|  |  | 

Тарих Әдеби әлем

Ергене қоң аңызының ақиқаты

Жас тарихшы Ерзат Меллатханұлының зерттеу мақаласын ұсынамыз.

Еуразия ұлттық университетінің магистранты

1.Қияндардың арғы тарихы

ҚазыргіЖұңго тәрихының ата-бабалары болған хуаңди,иәнди лерде кошпенді ру-таипалардың косемі болатын,”Ғұн ілімі” атты топтамажинақта тәрихшы  Лу сі жиәннің болжамынша хуаңди,иәндилерде Қяндардан шыққан.хуаңди(黄帝 )  Қазақшалап айтқанда сары патша,хуаң(黄) сөзы сары деген сөз,ал Қазақта хуаң деп құрғаған,сарғайған жерді айтатыны тағы бар,ал ди(帝,көнеше оқылуы:дек яғыни тек) бізше айтқанда тек деген сөз.сонда хуаңди -сары текті деген сөз болады,арғы замандарда ақсары адамдар текті тұқым саналған.демек насіліЕвропейд болуы әбден мүкін.ал хуаңдидың басты қимыл жасаған жерыі жұңгоның батыс терістік өлкелері болатын.ондағы 黄河(сары өзен) алабы сондағы көшпенділердің қысқы қыстауыда,ал Мұңғұл үстірті жазғы жәйлауі болуы әбден мүмкін.осы алғашқы көшпенділердің төтемі айдағар,Түрыкше айтқанда -ұлу,он екі жылдың бірін әлі ұлу жылы дейміз,көне Қытайша 龙( ) ,тағы бір төтемдік құсы-самұрық,самұрық Қазақ ертегі -аңыздарында жіиі айтылатын алып құс,оны жеті қабат көкке шығып кетеді деп сипаттайды.ежелгіҒұн моласынан табылған Ғұн тәңірқұтының тәжісінде айнала айдағармен нақышталса төбесіне құс қойылған.

Сымачянның”тәрихнама.бес бабалық шежіресінде:”тәңір рухынан жәралді,әлсіз бола тұра сойлей алды,балакүнінде шәпшәң болса,ержете келе батыр,зерек болды…” делінеды,бұндағы тәңіріЖұңго тарихшыларының айтуынша айдағар тауларының үңгіріндегі жылан денелі,адам әлпетті хайуан. ал Сақтардыңда арғы тегі тарғатай”үңгір ішіндегі жыланнан туылыпты” (1)дегенге қарағанда Сақтар кейін батысқа кеткен Қяндар болуы әбден мүмкін.хуаңди 18 жасында таққа шыққан кезде чи иу ағайынды 81 екен,олар адам бетті,жылан денелі екен,олар хуаңдимен соғысқанда чи иудың сиқырымен үш-күн үш түн тұман басып хуаңдилердің ес-ақылын алыпты,ақыры хуаңди соғыс арбасын ойлап тауып,чи иуды ойсырата жеңіпті де бүтін орта жазықтың қожасына айналыпты.кейін хуаңди керемет бір румка жасапты,сол сәтте аспаннан бір айдағар келіп хуаңди ді аспан тәңірінің шақыруымен өзіне мінгізіп аспанға алып кетіпті.хуаңдиды Жұңго мәдениетінің атасы деп қарайды ол:арбаны,қайықты ,үй салуды ойлап тапқан,әйеліне жібек құртынан жібек тоқуды тапқырлатқан,тағы бір нокеріне балшық жазуды тапқырлатқан екен.

2.Ұлы Хя иымперясі

Ұлы Хя(夏жәңаша оқылуы шя,көнеше хя немесе ха),Сымачянның “тарихнама.шяның аулет шежіресі” інде :夏禹,名曰文命。禹之父曰鲧,鲧之父曰帝颛顼,颛顼之父曰昌意,昌意之父曰黄帝。禹者,黄帝之玄孙而帝颛顼之孙也。禹之曾大父昌意及父鲧皆不得在帝位,为人臣。

“Шя иұй,аты ұн миң,оның әкесі гұн,оның әкесі ди жуан ши,ди жуан шидің әкесі чаң и,чаң и дің акесі хуаңди,иұи хуаңдидің немересі ди жуан ши дің немересі,иұидің ұлы әкесі и чаң мен гун патша орынына отырмаи уәзір болғандар еді” (2)делінеді.erza

Хуаңди

Бұндағы иұи халықты бастап тасқынды тізгіндеуші қаһарман,ол он үш жыл бойы халықты бастап тасқынды тізгіндеген ,сол барыста өз үйінің алдынан үш рет өтеде үйіне кірмеген дейді.одан кейін үш Мяуларға жорық жасап оларды жеңіп тықсыра қуып тастапты.кейін иүйдің шаңырағы өте байып кетіп Хя таипасының көсеміне айналады,иұйден бұрынғы яу,шұн және иұйге дейін біиліктіөткермелеп кезекпен жүргізу болған екен,алайда иұйдің ұлы и иұйөлген соң оған үш жыл аза білдіріпті де,таққа шығуы мүмкін дегендердің түгел көзін құртып өзі дара билеушіге айналыпты.осылайша  ұйымдық билік жеке әулеттік билікке айналыпты,бұл Хя патшалығының басталуы еді.бұл жәңа ерадан бұрынғы 21-ғасыр,бұдан 4100 жыл бұрын еді.

Хя мемілекетінде жиыны 12 тайпа болған екен:

Хя ғоу тек,иоу ху тек,иоу нан тек,шүн тек,тоң чың тек,бау тек,фей тек,жін гуан тек,миң тек,чиң тек,зың тек,чи тек тер екен.

Хя елі дакаң(дау каң)ның тұсында қатты әлсірепті,дакаң ойынға,сән-салтанатқа беріліп мемілекет ісымен жұмысы болмапты,шығыстағы рей тайпалары басып кіріп апат тудырыпты…

Шяукаңның тұсында Хя елі қайтадан дәуірлеген екен.

Соңғы патша жие атақты жауыз болып адамды ат орынына мінедіекен,арақтан көлшік жасатып оған маскүнедерді жинайды екен,олар көлшіктен арақты қалағанынша ішіп соңында сол көлшікте өледі екен,жие осыны қызықтайды,бұқараның зығырданы қайнап: “жексұрын-ай! көзің қашан жоғалар екен,сен жоғалсаң өзіміз бірге кетсекте өкінбес едік” деп қарғапты.соңында Шаңрұңдар жағынан жиеөлтіріліп Хя мемілекеті құлайды.патша әулеті мен Хя әулеті тұс -тұсқа қашады,солтүстікке қашқандар кейінгіҒұндардың арғы тегі екен.Хя мемілекеті 12-ғасырдан 16-ғасырға дейін 471жыл өмір сүріпті,яғыни 4000 -жылдан 3600-жылдарға дейін дәурен сүрген.

3.Орта Азядағы “Сақ имперясы”

Көшпенділер тәрих доңғалағын үздіксіз айналдырушылар-сіберия-үстірт-отырықшылар

 

Тарих ғылымында орта Азия арилардың ата -мекені,орта азиядан арилар 3500 жыл бұрын екі бағытқа қарай көшіпті,біріЕвропа бағытына;енді біріИран мен Индя бағытына қарай көшіп кейінгіүнді-Европалықтарды қалыптастырыпты.оны ғалымдар:3500 жылдың алдында орта Азияда ауыр қуаңшылық болып ари тайпалары жәңа қоныс іздеп көшкен дейді.ал 18-ғасырға дейінгі көшпенділердің өмір тәрихына қарасақ үнемі шығыстан жаңа күш бой көтеріп батысқа жорық жасап отырған,бергі екі мың жылдық тәрихты қарасақ: Ғұндар Нүкүздерден 400мың адамды Мұңғұл сахарасынан ығыстырады,олар тәңіртау өңіріне келіп Сақтарды қуып сол араға орнығады,одан Асуан乌孙(көне Қытайша: асуан) дар келіп Нүкүздерді қуады,Асуандар 5-ғасырда Жоужуандар жағынан іледен қуылады.жалғасты қиыр шығыстан Сәнбейлер күшейіп Ғұндардың 500мыңын өздеріне қосып алып қалған жарымын батысқа қуып жібереді,олар Қазақ даласына келеді,онда біразі қалады(Ефталиттер),көбіүдере батысқа тартады,батыс Қазақыстаннан Аландарды қуғаннан Европаны көктейӨтіп 429-жылы Аландар Испанядан ары мароккоға жетеді,біразі кавказда қалады.

СәнбейлердіЖоужуандар түстікке қуады,олар ұлы қорғанға кырып Жұңгоның солтүстігін басып алып солтүстік Уей елін құрады.Түріктер Жужуандарды қырып түгетеді,арине бүкіл елді емес сол сахарадағы билеуші тапты ,оның әскерімен тіке сол тайпадағы 100-200мың адамды(ал сахарада миллион адам болуы мүмкін) жойады.орталық Мұңғұлияда Түріктер орда тігіп Түрік қағанатын құрады,Түріктер Ефталиттерді орта Азиядан қуады,олар оңтүстікке ығысады.ал Түріктерді кейін Ұйғұрлар жеңіп оларды сахарадан қуып шығады,200мыңдайТүрік Таң иімперясының шегара аймақтарына келеді,кейін 12 жылдан соң Таң имперясының астаң-кестеңін шығарған осы Түріктер болатын(өңлүк-ашына сүйгін көтерілісі).Тоңыра тайпасыда осылармен ілесе келеді.Ұйғұрлар Қарлұқ,Басымылдардыда алтай асыра батысқа қуады.840-жылы Ұйғұрлар Қарғастардан жеңіліп 200мың Ұйғұр гансуға,құмылға қуылады,тоғыз Оғыз тайпалары Мұңғұлядан жетісуға Қарлұқтарға паналайды,одан ары сыр бойында Оғыз қағанатын құрады,кейін оларды солтүстіктен Қыпшақтар Түркіменыстан,Хорасанға ығыстырады,кейбірі кәспиден батысқа қарай қашады.батыста кішіАзия анадолыға жетеді.ал аңшы қауымныңда құрған имперялары бар: Қарақытай,Шүрженнің Жин,Чиң имперялары.

Ұйғұр қағанатының құлауындағы көш ең зор көлемді көш деуге болады.13-ғасырда Шыңғысхан Мұғұлдары бас көтереді,олар көшпенділердің ең құдыретті имперясін құрады,Қаңлыларды Қазақыстаннан ығыстырады,Қазақыстанға Мұғұлдар келе бастайды.14-ғасырдың ішінде Ойраттар бас көтеріп Мұғұлдарды қуады,Мұғұлдар жоңғаря,жетысу,шімкеніт,таразда “Мұғұлыстан” елін құрады.Қырғыздарда осы тұста енесейден көршісіОйраттан қашып келген болса керек.ал 15-ғасырдың басында құбылай ұрпақтары Қалқа,Чахарлармен бірігіп Ойраттарды Мұңғұлядан қуып шығарады,Қалқалар Ойраттардың орынына келеді,Қалқалар ең соңғы үстірттің иесыне айналады…

Міне осылай сіберялықтар,үстірттіктерді қуады,үстірттіктер орта Азиялықтарды қуады,орта Азиялықтар отырықшыларды қырғындап, бағындырып оздеріде отырықшыларға айналады,қазыргі Жұңголықтар,Өзбектер,Ұйғұрлар,Орыстар,Түркімендер,Түркиялықтарда қаншама көшпенділердің қаны бар деші! (1.4миллярд Жұңголықтардыңда %30тен артығы көшпендінің ұрпағы деуге болады,ал Ұйғұр,Өзбектердің %60-%70 отырықтанған Түріктектілер)көшпенділер тәрих доңғалағын үздіксіз айналдырушылар!тек соңғы имперя Ойрат-жоңғар имперясімен тоқтады,сіберядан Ойраттан кейін жаңа халық келмеді,керісінше отырықшылар,саудагерлер,өнеркәсіпшілер дәуірі басталды!

Сақтар

Міне осылайша Арилар орта Азиядан тегіннен,тегін көшкен жоқ,”жел соқпаса шөптің басы қимылдамайды” дегендей ариларды орта Азиядан қуған сол көшпендіШаңрұңнан жеңіліп батысқа кеткен Хялар деуге болады,Хяларды орта жазықты билеп қайтадан сахараға қашқан құбылай ұрпақтары сяқты десек тіпті жәрасар еді.

Міне осылайша Сақтар осы Хялардың ұрпақтары десек қателеспейміз,көне Жұңго жазбаларында Сақтарды 塞 (көнеше оқылуы:сәк) деп таңбалаған.”Сақ” Ирандықтардың қойған атауы,Иранға барып  Ахменид имперясін құрғандар Арилар еді,яғыни Сақтардан жеңіліп қашқандар.ал бағынып қалғандарыда баршылық,Сақтар тұран насілді десек Европалық типтегіАриларды бағындырған соң Европеид типі басымдалған деуге болар еді,әрине Қазақыстаннан табылған Сақтар дерлік Европа келбетті.кейінгіТүркіхалықтарының көбінің Европалық келбет алуыда осыған баиланысты болса керек,Арилар Түркілеседі,одан ары барып тағыда Ари тектілердіТүркылестіреді.сақтардың тіліТүркі және шығыс Иран тіліне жатады десе таңғалмас едік,үйткеніүстем тап Түркілер,ал бағынышты жұртта Ариларда көп,олардың Түркілене қоймағаны Ариша сөйлеуі қалыпты құбылыс.

Сақтардың шығу тегІ туралы Грек тарихшысы Гередот былай дейді:

“Скифтердің айтуы бойынша, олардың халқы — ең жас халық. ол мына жағдайларға байланысты. бұл ол кезде адам баспаған жерде ең бірінші келген адам таргитай деген болған. Скифтердің айтулары бойынша, таргитайдың ата-анасы зэвс пен борисфен өзенының  Қызы болған (мен, әрине бұған сенбеімін). осындай тектен шыққан таргитайдің үш  ұлы болған: липоксайс, арпоксайс және ең кенжесі — колаксайс. олар Скиф жерінде патшалық құрып тұрғанда, аспаннан алтын заттар тұседі: соқа, мойынағаш, айбалта және тостаған. бұл заттарды бірінші болып ұлкен ағасы кореды. ол алайын деп келгенде, алтындар қызып кетеді. содан ол кейін шегінеді, екінші ағасы келеді, сол кезде де алтын қызып кетеді. сөйтіп алтынның жалыны екі ағайындыны қуып жібереді, бірақ үшінші кішіінісі келгенде, от өшеды де ол алтынды өз үйіне апарады. сондықтан лкен ағалары патшалықты кішісіне бермек болады.

Липоксайстан авхат деп аталатын Скиф тайпасы шыққан дейді, ортаңғы ағасынан — катяр мен траспии тайпалары, ал кішісінен, патшадан — паралат тайпасы шыққан. барлық тайпалар бірге сколот деп аталады, яғни патшалық. иеллиндер оларды Скифтер деп атайды.

Скифтер өз халқының шығу тегі туралы осыны айтады. олар таргитай бірінші патша заманынан Даридың шабуылына дейін 1000 жыл өтті деп есептейді.”(3)

Дари жаңа ерадан бұрынғы 550-486 жылдары жасаған,егер тарғытай одан 1000жыл бұрын жасаса 3500жыл бұрын жасаған болар еді,бұл Хя мемілекеті құлап Хялардың солтүстікке кеткен кезімен тұстас,тарғытай сол замандағы батысқа келіп Ариларды жеңіп құдыретті ел құрған тұңғыш көсем болуы мүмкін.

Сақтардың шығыс шегарасының қайда болғаны әлі тұрақтанбаған,тәңіртаудан батысқа қарай қара теңіздің солтүстігіне дейін жеткен,Түркі халықтарының аңызы”Оғызнама” осы Сақ заманының туындысы болуы мүмкін.

Сақтардың арғы атасы да айдағар-жылан болса,Хялар,Ғұндарда айдағарды төтем еткен,үшеуі тегі бір халық деуге болатын сияқты.

Хя мемілекетіЖұңгоны билеген көшпенділердің юан хандығы десек,Сақтардың орта Азия,шығыс Европадағы елін Алтын ордаға ұқсатар едік.

Көне Жұңгоның тұңғыш жазуы саналатын сауыт-сүиек жазуларындағы таңбалармен Қазақ ру-тайпаларының таңбалары арасындағы ұқсастықтар белгілі бір сырлы байланысты ұғындырғысы келіп тұрғандай болар бізге.қазыргіХанзу тілінде көптеген Түрік-Мұңғұлдық сөздермен,сол сөздердің түбірлерін мыңдап кезіктіруге болады,бұл сол тегінде осы алапты билеген Хя елінен тартып бері қарайғы көшпенділердің қалдырған ізі деуге толық хақымыз бар.erz

erzz

err

errr

4.Ғұндар қайдан шықты?

“Ғұндардың арғы аулетіХяхоушының зүнүй деген әулеті.олар таң,яу,иұн шұн замандарынан ілгері таулық Нұмдар ,Хамидұн,Хұнұк деп аталып шалғай терістікте малдың ыңғаиына қарай көшіп жүрген.”(4)

(Жұңго жылнамаларындағы Қазаққа қатысты деректер,1-том 69-бет)

демек Ғұндарда солтүстікке қашқан Хя әулеті құрған қағанат,олардың тегі отырықшы емес,одан 500жыл ілгері келіп отырықшы аумақты басып алған көшпенділер.

Кейін осы Ғұндар Шыңғысхан имперясынан ғана кейін тұратын құдыреттіҒұн имперясін құрды.ең соңғы Ғұн әулеті тек жаңа ераның 97-жылы Сәнбейлерден жеңіліп 500мыңы сахарда қалып қалғаны батысқа кетіп Европада Аттиланың Ғұн имперясін құрады.ал оңтүстікте Хан еліне бағынғандар 312-жылы бас көтеріп Жин патшалығының астанасы чаң -әнді басып алады.демек Ғұндар мемілекетін Хан имперясі жойған жоқ,керісінше шығыстан келген тың күш Санбейлер құлатты.

Қағян,лән,сүбек-Ғұнның текті тайпалары болған,Қағяндар кейін Санбйлердың қоян тайпасы.Сүбектер абақты,арыз-шағым істерін басқарып,тәңірқұтпен қарға тамыр құда болды.тәңірқұт Қытайдан алған жаужұн деген әйлынен туған қызын Сүбекке ұзатқандықтан,ол Сүбек қыз атанған.

Ал тәңірқұттар Луантек тайпасынан шыққан.бұндағы Сүбүк 须卜 деп хатталған(көне Қытайша:су бок деп оқылады),осы тайпа мен 10-ғасырда Ляу деректерінде жіиі кезігетін 祖卜(көнеше оқылуы собок) бір тайпа болуы мүмкін,осы тайпаның 1090-жылы Қарақытай(Ляу) патшасына қарғы көтеріліп қолға түсіп ағаш есекке шегеленіп өлген ханы Марғұз екен,ол Тұғырылдың атасы.демек Керейты ол Қарақытайлар таққан лақап,мағынасы қаралар деген сөз.

  1. Нұкұзбен Қиян

Нұкұздер

 

Нұкұз тайпасы жәңа ерадан бұрынғы 2-ғасырға дейін Чиңхай,Гансу алабында жасаған күшті тайпа еді,көне Жұңго жазбаларында牛氏  (нюкұз,нұкұз),禺知(иүи шы,иүзы)、禺氏(иүижы,иүзы)、деп Хатталған,Чиңхай,Гансу алабы негызі қыстық қыстауы болса керек,көшпенді ел ар қашан жазда салқын сахараға шығар еді.Ғұндар күшеюден бұрын сахарадағы ең құдыретті ел Нұкүздер болған.

“Ханнама.Ғұн баянында “:

“Ғұндар  күшеюден бұрын шығыс Ғулар ( дұңху )кұшейіп ,Нүкүздер гұлденіп тұрған .бұл кезде Ғұндарды тұмен тәңірқұт билеген екен,ол Чин имперяіның әскери тегеурініне төтеп бере алмай  солтүстікке ығысады.арада он неше жыл өтіп Чин патшалығы аласапыран күйге түскенде  орайдан пайдланып Ғұндар ордос сахарасын қайтарып алады.тұменнің Моде( бақтұқ) атты ұлы бар екен,тәңірқұттың кішіәйелінен туған тағы бір  ұлы бар екен,осыған орайәкесіМодені тах мұрагерлігінен қағып оны ұлы Нүкүздерге

аманатқа жібереді.Моде нұкұздерге барған соң тұмен ұлы нұкұздерге тұтқиыл шабуыл жасайды,Нүкұздер  Модены өлтірмек болғанда Моде олардың бір жүиірік атын ептеп қолға түсіріп еліне қашып келді.”(5) делінеді.

Демек моденың аманатқа берілуі ол Ғұндардың Нүкүздерге бодан ел екендігінің айғағы,бейне Шыңғысханның елінің жылына малының оннан бірін Тұғрыл ханға тапсырғаны сияқты.

“…одан соң  209-жылы батысқа шеру тартып ұлы Нүкүздерді қуып салды,онымен қоймаи  мың тян тарып алған Ғұн иеліктерін тұгелдей қайтарып алды ,бұл кездеҒұндар құдыреттенып әскері 300 мыңға жетты.”(Ханнама .Ғұн баяны)(6)

Мұңғұл сахарасында жәңа тайпа күшейгенде бұрынғы күшті тайпаны қырғындап,оны қуып салуы бұрыннан келе жатқан үрдіс,бейне Ұйғұрлардың Түріктерді ордос,Хыбей жаққа қуып салғаны сияқты.

“.Моде өлгеннен кейін оның ұлы Лаушаң(кейұк ) тахқа отырды,174-жылы ол Нүкүздерге шабуыл жасап оларды бір жола күйретті ,ханын өлтіріп бас сүйегін ішімдік ішетін ыдыс етті,Нүкұздер жаппай батысқа қашадыда іле ,жетісу өңіріне келіп Сақтарды қуалап жіберіп осы араны мекендейді.”(ханнама .ғұн баяны)(7).

Кейінгі жазбаларда батыстағы Нүкүздердің 100мың әскері,400мың халқы болғаны айтылады.батысқа кеткен Ғұндарда осы саннан кем емес деуге болады.кейінгі батыс Түрік қағанатындағы бес Нүшби осылар болар,қазырде Қарақалпақ жерінде Нүкыс жер атымен аталады.Нүкүстердің сол батысқа кетіп орта Азяда құрған мемілекет аты тағыда 大夏(ұлы Хя) атаныпты,осыған қарағанда сахараға кеткен Хялар екені байқалды.олар кейін Тоқар имперясін құрған.

Осы Нүкүздердің бір тобы батысқа көшкен қалың көштен бөлініп Чиңхай жерінде қалған екен, олар “кіші Нүкүз” атанған.кейін”Ергене қоң”ға кеткендер осылар болар.

 

Қиян

Қиян 羌күллі шығыстан шыққан көшпенділердің аталары екенін айттық.олардың мекені қазыргіГансу,Чиңхай атырабы еді,олардан шыққан Хуаңди,Иәнди бастаған Хя аулеті шыққанын айттық.кейінгіЖұңгодағы алты бектікті жойып тұңғышреткі қуатты имперяні құрған Чин шыхуаңда Қиян текті.оныңда арғы тегіХуаңдиге барып тіреледі.ең бір ғажабы: Чин шыхуаң құрған мемілекеттің аты 秦әрібінің көне жазылуы:qyan

Qyans

qy

 

Суреттегі Чин елінің көне Қытай Жазуымен жазылуы және Мұғұлдардың туы

 

Қарасақ екі жағындағы айыр сияқты таңба Шыңғысханның байрағынан,кейінгі тарақ таңба,төре таңбамен бірдей.ал Чин ишы хуаңның  әсілгі аты иың жың(嬴政),біріншіәріп иың-Қытайша жеңіс деген сөз,яғыни Түрікше иең,иеңдік,Қазақша жең,жеңіс.осы иең,жең оның аулет аты,бейне Бөржегін,Барулас,Жалайыр,Дулат(Қадырғали Жлайыр,Ақсақтемір барлас,Шыңғысхан Бөржегін,Мұхамет қайдар Дулат т.б) дегендіөз атына қосқан сияқты.

Осы тұлғаның Жұңгоны біріктіруі тағыда сол көшпендіМүғүлдардың Жұңгоны басып алуы сияқты құбылыс.

«Қиян» сөзінің мағнасы – таудан құлаған сел, ағыны қатты, буырқанған, ұлкен, күшті тасқын деп ұғындырады Рашид-ад-дин.Қытай тілінде төмен ,төмендеу,құлдау дегенді下(жаңаша шя,көнеше хя) дейды,демек құлдырау,түсу дегенді білдіреді,сонда Рашид-адин айтқан таудан тұсумен мағынасы жуық.

Тағыда мына деректерге қарайық:

“Теле тайпаларының қатарында бүркіт,Тоңыра,Ұйғыр,Байырқы,Бұғыра рулары ;бұлар тула өзенінің солтүстігінде тұрған;

Мөнден,Танағыр,Сегет,Ғұн,Қоқсыр,деген арыстарының соғысқа жәрәмді адамы 20 мыңдаи.Үбірдің батысы мен Әнгенің терістігіндегі  ақ тауды қапталдай Қыбыт,Бұлақшық,Едер,Сұба,Нағар,Оғыз,Қырғұт,Иадыр,Иүрегірлер отырады.бұлардыңда соғысқа жәрайтін адамы 20 мыңдай.Алтайдың батыс күнгейінде Сыр -енда,Тайнақ,Зыбан,Дарқыттар мекендейді.бұларда жорыққа 10 мыңдай адам аттандыра алады.Қаңлының теріскейіндегіЕділ өзенінің бойын Едіз,Ғажар,Барғұт,Биған,Қоқы,Қабыш,Ажасу,Баяуыт,Кердерілер мекендейді,бұларда жорыққа 30 мың адам аттандыра алады.теңіз көлінің шығыс және батыс жағалауларында Салар,Қият,үш Сақсын,Марсұқ,Сақыралар отырады.бұларда 8 мыңдай жасақ бар.Пұрұмның батысында Ұңғұт,Алан,Печенек,Құлас,Барғұндар мекендейді,бұларда 20 мыңдай жан бар.солтүстік теңіздің күнгейінде Тібалар отырады.

Ұлыс аты ар түрлі болғанымен бұлардың бәріТелек атанады.”«Жұңго жылнамаларындағы Қазаққа қатысты деректер» 2- том 210- бет(7)

.

Осы Телектер Оғыз Түрік рулары,Қаңлы,Ұйғұр,Қыпшақ,Қарлық,Қалач Оғыздан шыққан рулар,Оғыз атында ғы рулар Мұңғұляда Тоғыз Оғыз,сегіз Оғыз аталған.тоғыз Оғыздар Ұйғұр қағанаты құлаған соң батысқа кеткен де,сегіз Оғыздар батыс Мұңғұляда қалып кейін осы сегіз тайпасына байланысты қиданша сегіз” Найман” атанды.

Бұл Қият-Қиянның көпше тұлғасы,Мұғұл тілінде Керейдің көпшесі-Керейті,ал алмасы мол жердіАлматы,бұғысы мол жерді бұғыты дейді.бұл ТүрікшедегіКерейлі,алмалы,бұғылы дегенмен ұқсас.мұғұлша Байоуыты тайпасы Оғызшада байоулы,яғыни кіші жүздегіБайұлы,Оғызша Керейті-Керейлі,кіші жүздегіКерейлі.ал осы 5-6-ғасырлардағы Қият Оғыз тайпаларының құрамына енген.Байяуытта,Барғұтта солай,кезінде екіге болініп қалған елдер.

Қиян тайпасы Ғұндардыңда құрамында болған,Қияндар туралы:

Жиннаманың 9- бумасында:

« Жин хұиди заманы юанкаң жылдарында (291-299) Ғұн Қақсаң шаңдаң аймағына шабуыл жасап ,зұрғанды өлтіріп,шаңжұн аймағын басып алды,келесі жылы Қақсанның ұлы дағынуан фың -и,бейдидегіҚиян(қият) Ғуларды бастап екі аймақты алды,содан былай теріскей тиектер бел алып күшеие берді де орта жазық миша былықты».(8)

делынеды.

«Жұңго жылнамаларындағы Қазаққа қатысты деректер» 2- том 11- бет

осыдан кейін 312-жылы Ғұндардың астана Чаң-әнді басып алғанын айттық.енді арты не болғанына қарайық.

6.Ғуларды қыру жарлығы

 

Хан патшалығы мен Ғұндардың соғыстарында Хан патшалығы 30миллион адамнан айырылған екен,дәуірлеген кезде Хан елінде 60миллион халық болыпты,ал 3-ғасырда тағы сол 20миллион халық қалған,оның алдында Уи,Шу,У бектіктерінің тоқтаусыз жүргізген соғыстарының салдарынан.осы үш бектіктіСыма әулеті біріктірген еді,оны 312-жылы Ғұндар қиратыпты.осылайша орта жазықта көшпенділер аласапыран,қырғыншылық жүргізіпті.олар орта жазықтағы отырықшыларды қой деп санап барынша қырғындапты.”Жиннама.уаңдау баянында”:

“洛京倾覆,中州士女避乱江左者十六七。“狼烟千里,十不存二”

“Лояң мен жиңды түнек торлады,орталық алаптан қашқан ер-әйелдің оннан алты да жеті бөлігі  былықпалықта өзеннің оңына кетті,қасқырлар мыңдаған шақырымды алып,онның екеуін қалтырды”(9)дейді.

Кейін 羯(Гие) ұлысынан (Ғұндардың бөгде ұлысы делінеді,кейбіреулер Нүкүздер дейді) шыққан Шы лы деген адам 319-жылы Ғұндардан билікті тартып алып Жау мемілекетін құрады,оның ұлы Шы ху кісіөлтіруден ләззаттанатін адам екен ,одан бетер қырғыншылық жүргізіпті.Шы ху туралы мынадай идиома таралыпты: “俯拾皆是”,мағынасы: әр қаланы алғанда ер-әйелді қырып түгету” деген сөз екен.оның тұсында орда салу,кеме жасау сияқты жұмыстарға жегылген жұз мыңдаған адам,аштан,аурудан,қақтап өлтіруден қырылады екен.қарсыласқандар аямай жазаланады екен.оның ұлы тіпті сұлу қыздарды өлтіріп етін жепті.

“Миңша  тас орда кітабінда”: “永嘉大乱,中夏残荒。保壁大帅数不盈四十。多者不过四五千家,少者千家五百家。”

Иұңшидің аласапыранында(иұңши Жин әулетінің жылнамасының 5-жылы,яғыни 311-312-жыл,Ғұндар астананы басып алған уақыт) орталық Хуашя тозған жұртқа айналып ,қамалдың генералдары қырық қада жетпеді,көбінде 4-5мың отбасы,азында мыңда бес жұз отбасы қалды” дейді.

осы тұстарда орта жазықта 4-5миллион адам ғана қалған деген деректер бар.

тәрихи кітаптарда:“北地苍凉,衣冠南迁,胡狄遍地,汉家子弟几欲被数屠殆尽。”

“солтүстікті  қайғы басып,ауқаты барлар оңтүстікке көшті,Ху,Рейлер бар алапты басты,хан ұиының ұлдары қырылып түгеуге айналды.” дейді.

Бұл тәрихта орта жазықтағы халықтың оңтүстікке жаппай көшуі,олар Чаңжяңның оңтүстігіне Жыжяң,Хунан,Жяңши,Гуаңдұң,Фужян өлкелеріне көшеді,қазыр осы өлкелердегіХанзулардың тілі 2000 жылдың алдындағы көне Ханзу тіліне өте жуық,демек олар нағыз Ханзулар.көне ханзу тілін дыбыстауыда жуық,әсіресе Кі жяларда( 客家). осы оңтүстік аксеніттерінд сөйлейтіндер 450миллионнан асады.ал солтүстіктегілерде көшпенділердің аралсуы көп,әсыресе Сәнбейлердің,386-жылы орта жазықты билеген Тоба Сәнбейлер кейін түгел отырықтанып Ханзуласып кетті,олар Тұңғыс текті болуы мүмкін.

“Шыдамның да шегі бар ” дегендей қырылған,езілген халық енді жаппай көтеріліп елді құлданып,өздері жалқауласып,шіріктескен көшпенділерден қайта кек алыпты.Рән мин атты батырының бастауында кошпендіХуларға қарата қырғыншылық жүргізіпті.ол Ханзуларды ұйымдастырып оларға Әйгілі“杀胡令””Хуларды қыру” жарлығын шығарыпты.338-жылы Чаңли шайқасында Шы худы ойсырата жеңіпті,осылайша хуларды кез келген жерде қыра беген екен…

қырғыннан қашқан Хулар бет-бетіне қашыпты,Жилер шалғайдағы мекеніне тартыпты,бұл340-жылдары болған оқиға екен.

7.Ергене қоң аңызы

 

“Мұғұлдардың бастапқы тұрмысы туралы егжей -тегжейліәрі сенімді тәрих айтатын Түріктердің айтуынша: барша Мұғұл тайпалары мәлім уақытта Ергене қоңға қашып барған екі адам Қиян мен Нүкүздің нәсілінен шыққан. сол екі адамның Тұқымынан шыққан бөрте шене деген  кісіөте құрметті басшы болыпты да бірнеше тайпаға басшы болыпты. Дүбүн баян мен оның қатыны алан құба жане бір қатар рулар сол бөрте шененің тұқымы,

 

Осынау Түрік руларының жұрты күні бүгін Мұғұлыстан деп аталады. ол Ұйғырыстаннан тартып Қытай мен жұржынға /шұршеге/ (Jurjа – жоржы. т.а)* дейін созылып жатыр. бұл аймақтың егжей-тегжейіне жоғарыда тоқталғамыз. шамамен осыдан екі мың жыл бұрын (б.з.б Vыыы ғ. т.а) Мұғұл атанған осы рулар, басқа Түрік руларымен арасында ішкі араздық туылып, соның ақыры соғысқа ұласты. сенымді тұлғалардың айтуынша, қарсылас рулар Мұғұлдарды жеңіп, оларды қырғынға ұшыратады. ақыры екі ер мен екіәйел гане қалған екен. бұл екі жұп жаудан бас сауғалап, адам аяғы баспаған иенге шығып кетеді. ол ара төңірегін тау мен орман қоршаған, кіріп-шфғатын жалғызаяқ күдір жолы ғана бар түкпір жер екен. ол жердің шөбі шұрайлы, жылы жәйлі болып шығады. бұл Ергене-қоң деген қоныс еді. мұндағы «қоң» – биік қырқа деген, ал «ергене» – асқаралы,қия деген мағына береді. сонда қашып барған екі адамның есімдері: Нүкүз және Қиян (Kыan – кян) болатын. олардың ұрім-бұтақтары да қаншама заман сол араны мекендеп өсіп-өнді.

Уақыт өте келе, әр атасының өзі бір-бір обақ (aubaq – обақ)* болып кетті. обақ дегеніміз – бір әулет, не бір ру қалыптастырған тұтас бір ұтық адамдар шоғыры болып табылады. бұл обақтар одан ары өсіп, тармақтала түсті. қазырғы Мұғұлдардың көп бөлігі осы тармаққа жататыны тексеріп анықталған ақиқат. олардың өз аралары туыстас болып келеді. барлығы тұтас дарлекін-Мұғұлға жатады. «Мұғұл» (Mnъul – мұғұл) сөзінің тубастағы түбірі – «мұң» (mnk – мұң) болатын. оның мағынасынан, қайғы,мұң деген мән аңғарылатын.(демек Мұғұл=мұңұл,мұңлы деген сөз) Қиян сөзінің Мұғұл тіліндегі мағынасы – таудан етекке құлай аққан тасқын болып табылады. өйткеніҚияндар жау жұрек батыр, төтенше қайсар келеді. соған қарай жұрт оларды солай атап кеткен. Қиян сөзінің көпше түріҚият болып келеді. осы аулеттің алғашқы тегіне жақын буынындағыларын, ертеде Қият деп те атапты.

Осынау қауым, осы таудың қойнауында, әлгі орманның қойнында өсіп өркендеді. сондықтан, бұл жер тарлық жасай бастады. ақыры олар осы құз-қиялы күдір жолдан ары оңай, әры аман өтудің әдісін ақылдасты. сөйтіп олар бұрынғы замандарда үнемі темір қортқан кеныштың орнын тапты. олар жабал іске кірісіп тамыздық отын мен таскөмірді мая-мая қылып үйіп алды. сосын жетпіс жылқыны сойып, терісінен көрік жасады. таудың етегіне тамыздық пен көмірдіүиеді де, жетпіс көрікті құрып қойып жартас балқып түскенше желдетеді. натижесінде, есепсіз көп темір қортылады, сонымен бірге, таудан да жол ашылады. әлгіөткелден баршасы өтіп, үдіре көшіп кең далаға шығады. айтуға қарағанда, Қияттан тараған бір обақ сол жолы көрік басқан екен. Нүкүз рулары да және олардан тараған Ұраңқайлар да көрік басқан деп айтылады.

Басқа да рулар: біз де көрік басқамыз деседі. алайда жоғарыдағы рулар оларды мойындамайды. сондай-ақ, олар көп тармаққа бөлінетін Қоңыраттарды да (бұлар туралы кейінгі жерде тоқталамыз) Нүкүз бен Қияттан тараған ру деп қарайды. олар, басқалармен ақылдаспай-ақ қысаңнан бұрын шығып кетеміз деп асыққанда, басқалардың көрігін басып кеткен екен. сол рулардың айтушылары: Қоңыраттардың аяқ ауыруы, сол жолғы асып-сасып жүріп басқалардың көрігін басып кеткенінен қалған деп қарайды. бұл тұрғыда Қоңыраттардың өздері де өкініш білдіреді.

Осындағы, бұрын Ергене-қоң жақтан келген адамдар: ол араның жері қиын екені рас алайда, аңызда айтылғандай дәрежеде емес деседі. олардың тауды балқытудағы мақсаттары: даңықты түрде тағы бір шығар жол ашу болатын деп қарайды.

Үйткені, Алан-қауаның еріТобан-баянның тегы қят еды. ал алан-қауа Құралас руынан болатын. сондықтан, олардың (Құраластардың) бәріШыңғысханның ата тегі болмақ. сондай сабақтастықтары болғандықтан да, адамдар сол тауды, ондағы темір қортуды және темыр соғуды ұмытқан жоқ. осы әдет пен жосын Шыңғысханның ұрқында да бар. олар арапа түні көрік, сайман және көмірін даярлап алады. сонан соң, кішкене темірды алады да отқа салып қыздырып, төске қоиып соғады. темір жәншілған сайын тебірене түседі.

…кейін Алан-қауаның алтыншы буын ұрпағы Қабыл-ханның алты   ұлы болды. олар шеттерынен батыр да, ақсүиек солтандар еді. сол алтауының арқасында Қият атауы қаита жаңғырды. содан бастап, Қабыл-ханның кей бір немерелері де Қият атала бастады. соның ішіндегі біреуі, Шыңғысханның ата-бабасы болған Бардан-бағадұрдың ұрпақтары да Қият аталды. кезінде, Бардан-бағадұрдың тұңғышы меңды-қян (Mnkdu-Qыan – маңдұ-қян)* аталған. мұндағы, «маңдұ» – меңді деген мағына береді. өйткені, оның мойнында үлкен меңі бар еді. ол, асқан батыр болатын. қазыр, дешты-Қыпшақта көптеген Қият тұрады. олар соның руластары, туыстары және өз ұрпақтары болып келеді. жоғарыдағы сенімді шежіре бойынша: Шыңғысхан және оның ата-бабасы, аға-бауырлары тгүелдейҚият болғанымен, алайда, Қият-бөржігін, тек, Шыңғысханның акесіЕсукеи-бағадұрдың ұрпақтарының ғана атауы болып қалды. олар: әріҚият, әрі бөржігін есептеледі.” (Рашид-ад-дин.жамиғ-ат-тауарих.1-кітап.253-бет)(10)

Ел ханның баяны

“Ел хан Моғол елінің патшасы болды.ілгеріде Татар хандарының тоғызыншысы Сүйініш хан дегенбіз.ел хан мен сүйініш хан бір кезде патшалық құрды,сондықтан екеуінің арасында ұрыс-соғыс көп болушы еді.ел хан жеңіп келуші еді.сСүйініш хан көп силықтармен және көптеген уаделермен Қырғыз ханына елші жіберіп,өзіне жақ қылды.ол жерлерде Моғол елдерінен горы Татар елдері көбірек еді.бірақ,бір ру менбір ру үнемі жауласып жатушы еді,сондықтан Моғолдар жеңып шығушы еды.Түрік елдерінде Моғолдың тезі өтпеген,қолы жетпеген ел жоқ еді.сол себепті барша елдер Моғолдарды кұндеп,«әй,сені ме?»деп жүруші еді.

Сүйініш хан Қырғыз ханымен тіл табысқаннан кейін өзге Түрік елдеріне де елші жіберіп,көмек сұрады,пален жерде,пален айдың паленінші күні жиналайық,Моғолдан кегімызді алайық деп сөз салды.ол елдердің адамдары айтқан күнде уәделі жерге жиналып,бәрі Моғолдың үстіне жүрді.

Моғолдар үйлеры мен малдарын бір жерге жиып,айнала ор қазып,әскерлерді күтіп отырды.сүйініш хан он күн бойы шабуылдап,Моғолдарды жеңе алмады.бір күні сүйініш хан барлық елдердің  хандары мен бектерін жинап,кеңес құрды.«Моғолдарға басқабір айла қылмасақ,ісіміз жаман болатын түрі бар»деп тәңертең ертемен ауыр жүктері мен жаман малдарын тастап,кейін шегінді.Моғолдар бұл айланы түсінбей,Татарлар қорқып қашып бара жатырдеп артынан қуды.Татарларға қуып жеткен кезде,олар қарсы бұрылып соғыс ашты.бұл соғыста Моғолдар ойсырай жеңілді.Моғолдарды өлтіре-өлтіре үйлеріне жетті,Моғолдардың барлық мал-жаны,дүние-мүлкі қолға түсті.үлкендерін қылыштан өткызып,кішілерін пенде қылды.әркім пенде болғандарды бөліп-бөліп өз үйлеріне алып кетті,Моғолдан ешкім қалмады,қалғандары кісі есігінде құл болып,сол қожасының атын алып,ол не ел болса,бұл да сол ел болды

Ел ханның ұлдары көп еді,баршасы соғыста өлді.быр Қиян атты кіші ұлы бар еді,оны да сол жылы үйлендіріп еді.ел ханның інісінің Қиян мен құрдас Нүкүз атты ұлы бар еді,оны да сол жылы үйлендіріп еді.екеуі бір қостағы кісілердің қолына түсіп еді.он күн дегенде екеуі бір кеште әйелдерімен қашып шықты.өздерінің жұртына келіп еді,жаудан қайта қашып келген төрт түлік малдың түр-түрінен де көп мал бар екен.екеуі кеңесіп:«егер елге барсақ,төрт тараптағы елдің бәрі бізге жау,жұртта отырсақ,жүрген -тұрғанның көзіне түспей тұрмаспыз,одан да таудың ішінен жұрттың аяғы жетпейтіндей бір жер табалық»деп шешті.малдарын айдап таудың етегіне барды.бір биік таудың ішіне кіріп,арқардың салған ізімен таудың үстіне көтерілді.тоқтап,айнала қарап көріп еді,өздері келген жолдан басқа жол жоқ екен,келген жолдары өте қыиын,тек түйе мен жылқы арең өтетін жол еді,егер аяғын қя басса жардан ұшып кетердей еді.таудың үстінде үлкен бір жазық жер бар екен,айнала ағып жатқан сулар,жеріның шөбі қалың,ағаштарында түрлі-түрлі жеміс-жидек өсіп тұр,аңдары да көп жер еді.мұны көргеннен кеиін тәңіріге шүкіршілік етіп,қоныс тепті.қыста малдарының етін жеп,жазда сүтін ішіп,терісін киім етіп киді.ол жерге«Еркінеқон»деп ат қойды.еркіненің мағынасы-таудың кемері,қонның мағынасы-өткір деген болады.қыс таудың қары көп болып,жаз еритін еді.

Бұл екеуінен бала-шаға көп болды.әсіресе Қиян әулеті көп болды,Нүкүз әулеті одан аз болды.Қиян әулетін «Қият»дер еді,Нүкүз әулетіне екі ат қойды,бірнешеуін-«Нүкүздер»,бірнешеуін-«Дәрлікен»деді.Қиянның мағынасы-таудан құлап,күшпен аққан сел деген сөз.ел ханның ұлы сондай тез және күшті кісі еді.сондықтан Қиян дер еді.«Қият»соның көпше түрі.

Бұл екеуі көп жылдар еркынеқонда тұрды.«ұштары ұзап,жандары жәйылды».әрбір жамағат бөлек-бөлек омақ болды,әр қайсысы бір ру атын көтерді.тәңірім бұйырса,ол жөнінен кейін айтармыз.«омақтың»мағынасы-сүйек деген сөз.Түрік халқы бірінен-бірі«омағың не?»немесе«сүиегің кім?»деп сұрар еді.

Олар төрт жүз жылдан артығырақ еркіне қонда отырды.мал мен бастары сондай кобейді,бір жерге симады.сондықтан,бір жерге жиылып отырып кеңесті.олар мынадай шешімге келді:«аталарымыздың айтуына қарағанда,еркінеқонның сыртында кең жерлер,жақсы елдер бар көрынеді.ертедегі біздің қонысымыз сол жерлер екен.Татарлардың бастауымен өзге елдер біздің тұқымымызды қырып,жұртымызды алған екен.құдайға шүкір,қазыр біздің жағдайымыз жаудан қорқып,тау ішіне тығылатындай емес.тау ішінен жол іздеп тауып,көшіп шығалық.кім бізге доспын десе,онымен көріселік,кім дұшпандық ойласа онымен соғысалық».осы сөзді мақұл көріп,таудан шығатын жол іздеді,таппады.іштерінде бір темірші бар еді,сол айтты:«пален жерде темір кені бар,соны ерітсе,жол болар еді?».ол барып көріп,ол барып көріп теміршінің айтқанын мақұлдады.елге отын және көмір жинатты.таудың кең жеріне ағаш пен көмірді үйіп,жетпіс жерден көрік жасап,жетпіс жерге құрды.көрікті барі бірігіп басты.құдайдың құдыретімен от күшті жанған соң,тау темір болып аға берді.жүкті түйе шыққандай жол тапты.айдың ,күннің сағатын есептеп,бірнеше күнде таудан шықты.сол шыққан күнін той етіп тойлау Моғолдың дәстүріне айналды.ол күні бір кесек темірді отқа салып,қызған кезде оны қысқышпен ұстап,төстің үстіне қойып,ауелі ханы,одан кейін бектері балғамен ұрар еді.бұл күнді тар қапастан шығып,ата жұртына келген күнімыз деп құрмет тұтар еді.

Ол уақытта Моғолдың патшасы бөртешина деген Қият нәсілінен,Құралас руынан шыққан адам еді.ол көршілес елдерге елші жіберіп,өздерінің еркінеқоннан шығып келгендерін мағлұм қылды.бұларды бағзылары жақсы көрді,бағзылары жаман көрді.Татар халқы жаман көріп жау болды,Татар мен Моғол қол жасап,әскер шығарып ,соғысты.Моғолдар жеңіп,үлкендерін қылыштан өткізіп,кішілерін пенде қылды,төрт жүз елу жылдан кейін өштерін қайтарды.сүйтіп,ата қонысын қайтарып алып,сонда отырды.ол жерде отырған Түрік елдерінің ішінде Татардан көп ел жоқ еді.еркіне қоннан шығып,Татарларды қырып,ата жұртында отырған соң,олар сол жердегі халыққа бас болды.кейбір елдер Моғолдарды паналап,Моғол болмасада,Моғолмыз деп,оларға қосылып кетті”(11)

Әбілғазы мен Рашид-ад-динның деректерін салыстырсақ бірінде Ергене қоңда 2000 Жыл отырды десе бірі 450 жыл отырды дейді.қайыссы тура?

Жәңа ераның 800-Жылдарындағы ергене қоңнан шығу оқиғасы болған болса онда одан 2000 жыл бұрын қырғын болса ол онда 3200 жылдың алдындағы оқиға болады, ол бәлкім Сақ-Оғыздардың заманы болады,ондай болғанда Оғыз ханнан жеңіліп шығысқа кеткен Түріктер яғыни Мұғүл-Түріктері болады.бірақ ол көптеген тарихи оқиғаларға сай келмейді,жәңа ераның алды-артында Қиан-Нүкүз тайпалары ергене қоңда емес керісінше өз алдарына патшалық құрған елдер ретінде көне Жұңго деректерінен бой көрсетеді.ал Рашид-ад-дин айтқан өзге Түрік руларынан жеңіліп орта Азиядан шығысқа көшудіде жоққа шығармас едік.бізше  3500-жылдың алдында орта Азияна бағындырған Хялар ұрпаға болған Сақтар өзара қырқысқанда бір тобы шығысқа кеткен,бірақ ергене қоңға кетпеген,ал Ергене қоңға кету кейін болған.Татармен соғысып қырылғаны рас болса сол татарлардың ата-бабасы Сәнбейлердің Ғұндардан кейін күшейіп имперя құрғаны тарихта белгілі.бәлкім орта жазықтағы “Ғулар қырғыны” мен қатар олар сахараға қашқанда сол араның қожасы Сәнбей-Татарлардың оларды қырғынға ұшыратқан болуыда әбден мүмкін.осы Татарлар Түрік,Ұйғұр,Қидан заманында отыз Татар,тоғыз Татар атымен әйгілі. Олар Қиян-Нүкүздерді қырғынға ұшыратқаны үшінде кейін осы тайпалардың бітпес жауына айналып басым көбінің құрдымға кеткеніде анық ақиқат.

Ал 340-800-жылдар арасында ергене қоңдық тайпалардың бірде-бірі тарихи деректерде ұшыраспайды.10-ғасырда яғынй 920-жылдардағы қара Қытай деректерінен көріне бастайды:

«Қазан айының жеті жаңасінда қара қаңғалы Шығұйларды жазалау жорығына аттанған қырандар алайы оларды талқандады.солтүстік батыс өңірдегіҰраңқайлар арба сүйрететін қызыметкер тарту етті.»(12)« жұңго тарихынамаларындағы қазаққа қатысты деректер»,3- том,)

Ляу хандығы күиреген соң Иелүи дашы деген қидан ақсүиегі кейбір қалалармен ұлкен сары шығұй,дила,Қоңырат,Жажырат,Есей,Қейқұт,Нила,Далағаи,Дамир,Меркіт,Жажу,Ұғри,Зубу(Керей),Посуан,Таңғыт,Қомыз,Қайды,Шүрбе сяқты 18 ұлыстан көмек алған.(«Жұңого тарихнамаларындағы Қазаққа қатысты деректер,3- том )

920-жылдары Ұраңқай руы аталса олар Ергене қоңнан шыққан ең көне рулардың бірі.ал одан бұрынғы замандарда осы Ергене қоңнан шыққан рулардың еш тарихи деректерде аталмауы олардың 340-790 жылдар аралығында Ергене қоңда отерғандығының айғағы.

Демек екі(Ергене қоңға шығар дың алдындағы қырғын мен Ғуларды қыру) оқиға ,қырғын сол 338-340-жылдары болған,Қияндар және Чүлентауда қалған Нүкүздер немесе Шы лы шыққан батыстан келген Нүкүздер осы қырғынға ұшыраған.

Осы кітапта Ергене қоңнан елді бастап шыққан адам бөрте шене екен,борте шенеден шыңғысханға дейін 22 ұрпақ өткен,әр ұрпақ 18-20 жаста жаңаланады десек 1155-жылы туып 1175-Жылдары 20 ға толғанШыңғысханға дейін алан қуа арасында 20*21=420жыл немесе 18*21=378жыл уақыт өткен болады,бұлай болғанда 1175-жылы Шыңғысханның 20 жасында дейік,1175-420=755-жылдарда Бөрте шене ергене қоңнан шыққан болады.ал бұрынғы замандарда “онбес жас отау иесі” дегенге жүгініп есептейік,тіпті ержігіт жасы 18 жасты бір ұрпақ десек Бөрте шенеден Шыңғысханға дейін 378жыл өткен болады.оны1175-378=797-жылдарға келеміз,ал оған Ергене қоңда откен 450 жылды қоссақ дал 340-жылдары болған осы қырғынға дәл түсемыз.ал осы қауымның Жужан,Теле,Түрік,Ұйғұр замандарында тәрих бетінен көрінбеуі де олардың иендегі таудың қуысында жатқан 450 жылдағы уақытына тура келетіндіктен,оларды Шығайдың мену шығайымен байланыстыру қисынсыз.

10-ғасырда ергене қоңнан шыққан Ұрңқай,ұисын,Жажырат руларының Қидан деректерінен коріне бастауы,олардың Қайтадан бел алып тәрих сахынасына шығуға талпына бастаған кезі.

8.Ергене қоң қай жерде?

 

Ергене қоң аталған тау Байқал көлінің солтүстігіндегі тау болуы әбден мүмкін.Ergenehon

Бейне Ергене қоң суреттелгендей төрт атырабы таумен қоршалған ортасы ойпат.

 

成吉思合罕訥忽札兀兒。

迭额列腾格理额扯札牙阿秃脱列克先孛兒帖·赤那阿主兀。格兒該亦訥豁埃·馬阑勒阿只埃。腾汲思客秃勒周亦列罷。斡難·沐訥帖里兀捏不峏罕·哈勒敦納嫩秃黑剌周脱列克先巴塔赤·罕阿主兀。(Мұңғұлдың құпя шежіресі бірінші орам)

Оқылуы:

Шыңғыс қағанны қузауыр деріле теңір ічі жәря ету төрегісін Бөрте шене ажу.кіргей яны құба марал әжей.теңізге тулыжоу.онен мөренне телуіне бұрқан қалдұнна нәнтұрықлажоу төрегісін баташы хан ажу.

Қазақшасы:

Шыңғыс қағанға қузаунама.

Жоғарығы тәңірдің ісін жәря етіп туылған(көне Түрікшеде: төрілміш) бөрте шене екен,келіншегі жане құба марал әжей,теңізден өтіп ілесті(келды).онен өзенінің қосылғанына,бұрқан қалдұнға орда тіккенде,туылған баташы хан екен. (Мұңғұлдың құпия шежіресі 1-үзік)(13)

Бөрте шене өтіп  келген теңіз ол байқал колі болады.оның арғы жағы ергене қоң болған тау,ал байқал көлінен шығысқа тартып Мұңғұляның шығыс солтүстігіне тартса Бұрқан -қалдұн тауына келеді .шығыс Мұңғұлядағы татарларды жеңіп мекеніне отырады.

 

9.Ергене қоң сөзінің мағынасы

Рашид-ад-динның айтуынша:мұндағы «қоң» – биік қырқа деген, ал «ергене» – асқаралы, күдір деген мағына береді.

Қоң сөзы көне Ханзу тіліндегі皇帝(хуаң ди) сөзіндегі皇(көнеше оқылуы:хуоң) сөзімен мәндес,екеуіде биік дегенді білдіреді,коне Мұғұл тілінде қоң биік ,ұлкен дегенді білдіреді,мысалы Қоңқотан руының мағынасы биік мұрын,үлкен мұрын деген сөз,қоң-биык,танұ-танау.Қазақта үлкен мұрынды әлі күнге қоңқы мұрын дейді.ал 帝(ди,көнеше:диек,тек) сонда хуаңди сөзі жоғары,биік текті деген сөз екен.қоң биік деген сөз екенін дәлелдедік.

Ал ергене сөзы,Қазақтың ертоқым,ергеншек сөзімен мәндес,ертоқымның алды мен арты,қя беті,90градуыстан жоғары қя ,ал ергене сөзін де қя деп түсіндірген,қазақтар 90градустанда ұлкен бұрыштағы жартасты қя Жартас дейды.ертоқым,ергеншек сөзінің түбірі-ер ер адам емес қайта сол қя дегенді білдіреді.Ергенекті атты ру бар,олардың таңбасына қараңыз:Ergen

 

Erge

Бұдан ергене сөзі ертоқымның алдыңғы,артқы қасының қиғаштығы сяқты,қя дегенді білдіреді дедік,ал Ергенекті руының мағынасы ергенеліктер деген сөз.

 

Демек бұдан шығатын қортынды:

Ертедегі羌Қиян тайпасы мен Шыңғысхан шыққан Қиян тайпасы бір,牛氏Нүкүзбен Ергене қоңға кеткен Нүкүздер бір тайпа.Ергене қоңға қашу оқиғасы,сол кездегі қырғын(Ергене қоңға шығардағы қырғын) мен жаңа ераның 340-жылдары болған тәрихи оқиға “хуларды қыру жарлығы” бір оқиға,Қиян мен Нүкүз аңыздағыдай екы адам емес,екі тайпа.ергене қоң байқал колінің солтұстігіндегі тау.

 

10.ергене қоңнан шыққан рулар:

Ергене қоңнан шыққан Қиян мен Нүкүзден тараған рулар яғыни дәрлекін Мұғұл рулары мыналар:

1. Ұраңқай

  1. Қоңырат
  2. Орнауыт

4. Үйсін

  1. Құралас

6. Икірес

  1. Елжігін(алшығын,алшын)
  2. Сұлдұс
  3. Елдүркін
  4. Баяуыты(байоуты,байоулы,байұлы)
  5. Кеңгіт

Кейін қалыптасқан рулар,нирун рулары мыналар:

1. Қатаған

  1. Салжығұт
  2. Қартаған

4. Сежуейт

5. Шынас

  1. Тайшығұт
  2. Ноял
  3. Ұрұут
  4. Маңғыт
  5. Дүрбен(дүрмен)
  6. Баарын
  7. Барлас
  8. Адарғін
  9. Жажырат
  10. Будат
  11. Бесут
  12. Дулат
  13. Суан
  14. Кеңқият
  15. Сүнит
  16. Кенегес
  17. Қаптұрқас
  18. Қият
  19. Жүркін
  20. Шәншуыты(шәнішқұлы)

Қазақта бұлардың ішінде Үйсін,Қоңырат,Баияуыты(Байұлы),Алшын,Дулат,Суан,Шәнішқұлы Қазақты құраған ірі рулар,бұның ішінде Байұлы,Дулат рулары 2миллионнан,ал Қоңырат ,Үйсін,Алшын рулары миллионнан асады,ал Қият,Құралас,Кенегес,Барлас,Дүрмен,Маңғыт(маңғытаи),Қатағандар кіші қатардағы руларға жатады.

ежелгі мұғұл рулары Қазақ халқының жарымына жуығын құрап отырғаны ақиқат.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

(1)Сымачянның”тәрихнама.бес бабалық шежіресі.

(2)Сымачянның”тәрихнама.бес бабалық шежіресі.

(3)Гередот(ежелгі Грекия). Тарих.

(4)Сымачянның”тәрихнама. Ғұн баяны.

(5)Ханнама.Ғұн баяны

(6)Ханнама.Ғұн баяны

(7)«Жұңго жылнамаларындағы Қазаққа қатысты деректер» 2- том 210- бет

(8)Жұңго жылнамаларындағы Қазаққа қатысты деректер» 2- том 11- бет

(9)Жиннама.уаңдау баяны.

(10)Рашид-ад-дин.жамиғ-ат-тауарих.1-кітап.253-бет

(11)Әбілғазы баһадүр хан.Түрік шежіресі

(12)Жұңго тарихынамаларындағы Қазаққа қатысты деректер»,3- том

(13)Мұңғұлдың құпия шежіресі 1-үзік

kerey.kz

Related Articles

  • Христиан миссионерлерінің құмдағы іздері

    Орыны: Қашқар қ-сы; Жылы: 1933 ж; Аты-жөні: Қабыл Ахонд; Діні: христиан; Түсініктеме: Бұл жігіттің кейінгі есімі Қабыл Ахонд, христиан дінін қабылдаған алғашқы ұйғыр. Кейін діни сеніміне байланысты өлтірілген. Сурет еуропадағы миссионерлік музей архивінде сақтаулы. Аталған музейде жүздеген христиан ұйғыр өкілдерінің суреті сақталған. 1930 жылдары христиан ұйғырларына тұрғылықты мұсылмандар мен әкімшілік билік тарапынан қысым көрсетіле бастаған соң бір бөлімі миссионерлерге ілесіп еуропа елдеріне “һижраға” кетті. Алқисса Христиан әлемінің Қашқарияға баса мән беруі әсіресе Яқұп Бек мемлекеті кезеңінде жаңа мүмкіндіктерді қолға келтірді. 1860-70 жж. Қашқарияның Цин империясына байланысты көңіл күйін жақсы пайдаланған Христиан әлемі Үндістан мен Тибет арқылы Қашқарияға мәдени ықпалын жүргізе бастады. Олардың мақсаты бұл аймақты Ресей империясынан бұрын өз ықпалына

  • Айтпай кетті демеңіз… (Тибет архиві туралы)

    Алтайдан ауған ел туралы тарихи жазбаларда оқтын-оқтын айтылғаны болмаса исі қазақ жұртына Тибет туралы түсінік әлі күнге дейін беймәлім. Әсіресе Тибет жазба деректерінде күллі түркі баласының тарихы туралы тың деректердің көмулі жатқанын тіптен біле бермейміз. Тибет- тарихи деректің ең көп сақталған аймағы саналады. Мәдени, әдеби, рухани және тарихи түрлі деректердің ықылым заманнан бері жақсы сақталуымен сырт әлемді өзіне баурап кеген Тибет жұртына 19 ғасырдан бастап Батыс экспедициясы баса назар аударып кешенді зерттеулер жасады. Соның негізінде Тибеттегі кейбір салалық байырғы деректер Батысқа көшірілді. Есесіне Тибеттану ғылымы қалыптасты. Жағырафиялық орналасуы тым ұзақ болғандықтан Тибеттану ғылымы қазақ жұртына қажеттілік тудырмады. Тибеттанумен негізінде алпауыт күштер айналысты. Олар тибет жұртын игеруді басқа қырынан бағалады. Тибетте

  • Демографиялық сараптама

    1-ші сурет қазақтар; Демографиялық ахуал 1949-2020 жж. аралығын салыстырмалы көрсеткен. 1949 жылға дейін, атап айтқанда коммунистік қытай үкіметі орнағанға дейін Шынжаң өлкесінің солтүстік бөлігінде қазақтар, оңтүстік бөлігі Қашқарияда ұйғырлар басым санды ұстады. 1951-54 жылдары ұлттық межелеу кезінде орталық үкімет құрған комиссия сараптамасы бойынша ұлттық автономиялық территорияны анықтау мына екі бағытта жүргізілді. Олар: БІРІНШІ, ұлттық автономияны межелеу бойынша оның атауын тұрақтандыру. Осы бойынша үш атау ұсынылды: *ШЫғыс Түркістан автономиялық федерациялық респубиликасы; *Ұйғырстан автономиялық респубиликасы; *Шынжаң автономиялы респубиликасы. ЕКІНШІ, автономияның әкімшілік тұрпатын анықтау; Осы бойынша: *Федерециялық тұрпат; *Автономиялық облыс және окург тұрпат; *Аймақ және аудан дәрежелі автономиялық окург тұрпаты. Межелеу комиссиясы аталған екі бағытта сараптама нәтижесін қорытындылады. Комиссия қорытындысы бойынша Шынжаң өлкесінің

  • Бақсылар институты

    Сараптама (оқысаңыз өкінбейсіз) Бірінші, ілкіде Түркі баласында арнайы қаған құзіреті үшін жұмыс істейтін көріпкел бақсылар институты болған. Аты бақсы болғанымен ханның қырық кісілік ақылшысы еді. Көріпкел бақсылар хан кеңесі кезінде алдағы қандайда бір саяси оқиға мен ситуацияны күні бұртын болжап, дөп басып талдап һәм сараптап бере алатын соны қабілеттің иесі-тін. Оларды саяси көріпкелдер деп атаса да болады. Хан екінші бір елді жеңу үшін білек күшінен бөлек көріпкел бақсылардың стратегиялық болжауына да жүгінетін. Қарсылас елдің көріпкел бақсылары да оңай емес әрине. Екінші, уақыт өте келе саяси көріпкел бақсылар түркілік болмыстағы стратегиялық мектеп қалыптастырды. Түркі бақсылары қытай, үнді, парсы, ұрым елдерін жаулап алуда маңызды рөл атқарды. Ол кездегі жаһандық жауласулар жер, су,

  • Шағын сараптама:Шыңжаң өлкелік үкіметі, шетелге оқушы жіберу жұмысы

    Шағын сараптама 1934-35 жылы жаңа Шыңжаң өлкелік үкіметі құрылған соң шетелден оқу, шетелге оқушы жіберу жұмысы кешенді жүзеге асты. Соның негізінде өлкелік үкімет Совет Одағынан оқитын жас талапкерлерге конкурс жариялап арнайы үкіметтің оқу стипендиясын бөлді, нәтижесінде 1935-39 жылдары ұзын саны 300-ге тарта студент Совет Одағында білім алды. 1935 жылдары Шығыс Түркістандық студенттердің ең көп оқуға түскен білім ордасы- Ташкендегі САГУ еді, атап айтқанда Орталық Азия Мемлекеттік Университеті. Ташкеннен оқыған Шыңжаңдық студенттер Шығыс Түркістанның барлық аймақтарында түрлі қызметте жұмыс істеді, оларды кейін “Ташкентшілдер” деп те атады. 1939 жылдан кейін Мәскеу мен Шыңжаң өлкелік үкіметтің арасы дипломатиялық дағдарысқа ұшырады, соның кесірінен ресми Үрімжі Совет Одағы құрамындағы студент азаматтарды елге шақыртып алды. Білім

1 пікір

  1. Айша Ахмет

    Казиргинин кей тарихшылары тарихты тек оз руларын озгеден бииктеу етип корсетуге тырысып, шындыкты бурмалауды адетке айналдырган сиякты- Кожырбайулынын ,,далелине суйенсек, букил адамзат Адайдан тарайды, Найман тарихшыларын окысан-Казакты курап турган тек наймандар, Шынгыз хан да, баска атакты тулгалар тек найманнан тарайды, алгашкы жазу- сызу тек найманда болган т,т,енди Шынгыз ханды Керейлер озине шыгарып жатыр, Мен бир ески тарихи деректи окыганымда Зубо деп ертеде жалайырларды коне кытай жазбаларында атаган, Калай десек те Шынгыс хан озинин аталас ,,туыстары,, Найман, Керейди куалап журип талкандап, ал Жалайырды жакын тутып, курметтеген, деген сауалга бугинде еш ким де жауап издегиси келмейди, ойткени бугинги тарихшылар – азды- копти деншилиги рушылдыкка бой алдырады

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: