|  |  |  | 

Жаһан жаңалықтары Мәдениет Әлеумет

ҚИЫНДЫҚТАН КИІЗ ҚҰТҚАРҒАН АУЫЛ

Американың National Geographic журналында жарияланған «Заршығанақ ауылының киізші қазақ әйелдері» деген мақалада Совет одағы ыдырап, күнкөріс қиындағаннан кейінгі заманда Павлодар облысындағы шағын ауыл әйелдерінің тиімді бизнесті қалай бастағаны баяндалған. «Экономикалық қиындықтар мен Совет одағының жоспарлы экономикасының күйреуі Заршығанақ тұрғындарын қыспақта қалдырды, бірақ нарықтық қатынастар толқыны олардың жағалауына да жайлап жетті. [Ауыл тұрғыны Қалимаш Баймұханова] мен оның көршілері үй жанындағы учаскелерінде көкөніс өсіріп, қоралы қой мен ірі қара бағып, тіршілік үшін күреске көшті. Өзге нәрсе сатып алуға олардың ақшасы болмады» деп жазады National Geographic.

«Асар» шағын ауданындағы Наурыз мейрамы. 25 наурыз 2015 жыл. (Көрнекі сурет.)

«Асар» шағын ауданындағы Наурыз мейрамы. 25 наурыз 2015 жыл. (Көрнекі сурет.)

1990 жылдардың аяғында Заршығанақ ауылына павлодарлық бизнесмен Арман Сұлтанбек барған. Оның еті тірі азаматтарға үйден шықпай-ақ кәсіп ашуға болатыны жайлы өткізген семинары Қалимаштың өміріне өзгеріс әкелді. Ол ауыл әйелдеріне қой жүнінен киіз басып, одан сырмақ, текемет тәрізді түрлі бұйымдар жасап, сатуға болатынын ұқты. Бұрын киізбен жұмыс істеп көрмеген Қалимаш жергілікті әйелдерге киіз ісінің қыр-сырын үйрету үшін Оңтүстік Қазақстаннан бірнеше шебер шақырған.

«2002 жылы ауылда олардың алғашқы киіз басу сабақтары немесе жазғы лагері өтті. Ауыл әйелдері 10 күн бойы жүннен текемет басуды, киізден аяқ киім мен қалпақ жасауды үйренді. Олар күнделікті проблемаларын ұмытып, жұмыстың қызығына берілді. Дымқыл жүннің иісі ата-бабаларын еске түсірді. Әуелде бұл бастамадан бірдеңе шығарына сенбеген күйеулері де үстел құрастырып, жүн жинауға көмектесіп жұмысқа араласқан, ал біреуі тіпті таңғы дене жаттығуларын өткізіп тұрған» деп жазады National Geographic.

Біраз тәжірибе жинап, төселгеннен кейін әйелдер киізден көптеген бұйымдар жасап, Қалимаш оларды Павлодардың базарына апарып сатқан. Жұрт әлгі бұйымдардан түк қалдырмай сатып алып кеткен. Бұл бастаманы қолдайтын демеуші тауып, әйелдерді әрі қарай үйрету және тапқан ақшаның бір бөлігін даму жобаларына жұмсау үшін Қалимаш қоғамдық бірлестік құрған. Бірлестікті «ұзақ қыстың құрсауынан босаған далада жандана бастаған тіршіліктің алғашқы жаршысы – бәйшешек гүліне» ұқсатып «Жауқазын» деп атаған.

Азаттық радиосы

Related Articles

  • Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Zhalgas Yertay Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ. Ол халықтың ішкі күші мен биліктің саяси еркіне қарайлап тұр Ертеректен бастайық. Баяғыда қазақтың басты проблемасы санында еді, ол рас. Қазақтар өз жерінде азшылыққа айналған-ды. Ал қалада қазақша есту қиын болатын. Мектептерде, университеттерде, мемлекеттік басқаруда, бизнесте қазақ тілі шеттетілді. Сол кезде қазақ тілінің тағдыры демографияға тәуелді еді. Бұл логика ұзақ уақыт дұрыс саналған. Бірақ бүгінгі Қазақстанға қарасақ, жағдай өзгерді. Қазақтар көпшілікке айналды. Қазақ тілін түсінетіндер мен сөйлейтіндер саны бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Қазақ мектебіне баратын балалардың саны жыл сайын артып келеді. Қазақ тілі күнделікті өмірдің негізгі тіліне айналды. Бірақ неге тіл мәселесі әлі өзекті болып тұр? Мәселе санға емес, санаға

  • Математик Henry Cohn 12 өлшемде 841 kissing arrangement табылғанын растады.

    Математик Henry Cohn 12 өлшемде 841 kissing arrangement табылғанын растады.

    NU математика тобы үшін ғана емес, жалпы әлемдік математика қауымдастығында маңызды жаңалық. Әріптестеріміз 12 өлшемді евклидтік кеңістіктегі kissing number үшін жаңа төменгі шекара тапты. Бұған дейінгі төменгі шекара 840-қа тең болатын және оны британ математиктері Джон Лич пен Нил Слоун 1971 жылы дәлелдеген еді. 55 жыл бойы математиктер бұл нәтижені жақсартуға тырысып келді. Енді ол нәтиже жақсарды: 12 өлшемде kissing number кемінде 841-ге тең. Жаңа нәтиже терең математикалық идеялар мен қуатты GPU-есептеулердің үйлесімі арқылы алынды. Сфералық кодтар мен шарларды тығыз орналастыру теориясының жетекші мамандарының бірі, MIT профессоры Henry Cohn (Maryna Viazovska-мен бірге 24 өлшемдегі әйгілі жұмыстың авторларының бірі) осы саладағы негізгі ақпарат көзі болып саналатын сайтты жүргізеді. Henry Cohn 12

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

  • Иранның ракетасы азайғанымен нысанаға тию дәлдігі артқан. Себебі неде?

    Иранның ракетасы азайғанымен нысанаға тию дәлдігі артқан. Себебі неде?

    Фруд БЕЖАН Израильге шабуыл жасалған сәт. 29 наурыз 2026 жыл. Соғыстың алғашқы күні Иран Израиль мен АҚШ-тың ракетаға қарсы жүйелерін қирату үшін жүздеген баллистикалық ракета жіберген. Көп ракета құлатылды. Ал қазір Иран ракета атуды азайтып, күніне ондаған ракета жібере бастады. Ашық дереккөздерге сүйенген әскери сарапшылар Иранның ракета атуы азайғанымен дәл тиюі жоғарылған дейді. Мұның себебіне үңіліп көрдік. “АҚШ пен Израильдің соққылары Иранның ракета жіберу қондырғыларына айтарлықтай зиян келтіргені анық. Мұны атылатын ракеталардың азаюынан байқауға болады. Бірақ Иран ракеталарын үнемдеуге үшін кіші, бірақ маңызды деп шешкен нақты нысандарды дәл ата бастады” дейді Вашингтондағы Stimson Center сараптама институтының ғылым қызметкері Келли Грико. Қазір Иран АҚШ-тың Таяу шығыстағы маңызды әскери нысандары мен радиолокация

  • Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Бүгін Алматы қаласы әкімдігі Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Панфилов көшесі бойындағы сахнада Наурыз мерекесіне арналған «Ән қанатындағы Наурыз» атты жас орындаушылардың дәстүрлі ән кеші жоғары деңгейде өтті. Алматы қаласы ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап ұлт мәдениетінің ұйытқысы, ордасы қызметін атқарып келеді. Дәстүрлі өнердің ірі өкілдері, зерттеушілері осы қалада тұрып, еңбек етті. Қазір де профессионалдық типтегі дәстүрлі музыканың ең ірі ошағы – Алматы. Мұнда этномузыканың белгілі қайраткерлері, дәстүрлі домбырашы, қобызшы, сыбызғышы, әнші-термешілер әзірлейтін арнаулы орта және жоғары оқу орындары, өнер ұжымдары шоғырланған. Қазақ көне музыка аспаптарының жер бетіндегі жалғыз музейі мен еліміздегі жалғыз дәстүрлі өнер театры да осында. Соңғы уақыттары Алматы қаласында дәстүрлі өнерді насихаттап жүрген жас өнерпаздардың арнайы ән кеші өтпеп еді.

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: