|  |  | 

Көз қарас Саясат

Ақселеу Сейдімбек:”Біздің министрлеріміздің 90 пайызы “Елім-ай” әнін білмейді.”

ШЫННЫҢ ЖҮЗІ бағдарламасындағы сұхбатыАқселеу_Сейдімбек

Абыз ақсақал, этнограф ғалым, жазушы, академик, мемлекет және қоғам қайраткері, біртуар тұлға марқұм Ақселеу Сейдімбек ата мен қарымды журналист, ұлтжанды азамат Қасым Аманжол сұқбатынан:
Қ. А:”Аға біз осы нені жоғалттық?
Неден айырылдық?”
А. С:”Айырылғанымыз көп ғой…мысалы, бір нәрсеге пүшәйман болам. Біз уәдеге берік халық едік, уәдеден тайдық….Менің ішімнен шыққан балам өзіне қатысты іс болмаса берген уәдесінде тұрмайды. Ол балам басқаға не істемейді…және де бұл жалғыз жарым мінез емес екенін де жақсы білем. Демек, біздің халықтың бұл ең ұлы құндылықтарының бірі еді. Әрбірден соң құранды өзінің моральдық этикалық нормасына бұрып алған мынандай мәтел бар.”Құдайдың мың бір аты бар, бір аты-уәде” немесе “Уәде-Құдайдың аты” дейді. Қазақ даласына 20-ғасырға дейін келген сыртқы этнографтар бір-ақ нәрсеге таң қалады. Өте ірі, тағдырлы істер тек ғана уәдемен шешіле береді бұл далада.
Ал, қәзір уәде беріп тұрып, көзіңді бақырайтып тұрып, ол аздай ақ саған қол хат жазып беріп тұрып қақпанға түсіріп кетеді….
Осындай, осындай жоғалған құндылылықтарды тізіп тауыса алмайсың. Өте көп…Әсіресе біздер, менің қатарластарым, қос кіндік ұрпақ қаймағы бұзылмаған ауылдың, көшпелі өмір салтың соңғы түтінін иіскеген, ошағына жылынған ұрпақпыз. Одан кейін мына жаңа қоғам, жаңа жүйемен беттестік. Біз салыстыру арқылы ненің жоғалғанын, нені жоғалтып отырғанымызды қатты сезінетін ұрпақпыз. Бұл ретте біз халықтың тамаша, аяулы асыл қасиеттерін көмескілеп бара жатырмыз. Тағы да қайталап айтамын, үлкен мемлекеттік деңгейде тамаша шаралар жасалып жатыр. Ел болу үшін, мемлекет болу үшін, ұлт болу үшін бірақ, осы салада мән беріліп жатқан қарқынды қимылды сезбеймін…
Мен қәзір жоғары оқу орнында сабақ беремін. Бізде білім мазмұны да жоқ.
Қ. А:”Қалай?”-
А. С:”Кез-келген білімнің мазмұны болады. 1-курстың, 2-курстың, 3-курстың не болмаса 1-сыныптың ,2-сыныптың білім мазмұндары, білім деңгейлері болады. Білім мазмұндарының ішінде біздің ұлттық ділімізді, минталитетімізді сақтауға, ұштауға, жетілдіруге бағытталған білім жоқ. Мазмұн жоқ!
Керісінше онда басқа құндылықтар бел алып жатыр….Біздің төл табиғатымызға жат құндылықтар бел алып жатыр…
Демек, бұл өте терең сезіну арқылы тегеурінді харекет жасайтын өрістеріміздің бірін сөз етіп отырсың.
Қ. А:”Мұның бәрі советтік дәуірден бері әбден жолға қойылып, әрі соның салдарымен келе жатқандықтың белгісі ме әлде советтік дәуір кезінде дегенмен қарсы күрестер болып кейіннен барып айырылып қалдық па?”.
А. С:”Бұл жанағы алғашқы айтқан уәжіңнің жөн жобасы бар.
Совет заманында не керек еді. Елдің басшыларының қоғамның қандай болу тетіктерін білетін басшының керегі жоқ. Тек шаруашылық басшылар ғана керек еді. Біздің Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бастап осы үрдіс, осы бір жаман әдет әлі жалғасып келе жатыр.
Мемлекетімізді басқарып отырған басшыларымыз, әсіресе сала-саланың тізгініне ие болып отырған министрлеріміз олар өзінің саласының шаруашылығының қалай жүргізу керектігін өте жақсы біледі. Бірақ, мемлекеттік құрылысты жетілдірудің, мемлекеттік құрылыс аясындағы ұлттың төлтумалығын сақтап қалудың, жаһанданудың ұлы көпірінде ұлтқа араша түсудің мүлде тетіктерін білмейді. Былайша айтқанда мемлекеттік тұлғалар емес, шаруашылық ғана тұлғалары.
Совет заманындағы негізгі ұстаным болған құйтырқы әдет қанымызға кіріп, бізден әлі күнге дейін сүйретіліп қалмай келе жатыр….
Біз әлі күнге дейін министрлерімізді өзінің шаруашылық саласын жақсы білгені үшін, экономиканы дұрыс дөңгелеткені үшін, ақшаны жақсы есептей алғаны үшін ғана қоямыз.
Бірінші басымдық қасиетті соған береміз. Олай емес! Бірінші басымдық қасиетті ұлт болмысын қалай біледі?! Мемлекет болып және де ұлт болып, ұлттық мемлекет болып сақталып қалу үшін қай тетікті басуды біле ме?! Ұлтқа жаны ашитын ұлттық намысы, рухы бар ма?! Ұлт тарихын, салт-санасын, дәстүр ғұрпын біле ме?!
Міне, осындай кретерийлер жетіспейді!
Біздің министрлеріміздің 90 пайызы “Елім-ай” әнін білмейді. Бұл символды мысал. “Елім-ай” әнін білмеу, ұлтты білмеу! Өкінішке орой бізде осы бір талғамсыз дәстүр, ел тағдырын сеніп тапсыратын азаматтарға қатысты мүлде ескерілмей келе жатыр….”.

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: