Диктор жан-жақты болуы керек
Педагогика мен дикторлықты қатар алып жүрген адаммын ғой. Мұрат ӘБЗЕЛБАЕВ, профессор: – Сіз Қазақ телевизиясында 15 жылдан астам диктор болып қызмет атқарған кәсіби мамансыз. Әрі педагогсыз. Бұл салада тәжірибеңіз жеткілікті. Дикторларға қояр қандай талап, ұстанымдарыңыз бар? – Бұл салаға бет бұрған жанның бойында бейімділік пен қабілет, дарын, барлық саладан жан-жақты хабардар, білімді болғаны жөн. Үнемі өзін-өзі жетілдірумен айналысқаны абзал. Қазіргі таңда қазақстандық арналарды жас жігіттер мен қыздар жаулап алған ғой. Әуелі мен олардың көздеріне қараймын да, білім деңгейлерін байқаймын. Оншалықты терең емес екенін аңғарамын. Әйтеуір бір жоғары оқу орнын бітірген болар. Мәселе диплом алумен ғана шектелмейді. Қаншалықты кітап оқыды. Саясатқа деген, жалпы, өмірге деген көзқарасы қандай? Эфирде отырған дикторлардың