|  |  | 

Көз қарас Тұлғалар

Етегiне ел сыйған Едiге би

Ата тарихымызға көз салар болсақ, Арқа өңiрiнде жасап өткен дала даналарының бiрi Едiге би Төлебайұлы екенiн байқаймыз. Едiге өз заманындағы көшпелi қазақ қоғамының айтулы қайраткерi, ақылман биi, аузы дуалы шешенi. Оның кiсiлiк келбетi мен адами болмысы жайлы Мәшһүр-Жүсiп Көпейұлы жан-жақты жазып кеткен.

Он төрт жасында ат жалын тартып мiнiп, ел iсiне араласқан Едiгенiң бар ғұмыры қазақ арасындағы таусылмайтын дау-дамайдың, руаралық қақтығыстың арасында өткен. Сол аумалы-төкпелi заманда ағайын­ға оң жол сiлтеп, қалың бұқараға басшы бола бiл­ген Едiге би Төртуыл-Сүйiн­дiк елiнiң панасы мен данасы атанған адам. Мәшһүр-Жүсiп Көпейұлының қаламынан туған “Едiгенiң алғашқы билiгi”, “Едiгенiң Тоғаспен құда болуы”, “Едi­генiң көр­ген түсi”, “Едiгенiң соңғы билiгi” деп аталатын этно­графиялық әңгiмелер­ден оның айшықты тұлғасын, адами бiтiмiн қапысыз тануға болады.
Өз кiндiгiнен тараған ұлдары дүниеге келердiң алдында түс көрiп, олардың өмiрде қандай адам боларын болжап-бiлiп отыруы оның әулиелiк қасиетi бол­ғанын да аңғартады. Бұл әң­гiмелердiң барлығы Мәш­һүр-Жүсiп Көпейұлының кейiнгi жылдары жарық көр­ген шығармалар жинағында жарияланған соң, қайталап жатуды жөн көрмедiк. Iзде­ген адам болса, Мәшһүр-Жүсiптiң 2007 жылы шыққан 12 томдығынан, 2013 жылы шыққан 20 томдығынан таба алады.
Едiге би жөнiнде айта ке­тетiн тағы бiр жайт, қа­зақта “тектiлiк” деген түсiнiк бар. Қайсыбiр адамның көңiлден шығар iсiн көрсек, “е, оның тегiнде бар ғой” деп жатамыз. Мұны қозғап отырғанымыздың себебi, көптеген тарихи тұлғалардың елден ерек қасиетi (ба­тырлығы, шешен­дiгi, көрiпкелдiгi, әулиелiгi т.б.) өзiнiң көзi жұмылғасын балаларына немесе ұрпақтарына дарымай, үзiлiп қалып жатады. Едiгенiң өзiнен басталған тектiлiк үзiлместен ХХ ғасырдағы ұрпақтарына дейiн жеткен. Мысалы, өз кiндiгiнен тараған, қазақ тарихындағы кесек тұлғалар Шоң мен Торыайғыр билер­дiң өздерi бiр-бiр төбе десек, одан кейiнгi Сұлтанмахмұт Торайғыров, Шәй­бай Айманов, Шаймерден Торайғыров, Қамар Қасымов, Шәкен Айманов, Кәукен Кенжетаевтар – ел таныған тұлғалар.
Осы әңгiменiң бәрiн қоз­ғауға себеп болып отырған жайт, үстiмiздегi тамыз айының 12-сi күнi Ерейментау жерiндегi Елтай ауылының iргесiнде үш ғасырдан берi ескерусiз жатқан Едiге би Төлебайұлының басына тас орнатылып, бейiтi көтерiлiп, ас берiлдi.
Дегенмен, қайсыбiр адамдар “Ерейментауға Едiге қайдан барыпты, оны қалай дәлелдейсiңдер?” деген сынды терiс пiкiрлер айтуы мүмкiн (Баянауыл мен Ерейментаудың арасы төтелеп жүргенде 200 шақырымнан артық). Сондықтан Едiгенiң Ереймен жерiнде жатуы жайлы бiрер сөз айта кеткендi дұрыс көрдiк.
Әңгiме толығырақ болу үшiн, Бөгенбай заманында жасаған Едiгенiң әкесi Төлебай Жанқозыұлын ауызға алуға тура келедi. Төлебай жайлы Мәшһүр-Жүсiп ең­бек­терiнде бiршама айтылып, оның өзi заманында пәлi Төлебай, мерген Төлебай атанған жауынгер адам болғаны әңгiмеленедi.
Жарайды, ол өз алдына. Ерейментау жерiнде жасап өткен белгiлi ақын, 1916 жыл­ғы ұлт-азаттық көтерi­лiс­те мергендер тобын басқарған Молдажан Жадайұлы деген кiсi болған. Өзi Бөгенбайдың ағасы Көл­бай­дан тарайды. Молдажан ақынның еңбектерi бүгiнде ҚР Ұлттық ғылым академиясының сирек қолжазбалар қорында сақтаулы. Сол жазбаларда Молдажан мынадай дерек айтады. Ақтабан-шұбырындыда Сыр бойынан ауған Жетi Момын баласының арасына жолшыбай алауыздық кiредi. Жәпек батыр мен Қарауыл Қанай би бастаған Атығай-Қарауыл балалары батысқа қарай кетiп, Әбiлқайырдың қоластына бармақ болып шешiптi. Бұларға Қанжығалының Жетiруы–Бозым балалары да қосылады. Бөгенбай батыр бұлардың ниеттерiн құптамай, ол жақ­қа бармаңдар, ар жағында орыс жақын, түбi орыстың аяғының астында қаласыңдар, ал қалмақ –өзiмiз се­кiлдi көшпелi жұрт, оларға жеңiстiк бермеймiз дейдi. Бiрақ аналар оған көне қоймайды. Сөйтiп, ел екiге айырылып, сөзiн өткiзе алмаған Бөгенбай өзiне қараған елмен Сарысуға қарай бұрылып кетiптi. Оған өзiнiң аталастары Мәм­беттiң Бесқасқасы атанған – Атан, Досай, Ақпан, Бура, Тайлақ батырлар, Бозым iшiнен өз туыстарынан бөлi­нiп Нияз Жантай батыр қосылады. Және Бөгенбайдың жанында Айдабол Тө­лебай мерген де бiрге болған деп жазады Молдажан. Ол бұл деректi ойдан шығарып отырған жоқ, сол кез­дегi кәрiқұлақ қариялардан жеткен әңгiме.
Одан басқа, Үмбетей жыраудың көпке белгiлi “Жантай батыр” дастанында Абылайдың баласы Қа­сым төренiң Уса-Серен бас­таған хошоут-қалмақтардың ауылына қыз көре барғаны айтылады. Сонда оның қасында Қарауыл Қанай би, Айдабол Төлебай батыр, Үмбетей жырау бол­ғаны айтылады. “…Қосылды Қарауылдан шешен Қанай. Сүйiндiктен Айдабол би Төлебай, …Жырауды Үмбетейдей қосты болмай” деп толғайды Үмбетей өз жырында. Осыған қарап, Төлебай айналасы мен Ереймен елiнiң арасында ер­те­ден байланыс бар екенiн байқау қиын емес. Сол заманнан қалып қойып, Ерейментауды қоныс қылып жүрген Сүйiн­дiк балалары – Орманшы-Қасқыртымақ, Қаржас-Ақ­ша, Айдабол-Малқозы, Жанқозы, Мамыт ұрпақтары бiрен-саран әлi де бар.
Бiр қызығы, Сүйiндiк елiнен Ерейментау өңiрiнде, Сiлетi бойында жерленген жалғыз Едiге би емес. Одан 10-15 шақырым сәл жоғары, Шорман өзенiнiң бойында Қаржас Шорман би Күшiк­ұлының зираты жатыр. Ол жерден 10-12 шақырым жоғары Айдабол-Малқозы Олжабай батыр Толыбайұлының бейiтi тұр. Ерейментаудың Қарағайлысындағы Балықты көлдiң жағасында Күлiк-Сексен Көтеш ақын Райұлы жерленген. Сiлетiнiң бойында Күлiк-Шобалай Жанақ әулие Жаңабатырұлы жатыр. Ерейментауға кiре­берiс Малтабар ауылынан 3-4 шақырым төмен Үшмырзаның көлiнiң (қазiр Тамдыкөл деп аталады) жағасында Айдаболдың Едiге­ден тараған үш мырзасы Төкi Шоңұлы, Добан Шаржауұлы, Шоркен Ақынұлы және Күлiк-Тiлеуiмбет Өте­мiс абыз Жанайдарұлы жерленген. Ол ол ма, Ақмола облысының (бұрынғы Көкшетау облысының аумағы) Еңбекшiлдер ауданындағы Мәдениет ауылының iрге­сiнде Торайғыр би Едiгеұлы мәңгiлiк мекен тапқан.
Ал ендi Едiге би жерленген Елтай ауылының тарихи атауы – Едiге. Сол арадан Едiге деп аталатын шағын өзенше ағып өтедi. Ауылдан 5-6 шақырым жерде орналасқан темiр жол стансасының атауы да – Едiге. Отызыншы жылдары бұл жерде алғаш колхоз құрылғанда, ауылға сол кездегi Қазақстан басшыларының бiрi Елтай Ерназаровтың аты берiлген екен. Бүгiнде ауылдың ақсақалдары “Елтайдың есiмiн ауылдан алып тастап, Едiге деген тарихи атауын қайтару керек” деп ұсыныс айтып жатыр.

sailau_erm@mail.ru
Сайлау Байбосын,
Ақмола облысы
zhasalash.kz

Related Articles

  • Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Zhalgas Yertay Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ. Ол халықтың ішкі күші мен биліктің саяси еркіне қарайлап тұр Ертеректен бастайық. Баяғыда қазақтың басты проблемасы санында еді, ол рас. Қазақтар өз жерінде азшылыққа айналған-ды. Ал қалада қазақша есту қиын болатын. Мектептерде, университеттерде, мемлекеттік басқаруда, бизнесте қазақ тілі шеттетілді. Сол кезде қазақ тілінің тағдыры демографияға тәуелді еді. Бұл логика ұзақ уақыт дұрыс саналған. Бірақ бүгінгі Қазақстанға қарасақ, жағдай өзгерді. Қазақтар көпшілікке айналды. Қазақ тілін түсінетіндер мен сөйлейтіндер саны бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Қазақ мектебіне баратын балалардың саны жыл сайын артып келеді. Қазақ тілі күнделікті өмірдің негізгі тіліне айналды. Бірақ неге тіл мәселесі әлі өзекті болып тұр? Мәселе санға емес, санаға

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    Адамның бәрі бірдей емес. Ақыл-ойы еркін, мәнді, құнды дүниелер туғыза алатын, жасампаздық қуаты зор адамдар болады. Сол сияқты өркениеттік әлеуеті (потенциалы) зор халықтар болады. Ондай қасиет өзіндік құндылықтар жүйетін жасай алатын, ешкімге ұқсамайтын, терең тамырлы руханияты бар халықтарда болады. Қазақтың бүкіл тарихы мен мәдениеті біздің сондай халықтар санатына жататынымыздың айғағы. Сондай айғақ Абайдың ақындық мектебінің көрнекті өкілі Көкбай Жанатайұлы шығармашылығында молынан табылады… Кеше Семей қаласындағы Абайдың қорық- музейінде Көкбай Жанатайұлының 165 жылдығына арналған “Абайдан сабақ алдым бала жастан” атты әдеби кеш өтті. Зал белгілі абайтанушы, профессор Жандос Әубәкірдің тағылымы мол, әсерлі баяндамасын ерекше ынтамен тыңдады. Спикерді тыңдап отырып: “Біз Көкбайды тіпті білмейміз деуге болғандай екен ғой… Кейде тіпті жеңіл, үстірт

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: