Тасмағамбетов Ресейдегі елші болып тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметінен босатылды-деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап kerey.kz.
Мемлекет басшысының кадрлық өзгерістерге қатысты мәлімдемесі
Қазақстанның Ресейдегі елшісін тағайындадым. Ол – Иманғали Тасмағамбетов. Біріншіден, Ресей – біз үшін көрші әрі әріптес, экономика мен саяси тұрғыдан өте жақын мемлекет. Ол жерге өте беделді, тәжірибелі, салмақты, Қазақстан мен Ресей арасындағы жағдайды білетін тұлға қажет болғаннан кейін осындай шешім қабылдадым. Екіншіден, Тасмағамбетовтің қалауы солай болды. Ойы мен тілегін ескеріп, екі жағынан да сай келетін болғандықтан, оны сол қызметке тағайындадым.
Пікір қалдыру