|  | 

Көз қарас

Академик есеп теңдеуін шешкен оқушыға 1000 доллар сыйлық бермек

00

Ақпан айында мектеп оқу­шы­ларына арналған «Ал­го­рифм» жур­налының биылғы бірінші нө­мірі жарық көрген болатын. Бұл басылымның бас редакторы әрі құрылтайшысы – Айман Өтешова.
Екі айда бір шығатын жаңа журналда академик Асқар Жұ­маділдаевтың 60 жылдығына орай сұхбаты және 35 «Алтын белгі» шығарған Оңтүстік Қазақ­стан об­лысындағы Мақ­таарал ауданының Жетісай қаласындағы Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясы туралы мақала берілген. Онда аталмыш мектеп директоры Өмірхан Қозыбақтың қызықты оқыту әдістемелері мен академик Асқар Жұмаділдаевтың есеп-жұмбағы, ерлікке пара-пар еңбектері жан-жақты ашыл­ған.
Сонымен қоса, физика және математика тақырыптарына ар­нал­ған қызықты мақалалар бар. Сүйсінетін жайт – осы басылымда академик Асқар Жұмаділдаев математиканы шемішкеше шағатын бала­ларға теңдеу жасырып отыр. Ғалымның журналға берген сұхбатында мынадай жолдар бар.
– Балаларға қандай қы­зықты сұрағыңыз бар?
– Сұрақ көп. Мысалы х!+1=y2. Осы теңдеудің бүтін шешімдерін табу керек. Екі шешімін айтып берейін. х=4, y=5, x! =24. 24+1=25. Тағы бір шешімі, x=5, y=11, 5!+1=120+1=121. Үшінші шешімі бар, балалар соны тапса деймін. Төртінші шешімі бар ма, жоқ па? Төртінші шешімін тапқан балаға 1000 $ сыйақы беремін. Егер менің 60 жылдық мерейтойыма орай төртінші шешімді табатын талантты бала табылса, онда маған үлкен сый­лық болар еді.
Осы есептің жауабын бірін­ші болып шығарған оқу­шы «Ал­горифм» журналы редакция­сына жазылу түбір­тегімен қоса хабарлассын, деп­ті академик.

Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан».

АЛМАТЫ.

Related Articles

  • ТАРИХ ҒЫЛЫМЫ ҚАЗІР ЭЗОТЕРИКАЛЫҚ ТОПТАРДЫҢ  МЕНШІГІНДЕ

    ТАРИХ ҒЫЛЫМЫ ҚАЗІР ЭЗОТЕРИКАЛЫҚ ТОПТАРДЫҢ  МЕНШІГІНДЕ

         Шығыстанушы-тарихшы Өмір Тұяқбайдың бұрында да «Қазаққа қандай тарих керек? Тәуелсіздік кезеңінде жасалған тарихи мистификациялар хроникасы» деп аталатын мақаласын  (22.05. 2025. Zhasalash.kz) оқып ем. Риза болғам. Жақында Ө. Тұяқбайдың «Қазақстанда тарихи бұрмалаулар мен мифтерге тосқауыл қоюдың жолдары» (02.10. 2025. Zhasalash.kz) атты тағы бір мақаласымен және таныстық. Өте өзекті мәселені көтеріпті. Тарихта орын алып жүрген жағымсыз жайттар турасында ой толғапты. Журналистерді, блогерлерді айыптапты. Тарихтан арнайы кәсіби дайындығы жоқ, бәрін бүлдіріп болды деп.  Келеңсіздікті тоқтатудың нақты жолдарын ұсыныпты. Бұған да көңіліміз бек толды. Әйтсе де тарихты бұрмалауға, өз өтіріктерін насихаттауға тек журналистер мен блогерлер ғана емес, «арнайы кәсіби дайындығы бар» «тарихшылардың» да «зор үлес» қосып жатқанын баяндап, айтылған пікірді одан әрі өрбітіп, жалғастырайық.

  • ЖАЛБЫРҰЛЫ ҚОЙБАС ЖАЙЫНДАҒЫ КҮМӘНДІ КӨҢІРСІК ӘҢГІМЕЛЕР

    ЖАЛБЫРҰЛЫ ҚОЙБАС ЖАЙЫНДАҒЫ КҮМӘНДІ КӨҢІРСІК ӘҢГІМЕЛЕР

                          1. АМАНДЫҚ КӨМЕКОВТІҢ АЙТЫП ЖҮРГЕНІ – АЙҒАҚСЫЗ БОС СӨЗДЕР        Қазақстанның батыс аймағында ғұмыр кешкен өнерпаздың бірі – Жалбырұлы Қожантай  жайлы соңғы кезде қисыны келіспейтін неше түрлі әңгімелер өріп жүр. Мұның басында тұрғандардың бірі – Амандық Көмеков. Бұрында да оның, басқа да кісілердің елді адастыратын негізсіз сөздеріне байланысты нақты дәлелдер келтіріп, «Құлан құдыққа құласа, құрбақа құлағында ойнайды» деген атаумен түзген сын мақаламызды республикалық «Түркістан» газеті (28.09. 2023 жыл) арқылы жұрт назарға ұсынғанбыз-ды. Әлеуметтік желіде Азамат Битан есімді блогердің жуырда жариялаған видео-түсірілімінде А. Көмеков өзінің сол баяғы «әләуләйіне» қайта басыпты. Сөзін ықшамдап берейік, былай дейді ол: «1934 әлде 1936 жылы (?) Мәскеуде өткізілетін

  • ЖАРАЙСЫҢДАР, ӘЗЕРБАЙЖАН

    ЖАРАЙСЫҢДАР, ӘЗЕРБАЙЖАН

    Олар ҚР Ұлттық қорғаныс университетінде орыс тілінде оқудан бас тартқан. Неге солай ? Өйткені олар қазақ тілін таңдаған! Қазір университетте қазақ тілі курстары ашылып жатыр. Айтқандай, Әзербайжандарға тілімізді қолдағаны үшін құрмет пен құрмет. Олар нағыз бауырлас халық екенін көрсетті. Бірақ қазір біздің қорғаныс министрлігіне сұрақтар туындайды. Бұған дейін барлық шетелдіктерді орысша үйретіп пе еді? Біреу не сұрайды? Әйтеуір, білім – қазақ тілін насихаттаудың ең жақсы тәсілі. Ал неге орыс тілінде оқытады? Ал кім үшін? Ең қызығы, осының бәрін тек Әзербайжандардың арқасында ғана білетін боламыз. Ал неге бұрын қазақша оқытпаған, ең болмаса кейбір елдерде. Неге сол қытай тілін орысша үйретеді? Руслан Тусупбеков

  • Украина(СБУ) «Паутина» стратегиялық операциясы

    Украина(СБУ) «Паутина» стратегиялық операциясы

    Бүгін Украина қауіпсіздік қызметі (СБУ) «Паутина» деп аталатын стратегиялық операциясын жүзеге асырып, Ресейдің әскери авиациясын нысанаға алды. Украиана тарабы операция барысында Ресейдің 41 соғыс ұшағы жойылған алға тартты. Олар Ресейдің А-50, Ту-95МС және Ту-22М3 сынды стратегиялық бомбалаушы ұшақтарын істен шығарып, 2 миллиард доллар шығынға батырған. Украинаның арнайы қызметі операцияны жүзеге асыруға бір жарым жыл бойы дайындалыпты. Операция барысын Украина президенті Владимир Зеленскийдің өзі бақылаған, ал оның орындалуын СБУ басшысы Василий Малюк пен арнайы жасақтардың үйлестірілген ұжымы атқарған. Украина тарабы алдымен FPV-дрондарды Ресейге контрабандалық жолмен жеткізеді. Артынша – ағаштан жасалған шағын үйлер жібереді. Дрондар сол үйлердің шатырының астына тығылған. Кейін бұл үйлер жүк көліктерге тиеліп, Ресейдің ішкі аумақтарына жеткізіледі. Дәл сәт

  • Тіл жөнінде талай жазылды ғой…

    Тіл жөнінде талай жазылды ғой…

    Бірақ бұрыннан айтылатын екі принцип сол баяғы өзгермейді. Себебі оны уақыт және өзге елдердің тәжірибесі дәлелдеді: 1. Заң, жарлық, ереже, шешімдермен тілге сұраныс туғызу. Онсыз тіл ешкімге керек емес. Тіл ақша табуға, білім алуға, өзгемен байланысқа түсуге қажет болғанда ғана сұранысқа ие болады, сонда ғана адамдар мәжбүрлі түрде үйренеді. Шетелде оқығың келе ме, IELTS, TOEFL тапсыр. Ол үшін ағылшын оқы. Халықаралық компанияда істеп, көп жалақы алғың келе ме, алдыңғы сөйлемде жазылған шарттарды орында. Сұраныс туғызу механизмі осылай жұмыс істейді. 2. Тіл иесі саналатын ұлт өкілдерінің принципшілдік танытуы. Яғни, тілің кең тарасын десең, оны кең қолдан. Үйде, түзде, басқа жақта. Англияда түріктің кафесіне кірсең, өзара түрікше сөйлесетін. Астанада үй жөндейміз деп

2 Comments

  1. Қондыбай Думан

    x=6 y=11 есептің шешімі

POST YOUR COMMENTS TO Абдулнияз (Cancel)

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: