ШЫҒЫС ҚАЗАҚИЯДАҒЫ ҚАЗАҚ ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ
Шағын Сараптама Дербес ел тәуелсіз мемлекет ретінде “қытай қазағы” дейтін ұғымды қайта пысықтап зерттеп көрудің жаңа кезеңі басталуы керек деп есептеймін. Қытай қазақтарының 20- ғасыр басындағы ояну кезеңі әлі күнге дейін толық зерттелген жоқ. Оның ішінде мемлекет деңгейіндегі тұлғалар туралы жекелеген зерттеулер тіптен кемшіл. Шығыс Қазақиядағы қазақ интеллигенциясының қалыптасуында үш үлкен ықпалды айтпай кету мүмкін емес: Бірінші, 20-ғасыр басына дейінгі дәстүрлі исламдық рухани мектеп (қадимдық мешіт-медреселер); Екіншісі, 20-ғасыр басындағы Шығыс Қазақияның жәдиттік рухани қозғалысы (жәдиттік ағарту, пікір-талас, тб); Үшіншісі, Орыс-Татар арқылы енген Еуропа өркениетінің ықпал етуі немесе Манжу-Қытай арқылы шығыс руханиятымен танысу; Осы үш ықпалдың әуелгісі исламдық жаңғыруды өз ішінен “Қазан, Уфаның рухани ықпалы”, “Бұхара-Көкілташ ықпалы” және “Осыманлы руханиятының ықпалы”