|  | 

Көз қарас

C.ЫБЫРАЙ ІСІ: АКАДЕМИК ҒАЛЫМДЫ БОСАТУДЫ ТАЛАП ЕТТІ 

Әлеуметтік желілерде академик Асқар Жұмаділдаевтің түрмеде жатқан белгілі ғалым Саят Ыбырайды босатуды талап еткен видеосы жарияланды. Академик Асқар Жұмаділдаев сыйлық алып тұрып, бұл марапатқа лайық азамат Саят Ыбыраевтың түрмеде отырғанын айтады (https://www.youtube.com/watch?t=415&v=Pvix7eaoRNM). Ол сондай-ақ ғалым сотының əділ өтпегенін, ғалымның Абайды, Шəкəрімді, Қожа Ахмет Яссауиді сүйгені үшін қамалғанын тілге тиек еткен.

Осыдан алты жыл бұрын абақтыға қамалған Саят Ыбырай – профессор, әлем мойындаған ғалым еді. Сондай адам «үлкен қылмысты іске барады» деген сөзге бесіктегі бала да сенбейді. Сондықтан, өз тарапымыздан Саят Ыбырай жайлы бірер ауыз сөз қосуды жөн санадық.


«Ит талас»

Осыдан алты жыл бұрын Қаныш Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық университетінің профессоры Саят Ыбырай (суретте) қамауға алынды. Содан бері еліміздегі сопылық ағымның көзіріне баланатын ғалым «абақтыда айдан күннен жаңылып» отыр. Неге? Себебі, соңғы жылдары біздегі діни ахуал қатты шиеленісті. Қазір әр ағымның бөлтіріктері бір-бірін талап жеуден тайынбайды. Қазақ дінсіз халық емес еді. Сөйте тұра шамадан тыс фанаттыққа ұрынды. Қазір денесі тітіркенбей «Әулие ағашты» өртемек болған қазақ үшін бір ғалымды құрбандыққа шалу түкке тұрмас дүния секілді. Алаштың бас көтерер арыстарын 1937 жылы қалай қамады?. Қазақ зиялыларынан қалай айрылдық?. Оның бірі де қаперімізде жоқ. Көңіл таразысы деген қайда? Саят Ыбырайдың қазақ ғылымына қосатын үлесін кім ойлайды? Өзгелерді шиіттей бес баланың тағдыры мен жаны нәзік әйел тағдыры толғандырмай ма? Рас. Біреулердің өті жарылып кетсе де айтайын, Саят қазақтың зиялысы деп атауға лайықты тұлға. Маған сенбесеңіз оның ғылым саласында жүріп өткен жолына қараңыз. 1966 жылыдүниеге келген Саят Ыбырай республикалық физика-математика мектебін алтын медальмен тәмамдаған.Мәскеудегі Ломоносов атындағы университеттің механика-математика факультетін қызыл дипломмен бітірген. 25 жасында кандидаттық, 29 жасында докторлық диссертациясын қорғаған. 1998-2000 жылдарда Германиядағы Александр Гумбольд атындағы қордың Степендияты болып ғылым саласындағы білімін жетілдіріп елге оралған. Ағылшын, неміс, орыс тілдерін жақсы меңгерген. Техника ғылымдарының докторы, профессор. Үш ғылыми монография мен 60-тан астам ғылыми мақаланың авторы. Механика мен машинажасау саласы бойынша бес патентке ие болған. Ғылымдағы өз саласы бойынша әлемдегі ең мықты 5 ғалымның біреуі. Осындай тұлғаны зайырлы мемлекетте істі ету кімге опа береді.

Мынау ит тірлікте дініміз саясиланып бара жатыр. Соңғы кездері халқымыз кімнің артынан ерерін білмей қалды. Бәрінің айтатыны бір сөз. Бәрі «құран мен қадиске» сүйенеді. Бәрінің қазақ десе жүректері елжірейді. Бәрі пайғамбарымыздың сүннетімен жүреді. Құраннан сусындайды. Сөйте тұра, қырық пышақ. «Итталас». Қазақтың жастары сол иттердің таласына сүйек болып лақтырылып жатыр. Кім бұрын қарпыса, соның құлқынында. Салафит, құранит, уахабит… Сосын қаптаған измдер мен исттер… Экстремист, террорист… Солардың біріне мүше болуың керек. Болмадың екен, өз обалың өзіңе… Жан-жақтан талап тастайды. Сосын жатасың, қансырап… Осы таластың алдын алады деп көптеген ағаларымыздан үміттенетін едім. Бір қызығы сол үміт еткен ағалар әр ағымның басында жүр. Әрине, атын атап түсін түстемесек те белгілі. Бірі шейіт, бірі шейх болуды армандайды. Бірін түлен түреді, бірін Гүлен түртеді. Бірінің құлқынын ақша, бірінің санасын салт-дәстүрдің сарқыншағы тесіп барады.  Бірі көкесіне, бірі әкесіне сенеді. Бірі қабірлерді күрегісі келеді. Бірі ата жолымен әруақтардан әлденені тілегісі келеді. Бірі өлікке (орысшасы «трупқа»), бірі жұмақ пен тозақтың есігіндегі құлыпқа құмар. Мұнан нені ұғуға болады?. Сол «итталасты болдырмайды» дегендеріміздің өзі арпылдасып жатыр. Бәрінің илегені бір терінің пұшпағы емес пе? Бәрі ізгілікті ислам жолында емес пе еді? Алланың жолы арзан саясаттың ойынына айналмаса керек-ті. Алланың ақ жолы қазақ ғылымының ертеңіне балта шаппаса керек-ті. Қазақ ғалымының қолындағы кісен шынтуайтында заң орындарының кісені ме? Екі елі ауызға қойылған төрт елі қақпақ кімдікі? Бұған халық әлі-ақ көзін жеткізеді. Менің бір-ақ білетінім бар. Саят жау болса, қазақтың салт-дәстүрі мен тағлымды тарихы бізге жау болғандығы. Осы ғана. Басқа түк те емес.

«Төрт елі қақпақ»

Суфизмнің, яғни зікіршілердің жолының дұрыс-бұрыстығына жауап бере алмаймын. Бұл бір жақты қарайтын мәселе емес. Егер біреу сопылықты қазаққа қатерлі ағым десе, оның олқылықтарын ғылыми түрде дәлелдеп дәйектесін. Біз біріншіден, дінтанушы емеспіз. Екіншіден, біреуге сопылық жол тура, біреуге қата. «Сен неге өйтпейсің?» деген ділмарлықтан да аулақпыз. Бірақ, ақиқаттың шымылдығы шырылдағанда ғана ашылады. Әр ағымның дұрыстығы мен бұрыстығы, түзулігі мен қиғаштығы халықтың талқысына түсіп, бұқаралық ақпарат құралдарында айтылғанда ғана, жазылғанда ғана айшықталмайтын ба еді? Соны айшықтау қолынан келетін, қоғамдық пікір туғыза алатын адам түрмеге тоғытылады. Неге? Халық сол «айтқышбектердің» сөзіне құлақ түру арқылы түзу жолды таразыламас па? Сол «айтқышбектердің» сөзі арқылы өздерінің һәм өзгелердің бет-перделері ашылмас па? Көлеңкесінен үрейленген мына заманда халықтың көзін ашу тек жекелеген тұлғалардың ғана қолынан келеді. Ел де ақымақ емес. Өз таңдауын өзі жасайды. «Дінде зорлық жоқ». Сөзден қорқады екенсің, зорлықшыл болуға хақың да жоқ. Меніңше, кімнің жолының түзу екенін, кімге ілессе қазақтың қамсыз болатынын ашып айта алатын тұлғалардың бірі Саят Ыбырай. Ой, мұны басқаша ойлап қалмаңыз. Дұрысы Саят Ыбырай біз ғұлама деп әуектеп жүрген кейбір «минидіндарлардың» маскасын шешіп бере алатын тұлға. Ұлттық болмыс тұрғысынан өзгелерге ой сала алатын адам. Ол айтып та жүрген-ді. Бәлкім, түрмеге тоғытылуының салдары тікелей сол айтқанына байланысты шығар. Дәл қазір біздің қоғамға түрлі пікірлер керек. Кімнің ақ, кімнің қара екенін сонда ғана анықтай аламыз. «Кім не айтса, соған иланатын халқымыз бар». Меніңше, Саят Ыбырайдың бастаған ісі салиқалы күрес жолы болатын. Себебі, ол ғалым…

Түйін

«Бейімбет жау болса, мен де жаумын» дейтін Ғабеңдердің жоқтығы байқалып тұрушы еді. Сөйтсек бар екен. Асқар Жұмаділдаев зиялылығын көрсетті.

Қанат Бірлікұлы

Abai.kz

Related Articles

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

  • Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Арман Әлменбет Екі-үш күн уайымға салынып кеттім. Осы соңғы жазғаным болсын. Әрі қарай Құдайға тапсырып, жұмысымды істейін. 6 ақпан күнгі ойым: Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті. Ковид кезінде өкпесі жұмыс істемей қалған адамдарға Түркиядан ИВЛ деген аппарат әкелгені естеріңізде ме? ИВЛ болмай, қанша адам өліп қалды. Орыс тілін алып тастасақ, Мәңгілік ел мен Есіл өзенінің ортасындағы бес-алты ғимарат босап қалады. Тек орысша ойланатын адамдар жиналып ап, өздері әдемі отыр о жерде. Менің түсінігімде, орыс тілін конститциядан алып тастау үшін оған алдын ала дайындалу керек. Соңғы екі жарым жылда осыны қатты ойланып жүрмін. Ұсынайын деп едім, қызығатын адам таба алмадым. Сөйтіп «Ана тіл

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: