|  | 

Суреттер сөйлейді

Қазақстандық полицейлердің ұмтылмас 7 ерлігі (фото)

 Қазақстанда соңғы үш жыл көлемінде қызметтік борышын өтеу барысында 76 полиция қызметкері көз жұмса, 352 полицей жарақат алған.

Өкінішке қарай, біздің қоғамда тәртіп сақшыларының ерлігі көп ескеріле бермейді деп жазады Gonzo.kz. 2012  жылы депутат Бақытжан Ертаев қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан полицейлерді еске алу күнін бекітуді ұсынған.

Осыған орай, назарларыңызға қазақстандық полиция қызметкерлерінің ерлігі туралы 7 фактіні ұсынамыз.

1. Ғазиз Байтасов, граната байлаған террористі өз денесімен жауып қалды

ғазиз байтасов

2011 жылдың 12 қарашасы күні Тараз қаласында орын алған лаңкестік әрекеттен 7 адам қаза тапты. Полиция капитаны Ғазиз Байтасов  төрт тәртіп сақшысы мен екі азаматқа оқ атқан лаңкес Мақсат Қариевті құрықтау кезінде қаза тапты. Ол террористің жетінші құрбаны болатын. Жарақат алғанына қарамай, ол жарылғыш затты іске қосқан лаңкесті денесімен жауып, айналасындағы адамдарды құтқарып қалды. Қызметтік борышын өтеу барысында қаза тапқан Ғазиз Байтасовқа «Халық Қаһарманы» атағы мен «Алтын жұлдыз» және «Отан» ордендері берілді.  2012 жылдың 30 қазаны күні капитан Байтасовтың туған жері Байзақ ауданында ескерткіш тақта ашылды. 2.    Қайрат Жұмабеков, 130 баланың өмірін құтқарды

қайрат жұмабеков

2008 жылдың 30 мамыры күні 130 бала мінген автобустар тізбегі жол полицейлерінің бақылауымен Астанада Қарағандыға қайтып келе жатқан. Полиция сержанты Қайрат Жұмабеков балалар мінген автобустың қарсы беттегі көлікпен соқтығысуына жол бермей, ерлікпен қаза тапты.

апат

Қайрат Жұмабеков оқиға орнында көз жұмса, оның әріптесі Дмитрий Пугач ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Инспекторлардың ерлігінің арқасында барлық балалар аман қалып, ешбірі жарақат алмаған. Жақында Қайрат Жұмабеков оқыған мектепте ескерткіш тақта ашылды және полицейдің туған ауылында оған көше аты берілді.

3. Арғын Қуанов, Нұрлан Зәкенов, жол апатының алдын алу үшін өздері соққыны өздеріне қабылдады

арғын зәкенов

Былтыр Павлодар облысы, Екібастұз қаласының полицейлері балалар мінген автобус пен жолдың қарсы бетіне өткен жеңіп көлік соқтығысуының алдын алды. «Қызылорда – Павлодар» тас жолында Toyota Mark II жеңіл көлігінің 27 жастағы жүргізушісі жолдағы көліктерді басып озбақ болып, жол ережесін өрескел бұзған. Сол кезде жеңіл көлік пен автобус соқтығысуының алдын алмақ болған жол полицейлері Арғын Қуанов пен Нұрлан Зәкенов соққыны өздеріне қабылдап, балаларды аман алып қалды.

4. Зайытжан Аюпов, 5 қабатты үйдің шатырынан құлаған сәбиді қағып алды

зайытжан аюпов

2011 жылдың 2 қарашасы күні Алматы қаласының патрульді полицейі 5 қабатты үйдің шатырынан құлаған 3 жасар сәбиді қағып алды. Үйдің шатырынан секіріп, өзіне қол жұмсамақ болған 35 жастағы әйелді «Боран-086» патрульді экипажының мүшелері ойынан айнытып, жергі түсуге көндірмек болады. Осы кезде аға лейтенант Серік Жапаров подъезд арқылы шатырға көтерілмек болса, тағы бір аға лейтенант Зайытжан Аюпов әйелдің оқыс әрекетке бармауын қадағалап төменде қалады. Алайда, ашынған әйелдің қолынан 3 жасар бала құлап түсіп, кейін әйелдің өзе де секіріп кетеді. Қуанышқа қарай, аға лейтенант Аюпов бірнеше секунд ішінде төменге құлдилаған сәбиді қағып алып, өмірін сақтап қалды.

5. Руслан Елутаев, бір отбасы мен қонақ балаларды өрттен құтқарды

руслан елутаев

Өткен жылдың желтоқсан айында Талдықорған қалалық ІІБ полиция инспекторы Руслан Елутаев тұтас бір отбасыны балаларымен бірге өртенген үйден алып шықты. Өрт Көксу ауданы маңындағы Балпық би ауылындағы төрт отбасы тұратын бірқабатты үйде болған. Үйдегі пәтерлердің бірінде 6-7 кішкентай баланың қатысуымен мерекелік басқосу өтеді. Ал сол күні жұмыстан қайтып келе жатқан полиция қызметкері үй маңындағы сарайдың өртеніп, жалынның үйді шарпығанын да байқаған. Руслан Елутаев үйге жүгіріп кіріп балаларды, содан соң, газ баллонын сыртқа шығарған. Дереу әріптестерін көмекке шақырып, өзге пәтерлер отқа оранбау үшін өртті сөндіруге үлкен үлес қосқан.

6. Арман Смағұлов, шұңқырға батып бара жатқан жасөспірімді аман алып қалды

арман смағұлов

2012 жылы Өскемен қаласындағы Үлбі аудандық полиция бөлімшесінің қызметкері Арман Смағұлов қазаншұңқырға батып бара жатқан жасөспірімді құтқарып қалды. Полиция лейтенанты қазаншұңқыр маңында ойнап жүрген балаларды көреді. Кенет мұз еріп, қазаншұңқырға батпақ лай жинала бастайды. Ал қырдан сырғанап келген Женя есімді жасөспірім батпаққа түсіп кеткен. Арман Смағұлов дереу киімдерін  шешіп, жасөспірімнің артынан шұңқырға секіреді. Содан соң, бар күшін салып судан баланы аман алып шығады. Дәрігерлер үш күн бойы Женяның өмірі үшін күресіп, үшінші күн дегенде батпаққа батып кете жаздаған жасөспірім тілге келеді. Бұл Арман Смағұловтың бірінші ерлігі емес. Әскери борышын өтеп жүргенде ол өзінің әріптесін өлім аузынан аман алып қалған.

7.    Ермек Досмағамбетов, екі қызды зорлықтан құтқарды

ермек досмағамбетов

Екі жыл бұрын полиция капитаны Ермек Досмағамбетов жұмыстан тыс уақытта өз өмірін қауіпке тігіп, екі қызды күдіктілердің зорлауынан аман алып қалады. Түнгі 2-лер шамасында бақтағы орындықта демалып отырған әпкелі-сіңлілі екі қызға жас жігіттер таныспақ болып, тиісе бастайды. Ал өздерімен танысуға қыздардың ниеті жоқ екенін білгенде, олар күштеп зорламақ болады. Сол кезде жұмысынан қайтып келе жатқан Ермек Досмағамбетов зорламақ болған жігіттерден қыздарды арашалап қалады. Күдіктілер полиция өкіліне пышақ жарақатын салғанымен, көп ұзамай қолға түсті.

nur.kz

Related Articles

  • Алаштың беймәлім бейнесі табылды

    Алаштың беймәлім бейнесі табылды

    Қуанышты, сүйінішті жаңалық! Алаштың беймәлім бейнесі табылды Арма, қадірлі оқырман! «Искры» журналдың 1907 жылғы бір санында қазақ қайраткерлерінің бізге беймәлім бейнесі сақталған. Айта кетейік, «Искры» суретті журналы 1901-1917 жылдары «Русское слово» газетінің қосымшасы ретінде шығып тұрған. “Думадағы мұсылман фракциясы” деп аталатын суретті хабарда патшалық Ресей құрамындағы мұсылман депутаттарының бейнесі көрсетілген. Ішінде думаға мүше болған қазақ депутаттары да бар. Атап айтсақ төрт тарихи тұлғаның бейнесі сақталыпты: Бірінші сурет: М. Тынышбайұлы, Жетісу облысы; Екінші сурет: Б. Қаратайұлы, Орал облысы; Үшінші сурет: А. Бірімжанұлы, Торғай облысы; Төртінші сурет: Ш. Қосшығұлұлы, Ақмола облысынан. Ұлыстың ұлы мерекесі құтты болсын! Елдес ОРДА 19.03.2025

  • Ураңхай таңбалары

    Ураңхай таңбалары

    Бұл қолжазба польяк текті орыс зерттеушісі Г.Е. Грумм-Гржимайлоның 1903 жылы Тува мен Батыс Моңғолияға жасаған экспедициясы барысында жазған күнделігінен алынды. Жазбада Ураңхай таңбалары берілген. Олардың қайдан алынғаны және атаулары жазылған. Жошы Ұлысы таңбаларымен ұқсастық байқалады Қажымұрат Төлегенұлы

  • АЛДАҒЫ 30 ЖЫЛДА АШЫЛУЫ ЫҚТИМАЛ АСТРОНОМИЯЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

    АЛДАҒЫ 30 ЖЫЛДА АШЫЛУЫ ЫҚТИМАЛ АСТРОНОМИЯЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

    Келесі миллиард секундта, яғни басқаша санағанда, отыз жылда астрономияда қандай жаңалық ашылуы мүмкін? Астрофизик, ғылым насихатшысы, Абдус Салам атындағы Халықаралық теориялық физика орталығының (Триест, Италия) зерттеушісі Сергей Поповтың мақаласын ықшамдап аударып беріп отырмыз. *** Алдымен өткен 30 жылға көз тастайық. Отыз жыл бұрын КҮНГЕ ҰҚСАС ЖҰЛДЫЗДЫ АЙНАЛАТЫН ПЛАНЕТА ашылмаған-тұғын және ӘЛЕМНІҢ ҚАЗІР ҮДЕЙ КЕҢЕЙІП бара жатқанын білмейтінбіз. Бірінші ашылымды алдын-ала болжау мүмкін еді, екіншісін — жоқ. Біріншісі экзопланеталарды іздеуге бағытталған жүйелі еңбектің нәтижесі болса, екіншісін ғалымдардың көбі күтпеген-ді. Бұларды 1960-шы жылдардан бергі екі ең басты астрономиялық жаңалық дей аламын. Демек болашақ ірі жетістіктің де кейбірін болжай аламыз, ал басқалары тосыннан ашылады. Жалпы, ғылыми ашылымдарды неліктен болжауға болады? Өйткені көптеген маңызды

  • 1893 жылы 25 қарашада

    1893 жылы 25 қарашада

    1893 жылы 25 қарашада, Даниялық ғалым В.Томсен құлпытастағы бітік жазудың құпиясын ашты. Ғылыми жаңалық еуропа қоғамын дүр сілкіндіреді. Тосмен алғаш «түрік», «күлтегін», «тәңірі» деген сөздерді шешіп оқиды. Бітіктастағы жазудың келесі беті қытай иероглифімен бәдізделген-ді. Томсен иероглифтегі есімдердің реттік (қайталану) жилігіне қарап отырып келесі бетіндегі құпия таңбаларды біртіндеп сөйлете бастайды. Сол дәуірде шығыстану соның ішінде түркітану саласы жеке ғылым ретінде абройлы зерттеу нысанына айналды. В.Томсен таңбаны шешіп құпиясын ашқанымен көне түрік тілін білмеуші еді, сол себепті «бұл мәтінді оқыса Радлов оқиды» деген. Көп өтпей Радлов, Томсен шешкен таңбаның ізінше мәтін жолдарын оқыған. Сонымен жұмбақ күйде қалған тастағы бітік жазуы сөйлей бастаған… 25 қараша күні маңызды күн. Бітік жазу күні құтты болсын!

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: