|  | 

Тарих

«АТЫЛЫП ӨЛГЕН ҚАЗАҚ ЖІГІТІ»

 

Орта дәрежелі Омбы ауылшаруашылық училищесінің ұстаздары мен шәкірттері. Омбы, 1914-1918 жж. Суретте Б.Айбасұлы, М.Саматұлы, Қ.Кемеңгерұлы анықталды. Б.Айбасұлының баласы Еркін Айбасовтың жеке архивінен алынды. 

 

«3 ноябрде Омбы қаласында бірге оқып жүрген жолдасымыз Орта дәрежелі сельско-хозяйственная школа шәкірті Сайман Бижанұлы өзін-өзі атып өлтірді. Қалтасында қалдырған қағазда: “Менің жазығым жоқ, өліп барамын Митстің қаралағанынан, бірінші жуликсің, Елизаровтың кесірінен һәм инспектор Преображенский дәлелсіз іс қылғандығынан”, – депті. Бұл қағаз судья следовательдің қолында, іс тіркейді. Жолдасымыздың атылуы туралы қазір қысқаша айтарымыз мынау: бірге оқып жүрген жолдасы Митс деген орыс баласының 100 сом ақшасы жоғалып, Сайманнан көреді. Мұны инспектор Преображенский естіп, дереу есіктерді жауып жіберіп Сайманды тінтеді, еш нәрсе таба алмайды. Сөйтсе де директорға айтып, пансионнан шығартады. Жуырда тағы қысып, сенен басқа ешкім алған жоқ деп, жанына тиетін сөздер айтып, пансионнан қуып жібереді. Сайман бейшара намысқа шыдай алмай, біреудің мылтығын алып, атып өлгені осы.

Алаштың қай азаматын жерге қиғандаймыз, сонда да неше жыл бейнет көріп оқып, көздеген мақсатына жетуге бір-ақ жыл қалды дегенде, жолдасымыздың уақытсыз арамыздан жоқ болуы жүрегімізге жара салды. Бірақ амал жоқ, тағдырға кім қарсы тұрады! Мейірімді Құдай, жолдасымыздың топырағын жеңіл қыл! Қалған жақындарына өмір бер!

Марқұмның жолдастары: М.Саматов, А.Шорманов, Ж.Бабатаев, С.Қазбеков, Р.Толыспаев, С.Сәдуақасов, Қ.Кемеңгеров».

 («Қазақ» газеті, 1916 жыл, № 205)

 

Омбы облысының тарихи архивінде Орта дәрежелі Омбы ауылшаруашылық училищесінің құжаттары, онда оқыған шәкірттер жайында деректер ұқыпты сақталған. 1916 оқу жылында училищенің бес сыныбында 355 шәкірт оқыған. Біздің есебіміз бойынша, олардың 10 қазақ баласы болған. 

Сонымен, 1916 жылы, қарашаның 3 күні, яғни бүгінгі күннен тура 100 жыл бұрын Омбыда оқыған қазақ шәкірттері үшін қайғылы оқиға орын алды. Училищенің бесінші сыныбында оқитын Сүлейімбек есімді жігіт өзін-өзі атып өлтірді. Осы оқиға жайында марқұмның жолдастары «Қазақ» газетінде мұнақып жариялады. Газетте Сүлейімбектің аты Сайман деп берілуінің себебін біз былай түсінеміз. Сол уақытта қазақ жастары Сәдуақасты – Сәкен, Бірмұхамбетті – Біркей, Дінмұхаметті ­– Дінше, Қошмұхаметті – Қошке демекші, Сүлейімбекті – Сайман деп атаған болса керек. Архив деректерінде Сайман деген адам жоқ. Онда тек Бижанұлы Сүлейімбек деген шәкірттің аты көрсетіледі.

Сүлеймбек Бижанұлы училищенің ауылшаруашылық бөліміне 1912 жылы 1 қыркүйекте түседі. Қабылдау емтихандарына жіберілген 97 адамның ішіндегі жалғыз қазақ Бижанұлы тізімде бесінші көрсетілген (Омбы облысының тарихи архиві, 65-қор, 1-тізім, 27-і. 8 б.). Сүлейімбек қабылдау емтихандарында орыс тілінен – 3, есептен – 3, Құдай заңынан – 4, географиядан – 4 алып, орта бағасы 14 болып, оқуға қабылданады. Осы жылы училищенің мәдени-техникалық бөліміне қазақ түспейді. Яғни, аталмыш оқу орнына бірінші қабылданған және бір жыл жалғыз оқыған, кейін келген қазақтарға жол салып, аға болған азамат – осы Бижанұлы Сайман еді. Көрсетілген құжаттың 30, 39 беттеріндегі мәліметтен Бижанұлы 1892 жылы Семей облысы Қарқаралы уезінде туғаны, училищеге дейін үш кластық Ветеринарлық-фельдшерлік мектебінде оқығаны, Семей облысының стипендиянты екені жайында хабар бар. Сарғайған қағаздарда «происхождение – киргиз, вероисповедание – магометанец», – деген жазу  бірнеше рет жазылған.

Сүлейімбек Бижанұлы опат болғаны жайында қазанама жарық көрген «Қазақ» газетінің сол санында Міржақып Дулатұлының «Намыс құрбанына (марқұм Сүлейімбек Бижанұлына бағыштадым)» деген атпен өлеңі жарияланады:

Сен жоғыңда бұ жалғанда,

«Жалған олқы» дейді кім?

Сен келгенде арамызға,

Қанша орасан толды кім?

Қайтып едің қалыбыңа,

Бар ма нәрсе өзгерген?

Сен бір сыншы көрейін деп,

Сұм жалғанға кез келген.

Бар жолдасың бойыңдағы,

Ар-иманың, намысың,

He қылайын деп едің сен,

Бұ жалғанның табысын!

Намысыңа тиіп еді,

Қылдың құрбан мал-жанды,

Ата-анаңды, аға-інің мен

Елі-жұртың жалғанды.

Мен де жаңа білдім енді:

Бір жігіттің сымбатын.

Білдіруге келгеніңді

Ар намыстың қымбатын.

 

Кейін Міржақыптың өлеңі жайында Жүсіпбек Аймауытұлы мен Мұхтар Әуезұлы «Абайдан соңғы ақындар» атты ғылыми-танымдық мақалада құнды дерек келтіреді: «Бұл айтылған өлеңшілердің ішінде өзінің ақындық беті күшті, түр тапқыш, аса еліктегіш емесі – Міржақып. Кенеттен келген оқиғаны тез сезіп, тез сіңіріп, тез жауап тапқыш, жүйрік қиялды өлең Міржақыптан шығады. Мысалы: «Сүлейімбек Бижановтың, Қазы Нұрмахаммедовтың өлімдеріне шығарылған «Жұт», «Қайда едің?» деген өлеңдері сияқты» (Аймауытов Ж. Бес томдық шығармалар жинағы. 5-т. Алматы: Ғылым, 1999. 129 б.).

Училищенің соңғы сыныбында оқып жатқан Сүлейімбек өзін-өзі неге атып өлтірді екен? Тағдырын қыршын қиған қазақ баласы қатал шешімге қалай барды? Шынында намыс үшін бе? Өзін құрбан ететін ол не қылған намыс? Әлде өмірлік мақсаты – оқудан шығарып тастаған соң, тіршіліктің мазмұны қалмады ма екен оған? Қалай болғанда да, алыстағы Қарқаралыдан Омбыға оқу іздеп келіп, сол қалада мәңгілік орын тапқан алаш азаматының қаза болғаны оның жан жолдастарын қатты күйзелткені анық.

Санаулы ғана оқыған азаматы болған сол заманда Сүлейімбек сынды сауатты жігіттің қазасы бар алашқа жария етілді. Ел болсақ, өзге ұлтпен тең болсақ деп аңсаған алаш жұртын бұл қайғылы қаза да ойға батырды. Сүлеймбек қазасы – жеке адам тағдырының қиылғаны ғана емес, ол – отарланған қазақ халқының аянышты халі, дәрменсіз күйі болатын. Сонымен қатар мұндай мысалдар алаш дәуірінде қазақ ұлтын ұйыстыра түсіп, келешегі үшін жанкешті күреске жұмылдырғандығы да аян еді.

Қайырбек КЕМЕҢГЕР, филология ғылымдарының кандидаты

Abai.kz

Related Articles

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • 14 наурыз – Математиктер күні

    14 наурыз – Математиктер күні

    Кафедра профессоры Математиктер күніне арналған «Таңғы Studio» таңғы шоуында 15 наурыз, 2025 14 наурыз – Математиктер күніне орай «Таңғы Studio» таңғы шоуының қонағы белгілі ғалымдар: физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Қангужин Балтабек Есматұлы мен PhD-доктор Жұмабай Мәдібайұлы болды. Эфирде олар математиканың маңыздылығын, мерекенің тарихын, қазақ математиктерінің ғылымның дамуына қосқан үлесін талқылады. Профессор Балтабек Есматұлы математиканың ғылымдардың патшайымы саналатындығына тоқталды. Ол бір жағынан ғылыми білімнің шыңында тұрса, екінші жағынан басқа пәндердің дамуына негіз болатын көмекші ғылым екенін атап көрсетті. Ғалым шексіздік пен математикалық есептеулердің дәлдігін білдіретін π санының шығу тарихына да тоқталды. Доктор Жұмабай Мәдібайұлы бұл күннің 1988 жылдан бастап «π саны күні» (π – иррационал сан, шамамен 3,14142… тең) ретінде тойлана

  • Тек тілге байланысты…

    Тек тілге байланысты…

    Қазақ Республикасында бір ғана мемлекеттік тіл бар. Ол- қазақ тілі. Қазақ тілінен басқа ешбір екінші тілге мемлекеттік мәртебе берілмеуі керек! Отыз жылдан астам уақыттан бері геосаяси ахуалды сылтауратып келдік. Енді біздің де мінезімізді һәм мысымызды көрсететін уақыт келді. ҚР-ның азаматы һәм салық тапсырушы қатардағы тұрғыны ретінде талап етемін! Алдағы бес жылда Қазақ Республикасында елеулі демографиялық өзгерістер болады. Атап айтқанда 2030 жылынан кейін қазақтардың республикадағы жалпы үлесі 80-85% ке дейін артады. Славян халықтарының өсімі азайып 10%-ға дейін түседі. Есесіне елдегі түркітілдес өзбек, татар, ұйғырлардың өсімі еселеп өсіп тіпті 10-15 жылда орыстардың орнын басып озуы мүмкін. Сол кезде Қазақ Республикасындағы жалпы түркітілдес халықтардың үлес салмағы 85-90% ке жетеді. Нәтижесінде қазақ мектептерінің саны,

  • “Төңкеріс жасауға машықтанғандар” кім? Қаңтар құпиясы ашылса, салдары не болады? Депутатпен сұхбат

    “Төңкеріс жасауға машықтанғандар” кім? Қаңтар құпиясы ашылса, салдары не болады? Депутатпен сұхбат

    Нұрбек ТҮСІПХАН Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты, заңгер Абзал Құспан Азаттыққа сұхбат беріп отыр. Астана, 26 қазан, 2023 жыл Қаңтарды кім ұйымдастырғанын билік біле ме, білсе неге ашық айтпады? Парламентте неге Қаңтар бойынша тағы тыңдау өтпейді? Президент Тоқаев Қаңтар “төңкеріс жасауға әбден машықтанған мамандардың жетекшілігімен” ұйымдастырылды деді. Олар кімдер? Мәжіліс депутаты Абзал Құспан осы сұрақтарға жауап берді Азаттық: Абзал мырза, сіз – Қаңтар оқиғасына бір тараптан емес, жан-жағынан қарауға мүмкіндік алған адамсыз. Ең алдымен сол оқиғаға тікелей қатыстыңыз, жұртты алаңға шығуға шақырдыңыз. Одан кейін қанды қырғында қамауға алынғандарды босатуға ат салысып, заңгер ретінде де араластыңыз. Одан бөлек мәжіліс депутаты есебінде де жаңа бір ракурстан қарап отырсыз. Айтыңызшы, жан-жағынан қарағанда Қаңтар оқиғасында сізге

  • Олжас Сүлейменов. Мен білем!.. 

    Олжас Сүлейменов. Мен білем!.. 

    Серік Ерғали Суреттер: madeniportal.kz және С.Ерғали мұрағаттарынан алынды. «Я знаю!..» кітабынан үзінді-аударма. ОСИРИС ЗАҢЫ I Біз адамзат тарихын өте нашар білеміз. XIX ғасырдың басында Наполеон әлемге Мысырды ашты, ал ғалымдар бұл елдің қирандыларын зерттеп, оның шамамен б.з.д. III мыңжылдыққа тиесілі екенін анықтады. Сол кезде адамзат тарихы тағы да қос мыңжылдыққа тереңдей түсті. Бірнеше мыңжылдық бұрын (мен білем) адамзат (немесе оның кейбір бөлігі) таңбалы жазуды қолданып, жазып жүрген. Бұл білімдерді қалпына келтіру арқылы біз XX ғасырдың басында жасанды түрде үзілген тіліміздің тарихына қатысты қолжетер шындықты қайта тануымызға тура келді. 1926 жылы Бакуде өткен алғашқы түркологиялық конгрестен кейін түркология ғылым ретінде қалыптаса алмады… …2018 жылы Назарбаев мені әңгімелесу үшін Ақордаға шақырды. Үлкен үстелдің басында

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: