|  | 

Суреттер сөйлейді

Халқына қамқор болған Қоңыр қажы

Халқына қамқор болған Қоңыр қажы  Шілікті халқын аман сақтап қалу үшін ел-жұртқа бас болады. Шағаноба өзенінен Саршиге дейін жететін 35 шақырымдық тоғанды қолмен қаздырады Елағасы, қайраткер. Шілікті жазығында ғұмыр кешкен Қоңыр атамыз өз уақытында сыйлы, қадірлі адам болған. Мекке барып, қажы атанған, әулие кісі екен. Заманында ел билеген Бұтабай, би Шаянбай, Сасан би, басқа да шығыстағы болыс, атқамінерлермен сыйласып өтіпті.  Советтік дәуірде Шілікті совхозын 20-дай жыл басқарған, шаруашылық жайының білгір басшысы Қалым Құнафияновтың «Өткен күнде белгі бар» деген кітабында Қоңыр қажы шамамен 1873 жылы туған деп көрсетіледі. Ал Қалихан Алтынбаев өз еңбегінде 1869 жылы туған деп дерек береді. Қоңыр қажы – қожан руының халық құрметтеп, төбесіне көтерген биі. Тарихшы Ескендір Құранбаев «Найман Керей» кітабында Қоңыр қажы 1908 жылы қажыға барған, 1905 жылы «Қазақстанның шежіре жазу қоғамының мүшесі болған» деген құнды деректерді алға тартады. Бұл сөздің дәлелі ретінде этнограф зерттеуші ұстаз Е. Құранбаев Қоңыр қажының қожан руының шежіресін жазғанын және ол жазбаның әлі табылмай отырғанына өкініш білдіреді. Біреу болмаса біреуден шықса деген тарихшының үмітін ескеріп, көп болып шежірені табуға атсалысуға тиіспіз.  Қоңыр қажының әкесі Мәжит Маңқиұлы – 19 ғасырда өмір сүрген, ел қадірлісі болған сыйлы адам. Атақонысы: Шілікті жерінің Қарасай өңірі. Мәжит Монкин есімі 1873 жылғы 7 қаңтарда Санкт-Петербургте II Александр патшаның қабылдауында Зайсан және Алтай қазақтарының депутациясы ішінде кездеседі. Патшаның осы қабылдауына барған депутация құрамындағы архивтік суретте Мәжит Монкин Тарбағатай елі Шілікті болысының биі деп көрсетіледі. Қажылыққа барған сапарында өмірден өткен Тарбағатай тектілерінің бірі. b1db11dc982daa0ecbf408a08ee27987.jpg Суретте жоғары қатарда сол жақтан төртінші отырған Мәжит Маңқиұлы Сонымен Қоңыр қажы өз халқына қандай жақсылық жасады? Оның есімінің ұрпақтан ұрпаққа бойтұмардай ілтифатпен жетіп келе жатқан себебі неде?  «Ашаршылықта жеген құйқаның дәмі тоқтықта ауыздан кетпейді» деген сөз бар ғой халықта. Міне осы халықтық сөздің мағынасын Қоңыр қажының ел-жұртқа сіңірген еңбегінен ұғамыз. 1928 жыл қазақтың малын тартып алып, жанын садақа қылған жылдар. Голощекинның қолдан жасаған ашаршылығы елге жаппай күйзеліс әкелді.  Осы тұста Қоңыр қажы Шілікті халқын аман сақтап қалу үшін, ел-жұртқа бас болады. Шағаноба өзенінен Саршиге дейін жететін 35 шақырымдық тоғанды қолмен қаздырады. Бұрын-соңды болмаған осындай жұмысқа қатысқан адамдарды өзінің мал-жанымен тамақтандырады. Ортаға беріп, малдан айырылғанша, оны туған халқының игілігіне айналдыруды ойлайды. Осы ғасырлық шаруаны бастап, оны абыроймен аяқтап, ұйымдастырушы ақыл иесі ретінде халықтың ықыласына ие болады. Шілікті халқының егін егіп, тартылған тоғаннан мал суарып, ашаршылықтан басқа жердегідей жаппай емес, аман өтуіне сіңірген Қоңыр қажының халықтық еңбегі ұмытылмауға тиіс. Сондықтан болар Тарбағатай игі жақсыларының бәрін өлеңге сыйғызған Әрімжан Жанұзақұлы «Жәжең» атанған Зейнолла Бұтабайұлына арнаған ұзақ толғауында Қоңыр қажының есімін ерекше ілтипатпен атайды.  Қоңыр қажының тағдыры ел мен жерге осындай көсемдік жасап, ұлылық танытса да, советтік заманның жылымық қабағына қарамастан, қудалауға түседі. Қазақстанды сол тұста басқарған Филип Голощекиннің колхозға адамдарды зорлап тарту саясаты кезіндегі «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» деген ұранды сойқанын астарлап ұққан бабамыз көзінің тірісінде, қолында мал-жаны тұрғанда өзіне зират тұрғызады. Бұл сол кездегі дәулетті адамдар салтына да жататын іс еді. Өкінішке қарай, совет үкіметінің «шаш ал десе бас алатын» құйыршықтары қажыны зират тұрызды деп, түрмеге жабады. Халық үшін сіңірген еңбегі арқасында одан босап шығады. Бірақ өмірінен тыныштық кетеді. 1930 жылы Қытай еліне кетуге бел буады. Қажы атамыз кетерінде «Иә, Алла, Жаратқан Ием! Өзіме арнап салдырған мекенімді өзіме бұйырта гөр. Жат жерде сүйегімді қалтыра көрме» деген тілеумен аттанған екен деген әңгімені үлкендер айтып отыратын. Қажының осы тілеуі қабыл болады. 1946 жылы совет үкіметі оның колхоз құрылысының бастапқы кезеңіндегі атқарған шаруаларын ескеріп, елге қайта қайтуға рұсат береді. Өкініштісі, қажының туған жердегі ғұмыры ұзақ болмайды. 1947 жылы Қоңыр қажы өмірден озып, алла өзі салдырған Саршидегі зиратынан топырақ бұйырған екен.  Енді Қоңыр қажы бабамыздың адами тағылымдары туралы халық жадында сақталған ғибраттары туралы бірер сөз. Ертеде елдің игі жақсылары бас қосқан бір жиында «Адамға не серік? Тентек нешеу? Өкініш не?» деген сұрақтардың тәрбиелі мәні жөнінде ой өрбиді. Жиында отырған Қоңыр қажы бабамыз, басындағы тақиясын, бір киіп, бір шешіп, қолына алып отырыпты. Ғибратты сөз айтарда қажының осындай әдеті бар екен. Оны білетін жұрт үнсіз тыңдапты.  Сонда Қоңыр қажы: «Әр адамда үш серік, төрт тентек, екі өкініш болады. Үш серік ол: ғылым мен өнер, адамның құдай қосқан жары. Алдымен – ғылым серік. Оқып, зердеңе жиғаныңды өзің біреуді тәрбиелеп оқытып, білгеніңді айтпасаң, оны сенен ешкім тартып ала алмайды. Екінші – өнер серік. Оны да ешкім ұрлап та, тартып та ала алмайды. Бұл екеуі мінерге ат, ішерге ас болады. Үшінші – жар серік. Әйелі өлсе, қаңғырып басы ер қалады. Ері өлсе, аңырап, боздап әйелі қалады.  Төрт тентек дегеніміз: бірінші – көз тентек. Жанары өшіп, бойынан жаны шықпай адамның көзі тоймайды. Екінші – көңіл тентек. «Көңіл жүйрік пе, көк дөнен жүйрік пе?» деп бекер айтылмаған. Бұлтқа мініп, жайды қамшы етіп дүниені айналғың келеді. Үшінші тентек – өмір. Кеше туған баласың, қайда кетіп барасың? О, дариға, 25-те қайратың толық, ақылың кемшін, 40-та ақылың толық, қайратың 25 жастағыдай емес. Балалық, бозбалалық, жігіттік дәуренге қайта бір оралтпай зыр етіп, қариялық деген келместің кемесіне әкеп мінгізеді. Қамшының қысқа сабындай болып, зыр етіп өткен өмірден өкінішің мен маңдайыңа жазған сыбаға-сыйыңды көрген түстей еншілеп аттанып кете барасың. Төртінші тентек – өлім. Кәрінің кәрілігін сыйлап, ұялмайды. Жастың жастығын аяп, қаймықпай кеселімен, дертімен жалаңдап келеді.  Екі өкініш дегенім: біріншісі – онсыз да қысқа өмірдің жартысын көріп, жартысын көрмей, ұйқымен өткізесің. Екіншісі – қолыңдағы байлық. Ол шың басындағы қырау сияқты, күн жылт етсе еріп жоқ болады. Ал бақпен келген билік – киім етегіндегі шаң сияқты, қағып қалсаң ұшып кетіп, жоқ болады», – деген екен.  e149e4575b6aa24c2c5095dc4ea7d452.jpgЕлағасы Қоңыр қажы Мәжитұлының зираты

Осындай тағылымды артында сөз қалтырған Қоңыр қажы асқан домбырашылығымен де аймаққа белгілі болған. Ол – «Бозторғай», «Бұлбұл», «Кермарал», «Қарлығаш», т.б. күйлерді өмірге әкелген өнерпаз жан. Амал жоқ, уақытында зерттеуші іздеуші адамдар болғанда бабамыздың бұл шығармалары да анықталып қалар ма еді?! Ағайынды Рамазан мен Беделбек Әбілмажиновтар орындап, «Қазақ» радиосының алтын қорына халық күйі деп жаздырған «Бозторғай», «Бұлбұл» күйлері барша қазақтың асыл қазынасына айналды.  Сағынбек Ақанұлы, ҚР мәдениет қайраткері Заңғар Кәрімхан

e-history.kz

Related Articles

  • Герб ауыстыру мәселесі немесе «терістеу синдромы» қалай пайда болды?!

    Еліміздің гербін ауыстыру туралы Президенттің ұсынысы (о баста ұсыныс суретші-дизайнер мамандардан шыққан сияқты) тұтас қоғамда болмағанмен, әлеуметтік желілерде әжептәуір қарсылық тудырды. Бірақ, байыптап қарасақ, бұл қарсылықтың қазіргі гербтің қазақ үшін ерекше қастерлі немесе эстетикалық тұрғыдан мінсіз болуына еш қатысы жоқтығын аңғарасыз. Соңғы уақыттары, ауыр індетпен қатар келген қаңтар трагедиясынан бастап, халық айтарлықтай күйзеліске ұшырады. Қазақстанның еркінен тыс, соғысқа, басқа да себептерге байланысты болып жатқан экономикалық қиындық салдарынан халықтың әл-ауқаты төмендеді. Осының бәрі қазір қоғамда байқалып қалған «терістеу синдромына» түрткі болды. «Терістеу синдромы» – дұрысты да бұрысқа шығаратын, қандай бастамаға болсын қарсы реакция шақыратын құбылыс. Әлеуметтік психологияны зерттеушілердің пайымдауынша, осы құбылысты барынша күшейтіп тұрған фактор – әлеуметтік желілер. Яғни, алдағы уақытта

  • Шағын сараптама:Шыңжаң өлкелік үкіметі, шетелге оқушы жіберу жұмысы

    Шағын сараптама 1934-35 жылы жаңа Шыңжаң өлкелік үкіметі құрылған соң шетелден оқу, шетелге оқушы жіберу жұмысы кешенді жүзеге асты. Соның негізінде өлкелік үкімет Совет Одағынан оқитын жас талапкерлерге конкурс жариялап арнайы үкіметтің оқу стипендиясын бөлді, нәтижесінде 1935-39 жылдары ұзын саны 300-ге тарта студент Совет Одағында білім алды. 1935 жылдары Шығыс Түркістандық студенттердің ең көп оқуға түскен білім ордасы- Ташкендегі САГУ еді, атап айтқанда Орталық Азия Мемлекеттік Университеті. Ташкеннен оқыған Шыңжаңдық студенттер Шығыс Түркістанның барлық аймақтарында түрлі қызметте жұмыс істеді, оларды кейін “Ташкентшілдер” деп те атады. 1939 жылдан кейін Мәскеу мен Шыңжаң өлкелік үкіметтің арасы дипломатиялық дағдарысқа ұшырады, соның кесірінен ресми Үрімжі Совет Одағы құрамындағы студент азаматтарды елге шақыртып алды. Білім

  • Чунциндегі кездесу

    Тарихи сурет Уақыты: 28 тамыз 1945 ж.; Орыны: Чунцин (重慶) қ-сы; Түсініктеме: Тарихи суретте АҚШ-тың қытайдағы өкілетті елшісі Патрик Херли және Қытай президенті Чан Кайши мен ҚКП төрағасы Мао. Чунциндегі кездесу кезінде диалогқа келе бастаған қытайлық партия өкілдері алпауыт ел АҚШ пен Совет Одағының “қытай саясатын” жаңа дағдарысқа әкелді. Көріністе азаматтық соғысты тоқтатып бүкілқытайлық мәселені шешу болғанымен үлкен қастандықтың басы содан басталды. Алпауыт тараптар қытай картасын өзгертетін жаңа диалогтарды қызу талқылап жатқанда Шығыс Түркістан аумағында бір уақытта үш бірдей уақытша үкімет өмір сүрді. Олар: Бірінші, отставкадағы Шэн Шицай кланы; Екінші, Ву Чжунсинның уақытша үкіметі; Үшінші, Шығыс Түркістан уақытша үкіметі. АҚШ-тың қытайдағы өкілетті елшісі Патрик Херли Шығыс Түркістан аумағын назарға ала

  • 87. КІП-КІШКЕНЕ ФОТОБОМБА

    Уэббтың MIRI аспабын сынау деректерін қарастырып отырған ғалымдар күтпеген жаңалық ашты. Сынақ кезінде басқа нысан бақыланса да, Уэбб телескопы үлкендігі небәрі 100–200 метрлік астероидты кездейсоқ түсіріп алыпты! Марс пен Юпитер орбиталары арасындағы Негізгі астероидтар белдеуінде орналасқан дене Уэбб көрген ең кішкентай нысан болса керек. Негізгі белдеудегі кішкентай астероидтар ірі көршілеріне қарағанда нашар зерттелген, өйткені оларды осынша қашықтан бақылау қиын. Уэббтың болашақ арнайы бақылаулары астрономдарға мұндағы 1 километрден кіші астероидтарды зерттеп, Күн жүйесінің түзілу модельдерін нақтылауға мүмкіндік береді. Астроном Томас Мюллердің пікірінше, тосынсый үшін Уэббтың осы кішкене денені 100 миллион километр қашықтықтан көре алатын таңғажайып сезімталдығына рақмет айтуымыз керек. Және бұл соңғы тосынсый болмас. Ғылыми ұжым Күн жүйесі жазықтығын (ал Күн

  • Министрлік Сарышағанда зенит ракетасы бөлімшелерінің ұрыс атыстары өткенін хабарлады

    Сарышағандағы әуе шабуылынан қорғаныс жаттығуы. Қазақстан қорғаныс министрлігі таратқан сурет. Ақпан, 2023 жыл.  Қазақстан қорғаныс министрлігі 2 ақпанда Ресей жалға алған Сарышаған полигонында әуе қорғаныс күштерінің зенит ракетасы бөлімшелері ұрыс атысы қимылдарын өткізгенін хабарлады. Жаттығудың негізгі мақсаты “жеке құрамның әскери және азаматтық инфрақұрылым нысандарына жасалған әуе шабуылдарына тойтарыс беру дайындығын тексеру” деп айтылады. Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, “қолданыстағы қазіргі заманғы зенит ракетасы кешендері цифрлық радиолокациялық станциялармен жабдықталған”. Министрліктің хабарламасында ракета кешенінің аты аталмайды. Алайда хабарламадан ресейлік “Бук” кешені сыналып жатқаны байқалады. Ақпаратқа қарағанда, радиолокациялық барлау қызметі “ұшақ және ракетатектес” дрондарды анықтағаннан кейін жауынгерлер дайын емес позицияларға жылжыған. “Кешендер өрістетіліп, шартты қарсыластың құралдары жойылған”. “Заманауи зенит ракетасы кешендерінің көмегімен біз нақты уақыт режимінде

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: