|  |  |  | 

Суреттер сөйлейді Тарих Қазақ шежіресі

ШЫҒЫС ҚАЗАҚИЯДАҒЫ ҚАЗАҚ ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ 

Шағын Сараптама31914162_1072721879558065_2132762750672175104_n

Дербес ел тәуелсіз мемлекет ретінде “қытай қазағы” дейтін ұғымды қайта пысықтап зерттеп көрудің жаңа кезеңі басталуы керек деп есептеймін. Қытай қазақтарының 20- ғасыр басындағы ояну кезеңі әлі күнге дейін толық зерттелген жоқ. Оның ішінде мемлекет деңгейіндегі тұлғалар туралы жекелеген зерттеулер тіптен кемшіл.
Шығыс Қазақиядағы қазақ интеллигенциясының қалыптасуында үш үлкен ықпалды айтпай кету мүмкін емес:

Бірінші, 20-ғасыр басына дейінгі дәстүрлі исламдық рухани мектеп (қадимдық мешіт-медреселер);

Екіншісі, 20-ғасыр басындағы Шығыс Қазақияның жәдиттік рухани қозғалысы (жәдиттік ағарту, пікір-талас, тб);

Үшіншісі, Орыс-Татар арқылы енген Еуропа өркениетінің ықпал етуі немесе Манжу-Қытай арқылы шығыс руханиятымен танысу;

Осы үш ықпалдың әуелгісі исламдық жаңғыруды өз ішінен “Қазан, Уфаның рухани ықпалы”, “Бұхара-Көкілташ ықпалы” және “Осыманлы руханиятының ықпалы” деп үш бөлікпен жеке жеке талдау жасауға болады.
Ал, екіншісі Жәдиттік кезеңді “жәдиттік медресе (діни)”, “жәдиттік мектеп (дүниеуи)” және “жәдиттік таным (пікір-талас)” деп үш бөлікпен бүге шігесіне дейін талдау жасауға болады. Бұның ішінде жәдиттік таным пікір-талас кезеңін де 30- жылдардағы Шығыс Қазақияда жарық көрген қазақтың төл баспасөзіндегі ғылми-танымдық пікір таласпен анықтап айтып беруге болады.31912017_1072721849558068_5444852421937332224_n

Орыс-Татар арқылы енген Еуропа өркениетінің ықпалын екі кезеңге бөліп қарастыруға болады. Бірі, Патшалық Ресей кезеңінде Шығыс Қазақияға пана іздеп ауған орыстар мен татар игі-жақсыларының ала барған рухани, мәдени және танымдық ықпалы; Екіншісі, Патшалық Ресей мен Сәбет одағының тіке саяси, мәдени һам рухани ықпалы. Осы тұстың өзін ҮШ бөлуге болады: Бірі, Патшалық Ресейдің Орынбор мүфтилігі арқылы жасаған ықпалы. Екіншісі, Алаш кезіндегі мемлекеттік қарарлар. Үшіншісі, Қазақ СССР кезеңіндегі Орынбор-Қызылорда-Алматы ордасының саяси ықпалы. Ал, бұларды ішкерлей жіктесек категориялар шұбырып жіктеле береді…31944605_1072721822891404_9146516466131009536_n

Манжур, Қытай арқылы күншығыс руханиятымен танысу кезеңін үш үлкен санатқа бөліп қарастыруға болады:

Біріншісі, Манжур кезеңіндегі Шуетаң оқуылдары (мектеп);

Екіншісі, Демократ қытай дәуірінің ЖОО-дары және әскери, саяси инситуттардың ықпалы;

Үшіншісі, Біріккен Қазақ-Моңғол Оқуылдары (мектеп/Шуетаң);

Бұл жердегі “Манжу шуетаң” оқуылдарын анықтап айтсақ 1912-жылға дейінгі Манжу ақсүйек тұқымдары үшін арнайы ашылған оқу орны туралы баяндалады. Ал, демократ қытай дәуіріндегі жоғары оқу орны (жоо) деп оны екі түрге айыруға болады. Бірі, ішкі қытайдағы әскери, саяси институттар және одан оқу бітірген қазақтар. Екіншісі, Үрімжі (ол кезде Дихуа дейтін) қаласындағы қытайдың жоғары оқу орындары және ондағы оқу ордасынан оқу бітірген қазақтар.
Біріккен Қазақ-Моңғол Оқуылы (мектебі), бұл оқу ордасы туралы Қазақ елінде толық зерттелген жоқ. Бұл оқуыл- Шығыс Қазақияның мәдени, саяси интеллегицсиясын ұядан ұшырған білім ордасы.31776011_1072721982891388_8992341713028644864_n

Шығыс Қазақия дербес мемлекет бола алмаса да мемлекетке тән құрлымдарға дайын болды. Мәскеу, Қазақ СССР-дың күншығысында тәуелсіз Қазақ мемлекетінің орнығуын мүлде қаламады және Моңғолия, Қытай сияқты өзіне жақтас елдермен бірлесіп оның ұлғайып келе жатқан ұлттық негізін жойып, тамырына балта шапты. Дербес ел болмаса да дербес өмір сүре алған Шығыс Қазақияның саяси, мәдени және рухани интеллигенциясымен тап тинақтай толық танысуыңыз алыс емес деп үміттенемін.
Есіңізде болса осы парақшамда Хуаң Фу әскери мектебінде (сол дәуірдің он ірі әскери мектебі) оқыған қазақтар туралы баяндағамын…31906830_1072721926224727_9188372043416993792_n

Елдес ОРДА
04.05.2018

*Ескерту: Оқуыл- Мектеп деген сөз. Жасауыл, Жортуыл, Бақауыл, Қарауыл, Айдауыл, Тінтуір, Шымшуыр, тб

Related Articles

  • Қытайлар Ғұндарға 80 жыл бағынған

    Ғұндардың әскери мемілекетінің құрылуыБіздің заманымыздан бұрынғы 215 жылы Ғұндардың кошпенді-әскери мемлекеті құрылды. Ұлыстың қағаны Түмен болды. Түменнің Бақтұғ( Модон) атты тах мұрагері болды, Түмен оны тах мұрагерлігінен қағып көршілес Нүкүз(月氏)дерге аманатқа жіберді, артынан екі ел жауласқанда Нүкүз ханы Модонды өлтірмек болды, Модон Нүкүздердің бір жүйірік атын қолға түсірдіде ұстатпай Ғұндарға қашып келді. Түмен тәңірқұт оған түмен(10000) жасақты басқартты, Модон ысқырма жебені жасап шығып жасақтарына: «Мен жебені қалай атсам сендерде солай атасыңдар атпағандардың басы кесіледі !» деп әмір етті. Бір жолы өзінің сайгүлігіне қарата оқ атты, өзімен қосыла атпағандарды сол майданда шауып өлтірді. Тағы бір жолы тіпті өз бәйбішесіне қаратып оқ атты, қосыла атпағандарды тағы да өлтірді. Түмен тәңірқұтпен бірге аңға

  • Көктүріктен тараған Қазақ рулары

    Ерзат Кәрібай Көктүрік қағанаты ұлы Ғұн қағанатынан кейінгі көшпенді-әскери жұрттардың құрған империясы. 552-742 жылдарға дейін 190 жылдай дәурен сүрді, билеушы тайпа Ашина тайпасы. Териториясы шығыста Жапон теңізінен батыста қара теңізге дейін; Солтүстікте Сіберия ормандарынан Иран, Қытайға дейін созылған он миллион шаршы километр аумақты алып жатты. Түркі әсілінде Ашина бастаған ондаған тайпалар одағының аты болатын. Тегі Ғұндар мен Сақтардың бірінен, ең алғашында Нионуан қағанатына қарасты теміршілер болатын, 545 жылы Бумын қаған Терглектер(арбалылар немесе қаңғарлар) Нионуандарға аттанған жасақтарын тосқауылдап талқанын шығардыда 50 мың отбасы Терглектерді бағындырып алдыда 546 жылы Нионуан қағаны анағайды ойсырата жеңді, анағай өзін-өзі өлтірді. Осылайша Көктүрік қағанаты құрылды. Қағанат Алтай тауында шаңырақ көтерді де кейін көшпенділердің қасиетті жұрты болған

  • Шыңжаңды Таныстыру

    “Шыңжаңды Таныстыру” (新疆介绍) атты бұл кітап 1949-жылдың қазан айында жарық көрген екен. Кітапта Қазақтар мен Моңғолдарды баса таныстыруға мән беріпті. Кітапта Қазақтарды арнайы суретімен (атқа мінген, тымақ киген) беруін мен мынадай жағынан түсіндіремін: Бірінші себеп, қазақтардың қолында жаппай дерлік қару болды; Мысалы, 1944-45 жж Құлжадағы Шарқи Түркістан үкіметіне қарасты 30 мыңнан астам Ұлттық Армияның кемінде 90 пайызы Қазақтарды құрады. Қазақ әскерлерін Қазақ ССР-дан құпия келген екінші дүние жүзілік майданда соғыс көрген офицерлер мен әскери мамандар арнайы әскери жаттығудан өткізген. Манас өзеніндегі келсімшарттан соң жүзден астам әскери мамандар Қазақ ССР-ға қайтып кетті.  Екіншісі, 1944-жылы Құлжада Шарқи Түркістан үкіметі мен Ұлттық Армия құрылған соң уақытша үкімет құрамына кірмей қалған Қазақ уалаяты Нан

  • Тәуелсіздік күрескерлеріне мың алғыс!

    1986 жылы желтоқсан айының ортасында Алматы қаласындағы Брежнев (қазіргі Республика) алаңы бүкіл әлемнің назарын өзіне аударды. Ол кезде қазіргідей интернет, әлеуметтік желілер жоқ болса да, жергілікті жастардың демократиялық бас көтеруі туралы ақпарат дүниежүзіне тарап үлгерген еді. Компартияның Д.Қонаевты қызметінен тайдырып, оның орнына бұған дейін Қазақстан үшін беймәлім болған Г.Колбинді тағайындауы наразылық туғызып, қаладағы орталық алаңға он мыңдаған жастар жиналды. Қарсы келгенді қан қақсатып үйренген кеңес өкіметі бұл жолы да ешкімді аямады. Бейбіт сипатта басталған шеру ақыр соңында күшпен басылып, оған қатысқандардың біразы қаза тапты, көбі қуғынға ұшырады. Осы бір тарихи сәтті жастардың жадында мәңгі сақтау үшін, «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен шаһардағы бірқатар мекемелерде арнайы кездесулер

  • Алғашқы теңгеге Назарбаев бейнесі қалай түспей қалды?

    Асылхан МАМАШҰЛЫ Серікболсын Әбділдин.  1993 жылы қарашаның 15-інде Қазақстан өзінің ұлттық валютасы – теңгені айналымға шығарды. Сол кезде елдің Жоғарғы кеңесін басқарған Серікболсын Әбділдин теңгенің қалай басылғаны жайлы, дизайны қалай дайындалғаны туралы айтып берді. Теңге айналымға шықпас бұрын Қазақстан соңғы сәтке дейін Ресейдің рубль аймағында қалуға тырысты. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев “Ғасырлар тоғысында” атты кітабында рубльді сақтап қалуға деген ұмтылысын “рубль аймағының бұзылуы (ортақ валюта – ред.) ТМД елдерінен алшақтауды тездетер еді. Ал Қазақстан бұған дайын емес еді” деп түсіндіреді. Кітапта Назарбаев “1992 жылы Ресейде барлық баға босатылды. Сол кезде іске кірістік. Мен Қазақстан валютасын шығаруды бастау туралы құпия жарлыққа қол қойдым” деп жазды. Алайда Азаттық тілшісімен сұқбаттасқан Жоғарғы кеңестің

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: