|  | 

Жаһан жаңалықтары

Париж қазағы: терактілерден соң тексеріс күшейді

Франция билігі терактілерге күдікті бір адамның анықталғанын хабарлады. Шабуылдан қаза болғандар саны артқан. Париж қазағы Абдулсамет Алтай көшеде тексеріс күшейгенін айтады.

Француз әскерилері Эйфель мұнарасы маңын күзетіп тұр. Париж, 14 қараша 2015 жыл.

Француз әскерилері Эйфель мұнарасы маңын күзетіп тұр. Париж, 14 қараша 2015 жыл.

Франция билігі Париждегі террорлық шабуылдардан қаза тапқандар саны 129 адамға жетіп, жараланған 350-ден аса адамның 99-ы ауыр халде жатқаны туралы мәлімдеді. Жергілікті ақпарат құралдары қылмыс жасаған деген күдікке 29 жастағы Омар Исмаил Мостефа есімді француз азаматы ілінгенін хабарлады. Тергеушілер оны «Батаклан» концерт орталығында адамдарды кепілге алған үш қылмыскер өз-өздерін жарып жіберген жерден табылған саусағынан анықтаған.

Сарапшылар Францияда өз басын өлімге тіккен жанкештілер шабуылы алғаш рет жасалғанын айтып отыр. Прокуратура мәліметі бойынша, әрқайсы денесіне жарлығыш зат – «шаһид белдігін» тағып алып Париждегі «Батаклан» концерт орталығына, бірқатар мейрамханалар мен кафе-барлардың қонақтарына қарулы шабуылдар мен стадион маңында жарылыстар жасаған жеті адам түгел өлген: алтауы өз-өзін жарып жіберген, біреуі полицияның оғына ұшқан. Қылмыскерлер 40 минуттың ішінде алты шабуыл жасаған.

Террорлық шабуыл құрбандарын еске алуға келген адамдар. Париж, Франция, 15 қараша 2015 жыл.
Террорлық шабуыл құрбандарын еске алуға келген адамдар. Париж, Франция, 15 қараша 2015 жыл.

Париждегі терактілерге қатысы болуы мүмкін деген күдікпен Бельгияда бірнеше адам ұсталған. Германияда көлігінен жарылғыш зат табылған ер адамның Париждегі шабуылдарға қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр. Терактілер жасап мерт болғандардың бірінің денесінің жанынан табылған Сирия паспорты экстермистердің кейбіреулері Еуропа аумағына босқын атын жамылып кіріп алған болуы мүмкін деген күдікті күшейткен.

Франция президенті Франсуа Олланд жұмада болған шабуылдарды «Францияға қарсы соғыс» деп атап, оған «аяусыз» жауап қайтарылатындығын мәлімдеді. Президенттің айтуынша, террорлық шабуылдарды сырт жақтан «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы Францияның ішіндегі содырлары арқылы ұйымдастырған.

Бұған дейін Париждегі терактілер үшін жауапкершілікті «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы өз мойнына алған.

Францияда террорлық шабуыл құрбандарын үш күн бойы аза тұту жарияланған.

ПАРИЖДЕГІ БҮГІНГІ АУХАЛ

Францияға жиырма жылдан аса уақыт бұрын Түркиядан көшіп барған, қазір Парижде тұратын 66 жастағы этникалық қазақ Абдулсамет Алтай жұма күні болған шабуылдардан кейінгі қаладағы жағдайды Азаттыққа айтып берді.

Азаттық: – Парижде дәл қазіргі сәтте жағдай қалай болып жатыр? Сіз қаланың қай бөлігінде тұрасыз?

Парижде тұратын қазақ Абдулсамет Алтай. Жеке мұрағаттағы сурет.
Парижде тұратын қазақ Абдулсамет Алтай. Жеке мұрағаттағы сурет.

Абдулсамет Алтай: – Мен өзім қала орталығында, метродан 50-60 метр жерде ғана тұрамын. Бізде жексенбінің таңы енді атты. Дәл қазір жаңалықтарды қарап отырмын. Жергілікті телеарналар Парижге бүгін екі мың сарбаз жеткізілгенін хабарлады. Кеше қала іші тым-тырыс болды. Сағат кешкі төрттен кейін көшеге шыққанымда бірен-саран адамдар ғана ұшырасты. Көшедегі көпшілік қауым болған оқиға жайлы айтуға құлықсыз. Сағат онға дейін метролар мен дүкендердің барлығы жабық болды. Кешке дейін дүниеде не болып жатқанынан тек теледидар арқылы хабардар болып отырдық, газет-журналдар да келмей қалды.

Азаттық: – Париждегі шабуылдар туралы жергілікті ақпарат құралдары не айтады?

Абдулсамет Алтай: – Қазір француз ақпарат құралдары болған оқиғаны Сириямен байланыстырып жатыр.

Қазір француз ақпарат құралдары болған оқиғаны Сириямен байланыстырып жатыр.

Азаттық: – Парижде әскери адамдар көп пе? Қандай өзгерістер байқалады?

Абдулсамет Алтай: – Биыл қаңтарда «Charlie Hebdo» сатиралық журналының редакциясына қарулы шабуыл болғаннран кейін полиция вокзал маңында, мешіт жанында, тағы басқа да адам көп келетін жерлерде адамдарды тоқтатып, құжаттарын тексеретін еді. Енді сондай тексеріс тіпті көбейген тәрізді. Әсіресе біз сияқты мұсылман адамдарға қиын тиеді-ау деп уайымдаймыз. Жыл басындағы шабуылдан кейін мешітке келетіндер, тіпті жұма намазы уақытында мешіт жанына жиналатын қайыршылар да көрінбей кеткен. Біраз уақытқа дейін жұма намазы кезінде қарулы күш өкілдері келіп, сыртымыздан бақылап тұратын.

Париж көшелеріндегі полиция қызметкерлері. 14 қараша 2015 жыл.
Париж көшелеріндегі полиция қызметкерлері. 14 қараша 2015 жыл.

Азаттық: – Жергілікті мұсылмандар тарапынан жұма күнгі шабуылдарға қатысты қандай да бір мәлімдемелер болды ма?

Абдулсамет Алтай: – Францияда бірнеше миллион мұсылман тұрады. Кеше осындағы мұсылмандар комитетінің жетекшісі: «Бұл қылмыс – мұсылманның ісі емес. Таза мұсылман мұндай қантөгіс әрекетке бармайды. Бұл – исламды жамылғандардың іс-әрекеті» деп мәлімдеді.

Азаттық: – Париждегі қайғылы оқиғалар сонда тұратын қазақтарға қалай әсер етті? Онда қанша қазақ отбасы бар?

Абдулсамет Алтай: – Менің есебім бойынша, мұнда Түркиядан көшіп келген екі жүздің үстінде қазақ отбасы тұрады. Кейінгі жылдары Қазақстаннан да қоныс аударған қазақтар бар. Бұл жердегі қазақтар әртүрлі шараларда боас қосып тұрамыз. Мысалы, кеше осында тұратын қазақ жастарының жиыны өтеуі тиіс еді. Бірақ мына жағдайдан кейін оны келесі сенбіге қалдырыпты. Сондай-ақ, бүгін осындағы қазақ мәдени орталығында нәрестенің бесік тойы өтуі керек болатын. Енді ол да белгісіз болып қалды, барар-бармасымызды білмей отырмыз. Әр жексенбі сайын осында тұратын түрік ұлтының өкілдері жиналып, діни сұхбат өткізетін. Оған біз де қатысатынбыз. Бүгін ол жиынның болмайтыны хабарланды.

Азаттық: – Әңгімеңізге рахмет.

Азаттық радиосы

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Рид СТЭНДИШ Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) елге сапармен келген қытай генералы Чжан Юсямен қол алысып тұр. 2017 жыл. Өткен аптаның аяғында Қытайдың Орталық әскери комиссиясы төрағасының орынбасары қызметінен әрі Қытай коммунистік партиясы саяси бюросының мүшелігінен босатылды. Әскери басшылықтағы мұндай жоғары шенді тұлғаның орнынан алынуы Пекиннің Тайваньға қатысты жоспарына, АҚШ-пен бәсекесіне және аймақтағы тұрақты ойыншы ретіндегі рөліне қатысты бірқатар сұрақ туғызып отыр. 24 қаңтар күні Пекин қызметтен босатылған генерал Чжан Юся (Қытай басшысы Си Цзиньпиннің көп жылдан бергі сенімді серігі болған) тергеуге алынды деп хабарлады. Тосын шешімнен кейін Си Цзиньпин әскери басшылық шыңында жалғыз өзі қалды. Қытайды зерттеуші сарапшылар мұның билік сабақтастығына елеулі салдары болады дейді. Ал Пекиннің серіктестері

  • Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Швеция мен Дания Украинаға арнап британ-швед өндірісіндегі заманауи Tridon Mk2 зениттік қондырғыларын сатып алуға бірігіп кірісті. Кешен әсіресе жақын қашықтықта ұшатын ирандық «Шахед» дрондарына қарсы ең тиімді қарудың бірі. Қазіргі уақытта Tridon Mk2 өз класындағы ең озық әуе шабуылына қарсы жүйе саналады. Tridon Mk2 зениттік қондырғысының басты ерекшелігі атыс қарқыны. Ол минутына 300 оққа дейін жаудыра алады. Осылайша әуе кеңістігіне енетін шағын дрондардың көзін жылдам әрі дәл жоюға мүмкіндік туады. Тағы бір артықшылығы атылатын 40-мм снарядтардың құны небәрі 27 долларды құрайды. Экономикалық тұрғыдан тиімді екенін дәлелдейді. Қару-жарақ саласындағы мамандар Украинадағы әскери қақтығыстарды ескере отырып, арзан әрі тиімді әуе қорғанысы қаруына сұраныс жоғары екенін айтады. Tridon Mk2 жүйесінде қолданылатын арнайы британдық

  • Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Инвестордан артық қатаң реалист жоқ қой. Ол салған ақшасы өзіне еселеп қайтуы үшін тек перспективасы мол, келешегі жарқын салаларды таңдайды. JPMorganChase АҚШ-тағы, әлемдегі ең ірі банктің бірі ретінде алдағы 10 жылда 1,5 трлн доллар инвестиция құятынын қараша айында жариялады. Сөйтіп, негізгі 4 бағытты таңдаған. Олар ары қарай 27 салаға бөлінеді: – Озық технология: робототехника, фармакология, аса маңызды минералдар – Қорғаныс, аэроғарыш өндірісі: байланыстың жаңа буыны, мүлде жаңа дрондар – Энергетикалық тәуелсіздік: күн, атом, жаңа батареялар – Стратегиялық технология: ЖИ, киберқауіпсіздік, кванттық есептеу Арғы жағындағы 27 саланы оқысаң, мына банк әлемдік соғысқа дайындалып жатқан сияқты көрінеді. Себебі гипердыбыстағы ракета, 6G байланыс, ғарыш, адамсыз технология деп кете береді. Энергия көздерінің түр-түрі. Екінші

  • Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Владимир Зеленский  Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президентінің арнайы уәкілі Стив Уиткофф және Трамптың күйеубаласы Джаред Кушнермен телефонмен “мәнді әрі конструктивті” әңгімелескенін хабарлады. Уиткофф пен Кушнер 2 желтоқсанда Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен. “Біз көптеген аспектіге назар аудардық және қантөгісті тоқтатып, Ресейдің үшінші рет басып кіру қаупін жоюға кепілдік беретін маңызды жайттарды, сонымен бірге Ресейдің өткен жолғыдай уәдесін орындамау қаупі сияқты нәрселерді талқыладық” деді Зеленский. Әңгімеге сонымен бірге қазір АҚШ-та жүрген Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров, қарулы штабтың бастығы Андрей Гнатов қатысқан. Axios дерегінше, әңгіме екі сағатқа созылған. Келіссөздерден хабары бар дереккөздің айтуынша, Уиткофф пен Кушнер екі жақтың да талаптарын жинап жатыр және Путинді де, Зеленскийді де

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: