|  | 

Тарих

АЯГӨЗ ДЕГЕН……

 

10639498_339640996213369_3935762731736247985_n

Аягөз ауданы — Шығыс Қазақстан облысының ауданы. Жері 49,5 мың км². Тұрғыны 80 мыңға жуық.Аудан орталығы — Аягөз қаласы.

Аягөз ауданының солтүстігі сай-жыралы, өзенді, көлді, оңтүстігі Балқаш-Алакөл ойысыменастасқан жазық болып келеді. Климаты тым континенттік, жазы ыстық, қысы суық. Қаңтардағы орташа ауа темп-расы — 170С, шілдеде 220С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 200 — 400 мм. Қар қазанның ақыры — қарашаның басында түсіп, сәуірге дейін жатады. Аудан аумағынан Аягөз т.б. кішігірім өзендер ағып өтеді. Топырағы сортаң, кей жерде қоңыр және сұрғылт. Табиғи өсімдіктерден боз, бетеге т.б. өсімдіктер өседі. Жабайы аңдардан: арқар, қасқыр, аю, түлкі, борсық, қоян, сартышқан, құстан: қаз, үйрек,шағала т.б. мекендейді. Тұрғындарының орташа тығызд. 1 км² жерге 2 адамнан келеді.. Аудан жерін Түркістан — Сібір темір жолы басып өтеді. Тұрғындары елді-мекендермен автомобиль жолдары арқылы қатынасады. Аудан аумағында 18 тарихи ескерткіш, оның ішінде “Қозы Көрпеш-Баян сұлу” ескерткіші бар.
Аягөз ауданы 1928 жылы құрылды. Әкімшілік орталығы Аягөз қала мәртебесін 1939 жылы алды. Ауданның жалпы жер көлемі 5 млн. Гектар құрайды. Осылайша Аягөз жер көлемі жөнінен республика бойынша Қарағанды облысының Арал аудандарынан кейін үшінші орын алады.
Жиырмасыншы ғасырдың бас кезінде атақты жерлесіміз Құрбанғали Халид «Тауарих Хамса» («Бес тарих») атты кітабында «Аягөз — өскен жеріміз, Найман — жүрген еліміз», — деп тіліне тиек еткен Аягөз өңірінің тарих сонау көне замандардан басталатындығы көпке аян. Ата қазақ тарихының ұзын сонар тарихында болған айтулы оқиғалар ұштығының бұл өңірге соқпай кеткені некен-саяқ. Бұл еліміздің елдігі мен ерлігіне сың болған қазақ-жоңғар шайқасының шешуші ұрыстарының осы өңірде өткендігін ерекше айтқан жөн. Халқымыздың Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Би Боранбай, Ботақара, Жауғаш, Шыңғожа, Шақантай, Қазымбет сында хас батырлар бастаған сарбаздар жеңіске жетіп, 1754 жылы Мамырсу өлкесінің бойында Абылай хан мен Ер Жәнібектің қатысуымен тарихқа мәлім Қандыжап бітімі жасалды.
Төсіне қозы Көрпеш-Баян сұлу күмбезін қондырып, төскейінде хас батырларымыздың тұлпарының тұяғы дүбірлеген Аягөздің қалыптасыу кезеңі 1831 жылдан басталады.
1930 жылы қазіргі Аягөз қаласы орналасқан жерден Түркістан-Сібір теміржолы өтіп, Аягөз станциясының ірге тасы қаланды. Осылайша мұнда алғашқы паровоз депосы және басқа теміржолға қатысты кәсіпорындар бой көтерді. Сол тұста көптеген Аягөздіктер теміржол құрылысына белсене қатысыты.
Сол жылы аудан орталығы Сергиопольден Аягөз станциясына көшірілді.
Аягөзге теміржолдың бір тармағының тартылуы ғасырлар бойы мүлгіген далаға тың лебі әкелді. Сондай сілікініс пен оянуда аяулы азаматтардың бас көтеруі заңды нәрсе. Олардың ішінде Т.Рысқұлов пен М.Тынышбаевтың есімін ерекше атап өткен жөн.
Түрксіб жобасын жасау үшін Үкімет тарапынан арнайы мемекеттік комиссия құрылды. Оның құрамында әр ұлттың өкілдері енгізілді.
1930 жылы 1 мамыр күні Аягөз паровоз депосы пайдалануға берілді.
Ауданның ауыл шаруашылығның тарихы 1920-1930 жылдардағы алғашқы мойынсеріктер мен ұжымдық шаруашылықтардан басталып, МТС-тар құрыла бастады.
Ауданның ауыл шарушылығы саласында көптеген кадрлар өсіп жетілді.
Аудан мәдениеті мен өнерінде кезінде елді мекендерде құрылған қызыл отаулар мен автоклубтар аса маңызды орын алды. Олар жергілікті жерлердегі өнерпаздар өнерін ұштауға, жұртшылық арасында оларды кеңінен насихаттауға жол ашты.
Ауданда балалар және жасөспірімдер спорт мектебі, «Ринг» спорт қоғамы жұмыс істейді. Ауданның шығармашылық қауымының бірден-бір тоқайласар орыны жергілікті баспасөз екендігі белгілі. Ауданда 1930 жылы 4 қазанда «Жаңа ауыл» газетінің алғашқы саны жарық көрді.
1996 жылдың наурызынан бастап «Аягөз жаңалықтары» тәуелсіз қоғамдық – саяси газеті шығып келеді.
Ауданда қоғамдық тәртіпті сақтауда ішкі істер бөлімі тындырымды істер атқарып келеді. Заңдылықтардың орындалуын қадағалауда аудандық прокуратура облыс бойынша алдыңғы саптан көрінуде. Аудандық сот өзінің күнделікті қызметінде азаматтардың құқықтрының сақталуына, әділеттіктің салтанат құруына басты назар аударады.
Аудан тарихында қоғамдық тәртіпті сақтау ешқашан назардан тыс алған емес. Бұл әсіресе еліміз егемендігін алған күннен бастап ерекше назарда.
Еліміздің шығыс шекарасын күзетуде Аягөз әскери гарнизонының рөлі мен маңызы өте ерекше. Гарнизон жауынгерлері өздерінің әскери-оқу жаттығуларын жүзеге асыра отырып, аудан ұжымдарымен, оқу орындарымен тығыз байланыс жасап келеді.
2000 жылы генерал – майор Ә.Халықов басқарып тұрған уақытта әскери құрамаға халқымыздың хас батыры Қаракерей Қабанбайдың есімі берілді. Осы әскери құрама және әуе қорғанысы бригадасы жауынгерлері, басқа да әскери бөлімдер сарбаздары республикалық және халықарлық деңгейде өтетін оқу-жаттығу сабақтарында ерекше көзге түсіп, халқымыздың ерлік дәстүріне сай екендіктерін үнемі көрсетіп келеді.

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Тибет асқан көш не себепті басталды?

    Тибет асқан көш не себепті басталды?

    1883-жылы Алтайдан Жамысбай бастаған қазақтар алғаш рет Баркөл жеріне көшіп барды, 1887-1891-1895 жылдары тағыда көшіп келгендер болды. онан кейінде көшіп келгендер болды, мысалы 1912-1913 жылдары, 1920 жылдары, 1924-1929 жылы келгенлер болды, олардың дені Алтайдан болатын. 1912 жылдан кейін манжу билігі құлап қытай билігі орнады, 1928 жылы билікке келген Жин Шурын Алтай төресі Қасымқан ұлы Шәріпқанды, Тарбағатай төресінің ұлы Қызырды, Баркөл қазақ үкірдайы Әліптің ұлы Елісқанды Үрімжіде оқытты, Елісқан заманауй Әскери білім алды, қытай тілін үйренді. Оны 200 адамдық қарулы қазаққа басшы етіп оны «Шығыс Шыңжаң шегара қорғаныс отрияды» деп атады. 1931 жылы Құмыл ұйғырлары Қожанияздың бастауында көтеріліс жасады. Оқиға Бір қытай әскер басының бір ұйғыр қызды зорлықпен әйел етіп алмақ

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: