|  |  | 

Жаңалықтар Қазақ хандығына 550 жыл

Алматыда белсенді топ Кенесары ханның бас сүйегін елге қайтармақшы

 Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Кенесары ханның бас сүйегі елге қайтарылу ісін жүйелі түрде қолға алуымыз қажет. Бұл туралы «Хан Кенені қайтарамыз!» қозғалысының үйлестірушісі Нұрлан Әміреқұлов айтты.

кенесары
Бұған дейін қазақтың соңғы ханы Кенесарының бас сүйегін Ресейден қайтарып алу мәселесі талай көтерілген болатын. Тіпті, «Кенесары ханды қайтарамыз!» қозғалысының белсенділері Ресей федерациясының президенті Владимир Путинге ресми түрде екі рет петиция жолдаған-ды. Енді Қазақ хандығының 550 жылдығына орай үшінші мәрте петиция жолданбақ.

“Елінің тәуелсіздігін сақтау жолында Ұлт-азаттық көтеріліс жасап, қасық қаны қалғанша күрескен Кенесары ханның бас сүйегін туған жеріне әкеліп, арулап жерлеу – әрбір қазақтың қасиетті парызы. Сол парызды орындау үшін Ресей заңына сәйкес 1 миллион адамның қолын жинау қажет екен.  Ресей президенті сонда ғана бұл мәселені ресми түрде шешуге келісім береді.”- деді Нұрлан Әміреқұлов.

«Хан Кенені қайтарамыз!» қозғалысының үйлестірушісінің айтуынша, қазір Кенесарының қасиетті басын елге қайтаруды қолдап қол қойған 100 мың адам бар.

Хан Кененің Қырғызстанда жерленген мүрдесін табу аса қиын шаруа. Ол сүйек табылмауы да мүмкін.

“Кенесары – қазақтың тәуелсіздігі үшін күрескен тұлға. Қазақ халқында «Өлі разы болмай тірі байымайды» деген сөз бар. Біз сол қазақ тәуелсіздігі жолында шейіт болған бабаларымызды құрметтеуге, қастерлеуге тиіспіз. Ол үшін біріншіден Хан Кененің қасиетті басын қайтарып алу ісі толықтай елдің арманы мен ұлттың мақсат-мұратына айналуы керек. Екіншіден, мұндай мәселе қоғам тарапынан қолдауға ие болып, Қазақстан мен Ресей мемлекеттерінің арасындағы саяси дипломатия шеңберінде шешілгені дұрыс. Үшіншіден, Хан Кененің Қырғызстанда жерленген мүрдесін табу аса қиын шаруа. Ол сүйек табылмауы да мүмкін. Сондықтан да заңды жолмен Ресейдегі бас сүйекті елге әкелудің жолдарын Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы қарсаңында халық болып жүзеге асыруымыз керек”,- деді ол.

Сондай-ақ  Нұрлан Әміреқұлов іргедегі Ресей билігі ақ патшаның сүйегін тауып арулап жерлегенін, оған арнап еңселі ескерткіш қойғанын тілге тиек етті.

“Ресей тіпті, Колчактың өзіне құрмет көрсетіп жатыр. Біз солардан үлгі алып, Кенесарының әруағына тағзым жасап, оның мүрдесін табуға тиіспіз. Себебі  Кенесары – қазақтың соңғы ханы. Оның бас сүйегінің жоғалуы – Қазақ хандығының жоғалуы. Оның бас сүйегінің елге келуі 550 жылдық тарихы бар Қазақ хандығының өміршеңдігін көрсетеді”, – дейді Әміреқұлов.

Мамандар Қазақ хандығының 550 жылдығы қарсаңында тек Кенесары ханның басын елге қайтарумен ғана шектеліп қалмау қажеттілігін айтады. Олар Ресей федерациясының басшыларынан патша өкіметі және кеңестер одағы тұсында Қазақ елінен алынған басқа да мәдени-тарихи жәдігерлерімізді қайтаруды талап ету қажет деген пікірде.

Оның бас сүйегінің жоғалуы – Қазақ хандығының жоғалуы. Оның бас сүйегінің елге келуі 550 жылдық тарихы бар Қазақ хандығының өміршеңдігін көрсетеді.

«Кенесары хан» қоғамдық қорының директоры Мұхтархан Абаған бір сөзінде: “Кенесарының басын іздейтін түрлі ұйымдардың, зиялылардың, ғалымдардың басы бір арнаға тоғыса қойған жоқ. Бұл мәселені түбегейлі шешу үшін алдымен өзіміз бір жағадан бас шығарып алуымыз керек. Бұл бір. Менің айтқым келетін екінші мәселе «Кенесарының басын әкелуге миллион адам жинау керек» деп жұмысты біржақты ғана жүргізуге болмайды. Осы бағытта түрлі ғылыми конференциялар ұйымдастырып, қолдан келетін шаруаларды атқара берген жөн. Мысалы, Кенесарының атына қазақтың барлық қаласынан көше беру мәселесін қолға алатын кез келді. Мәселен, Алматыдағы Фурманов көшесін Кенесарының атына беруге болады. Өйткені Кенесары сондай құрметтеуге лайық тұлға”, деген болатын.

Кенесары қазақ тәуелсіздігін сақтауды мақсат етті. Тарихшылар оның отаршылдарға қарсы соғысты бірден бастамағанын дәлелдеді. Ол бірнеше мәрте дипломатиялық қадамдар жасап, І Николай патшаға, Орынбор генерал-губернаторлары В.А.Перовскийге, В.А.Обручевке, Сібір генерал-губернаторы П.Д.Горчаковке хат жолдап, тиісті талаптарын қойған.

Related Articles

  • Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Бұл Дағандел, Бақанас өлкесінен шыққан би Үйсінбай Жанұзақұлы хақында құрастырылып жазылған кітап. Тың толықтырылған еңбекте болыс Әлдеке Күсенұлы, Дағанделі болысының басшылары мен билерімен қатар Әбдірахман Әлімханұлы Жүнісов сынды айтулы тұлғалар жайлы әңгіме қозғалған. Олардың ел алдындағы еңбектері, билік, кесім – шешімдері, халық аузында қалған қанатты сөздері мен өмір жолдары, ата – тек шежіресі қамтылған. Сонымен қатар мұрағат деректеріндегі мәліметтер келтірілген. Кітапқа есімі енген ерлердің заманы, үзеңгілес серіктері туралы жазылған кей мақалалар, жыр –дастандар, үзінділер енген. Кітап қалың оқырман қауымға арналған. Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы», - Жебе баспасы, Шымкент қаласы.134 бет толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы оқи аласыз. Үйсінбай кітап kerey.kz

  • Thai AirAsia X Алматы – Бангкок тікелей рейстерін іске қосады: визасыз*

    Thai AirAsia X Алматы – Бангкок тікелей рейстерін іске қосады: визасыз*

     Тайландтың сан қырлы дәмдерімен, бояуларымен және мәдениетімен танысыңыз — бір бағытқа 199 USD-ден басталады Алматы, 2025 жылғы 8 қыркүйек – Thai AirAsia X Алматы (Қазақстан) мен Бангкокты (Тайланд, Дон Муанг әуежайы) байланыстыратын жаңа әуе бағытының іске қосылуын қуана хабарлайды. Енді қазақстандық саяхатшылар қысқы маусымда жайлы әрі қолжетімді бағамен жылы самалға бөленген, күн шуағымен нұрланған әрі жарқын өмірімен танымал Бангкокқа ұша алады. Жаңа рейс 2025 жылғы 1 желтоқсаннан бастап аптасына төрт рет – дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері орындалады. Ұшулар сыйымдылығы 367 жолаушыға арналған кеңфюзеляжды Airbus A330 ұшағымен жүзеге асырылады. Іске қосылуына орай Thai AirAsia X бір бағытқа 199 АҚШ долларынан басталатын арнайы промо-тарифті ұсынуда. Билеттерді 2025 жылғы 8–21 қыркүйек аралығында,

  • Астанада 2025 жылғы киножобалар питчингінің жеңімпаздарымен кездесу өтті

    Астанада 2025 жылғы киножобалар питчингінің жеңімпаздарымен кездесу өтті

    Астанада «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының» Басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали 2025 жылғы питчинг сынынан сүрінбей өткен ашық конкурс жеңімпаздарымен кездесті. Іс-шара дөңгелек үстел форматында өтіп, оған Сараптамалық кеңес мүшелері мен Орталық мамандары қатысты. Жиында отандық киноиндустрия алдында тұрған басты міндеттер мен басым бағыттар талқыланды. Биылғы байқауға жалпы 444 өтінім тіркелді. Соның ішінде 16 жоба мемлекеттік қолдауға лайық деп танылды. Олардың қатарында үш дебюттік жұмыс және Тайландпен бірлескен киножоба бар. Бұл қазақстандық авторлардың халықаралық ынтымақтастыққа дайын екенін және шетелдік әріптестермен байланысын нығайтып отырғанын көрсетеді. Кездесу барысында Орталықтың басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали – «Сапалы фильм түсіру – басты талап. Конкурста жеңіске жеткен жоба жетекшілерінің кино өндірісінің алғашқы сатысынан бастап, экран арқылы көрерменге жету кезеңіне дейін

  • «Қайрат»-«Реал» матчының билет бағасы белгілі болды

    «Қайрат»-«Реал» матчының билет бағасы белгілі болды

    «Қайрат» футбол клубы UEFA Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өз алаңындағы матчтарға, соның ішінде «Реалға» қарсы ойынға билеттерді сату тәртібі мен мерзімдерін түсіндірді. «Қайрат» клубының ресми сайтында хабарланғандай, «Қайрат»-«Реал Мадрид» матчы үшін билеттер 23 қыркүйекте Алматы уақыты бойынша сағат 17:00-де сатылымға шығады. Бір ЖИН-ге бір адам ең көп екі билет ала алады, ал деректер сатып алу кезінде де, стадионға кіргенде де қатаң тексеріледі. Билет бағасы: 30 000 – 250 000 теңге аралығында болады. Айта кетейік, бұған дейін «Қайрат» – «Реал» матчының билеттер бағасы 75 мың мен 250 мың аралығында болатыны жарияланған еді. Алматылық клуб өз алаңында «Реалды» (30 қыркүйек), «Пафосты» (21 қазан), «Олимпиакосты» (9 желтоқсан) және «Брюггені» (21 қаңтар) қабылдайды.

  • Алматылық “Қайрат” пен мадридтік “Реал” 30 қыркүйекте Алматыда ойнайды

    Алматылық “Қайрат” пен мадридтік “Реал” 30 қыркүйекте Алматыда ойнайды

    “Слован” командасының қақпасына гол соққаннан кейінгі сәт. Дастан Сәтпаев (сол жақта). “Қайрат” футбол клубының парақшасы. 6 тамыз 2025 жыл. Алматылық “Қайрат” пен мадридтік “Реал” 30 қыркүйекте Алматыда ойнайды. Матч кестесі турнирдің ресми сайтында жарияланды. Алматының “Қайрат” командасы чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты “Қайрат” футбол командасының мүшелері жеңісті тойлап жатыр. 26 тамыз, 2025 “Қайрат” фк Instagram парақшасынан алынған скриншот.  Футболдан Алматының “Қайрат” командасы Еуропа Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты. Іріктеу кезеңінің плей-офф кезеңінде “Қайрат” Шотландияның “Селтик” командасын пенальти сериясы арқылы жеңді. Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: