|  | 

Шоу-бизнис

“The singer” байқауындағы Димаштың қарсыластары кімдер?

Қытайдың Hunan Tv арнасынан көрсетіліп жатқан “The singer” халықаралық байқауында әлемнің ең мықты орындаушыларымен бірге қазақстандық әнші Димаш Құдайберген бақ сынап жатыр. Осы орайда, әншінің менеджері Алпамыс Шәрімовтің ақпаратына сілтеме жасай отырып, NUR.KZ назарларыңызға байқау қатысушыларын ұсынады.

"The singer" байқауындағы Димаштың қарсыластары кімдер?

ДИМАШ ҚҰДАЙБЕРГЕН. ФОТО: INSTAGRAM

Сэнди Лэм (51 жас. Гонконг)

"The singer" байқауындағы Димаштың қарсыластары кімдер?

1984 жылдан бері шығармашылықпен айналысып келе жатқан Сэнди қытай, путунxуа, ағылшын, жапон тілдерінде ән шырқайды. «Азиялық ең үздік альбом», «Гонконгтың ең танымал әншісі» және т.б марапаттар иегері. 37 альбомның авторы. Қытайлық көптеген сериал және кино актрисасы.

Тан Цзин (40 жас. Қытай)

"The singer" байқауындағы Димаштың қарсыластары кімдер?

Қытайда «Тепе-теңділік дауысы» иегері атанған Тан Цзин негізінде әскери әнші. Бейжіңде өткен 2008 жылғы xалықаралық олимпиадада SKY әнін шырқады. Австрияның Вена қаласында жеке концертін беріп, Европа көрермендерінің қошеметіне бөленген. Атақты «Ұлы Қытай қақпасына» алғаш жеке ән кешін берген әнші. Шет елдік Роберт Уэллс, Гленн Хьюз, Уинн Эванс, Блэйк сынды атышулы жұлдыздарымен бірге өнер көрсеткен. Атақты актер Джеки Чанның ең жақын досы және онымен бірге дуэт айтқан бірінші әнші болып табылады.

«LION» тобы (Тайвань)

"The singer" байқауындағы Димаштың қарсыластары кімдер?

Атақшы әнші Джам Хсиаоның бастауымен құрылған тайвандық рок тобы. Хсиао өте танымал. Гонконг жұлдыздар марапатында «Ең үздік әнші»(2012), Golden Melody Awards «Ең үздік әнші»(2013) MTV awards «Ең үздік әнші»(2008) және т.б. «Ешқашан адам өлтірмейтін қарақшы» (2011 ж. Басты рөл Оуян); «Фатед сені сүйеді» (2008); «Кішкентай Маxаббат» (2009); «Тек қана ән мен би» (2013); «Менің Geeky Nerdy досым» (2014) т.б кино картиналарда ойнады. 2007 жылы, 2008 жылы Қытайдағы «Ең танымал адам» атағының иегері.

Чжан Цзе (35 жас. Қытай)

"The singer" байқауындағы Димаштың қарсыластары кімдер?

Қытайлық поп әнші және актер. Mnet Asian Awards «Ең үздік Азия әншісі» (2007); Дәстүрлі алтын диаграмма иегері (2011); АМА «Ең үздік шет ел әншісі»(2014). «Химиялық реакция» (2006), «Қытайлық IDOL»(2009) филімдерінде басты рөлді сомдады.

Чжао Ли (31 жас. Қытай)

"The singer" байқауындағы Димаштың қарсыластары кімдер?

Қытайлық әнші және актер. Дәстүрлі «Music Awards» «Top ten music альбом» иегері. «Біздің уақыт» ұлттық концерттік турға шыққан. «Өсу мүмкін емес» (2016) альбомы көптеген марапатқа ие болды.

Тереза Карпио (61 жас. Канада)

"The singer" байқауындағы Димаштың қарсыластары кімдер?

1975 жылдан бері қарай Гонконг қаласында өзінің телеарнасы бар. Терезаның аты Жапония, Сингапур, Малайзия, Таити, Австралия, Тайланд, Бруней, АҚШ және Канада елдеріне кеңінен танымал. Ол көптеген атақты әншілердің ұстазы. Өзімен бірге ең алғашқы шәкірті Сэнди Лэм «I am Singer» жобасына қарсылас ретінде қатысып жатыр.

Майкл Вонг (46 жас. Малайзия)

"The singer" байқауындағы Димаштың қарсыластары кімдер?

Малайзияның ең танымал әншісі. Көптеген мемлекеттік марапаттардың иегері. Қытай мен Малайзия мәдениет қарым-қатынасының ресми өкілі болып табылады. Азиялық музыка жүлделерін жеңіп алған.

Тиа Рэй (32 жас. Қытай)

"The singer" байқауындағы Димаштың қарсыластары кімдер?

2004 жылы Жапонияда кәсіби білім алған. Дэвид Бекxаммен бірге 2013 жылы Ұлыбританияда Warner өкілі ретінде қатысып, өнер көрсеткен. 11 жеке альбомы жарыққа шыққан. Альбомдарының көбісі Жапония және Қытай елдеріндегі музыкалық байқаулардың ең үздік марапаттарына ие болған.

nur.kz

Related Articles

  • Мәскеу биржасы санкцияға ілінді. Теңге мен Қазақстан биржасына қалай әсер етеді?

    Хадиша АҚАЕВА Қазақстандық қор биржасы иелерінің бірі – Мәскеу биржасы Ресейдің әскери агрессиясы салдарынан АҚШ санкциясына ілікті. Бұл Қазақстандағы қор және валюта нарығы мен теңге бағамына қалай әсер етеді? АҚШ осы айда Ресейдегі ірі биржа холдингіне санкция салды. Американың қаржы министрлігі Мәскеу биржа арқылы әскери мақсатқа капитал тартқан, Ресей азаматтары мен “дос мемлекеттер” “Ростех”, “Вертолеты России” сияқты қорғаныс кәсіпорындарының құнды қағаздарын сатып алып, инвестиция құйған деп есептейді. Ресейге қарсы санкциялар Қазақстанға да әсер етеді. Өйткені Астана Ресей экономикасы басымдыққа ие Еуразия экономика одағына мүше. Мәскеу – Астананың негізгі сауда серіктестерінің бірі. РУБЛЬ ЮАНЬҒА ТӘУЕЛДІ. ТЕҢГЕНІҢ ЖАЙЫ НЕ БОЛАДЫ? Мәскеу биржасы санкцияға ілінгеннен кейін доллар және еуромен сауда жасауды тоқтатты. Қазір

  • Алматыда зілзала болса, ең алдымен қандай үйлер қирауы мүмкін? Сәулетші Айдар Ерғалимен сұхбат

    Пётр ТРОЦЕНКО Алматының жоғарғы жағындағы көпқабатты ғимараттар. 18 шілде, 2022 жыл Қазақстандық сәулетші Айдар Ерғали егер күшті жер сілкінісі болса, сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан Алматы қаласы қандай қиындықпен бетпе-бет келетінін, совет кезінде салынған үйлер қазіргі заманғы көпқабатты ғимараттармен салыстырғанда жер сілкінісіне төтеп беруге неліктен әлсіз екенін айтты. 23 қаңтар күні Алматыда жер әдеттегіден қаттырақ сілкініп, елді дүрліктірді. Бұл оқиға кең ауқымдағы табиғи апатқа қала билігі мен тұрғындар қаншалықты дайын деген әңгімені қайта қоздырды. Жұрт әсіресе төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің ерте хабарлау жүйесі дұрыс жұмыс істемегенін, СМС-хабарламалар дер кезінде түспегенін де сынға алды. Жер бірінші рет сілкінген сәтте Алматы тұрғындары жапа-тармағай үйден сыртқа қарай жүгірді, кейбірі тіпті сырт киімін де кимеген

  • Цифрлі теңге “жаңа экономика” құруға көмектеспек

    Блокчейн технологиялары Қазақстанды жемқорлықтан барынша тазартып шыға алады. Бүгін Мемлекет басшысы бюджет қаражатының жұмсалуын бақылау үшін цифрлық теңгені пайдалана отырып, ақшаны таңбалау кілті туралы айтып өтті. Цифрлі теңгенің ең мықты жері осы. Программаланған токен болғандықтан ақша кімнен кімнің қолына өтті, бақылап отыра аламыз. Мысалы, мемлекеттік тендерлердің барлығын цифрлі теңгеге ауыстырып, осы тендерлік цифрлі теңгені қолма-қол ақша ретінде шешіп алу мүмкін болмайтындай жасап қоюға болады. Сонда біз тендер жеңімпазының ақшаны қалай жұмсағанын, кімнен тауар алғанын, кімдерге қанша айлық төлегенін көріп, содан үлкен BIG Data базасын құраймыз. Дәл осы кезде, мемлекеттік ақшаға мүмкіндігінше қазақстандық тауар алынғандығын бақылап, мәжбүрлеп отыруға мүмкіндік бар. Осы арқылы жемқорлықты атымен жойып, отандық бизнеске мықты қолдау көрсете алмақпыз.

  • Қазақстан Солтүстік Ирландияны жеңді. Құраманың Еуро-2024 додасына шығуға мүмкіндігі сақтаулы

    Руслан МЕДЕЛБЕК Қазақстан құрамасының ойыншылары жанкүйерлерге алғыс айтып жатыр. Астана, 10 қыркүйек 2023 жыл. Футболдан Қазақстан құрамасы Еуро-2024 турниріне іріктеу аясында Солтүстік Ирландияны жеңді. Астанадағы матчта жеңіс голын “Ақтөбе” шабуылшысы Максим Самородов салды. Қазақстанның келесі жылы Германияда өтетін Еуропа чемпионатына шығуға мүмкіндігі әлі де сақтаулы. Матчтың 27-минутында Абзал Бейсебековтің алаң ортасынан шығарған пасын Максим Самородов әдемі голға айналдыра білді. Максим қатты келген пасты аяғымен тоқтатты да, қарсылас қақпасының сол қапталына бағыттаған. Солтүстік Ирландия қақпашысы Бэйли Пикок-Фаррелл қолын созғанымен жетпеді. Доп қақпада. 30 мың жиналған стадион тулап сала берді. Гол авторы Максим Самородов (10-нөмерде) мен Қазақстан ойыншылары голды тойлап жатыр. Астана, 10 қыркүйек 2023 жыл. Осы голдан кейін Солтүстік Ирландия шабуылды

  • 1 440 000 ТЕҢГЕ, Ұшақ, пойыз, автобус кешіксе өтемақыны қалай алуға болады?

    Самат Мусабаев Жазда қозғалыс көбейеді. Елдің ішіне де, сыртына да саяхат, демалыс, балалардың каникулы деп тыным таппаймыз. Қозғалыс көбейген соң жолаушылар тасымалында қиындық туындап, желіден үнемі реніш пен ашуға толы жазбалар оқып тұрамыз. Ұшақтың кешігуі, пойыздың кестеден қалып қоюы секілді оқиғалардың аптасына әлденешеуі белгілі боп жатады. Менің айтпағым да осы мәселеге қатысты: Жақында әріптес ағам Еділ Жаңбыршин екеуміз ел жаққа бірге ұштық. Маңғыстауда кездесулеріміз жоспарланған еді. Астана әуежайына біз уақтылы келгенімізбен, Air Astanaның ұшағы уақтылы ұша қоймады. Уақтылы дегенде жарты сағат, бір сағат дегенге етіміз әбден үйренді ғой. Енді бұлар екі сағат, үш сағаттап ұшпауды шығарыпты. Біздің ұшағымыз бақандай үш жарым – төрт сағатқа кешігіп ұшты! Отандық әуе компанияларының осы

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: