|  | 

Жаһан жаңалықтары

Халық қаһарына ұшырап, елінен безген жеті билеуші

Мемлекет басшысы – сол елдің өркендеуі мен онда тұрып жатқан халықтың әл-ауқатына тікелей жауапты тұлға. Ол билікте тұрған кезде үш нәрсе жасауға міндетті – өз жерінің шекарасын берік қылуы, өз елінің шаңырағын биік етуі және өзі басқарып отырған елде қайыршының болмауын қадағалауы тиіс.

Егер, ел тізгінін ұстап отырған мейлі ол хан болсын, сұлтан болсын, патша болсын не президент болсын халқы үшін осы үш жағдайды жасап бермесе оны қараша қанталапай етеді.

Фульхенсио Батиста

Халық қаһарына ұшырап, елінен безген жеті билеуші

ФОТО: KOMMERSANT.RU

1940 жылы Кубаның президенті болып сайланды. Бірақ, елдің ықыласына бөлене қойған жоқ. Елдегі дүркін-дүркін төңкерістердің көмегімен билігін сақтап қалуға тырысып бақты. Оның кезінде Кубада тапсырыспен кісі өлтіру мен адамның ізім-ғайым жоғалуы дендеді. Бұл Батистаның оппозицияны ауыздықтау тәсілі-тұғын.

Ақыры, Эрнесто Че Гевара мен Фидель Кастро бастаған революционерлер оны биліктен тайдырды. 1959 жылы Батиста Доминикан республикасына қашып, кейіннен Португалияға өтіп кетті. Соңғы тұрағы Испанияның Гуадальмина қалашығы болды. Жүрек талмасынан қайтыс болып, Мадридте жерленген.

Мохаммед Реза ПехлевиХалық қаһарына ұшырап, елінен безген жеті билеуші

ФОТО: LJRATE.RU

Иранның соңғы патшасы да қанталапайға түскен. Мохаммед Реза Пехлеви 1979 жылы Иранда орын алған ислам революциясынан кейін елін тастап кетуге мәжбүр болған. Біраз жылдан соң Каирде көз жұмды.

Бокасса Жан-Бедель

ФОТО: VOKRUGSVETA.RU

20 ғасырдың ең жұмбақ та «біртүрлі» саясаткері – Бокасса Жан-Бедель. Өзін Орталық Африка империясының императоры деп жариялап қана қомай, өзін атақты мұсылман қолбасшысы Салах ад-Динге теңеді. Халқы аштан қырылып жатқанда жауһар тастармен көмкерілген тәж киіп жүрді.

19 әйелі мен 77 перзенті (өзі ресми мойындағаны) болды. Пікіріне қарсы келгендерді азаптап, жазаға кесті. Тіпті, «Бокасса адам жейді» деген әңгімелер де айтылды. 1979 жылы оның бұйрығымен оқушыларға арналған мектеп киімінің бірыңғай үлгісі енгізілді. Бірақ, нанын әрең тауып жүрген халық үшін оның бағасы тым қымбат болатын.

Сондықтан мектеп оқушылары бірыңғай мектеп формасына қарсы наразылығын бідірді. Сол кезде Бокассаның бұйрығымен оларға қарсы оқ атылды. Бұл осы уақытқа дейін оны қолдап келген Батыстың ашуын келтіріп, теріс айналуына ұласты. Осы кезде қатты ызаланған халық оны биліктен кетірді.

1979 жылдың 20 қыркүйегінде Бокасса Жан-Бедель Ливияда сапарда жүрген кезінде ОАР-да француз жасағының көмегімен қантөгіссіз төңкеріс жүзеге асырылды. Өз елінде биліктен айырылғанын білген Бокасса Ливиядан кейін Париждегі Ардикур қамалында тұрды. Ал өз елінде оны сыртынан соттап, өлім жазасына кескен болатын.

Соған қарамастан, 6 жылдан соң ол халық кешірімі мен тақтан дәмеленіп, ОАР-на оралды. Бірақ, ойындағысы болған жоқ. Дереу тұтқынға алынған Бокасса қайта сотталып, тағы да өлім жазасына кесілді. Сот кезінде Бокасса адамның дене мүшелерін жеу үшін емес, семантикалық сенім тұрғысынан (жауының жүрегі айбын береді немесе бүйрегі жолды ашады деген сияқты) сақтап жүргенін дәлелдей алды.

Сондықтан оған тағылған «каннибализм» айыбы алынып тасталды. Бірақ, өзге қылмысы да жеткілікті еді. 1987 жылдың 12 маусымында Бокасса Жан-Беделді ОАР соты өлім жазасына кесті. Бірақ, келесі жылы оған рақымшылық жарияланды. Үкім алдымен өмір бақи бас бостандығынан айыру жазасына алмастырылып, кейіннен 20 жылға сотталды.

Елде демократиялық құрылым қайта орнаған 1993 жылы амнистияның арқасында Бокасса бостандыққа шықты. Үш жылдан соң жүрек талмасынан көз жұмды.

Фердинанд Маркос

Халық қаһарына ұшырап, елінен безген жеті билеуші

ФОТО: OKO-PLANET.SU

Халқының кәріне ұшыраған тағы бір басшы – Филиппин аралдарын 1965 жылдан 1989 жылға дейін басқарған Фердинанд Маркос. Фердинанд Маркос Филиппин президенті болып тұрған кезде елде оның жеке басына табынушылық шыңына жеткен еді. 1972 жылы елде конституцияның күші тоқтатылғанда жағдай, тіпті ушығып кетті.

Маркос қарсыластарының бәрін сотсыз-ақ түрмеге жапты. 1986 жылы елде кезекті сайлау болып, онда заңды белден басқан Маркос қайта президент болып сайланды. Бірақ, бұл оның соңғы билікке келуі еді. Сайлаудан көп уақыт өтпестен, сол жылы Филиппинде әскерилер одан билікті тартып алды. Ал Маркостың өзі елінен қашып кетті. Алдымен Гавай аралдарына барған Фердинанд Маркос 1988 жылы АҚШ- та көз жұмды.

Асқар Ақаев

Халық қаһарына ұшырап, елінен безген жеті билеуші

ФОТО: AZATTYQ.ORG

Ал посткеңестік мемлекеттер арасында елінен қашып кеткен алғашқы басшы – Асқар Ақаев. Тәуелсіздік алғалы Қырғызстанды басқарып келген Ақаев 2005 жылғы «жауқазындар революциясының» нәтижесінде биліктен тайдырылды. Оппозиция оны және оның туыстарын жемқорлықпен айыптап, қудалады.

Салдарынан Асқар Ақаевтың елден қашып кетуіне тура келді. Қазір Михаил Ломоносов атындағы ММУ-де ұстаздық етеді. Мәскеу мен Астананың арасында көшіп-қонып жүр деген ақпарат бар.

Құрманбек Бәкиев

Халық қаһарына ұшырап, елінен безген жеті билеуші

ҚҰРМАНБЕК БӘКИЕВ (СОЛ ЖАҚТА) ПЕН РЕСЕЙ ПРЕЗИДЕНТІ ДМИТРИЙ МЕДВЕДЕВ. ФОТО: AZATTYQ.ORG

Ал оның орнын басқан Құрманбек Бәкиев те билікте көп отырған жоқ. 2010 жылы қырғыз ағайындар тағы да жаппай көтеріліп, оны да биліктен бас тартуға мәжбүр етті. Белоруссияда бас сауғалаған Бәкиевті Қырғыз парламентінің «елге қайтарылсын» деген талабына қарамастан, Лукашенко бауырына басып, саяси баспана берді. Қазір Құрманбек Бәкиев Минскіде ойыншық шығарып жүр. Сол елдің азаматтығын алған.

Виктор Янукович

Халық қаһарына ұшырап, елінен безген жеті билеуші

ФОТО: NOVOSTIPMR.COM

Қырғыздардан кейін өз президентін биліктен тайдырған Украина болатын. Сол кездегі президент Виктор Януковичтің Украинаның Еуроодаққа кіру туралы келісімге қол қоюдан бас тартқаны 2013 жылдың соңында Майдандағы митингіге мұрындық болды.

Соңы жаппай наразылықтарға ұласып, ақыры Янукович елден қашып кетіп, Ресейде жасырынды. Халық пен тәртіп сақшыларын бір-бірімен қақтығыстырып, қашып кеткеніне қарамастан, өзін әлі де Украинаның заңды президенті санайды.

Әзірге қойнауы құпияға толы қарт тарих өзге елде сұлтан болып, абыройы барында биліктен өз еркімен бас тартқан бір ғана тұлғаны таниды. Ол – Сұлтан Бейбарыс. Ол өзге елдегі билігін кіндік қаны тамған жерде өсетін жусанының иісіне айырбастады.

Nur.kz

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Рид СТЭНДИШ Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) елге сапармен келген қытай генералы Чжан Юсямен қол алысып тұр. 2017 жыл. Өткен аптаның аяғында Қытайдың Орталық әскери комиссиясы төрағасының орынбасары қызметінен әрі Қытай коммунистік партиясы саяси бюросының мүшелігінен босатылды. Әскери басшылықтағы мұндай жоғары шенді тұлғаның орнынан алынуы Пекиннің Тайваньға қатысты жоспарына, АҚШ-пен бәсекесіне және аймақтағы тұрақты ойыншы ретіндегі рөліне қатысты бірқатар сұрақ туғызып отыр. 24 қаңтар күні Пекин қызметтен босатылған генерал Чжан Юся (Қытай басшысы Си Цзиньпиннің көп жылдан бергі сенімді серігі болған) тергеуге алынды деп хабарлады. Тосын шешімнен кейін Си Цзиньпин әскери басшылық шыңында жалғыз өзі қалды. Қытайды зерттеуші сарапшылар мұның билік сабақтастығына елеулі салдары болады дейді. Ал Пекиннің серіктестері

  • Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Швеция мен Дания Украинаға арнап британ-швед өндірісіндегі заманауи Tridon Mk2 зениттік қондырғыларын сатып алуға бірігіп кірісті. Кешен әсіресе жақын қашықтықта ұшатын ирандық «Шахед» дрондарына қарсы ең тиімді қарудың бірі. Қазіргі уақытта Tridon Mk2 өз класындағы ең озық әуе шабуылына қарсы жүйе саналады. Tridon Mk2 зениттік қондырғысының басты ерекшелігі атыс қарқыны. Ол минутына 300 оққа дейін жаудыра алады. Осылайша әуе кеңістігіне енетін шағын дрондардың көзін жылдам әрі дәл жоюға мүмкіндік туады. Тағы бір артықшылығы атылатын 40-мм снарядтардың құны небәрі 27 долларды құрайды. Экономикалық тұрғыдан тиімді екенін дәлелдейді. Қару-жарақ саласындағы мамандар Украинадағы әскери қақтығыстарды ескере отырып, арзан әрі тиімді әуе қорғанысы қаруына сұраныс жоғары екенін айтады. Tridon Mk2 жүйесінде қолданылатын арнайы британдық

  • Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Инвестордан артық қатаң реалист жоқ қой. Ол салған ақшасы өзіне еселеп қайтуы үшін тек перспективасы мол, келешегі жарқын салаларды таңдайды. JPMorganChase АҚШ-тағы, әлемдегі ең ірі банктің бірі ретінде алдағы 10 жылда 1,5 трлн доллар инвестиция құятынын қараша айында жариялады. Сөйтіп, негізгі 4 бағытты таңдаған. Олар ары қарай 27 салаға бөлінеді: – Озық технология: робототехника, фармакология, аса маңызды минералдар – Қорғаныс, аэроғарыш өндірісі: байланыстың жаңа буыны, мүлде жаңа дрондар – Энергетикалық тәуелсіздік: күн, атом, жаңа батареялар – Стратегиялық технология: ЖИ, киберқауіпсіздік, кванттық есептеу Арғы жағындағы 27 саланы оқысаң, мына банк әлемдік соғысқа дайындалып жатқан сияқты көрінеді. Себебі гипердыбыстағы ракета, 6G байланыс, ғарыш, адамсыз технология деп кете береді. Энергия көздерінің түр-түрі. Екінші

  • Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Владимир Зеленский  Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президентінің арнайы уәкілі Стив Уиткофф және Трамптың күйеубаласы Джаред Кушнермен телефонмен “мәнді әрі конструктивті” әңгімелескенін хабарлады. Уиткофф пен Кушнер 2 желтоқсанда Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен. “Біз көптеген аспектіге назар аудардық және қантөгісті тоқтатып, Ресейдің үшінші рет басып кіру қаупін жоюға кепілдік беретін маңызды жайттарды, сонымен бірге Ресейдің өткен жолғыдай уәдесін орындамау қаупі сияқты нәрселерді талқыладық” деді Зеленский. Әңгімеге сонымен бірге қазір АҚШ-та жүрген Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров, қарулы штабтың бастығы Андрей Гнатов қатысқан. Axios дерегінше, әңгіме екі сағатқа созылған. Келіссөздерден хабары бар дереккөздің айтуынша, Уиткофф пен Кушнер екі жақтың да талаптарын жинап жатыр және Путинді де, Зеленскийді де

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: