|  | 

Жаһан жаңалықтары

Ислам Каримовтің дүние салғаны ресми хабарланды

Ислам Каримов, Өзбекстан президенті (1990 - 2016)

Ислам Каримов, Өзбекстан президенті (1990 – 2016)

Өзбекстанның мемлекеттік телеарнасы президент Ислам Каримовтің 2 қыркүйек күні сағат 20.15-те Ташкентте қайтыс болғанын хабарлады. Солайша оның денсаулығына қатысты бір аптаға жуық созылған алып-қашпа әңгімелерге тоқтау салатын ресми мәлімдеме жарияланды.

Ислам Каримов 3 қыркүйек күні туған қаласы Самарқанда жерленбек.

Мемлекеттік жерлеу комиссиясын премьер-министр Шавкат Мирзияев басқарады.

78 жасында миына қан құйылып дүние салған бұрынғы коммунист Өзбекстанда 27 жыл билік құрды. Каримовтің кезінде саяси диссиденттер мен азаматтық белсенділерді арнайы қауіпсіздік және барлау органдары аяусыз қудалап, жаныштаумен болды.

Өзбекстанның тағдыры сыналатын күн жетті


Самарқан Ислам Каримовтің жаназасына әзірленіп жатыр. 2 қыркүйек 2016 жыл.

Самарқан Ислам Каримовтің жаназасына әзірленіп жатыр. 2 қыркүйек 2016 жыл.

Өзбекстанның сын сағаты соқты. Тәуелсіздік алған 25 жылдың ішінде Өзбекстан халқы алғаш рет Ислам Әбдуғаниұлы Каримов басқармайтын елде тұрып жатқандарын білді.

Бұл күнді өзбек диаспорасы мен оппозиция өкілдері ұзақ күтті. Сарапшылар көп жылдан бері осы күннің қалай болатынын болжап келді. Себебі томаға-тұйық авторитарлық режим орнаған бұл елде Каримов дүниеден озғанда ғана саяси өзгеріске жол ашылатыны анық еді.

Өзбек достарыммен тілдескен сайын әңгімеміз «Каримов өлген соң…» деген сөзбен аяқталатын. Олар өз жақындарын көруге, елден тысқары аймаққа шығуға, бизнес бастауға, шетелде оқуға сол кезде ғана мүмкіндік болады деп үміттенетін. Өзбекстан біртіндеп сыртқы дүниеден оқшауланған, экономикасы мен қоғамы қатаң бақылаудағы елге айналғандықтан, көп жұрт үшін мұндай қарапайым жайттардың өзі мүмкін болмай қалған.

Өзбекстан президенті Ислам Каримов (сол жақта) билеп, елдің премьер-министрі Шавкат Мирзияев (оң жақта) қошемет көрсетіп тұр. Ташкент, 31 тамыз 2007 жыл.

Өзбекстан президенті Ислам Каримов (сол жақта) билеп, елдің премьер-министрі Шавкат Мирзияев (оң жақта) қошемет көрсетіп тұр. Ташкент, 31 тамыз 2007 жыл.

 

Осыдан бірнеше апта бұрын ғана Қырғызстанның оңтүстігінде этникалық өзбекпен бірге көлікте кетіп бара жатып Өзбекстан шекарасындағы істік сымтемірлі биік дуалдың ар жағында қару кезенген өзбек солдаттарын көрдік. Екеуміз де кезінде Ташкентте бірнеше жыл тұрғанбыз, сондықтан онда қайта баруға ықыласты екенімізді айтқанбыз. Басын шайқаған серігім «Каримов өлген соң…» деп жымиған.

Бүгін күтпеген жерде жаңа дәуір басталып кетті. Бірақ не өзгермек? Бұл сәтті болжау үшін қаншама жиын өткізіліп, болжам жасалғанына, «78 жастағы Каримов қайтыс болған соң оның орнына кім отырады?», «Мазасыз аймақтағы халқы ең көп елдің ендігі болашағы қандай?» деген сауалдарға жауап іздеп қаншама мақала жазылғанына қарамастан, біз көп жайттан хабарсызбыз – оны мойындауымыз керек.

Талай сарапшы қауіп еткен үрейлі сценарий орындалды: Каримов «тақ мұрагерін» таңдамастан, биліктің ауысуын қамтамасыз ететін жолды көрсетпестен бақиға аттанып кетті. Құрылған жүйеге емес, Каримовтың жеке басына көп назар аударған сарапшылар мұндай қазаның аса ауыр салдары болуы мүмкін екенін ескерткен.

Қазақстан мен Қырғызстан және Өзбекстанның президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Асқар Ақаев және Ислам Каримов. (Архив суреті)

Қазақстан мен Қырғызстан және Өзбекстанның президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Асқар Ақаев және Ислам Каримов. (Архив суреті)

 

 

Каримовтің қатаң бақылауының арқасында тыныш болып келген діни радикалдар үнемі «буырқанып» жататын Ферғана жазығынан бас көтеріп шыға келуі ықтимал. Өзі жетім өсіп, совет мемлекетінде ер жеткен, басқа отбасылармен саяси байланысы жоқ Каримов «кландар» арасындағы тепе-теңдікті сақтап келген, енді ол кеткен соң өзара дүрдараз кландар арасында ашық соғыс басталуы да ғажап емес.

Бұл сөздердің жаны бар, бірақ осындай әңгімелердің жиі айтылуы «Өзбекстан халқының Каримовсіз күні қараң» деген ойды негіздеп, халықтың санасына сіңіре берді. Бұл «мифтер» Өзбекстанда қалыптасқан ерекше саяси жүйені ақтау үшін ойлап табылған, саясаттанушылар бұл жүйеге «система» деп ат қойған.

Путин басқарған Ресейде де жалғыз адамның мүмкіндігі де, оның ғұмыры да жетпейтін бір адамға негізделген авторитарлық саяси жүйе қалыптасты. Каримов кетті, бірақ әр аудиторияда оның портреті ілініп тұрған кезеңде іргесі бекіген полициялық мемлекет, қатаң саяси экономика әлі де қала бермек, себебі оларды қалыптастырған мифтер әлі «өлген» жоқ.

Орталық Азияны зерттейтін ғалымдар Ларри Маркович пен Скотт Раднич айтқандай, Өзбекстанда қалыптасқан саяси экономика аймақтағы басқа елдердікінен өзгеше, себебі мұнда жалпы экономика орталықтандырылған үкіметке бағынуға негізделген, ал оның өзін қауіпсіздік аппараты қорғайды, олар орталыққа бағынбағандарды тәртіпке салып, жазалап отырады. «Мәжбүрлеуші әрі рента жинаушы» мемлекет ықпалынан бөлек әрекет етуге ешкімнің мүмкіндігі жоқ. Демек, Каримов болса да, болмаса да, қазіргі элита өздері пайда көріп отырған бұл жүйеден айырылғысы келмейді. Оның үстіне, құрығы ұзын қауіпсіздік қызметі бұл жүйені өзгертуге талпынғандарды тырп еткізбейді.

Жыл басындағы бір оқиға осы «системаның» аясындағы өмір мен елде үстемдік құрып тұрған «мифтің» мәжбүрлеуші күшін тағы бір мәрте паш етті.

Ислам Каримовтың ертеректе отбасымен бірге түскен суреті.

Ислам Каримовтың ертеректе отбасымен бірге түскен суреті.

 

Арамаис Авакян есімді кәсіпкер Өзбекстанның шөлейтті аймағы – Жизақ облысында өзіне тиесілі шағын көлшіктерде балық фермасын ашады. Бірнеше жұмысшы алып, аздап табыс таба бастағанда оның бизнесіне жергілікті хокимнің (әкімнің) көзі түседі. «Мәжбүрлеуші әрі рента жинаушы» биліктің өкілі ретінде ол Авакянның бизнесін тартып алмақ болады. Фермер қарсылық танытады. Біраз уақыттан соң оны «Ислам мемлекеті» (ИМ) террористік ұйымын қолдады деген желеумен полиция тұтқынға алады. Жақындары мен заңгерлердің айтуынша, түрмеде полицейлер оны азаптаған. Ақыр соңында Авакян да, оның қарамағындағы жұмысшылар да «ИМ»-нің құпия тобын ашып, үкіметті құлатуға ниеттенгендерін «мойындайды». Мұндағы бір қызық жайт – армян ұлтынан шыққан Арамаис Авакян – мұсылман емес, христиан дінінің өкілі. Алайда Өзбекстанда орныққан жүйе үшін бұл ешқандай да кедергі бола алған жоқ, Авакян «исламшыл террорист» ретінде бірнеше жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұл жүйе сол қалпында қалады, Каримовтың өзі кетсе де, оның өзгере қоюы екіталай. Саясаттанушы Эрик Мак Глинчи бұл туралы: «Өзбек билеуші табы… қаржылай байлықтың толассыз көзіне айналған автократиялық режимді сақтап қалуға өте-мөте құлықты» деген.

Бұл режимді ықпалы жөнінен Каримовтың өзінен асып кеткен қауіпсіздік күштері қорғайды. Бір жағынан бұл аппарат болмаса, діни радикалдар елді түгелімен жаулап, бүкіл аймаққа шабуылдарын үдетер ме еді. Алдағы апталарда Каримовтың кеткенінен көп үміт күтіп келген өзбектер күнделікті өмірде ешқандай өзгеріс болмағанын көріп, Жизақтағы нақақ жала жабылып, қамалған фермердің оқиғасын, «Ислам мемлекетінің» билеп-төстеу мүмкіндігін айтып қорқытатын сарапшыларды еске алып, қабырғадағы портреттерді қаз-қалпында қалдыруды ұйғаруы ғажап емес.

Бұдан басқа жол бар шығар, бірақ 25 жыл ішінде өзбектердің балама жолдарды іздеуге ешқандай мүмкіндігі болмады.

Комментарий авторы Нох Такер – Registan.net сайтының басқарушы редакторы, Джордж Вашингтон университетіне қарасты Элиот Халықаралық қатынас мектебінің Орталық Азия бағдарламасының сарапшысы.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы 

Related Articles

  • Иранның ракетасы азайғанымен нысанаға тию дәлдігі артқан. Себебі неде?

    Иранның ракетасы азайғанымен нысанаға тию дәлдігі артқан. Себебі неде?

    Фруд БЕЖАН Израильге шабуыл жасалған сәт. 29 наурыз 2026 жыл. Соғыстың алғашқы күні Иран Израиль мен АҚШ-тың ракетаға қарсы жүйелерін қирату үшін жүздеген баллистикалық ракета жіберген. Көп ракета құлатылды. Ал қазір Иран ракета атуды азайтып, күніне ондаған ракета жібере бастады. Ашық дереккөздерге сүйенген әскери сарапшылар Иранның ракета атуы азайғанымен дәл тиюі жоғарылған дейді. Мұның себебіне үңіліп көрдік. “АҚШ пен Израильдің соққылары Иранның ракета жіберу қондырғыларына айтарлықтай зиян келтіргені анық. Мұны атылатын ракеталардың азаюынан байқауға болады. Бірақ Иран ракеталарын үнемдеуге үшін кіші, бірақ маңызды деп шешкен нақты нысандарды дәл ата бастады” дейді Вашингтондағы Stimson Center сараптама институтының ғылым қызметкері Келли Грико. Қазір Иран АҚШ-тың Таяу шығыстағы маңызды әскери нысандары мен радиолокация

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Рид СТЭНДИШ Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) елге сапармен келген қытай генералы Чжан Юсямен қол алысып тұр. 2017 жыл. Өткен аптаның аяғында Қытайдың Орталық әскери комиссиясы төрағасының орынбасары қызметінен әрі Қытай коммунистік партиясы саяси бюросының мүшелігінен босатылды. Әскери басшылықтағы мұндай жоғары шенді тұлғаның орнынан алынуы Пекиннің Тайваньға қатысты жоспарына, АҚШ-пен бәсекесіне және аймақтағы тұрақты ойыншы ретіндегі рөліне қатысты бірқатар сұрақ туғызып отыр. 24 қаңтар күні Пекин қызметтен босатылған генерал Чжан Юся (Қытай басшысы Си Цзиньпиннің көп жылдан бергі сенімді серігі болған) тергеуге алынды деп хабарлады. Тосын шешімнен кейін Си Цзиньпин әскери басшылық шыңында жалғыз өзі қалды. Қытайды зерттеуші сарапшылар мұның билік сабақтастығына елеулі салдары болады дейді. Ал Пекиннің серіктестері

  • Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Швеция мен Дания Украинаға арнап британ-швед өндірісіндегі заманауи Tridon Mk2 зениттік қондырғыларын сатып алуға бірігіп кірісті. Кешен әсіресе жақын қашықтықта ұшатын ирандық «Шахед» дрондарына қарсы ең тиімді қарудың бірі. Қазіргі уақытта Tridon Mk2 өз класындағы ең озық әуе шабуылына қарсы жүйе саналады. Tridon Mk2 зениттік қондырғысының басты ерекшелігі атыс қарқыны. Ол минутына 300 оққа дейін жаудыра алады. Осылайша әуе кеңістігіне енетін шағын дрондардың көзін жылдам әрі дәл жоюға мүмкіндік туады. Тағы бір артықшылығы атылатын 40-мм снарядтардың құны небәрі 27 долларды құрайды. Экономикалық тұрғыдан тиімді екенін дәлелдейді. Қару-жарақ саласындағы мамандар Украинадағы әскери қақтығыстарды ескере отырып, арзан әрі тиімді әуе қорғанысы қаруына сұраныс жоғары екенін айтады. Tridon Mk2 жүйесінде қолданылатын арнайы британдық

  • Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Инвестордан артық қатаң реалист жоқ қой. Ол салған ақшасы өзіне еселеп қайтуы үшін тек перспективасы мол, келешегі жарқын салаларды таңдайды. JPMorganChase АҚШ-тағы, әлемдегі ең ірі банктің бірі ретінде алдағы 10 жылда 1,5 трлн доллар инвестиция құятынын қараша айында жариялады. Сөйтіп, негізгі 4 бағытты таңдаған. Олар ары қарай 27 салаға бөлінеді: – Озық технология: робототехника, фармакология, аса маңызды минералдар – Қорғаныс, аэроғарыш өндірісі: байланыстың жаңа буыны, мүлде жаңа дрондар – Энергетикалық тәуелсіздік: күн, атом, жаңа батареялар – Стратегиялық технология: ЖИ, киберқауіпсіздік, кванттық есептеу Арғы жағындағы 27 саланы оқысаң, мына банк әлемдік соғысқа дайындалып жатқан сияқты көрінеді. Себебі гипердыбыстағы ракета, 6G байланыс, ғарыш, адамсыз технология деп кете береді. Энергия көздерінің түр-түрі. Екінші

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: