Қазақ ауылдарына орыс мектептері шынымен қатты керек пе, осы? Жабатын уақыт жеткен жоқ па?
Тарбағатай ауданының орталығы Ақсуатта, сосын Нарынқолда орыс мектептері бар еді. Қазір бар ма, білмеймін. Екеуі де таза қазақы ауыл. Совет кезінде аудан орталықтарында ашылған сол мектептер әлі жабылған жоқ. Тағы қай жерде бар ондай мектептер? Қазақ ауылдарына орыс мектептері шынымен қатты керек пе, осы? Жабатын уақыт жеткен жоқ па?
Қазір Алматыдағы қазақ мектептерінің бәрінің 1-сыныптары 7-8-12 сыныпқа дейін. Бала көп. Өйткені, қазақтың бәрі қалаға көшкен. Бірақ, аралас мектептер мен орыс мектептерінде ондай көп бала жоқ. Қала әкімдігі осыған назар аударуы керек. Бала саны аз мектептерді біріктіріп, бала сыймай жатқан мектептерге соларды беру керек. Басқа қалаларда да осы проблема бар шығар.
Болат МҰРСАЛЫМың facebook парақшасынан алынды.

Пікір қалдыру