|  | 

Әлеумет

Көлік қозғалысы туралы Чехия заңдары

Кеше кешкісін қаннен қаперсіз светофор алдында жасылды күтіп тұрғам. Бір прагалық артымнан келіп тоқ еткізді. Апат жарығын қосып, көлігімнен түсіп қарасам, артқы бамперім майырылыпты, артқы есігімнің төменгі шеті майысыпты, шамдарым бүтін, парктрониктерім істемейді. Апалақтап көлігінен түсе сала бәйек болып кешірім сұрап жатқан чех жігіт ағасының алдыңғы бампері екіге бөлініп кеткен, бір шамы сынған. “Полиция шақырсаңыз, өз еркіңіз, кінә – менен” дей береді.

  Чехия заңдары бойынша адам жарақат алмаған, көлік қатты зақымданбаған жағдайда полиция шақыру міндетті емес. Өзімнің де, әлгі айыпты жүргізушінің де уақытын аяп, тез-тез екі машинаны суретке түсіріп алдым да, “Жақын жердегі сауда орталығының жабық көлік тұрағына барайық” дедім. Әлгі адам қатты қуанып, “Мақұл, мақұл” деп ілесе жөнелді. Автотұраққа жеткесін айыпты жүргізуші әр көлік иесінің құжаттарының ішінде міндетті түрде болатын жол оқиғасы хаттамасын алып шықты да, жеке бас мәліметін, сақтандыру нөмірін, көлік соқтығысының сипатын, уақыты мен орнын толтыра қойды. Мен тек аты-жөнімді, адресім мен көлігімнің нөмірін жаздым. Қол қойдық.

 Айыпты адам түпнұсқа хаттама мен екі көшірмені маған беріп, бір көшірмені өзі алып, тағы да қайта-қайта ғафу өтініп, қоштасып кете барды. Бүгін таңертең жергілікті автосервистердің біріне барып, хаттаманы өткіздім. Көлік жөндейтін компания өкілі сақтандыру ұйымының вебсайтына кіріп, бес минут ішінде арнайы форма толтырды. Сосын маған: “Бүгін сақтандыру ұйымы өкілін жіберіп, көлігіңіздің зақымданған жерін көріп, растайды. Сосын біз бірден жөндеуге кірісеміз. Бірнеше күнде дайын болады” деді. Түсірген суреттерім де керек болмай қалды, хаттама жеткілікті екен. Кешегі оқиғадан соң уақыт жай болғандықтан автосервиске бірден хабарласа алмағанымды, үйіме асыққанымды айтып ем, әлгі механик жігіт жымиып: “Еш кешіккен жоқсыз, Чехия заңы бойынша көлігіңізді басқа бір көлік соғып бүлдіріп кетсе, жасатып алуға үш жылға дейін уақыт берілген” деді. Сосын кете бергенімде, “Мынау – көлігіңіз жөнделіп жатқанда мінетін уақытша машинаның кілті. Мұның жалға алу ақысын да әлгі айыпты адамның сақтандыру компаниясынан өндіріп аламыз” деді. Барлық азаматтық, заңдық қарым-қатынас әбден реттелген, өркениетті қалыпқа түскен. Жап-жаңа уақытша көлікпен жұмысқа келе жатқанымда әлгі прагалықтың артымнан келіп тоқ еткізгеніне біртүрлі қуанып отырғанымды сездім:)

P.S. Айтпақшы бұл жақта жүргізуші куәлігіңіз болса, кез-келген көлікті уақытша мініп жүре бере аласыз, өйткені сақтандыру адамға емес, көлікке жасалады. Полиция тоқтата қалса, “мына көлік құжаттары бойынша басқа адамға тиесілі ғой” деп айтпайды, ең бастысы – машина ұрланған көлік тізімінде тұрмаса болды.

Galym Bokashтың facebook парақшасынан алынды

Related Articles

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Арман Әлменбет Екі-үш күн уайымға салынып кеттім. Осы соңғы жазғаным болсын. Әрі қарай Құдайға тапсырып, жұмысымды істейін. 6 ақпан күнгі ойым: Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті. Ковид кезінде өкпесі жұмыс істемей қалған адамдарға Түркиядан ИВЛ деген аппарат әкелгені естеріңізде ме? ИВЛ болмай, қанша адам өліп қалды. Орыс тілін алып тастасақ, Мәңгілік ел мен Есіл өзенінің ортасындағы бес-алты ғимарат босап қалады. Тек орысша ойланатын адамдар жиналып ап, өздері әдемі отыр о жерде. Менің түсінігімде, орыс тілін конститциядан алып тастау үшін оған алдын ала дайындалу керек. Соңғы екі жарым жылда осыны қатты ойланып жүрмін. Ұсынайын деп едім, қызығатын адам таба алмадым. Сөйтіп «Ана тіл

  • Тек тілге байланысты…

    Тек тілге байланысты…

    Қазақ Республикасында бір ғана мемлекеттік тіл бар. Ол- қазақ тілі. Қазақ тілінен басқа ешбір екінші тілге мемлекеттік мәртебе берілмеуі керек! Отыз жылдан астам уақыттан бері геосаяси ахуалды сылтауратып келдік. Енді біздің де мінезімізді һәм мысымызды көрсететін уақыт келді. ҚР-ның азаматы һәм салық тапсырушы қатардағы тұрғыны ретінде талап етемін! Алдағы бес жылда Қазақ Республикасында елеулі демографиялық өзгерістер болады. Атап айтқанда 2030 жылынан кейін қазақтардың республикадағы жалпы үлесі 80-85% ке дейін артады. Славян халықтарының өсімі азайып 10%-ға дейін түседі. Есесіне елдегі түркітілдес өзбек, татар, ұйғырлардың өсімі еселеп өсіп тіпті 10-15 жылда орыстардың орнын басып озуы мүмкін. Сол кезде Қазақ Республикасындағы жалпы түркітілдес халықтардың үлес салмағы 85-90% ке жетеді. Нәтижесінде қазақ мектептерінің саны,

  • “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін. “Жаңа конституцияның” 9-бап 2-тармағы тұрғанда құжаттар ешқашан қазақша жасалмайды. Тек аударма тілі болып қалады. Себебі мемлекеттік бюрократия 9-баптың 2-тармағына сүйеніп, іс-қағаздарды орысша жасап үйренген. Сол себепті іс-қағаздың бәрі алдымен орысша жасалады, кейін қазақшаға қалай болса солай аударылады. Сол себепті 1-тармақтың болғаны қазақ тілінің нағыз мемлекеттік тіл мәртебесінде болуына еш көмектесе алмайды. Бір ғана жолы бар: конституцияда мемлекеттік тіл де, ресми тіл де – қазақ тілі деп тайға таңба басқандай жазылып тұруы керек. Құжаттың мемлекеттік тілдегі нұсқасының ғана заңды күші болуы тиіс. Сол кезде басқа тілдердегі нұсқасы жай аудармасы болады. Сол кезде ғана қазақ

  • Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

    Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

     Серік Ерғали Суреттер: aqmeshit-zhastary.kz, democrat.kz сайттарынан алынды. Ата Заң жобасының талқысы Қазақстандағы ең сезімтал, ең ұзақ талқыланып келе жатқан мәселенің бірі — мемлекеттік тілдің нақты мәртебесі. Конституцияда қазақ тілі мемлекеттік тіл деп жазылғанына отыз жылдан асты. Алайда қоғамдағы шынайы сұрақ әлі де ашық: қазақ тілі — басқарудың тілі ме, әлде символдық мәртебедегі тіл ме? Тіл мәселесі неліктен шешілмей келеді? Себебі біз ұзақ уақыт бойы тілге: – мәдени құндылық ретінде ғана қарап келдік; – оны мемлекеттік басқару тілі ретінде нақты бекітпедік. Нәтижесінде: – Конституцияда бір мәтін, – тәжірибеде басқа жағдай қалыптасты. Бұл қайшылық тілдің емес, конституциялық айқындықтың әлсіздігінен туындады. 9-баптағы басты түйін Жоба бойынша: 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. 2. Мемлекеттік ұйымдарда

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: