|  |  | 

Көз қарас Руханият

Асқақ рухты құт керуені

800px-Gengis_Khan_empire-en

Қазақстанда ең алғаш рет Ата баба рухын қастерлеп,ырыс-құтты елге қайтарушы тарихи этнографиялық экспедиция жасақталып жатыр.Сол экпедицияның ұйымдастырушысы этнограф,ғалым Төреғали Батырханұлымен сұқыбаттасқан едік.

-Асқақ рух құт керуені не үшін керек?

-Біз бір ғасырға жуық бодандық құрсауында өмір сүрдік.Ұлттық құндылықтарымыз бен салт-дәстүрлеріміздің алтын жаухарлары ұрланды.Рухымыз сынып,құт берекеміз қашты.Тәуелсіз ел болдық.Бірақ тәуелсіздігімізді шын мәнінде сезіне алмай келеміз.Неге?Себебі ұлттық рухымыз қалпына келген жоқ.Ырыс –құтымыз шашырап жұр.Соны қалыпқа келтіру үшін ата бабаларымыздың табаны тиген,патшалық құрған елдеріне барып,рухтарына құрбандық шалып,көне жәдігерлер жинап ырыс құтын елге қайтару керек.Тәуелсіздік алған жылдары Ресейден тайқазанды  Түркістанға әкеліп қою бастамасы керемет еді.Бірақ кеиін жалғасын таппай аяқсыз қалды.Ежелгі түркілердің наным сенімі бойынша « Кие» деген болады. Кие- адамға,жануарға,заттарға байланысты айтылады.Сондай киелі көне жәдігерлеріміз басқа елдердің меншігіне айналып,ырыс құты мен берекесін тасытып отыр.Біз оларды елге әкелсек өзіміздің дәулетіміз молаймақ.Ата бабаларымыздың рухымен байланыс орнатпай көгеріп көктемейміз.Астанадан асқақ рухты қазақ елі тарихи этнографиялық зәулім кешенін салу керек.Кешеннің ішінде киелі алтын тақ орнатылады.Тақтың алдында ақ киіз төселінеді.Алтын тақты жағалай Еділ,Бумын қағаннан бастап қазіргі елбасыға дейін патшалардың алтын бюстары тұрады.Күн сәулесі кешеннің шаңырағына түскен кезде кешен ішінде алтын нұр пайда болуы керек.Сол нұр кешенге келген әрбір адамға рух беріп,кешеннен ерекше бір әсермен қанаттанып шығуы керек.Қабырғасында әлемнің ескі картасы ілініп тұрады..Алтын таққа жаңа сайланған президент ант берген соң келііп отырып,абыз ақсақалдардан бата алады.

-Асқақ рух құт керуені қашан басталмақ?

-Демеуші табылса 2017 жылы жаздан бастап кетеміз.Топта 11 адам болады.Тарихшы,этнограф,журналист.т.б.

-Асқақ рух құт керуенінің байрағын көріп тұрмын.

-Иә,байрақ тоғыз шашақтан тұрады.Ежелгі түркілерде тоғыз саны асқақ рухтың белгісі  болып есептеледі. Біз рухымызды елге қайтарсақ ата баба алдындағы ұрпақ парызын өтейміз. «Өлі разы болмай тірі байымайды» деген.Ырыс құтымыз шаңырағымызға оралып,табысымызға береке кіреді.Асқақ рух құт керуеніне демеуші боламын деген асқақ рухты мырзалар мен ханымдар табылса қатарымызға қосамыз.Ата баба асқақ рухын бірге көтерейік!

Демеуші болам деген мырзалар мен ханымдар мына тел:87017121942 хабарласса болады, немесе kerey.kz сайтының телефонына хабарласуы қажет.

Related Articles

  • “Төңкеріс жасауға машықтанғандар” кім? Қаңтар құпиясы ашылса, салдары не болады? Депутатпен сұхбат

    “Төңкеріс жасауға машықтанғандар” кім? Қаңтар құпиясы ашылса, салдары не болады? Депутатпен сұхбат

    Нұрбек ТҮСІПХАН Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты, заңгер Абзал Құспан Азаттыққа сұхбат беріп отыр. Астана, 26 қазан, 2023 жыл Қаңтарды кім ұйымдастырғанын билік біле ме, білсе неге ашық айтпады? Парламентте неге Қаңтар бойынша тағы тыңдау өтпейді? Президент Тоқаев Қаңтар “төңкеріс жасауға әбден машықтанған мамандардың жетекшілігімен” ұйымдастырылды деді. Олар кімдер? Мәжіліс депутаты Абзал Құспан осы сұрақтарға жауап берді Азаттық: Абзал мырза, сіз – Қаңтар оқиғасына бір тараптан емес, жан-жағынан қарауға мүмкіндік алған адамсыз. Ең алдымен сол оқиғаға тікелей қатыстыңыз, жұртты алаңға шығуға шақырдыңыз. Одан кейін қанды қырғында қамауға алынғандарды босатуға ат салысып, заңгер ретінде де араластыңыз. Одан бөлек мәжіліс депутаты есебінде де жаңа бір ракурстан қарап отырсыз. Айтыңызшы, жан-жағынан қарағанда Қаңтар оқиғасында сізге

  • Атеистер мен тәңіршілдерге мың алғыс! 

    Атеистер мен тәңіршілдерге мың алғыс! 

    Елдес Орда Сурет: Автордың жеке архивінен алынды. Қазақ қоғамында жаңа интеллектуалдық кезең туып келеді. Бірінші, қазіргі қазақ қоғамында сенім мәселесіне қатысты пікірталастардың күшеюі кездейсоқ құбылыс емес. Бұл дегеніңіз әлеуметтік желілердің, ашық ақпараттық кеңістіктің және жаһандық интеллектуалдық ағымдардың ықпалымен қалыптасқан жаңа қоғамдық ойлау формасының көрінісі. Атеистік көзқарастардың ашық айтылуы, тәңіршілдік идеялардың қайта жаңғыруы және дәстүрлі діни орта арасындағы пікір қақтығысы зиялы ортада алаңдаушылық тудырғанымен, шын мәнінде бұл құбылыс қоғамның рухани әлсіреуін емес, саналы ізденіске бет бұрғанын көрсетеді. Екінші, ұзақ уақыт бойы қазақ қоғамындағы діни дискурс негізінен МОНОЛОГТЫҚсипатта болды. Уағыз айтылды, ал тыңдаушы тарап оны талқылаусыз қабылдауға тиіс еді. Сұрақ қою күмәнмен, күмән әлсіз иманмен теңестірілді. Мұндай ортада сенім дәлелдеуді емес, қайталауды талап етті. Ғылыми

  • Олжас Сүлейменов. Мен білем!.. 

    Олжас Сүлейменов. Мен білем!.. 

    Серік Ерғали Суреттер: madeniportal.kz және С.Ерғали мұрағаттарынан алынды. «Я знаю!..» кітабынан үзінді-аударма. ОСИРИС ЗАҢЫ I Біз адамзат тарихын өте нашар білеміз. XIX ғасырдың басында Наполеон әлемге Мысырды ашты, ал ғалымдар бұл елдің қирандыларын зерттеп, оның шамамен б.з.д. III мыңжылдыққа тиесілі екенін анықтады. Сол кезде адамзат тарихы тағы да қос мыңжылдыққа тереңдей түсті. Бірнеше мыңжылдық бұрын (мен білем) адамзат (немесе оның кейбір бөлігі) таңбалы жазуды қолданып, жазып жүрген. Бұл білімдерді қалпына келтіру арқылы біз XX ғасырдың басында жасанды түрде үзілген тіліміздің тарихына қатысты қолжетер шындықты қайта тануымызға тура келді. 1926 жылы Бакуде өткен алғашқы түркологиялық конгрестен кейін түркология ғылым ретінде қалыптаса алмады… …2018 жылы Назарбаев мені әңгімелесу үшін Ақордаға шақырды. Үлкен үстелдің басында

  • Қытай интеллигенциясы қытай иероглифін сынады, қытай тілін емес…

    Қытай интеллигенциясы қытай иероглифін сынады, қытай тілін емес…

    Қазір әлеуметтік желіде кейбір қазақ зиялыларының қазақ тілін сынаған пікірі тарап жүр. Есіме бір кездері Қытай интеллигенциясының қытай иероглифін сынағаны түсіп кетті. 20- ғасырдың алғашқы ширегінде қытайдың дәстүрлі иероглифтерін сынамаған зиялы кемде кем. *** *** *** “Иероглифтерде заманауи идеялар мен теорияларды жеткізетін сөздік қор жоқ, әрі олар зиянды ойлардың ұясына айналады. Оларды жоюда ұят жоқ” деп жазды 1918 жылы Қытай Коммунистік партиясының негізін қалаушылардың бірі әрі Жаңа мәдениет қозғалысының жетекші қайраткері Чэнь Дусю (陈独秀). Қытай иероглифін қатты сынаушылардың қатарында тағы да Қытай коммунистік қозғалыстың жетекшілерінің бірі Цюй Цюбай (瞿秋白) де болған. Ол тіпті 1931 жылы “Қытай иероглифтері шын мәнінде әлемдегі ең лас, ең жексұрын әрі ең жиренішті нәрсе. Тіпті ортағасырлық

  • Қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады?

    Қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады?

    Zhalgas Yertay         Қазақстан билігі мемлекеттік тілді дамыту үшін қатаң шешімдерге барғысы келмейді дейік. Бірақ қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады? Соны ойланып көрейік. Қазақ тілін дамыту жайын айтқан кезде Қазақстан билігі қоғамды екіге бөледі. Бірі – тілді дамытудың радикал шешімдерін ұстанады, екінші жағы – қазіргі статус-квоны сақтағысы келеді, яғни ештеңе өзгертпей-ақ қояйық дейді. Бірақ екі жолды да таңдамай, ортасымен жүруді ұсынып көрсек қайтеді!? Батыл қадамдарға барайық, бірақ ол радикал жол болмасын. Қазақ тілін күшпен емес, ортаны дамыту арқылы күшейтсек болады. Яғни адамдар тілді үйреніп әуре болмай-ақ, халық жай ғана қазақ тілі аясында өмір сүруді үйренсін. Негізгі ой осы. Біз осы уақытқа дейін адамдар ортаны

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: