге жасалған аз ғана адамдардың еңбек жиынтығы емес. Тарих деген қоғамдық қатынастардың алма кезек ауысуының жиынтығы. Сол тұрғыдан сізде «Ителі» тарихын тереңнен қозғап ұрпаққа жол салдыңыз. Баян-Өлгий аймағы орнағаннан бері 74 жыл уақыт өтті, сондағы туған бала едім. Халық тарихын толық білмесемде ес білгелі өз румыздан шыққан аға буындарды білемін. Солар жөнінде аз ғана тоқталайын.
- Аймақ орнауының 20 жылдық мерекесіне орай Ақмерұлы Қабыкей алғаш рет республикадағы еңбегін сіңірген музыкант атанды. Оқыған меңтебі болмаса да, тоқығаны көп өте зерек күйші сазгер атанды. Ол кісінің шығарған күй, әндері қазір халық аузында.
Қалиясқарұлы Нығмет екі жоғарғы мектеп таусып аймақтың партия комитетінің хатшысы, ұланқұс сумының бірлестік бастығын 20 жыл басқарып үш рет Еңбек Қызыл Ту ордені, Алтын жұлдыз орденімен сыйланды. …. елімізге танылған білімді, білікті ұйымдастырушы еді.
Нұртазаұлы Самей екі жоғарғы мектеп тауысқан 40 жыл сумын бірлестік, шаруашылық ұйымдарды табысты жұмыстап улы құрыл депутатына сайланды. Әртүрлі өтірік арыздардан болып Еңбек ері атағын ала алмай қалды, соңғы 20 жыл өмірін Қазақстан елінде өткізді, әрі жазушы ақын.
Ағылдының арасынан шыққан республикаға еңбек сіңген байланысшы Құрманбайұлы Үзбен 40-тай жыл өндіріс шаруашылық ұйымдарды басқарып елімізге танылған шебер ұйымдастырушы болды. Ол басқарған коммуналдық шаруашылық ұйымы елімізге танылып, осы ұйымның тәжірибесін елімізге тарататын орталық партия комитетінің арнайы қаулысы шықты. Соңғы 20 жыл басқарған байланыс ұйымы да елімізде үздік ұйым саналды. …. Қазақстан елдерінің …. ұйымдарымен байланыс жасап ұйымдастырған аймағын өркенбетуге сүбелі үлес қосты. Аймақтың құрметті азаматы атанды әрі жазушы, тарих зерттеуші. Соңғы жылдары жазған оралған бақыт, орындалған арман, «Мәңгілік ел» кітаптары қазақ елінің өркеніне ризашылығын білдіріп Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың дүние жүзіне танылған кемеңгер қолбасшы екенін жазғанын оқырман қауым ыстық ықыласпен қарсы алды. Аз уақыт ішінде Қазақстан еліне таныла бастады, әлі де аман болса көптеген жаңашыл істердің көш басшысы болады деп үміт артамыз. Н. Самей, Қ. Үзбендер семьясымен қажылық парыздар істеген алғашқы ағайындар.
Қалиясқарұлы Қабидаш Қазақстан елінен тіл әдебиет жоғарғы мектебін бітірген. Аймақта көп жылдардан мұғалім, мектеп меңгерушісі, аймақтық ағарту бөлімінің бастығы қызметін абыроймен орындап, филология ғылымының докторы атағын алды. Керей қазақтарының салт-дәстүрлері, ел аузындағы мақал, мәтел, жаңылтпаш, әзіл-сықақ әңгімелерді жинақтап, ғылыми тұрғыда зерттеп жастарға әдеби мұра ретінде қалдырды. Соңғы 20 жыл Қазақстан елінде болды.
Ауғанбай – жоғарғы маманды көп жылдар сумындық партия комитетінің бастығын істеп еңбек Қызы ту орденімен сыйланған шебер ұйымдастырушы.
Исхан – жоғары маманды , көп жылдар сауда ұйымында басшылық қызметін атқарып, «Алтын жұлдыз» орденімен сыйланып қалық улы құрал депутатына сайланды.
Құсайын Әкебай Мусаев Қазақстаннан музыка жоғарғы мектебін бітірген аймағымызға танымал күйші, сазгер, тетар дирижері бастығы қызметін абыроймен орындады, соңғы 20 жыл Қазақстан елінде өмір сүріп отыр.
Қиянатұлы Бабақұмар- Монғолия ғылыми академиясының Баян-Өлгий аймағында түрік зерттеу бөлімшесінде ғылыми қызметкер 1995 жылдан Қазақстан еліне қоныс аударып, Алматы қалалық этнографиялық мұражай директорының орынбасары, доктор.
Арғынұлы Сайлау екі жоғарғы мектеп тауысқан. Сумындарда партия комитетінің бастығы, сумын бірлестік бастығы, аймақтың құрылтай басқармаларының бастығын істеп, құрметті демалысқа шыққан. Еңбек құрмет медалі, Алтын жұлдыз ордені, Еңбек Қызыл ту ордендерімен сыйланған, аймағымызға танымал шебер ұйымдастырушы және қажы.
Мерейқан – жоғары маманды, көп жылдары еліміздің 2-3 аймақтарында заңгер, аймақ прокурор бастығын 30 жыл істеп, соңғы 8 жылда аймақтың мамандық бақылау орнының бастығын атқарып келеді. Алтын жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту орден иегері, аймақ елімізге танылған заңгер.
Ауыл тарихына тоқталсам
Башен Башік деген аталарымыз Шығыс Қазақстанның Абыралы, Семейдің Үржар кендірлік деген жерін мекендеп, сонда дүниеден өтіпті. Башеннен – Нұпыр, Иса, Мұжай. Башіктен Абыра осы екі кісінің балалары Қосағаш … өлкесіне келіп 5-6 жыл мекенде, сол арада Түйте, Жұмажан аталарымыз найман елінен қыз алады. Содан жүйеден көшіп айғыр басына (Улаан-хус) келіп оншақты жыл мекендейді.
1936 жылдары Ногоои-нурға Ақтай ауылы жангүдейлермен бірге қызылтасқа әкеліп мекендепті. Нупырдан – Сыдық. Бұл кісі 1944 жылдары 62 жасында қайтыс болған. Сыдықтан – Анық, Малсай, Қызбекен. Анықтан – Шалап, Шалқан, Жекебай, Какей, Жазира, Қалима, Қасиран. Бәйбішесі Серғазы Жәңгірқызы, руы шеруші-құрман.
Асыл мал дәулетті бірлестік малшысы, ат үстінде өскен мықты азамат болған 1987 жылы 84 жасында, бәйбішесі 2008 жылы 98 жасында қайтыс болды.
Шалаптан – Көкенай, Ниязбай, Жақа (Бодка). Қыздары Жайна, Алмагүл, Мерей, Өкеш, Нұргүл, Айгүл. Бәйбішесі Ашім руы Жәдік. Шалап 26 жыл бірлестік малын бағып, 100 енеліктен 103-105 процент төл аяқтандырған азамат. Малшы сумына аймақ саңлағы V, VІ, VІІ-5 еңбек екпіндісі халық революциясының 70, 80, 90 жылдық мерекелік медальдарымен сыйланған. Қазір малды, дәнді алдыңғы қатардағы ауыл ақсақалы.
Шалқаннан – Қуандық, Қоңырат, Бика, Бекзат, Ерка, қыздары Бақытгүл, Алтынгүл, Анаргүл, бәйбішесі Сансызбай Жақсұмқызы, руы шеруші – Рысбай. Соңғы әйелі Шынар Аленқызы руы шеруші – саңырау.
Әкебайдан – Ербол, Нұрбол, Киікбол, Аманбол, қызы Ділдагүл, зайыбы Еділхан.
Көкейден – Көгең, Серікбол, Алсан, қыздары Гүлім, Тәттігүл, Бақыт, Томпақ, Сәлемгүл, зайыбы Күлиша Мағызқызы. Руы шеруші сауран.
Исадан – Кепіл, Күлзада.
Кепілден – Тұмарқан, Ғұмыр, қыздары Жанаш, Манат, Ханаш, Сағаш, Қыныкей, Қыныкеш, бәйбішесі Зағила.
Тұмарханнан – Мүпти, Мүлкін, қыздары Бүки, Тоғысай, Нұрлан, бәйбішесі Мағами Жағайқызы, руы – саңырау.
Мұжайдан – Жантай, Жакей, Шошынай, Бағыбас, Шағай, Торғай, Жәмішай, бәйбішесі Бәли Салықбайқызы, руы шеруші – саңырау.
Мұжай асқан шебер ұста болды. Бұл кісі 82, кемпірі 85 жасында дүниеден өтті.
Жасабайдан Серікбол, Берікбол, қыздары Оңалған, Оралған, Аманкелді, Үміт, Указ, Съез, Көлжік, бәйбішесі Жазира Нұрғалиқызы, руы Жанбекей-Есіркеп.
Жакейден Қуаныш, Қарақыз, қыздары Қалиман, Бұлбұл, Чука, бәйбішесі Сассай Ақкөлбайқызы, руы шеруші болық.
Каріпбайұлы Үмітқан аймаққа танылған халық ақыны. Мұсаұлы Сансызбай аймақтың арслан көп жылдары аймақтың спорт денешынықтыру ұйымында жұмыстанған. Алтын жұлдыз иегері. Қазір аймақтағы Ителі ….. бастығы.
Ағалар ізімен адаспай жол тауып, өз істерін шебер ақылды да парасатты жасап баршылық оларды тұтастай босаңсуға уақытта кітап сыйласа да болмайтыны ескердік.
Жұмажанның алғашқы әйелі Найман рулы. Қадишадан Қаблаш, Батима. Соңғы әйелі Жәдік рулы Шошан Қыныбайқызы. Ұлдары Қабылқан, Әбілқан, қызы Рәпиза. Жұмажан сумында бақ бастығы қызметін істей жүріп 1948 жылы 49 жасында, шошан 2009 жылы 100 жасында (Семейде) қайтыс болды.
Қабылаштан Қуанбай, Қуанған, Жылқыайдар, Жарылқап, Жанаш, қыздары Секер, Шолпан, бәйбішесі Жамбы Тахайқызы. Қабылаш жем шаруашылығында жылқышы, шалмашыл, қара өлеңді жақсы айтатын. Сондыққтан да ел шиліөзен деп ат қойған. 1975 жылы 49 жасында, кемпірі 76 жасында 2009 жылы Қазақстанда қайтыс болды.
Қуаныштан – Бауыржан, Ерікбол, қызы Әлима, зайыбы Батима Құрмайханқызы.
Қалкелді – Қуанғаннан – Ақмаржан, Ақмерей, Ақтілек, зайыбы Мақпал Дөкейқызы – Қалкелді.
Жылқыайдардан – Дәуіржан, Есенжол, қызы Аятпагүл, зайыбы Құндыз Мұхаметқалиқызы, руы …. ботақара.
Жарылқаптан – Қосай, Нұрманай, қызы Күмісгүл, Іңкәр, зайыбы Ардагүл Есімханқызы, руы сарбас. Жарылқап он қолынан өнер тамған іскер азамат.
Жанаттан – Әлемгүл, Нұргүл, зайыбы Жанипа Пқайқызы, руы жантекей. Абалтай, Қунаған, Жанаттар Қазақстанда тұрады.
Қабылханнан – Серік, Серхан, Серікжан, қыздары Дариға, Марияш, Қарлығаш, Мерей, Күлияш, Сандуғаш. Семьясы Тоқтасын Уәлиқызы, руы жәдік. Қабылхан көп жылдары ….. тракторшы болып істеген. 1992 жылы Қазақстанға келіп, жақсы тіршілік етіп ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, 2011 жылы 67 жасында қайтыс болды. Балалары Астанада жұмыс істейді.
Байболат Буткейұлы.
kerey.kz
Пікір қалдыру