БІРЕСЕ «ДИГРАФ», БІРЕСЕ «АПОСТРОФ», ЕКЕУІ ДЕ ОҢЫП ТҰРҒАН ЖОҚ.
А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры Е.Қажыбек мырзаға! Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Е.Тілешов мырзаға! Латынға өтеміз. Елбасы осылай деп кесіп айтты. Халық та қолдап отыр. «Келісіп пішкен тон, келте болмайды» деген қазақ мақалына сай ел арасында талқылау да қызу жүріп жатыр. Соған сәйкес, соңғы нұсқа бойынша жүргізген өз зерттеулерімнің қорытындысын Сіздердің назарларыңызға ұсынамын: 11 қыркүйекте ҚР Парламент мәжілісінде таныстырлған латын әліпбиінің алғашқы нұсқасында 25 әріп, 8 диграф берілген. Қоғамда қызу талқыға түсіп жатқан латын әліпбиінің екінші нұсқасында 32 әріп, оның тоғызы апострофпен белгіленген. Бірінші нұсқадағы қазақы әріптерді толықтай латын әліппесі мен пернетақтаға тәуелді етіп «Ә» – ае, «Ө»-ое, «Ү» – ue болып, диграфпен белгіленуі бәріміз үшін