ХАН КЕНЕНІҢ ҚОШТАСУЫ
Әй, қырғыздар, қырғыздар, Жиналып бәрің тұрсыңдар, «Ноқталы басқа бір өлім», Қазақтың ханын жеңдік деп, Өлгенімді естіртіп, Алатау шығып ырлаңдар, «Болсадағы бас кеспек, Тіл кеспек жоқ» деп азырақ, Қоштасайын ел жұртпен, Дауысымды Құдай жеткізер, Ұшқан құс, ақша бұлтпенен. Қош болыңдар киелі, Саялы бақ тау тасым, Өзім жүрген жерлерім. Мен өлген соң той тойлап, Манаптарың масайрар. Жантай менен Орманбет, Сарнатар қобыз, сырнайын, Басты кесіп алсаңдар. Кеудемде қалар қыл мойын, Горшаков талап еткендей, Қиқаланбасын сүйегі, Орындалсын тілегі. Өз қылышыммен шапқайсың, Шыдаса егер қаймықпай, Жан алғыштың жүрегі. Қандарың көп төгілді, Қыздарың өксіп бұрымды. Соғыстың аты соғыс қой, Сәби де өлді тұлымды. Азаттыққа шақырған, Естімедіңдер үнімді. Ел болсын деп келіп ем, Қазақ қырғыз бірігіп. Қарсы