|  |  |  | 

Көз қарас Тарих Тұлғалар

ШЫҢҒЫС ХАН ТУРАЛЫ ШЫНДЫҚ ҚАЙДА?

Жұмат ӘНЕСҰЛЫ

Shingisan baba

XIV-ғасырдан бері Шыңғыс хан туралы сан мыңдаған ғылыми еңбектер, мақалалар мен көркем шығармалар жазылып келді. Бір қызығы соның бәрі негізі екі еңбектің -Рашид ад диннің «Жамиғат ат Тауарихы» мен Әбілғазы ханның «Түрік шежіресі» атты шығармаларға сүйенген. Шыңғыс хан туралы осы күнге дейін жүздеген мың ғылыми зерттеулер мен мақалалар жазылса, Рашид ад дин мен Әбілғазының жазғандарын негізге алған. Бүгінге дейін Ұлы Хан туралы жазылған қай еңбекті алсаңызда сол, бірі XIV-ғасырда  екіншісі XVII-ғасырда жазылған осы екі тарихшының деректерін талғажу етеді.

Жалпы орта ғасырда Орта Азия мемлекеттерінің тарихы туралы жазылған еңбектер біршама болғанымен, олардың ішіндегі ең атақты, әлемге белгілі еңбектер үшеу. Олардың ең алғашқысы Рашид ад диннің «Жамиғат ат тауарихы» 1311- жылы жазылған. Одан кейінгі ең атақты тарихи шежіре Бабырдың «Бабырнамасы» 1530-жылы елге тарады. Ал, Әбілғазы ханның «Түрік шежіресі» мен «Жамиғат ат тауарихтың» арасын 352 жыл бөліп тұр.  Осының ішінде Шыңғысханның тарихына арналғаны «Жамиғат ат тауарих» пен «Түрік шежіресі».Shingishan

Ұлы Моғол империясының негізін қалаған Бабырдың «Бабырнамасына» келетін болсақ, бұл тарихи шығарма  ғасырдағы Орта Азия мемлекеттері мен Үндістандағы Ұлы Моғол империясының тарихын баян етеді.

«Тарихтың аты тарих»  дегенімізбен, тарих қоғамдық даму сатысының өзгеруіне байланысты, не мемлекетті ұзақ билеген патшалардың ықпалымен қайта жазылған кезеңдері болған. Мәселен,  XIV-ғасырларда Иранды билеген (Хұснидтер мемлекеті кезінде) Толы ханның ұрпағы  Газан хан (Хасан хан) уәзірі Рашид ад динге  «Шыңғысхан мен Алтын орда тарихын жазуды міндеттеген. Рашида ад дин «Жамиғат ат тауарих» атты екі томдық еңбегін 1311-жылы жазған. Рашид ад дин «Жамиғат ат тауарихтың» үшінші томында  Еуропадағы мемлекеттердің де, яғни «Әлем тарихын» тарихын жазуды ойластырған екен, бірақ, ол арманын жүзеге асыра алмай, сарай ішіндегі интригалардың себебінен  қаза болған.

Дегенмен, Рашид ад диннің «Жамиғат ат тауарихы» әлемдегі ең алғашқы атақты тарихи шығарма болып қалды. Екінші бір тарихи атаулы еңбек Рашид ад диннің «Тарихынан» шамамен 252-жылдан кейін жазылған Әбілғазы ханның «Түрік шежіресі» атты шығармасы. Бұл еңбек 1663-жылы аяқталған.

Әбілғазы осы «Түрік шежіресін» жазуды бастаған шақта, Шыңғысхан туралы «Жамиғат ат тауарихтан» басқа он жеті шығарманың болғанын айтады.Zhauqa.Shingishan

«Сол Рашид ад диннің тарихы қазір мен пақырдың алдында жатыр. Кітаптың басында айтқанмын,бұдан басқа да  Шыңғыс тарихы жазылған он жеті кітап әзір тұр.  Осы кітаптардың керек жерінен көшіріп, осы шежірені жазып отырмын…» дейді Әбілғазы өзінің «Түрк шежіресі» кітабының бастауында. (30-бет). Одан әрі Әбілғазы хан осы еңбегінде өзіне дейінгі Шыңғысхан туралы жазылған көптеген шығармаларды  аударушылардың парсы, түрік тілдерін жақсы білмегендіктен, көп қатеге ұрынғандықтарын атап көрсеткен.

Ғасырларға созылған уақыт ішінде тек Шыңғысханның тарихы ғана емес, әлемдегі жалпы тарихта екі түрлі ықпалдың әсерінен көптеген өззгерістерге түсті.

Біріншісі, ғасырлар қойнауынан табылған парсы, түрік, қытай тілдеріндегі құжаттарды, тарихи шығармаларды, шежірелерді аударушылар түпкі сөздің мәнін, мағынасын тап басып,  түсінбегендіктен, Әбілғазы хан айтқандай, еркін аудармаға жол берілген.

Екіншісі, «Әр патша өзінің тарихын жаздырады» деген түсінік тарихта ертеден қалыптасқан. Мәселен, Иранды билеген Шыңғысханның ұрпағы Хасан хан (Газан хан) Рашид ад динге «Шыңғысханның тарихын жазуды тапсырса, Ресейді әлемдік деңгейдегі державаға айналдырған император I-Петр өзінен кейінгілерге «Орыс тарихын патриоттық рухта жазуды» өсиет еткен.

I-Елизавета патшайым Петрдің өсиетін жүзеге асырды. Патшайым әуелде осы мақсатта орыс тарихын Францияның атақты философы Вольтерге жаздырмақ болған. Бірақ, іс жүзінде «История Государства Российского» атты және осыған орайлас тарихи еңбектерді орыс тарихшылары жазып шықты. Ресейдің тарихшы ғалымдары Н.Карамзин, С.Соловьев, В. Ключевский осы үдерістен шықты. Карамзиннің 12 томдық «История Государства Российского», Соловьевтың 29- томдық «История России» орыс тарихының негізгі өзегі сияқты болса, , Ключевскиийдің  9-томдық « Курс истории России» атты шығармалары әлемдік беделге ие болған. Ресейде осы атақты ғалымдардан кейін де  тарихшы ғалымдары көп шықты.

XIV-XVII-ғасырларда Орта Азия мемлекеттерін тарихын баян ететін «Жамиғат ат тауарих», «Шыңғысханның тарихы», «Түрік шежіресі», «Рашид ад дин Тауарих», «Бабырнама» атты және т.б. көптеген тарихнамалық әлемге жайыла бастаған кезде орыс тарихы әлі жазыла қоймаған кез еді. Ресейдің шамамен оныншы ғасырлардан басталатын тарихы  XIX-ғасырдың бас кезінен бастап жазыла бастады.  Ресейдің тарихы туралы ең жүйелі еңбек Н.Карамзиннің «История Государства Российского» атты еңбегінің алғашқы томдары 1811 жазыла бастады. Жазушы, тарихшы Н.Карамзин осы еңбектерінің он екіші томын 1818-жылы аяқтаған.

Ресей тарихы әлемдік тарихтарға қарағанда кешірек дамыса да, патшалық кезеңде, Кеңес дәуірінде де отарлықта болған елдердің, кейін Кеңeстер одағының құрамында болған республикалардың тарихының қалыптасуына идеологиялық тұрғыда кері әсерін тигізді.Shingishan

Қазақ  тарихы Кеңес билігі тұсында жазылды да, сол идеологияның талаптарынан шыға алмады, Тіпті, Қазақ тарихы бұрмаланып жазылды десек, артық емес.

200 -жылға жуық отарлық құлдықта,  70-жыл Кеңестер Одағының идеологиясының құрсауында болған қазақ еліне өзінің өткен тарихына, талай бұрмаланған тарихына  Шынның жүзімен қарау оңай болды ма! Әрине, оңай емес. Қазақ тарихын сонау Шыңғысханның кезінен бастап, қайта жазып шығу қажет ақ!

Мәселе, тарихтың жүздеген ғасырлар бойы бұрмаланып кетуінде. Әбілғазы ханның  өзі осыдан 550 жыл бұрын «Түрік шежіресінде» түрлі тілде жазылған еңбектерді аударушылар тілді білмегендіктен көп қателер жібергендіктерін айтқан. Тарихтағы қателесу, ертедегі құжаттардың қате аударылған БІР АҚ СӨЗІ (не транскрипциясы) ғасырлардан ғасырларға жалғасатын теріс тұжырымдардың қалыптасуына әсер етуі мүмкін.Shingishan

Мәселен,  XIX-ғасырдың ортасына дейін «МОҒОЛ ТАТАР»деп жазылып жүрген тіркес,  XIX-ғасырдың  ортасынан бастап, «татар моңғол» деген тұрақты тіркеске айналып кетті.

Парсы тілін білетін Әбенай тәрізді тарихшы зерттеушілердің пікіріне сүйенсек, Рашид ад диннің «Жамиғат ат тауарих» атты еңбегінде «моңғол» деген тіркес атымен жоқ көрінеді. Олай болса, осы «Жамиғат ат тауарихты» өзінің «Түрік шежіресінде» пайдаланған Әбілғазы хан Шыңғысхан туралы жазбаларына «моңғол» тіркесті пайдалануы логикаға сыйымды, мүмкін бе еді. Әрине, мүмкін емес. Бірақ, Әбілғазы ханның «Түркі шежіресін» аударған Әбілқасымов (1991-жыл) осы аудармасында «моңғол» деген тіркесті еркін пайдаланған. Мен мұны сол кездегі Кеңес идеологиясының ықпалынан еріксіз болған пайым деп бағалаймын. Солай бола тұрсада «Түрік шежіресі» қазақ оқырмандарына біршама түсінікті жақсы аударылған деп санаймын.

Сондықтан, оқырмандарға бұрыннан танысырақ, Әбілғазының «Түрік шежіресіндегі» жазылған Шыңғысханның тарихына және одан басқа деректерге жайттарға талдау жасап көреміз.

Ең бірінші, бұл еңбектің «ТҮРІК ШЕЖІРЕСІ» деп аталғанына назар аударыңыз.  Әбілғазы хан осы шығармасындағы әңгімесін Моңғолдың ( мүмкін МОҒОЛ. Автор) арғы атасын таратуды Нұх пайғамбардан бастап, ең үлкен атасын ТҮРІК ( осы кітаптың 12-беті) екенін атап көрсетеді.Содан Моңғолдан Қара ханды туғызады да, оның Есіл, Тобыл бойын мекендегінін айтады. Осы шежіреде Қара ханнан Оғызды туғызып, одан Жұлдыз ханның, одан Меңлі ханның, одан  Теңіз ханның, одан Ел ханның туғанын айта келіп, Ел ханнан Қиянды туғызады. Қиян- Есугей бахадүрдің руы. Сoл, Есугей Шыңғыс ханның әкесі.  Сонда Шыңғыс хан қалай МОҢҒОЛ болып шығады?.

Шыңғыс ханның баларының есімдері де түрік тектес Жошы, Шағатай, Үгедей, Толы.

Сосын мына бір қызық дерекке назар аударыңыз, 1311-жылы жазылған Рашид ад диннің «Жамиғат ат тауарихтан» бастап   1818-жылы жазылып біткен Н.Карамзиннің «История Государства Российского» атты тарихи еңбегіне дейінгі 500-жылдан астам уақыт ішінде Шыңғыс хан, оның бар әулеті, Алтын Орданы билеушілер мен оның eл жұрты неге «МОҒОЛ», не «МОҒОЛ ТАТАР» деп аталып келген!

Ал, Н.Карамзиннің сол тарихында Шыңғыс хан мен Алтын орда туралы жазғандарында бірде бір «МОҢҒОЛ» деген тіркес жоқ. Олай болса, 1850-жылдан кейінгі тарихтарда «моғол татар» тіркесін «Моңғол татар» тіркесіне аударып жіберілуінің себебі қандай?!

Шыңғыс хан мен оның ұрпақтарын, Алтын Орда билеушілерін  әлемге белгілі «Жамиғат ат тауарихтан» бастап, 500 жыл бойы  «МОҒОЛ» деп атап келіп, XIX-ғасырдың бас кезінен бастап, негізінен орыс тарихшылары Шыңғыс ханды, Алтын Орда билеушілерін «МОҢҒОЛ» тектес деп. «Моңғолиядан шыққан» деген ұғымды тарихта қалыптастырып тастады. Мұның бәрі батыс шығыста иеліктерін кеңейтіп, Ресей империяға айналғаннан кейін, отарланған елдерге менсінбей қарап, орыс тарихын патриоттық рухта қайта жазып, тарихтың өңін айналдырудан туындаған еді.

«Орта ғасырдан әрі де Қап тауының солтүстік жақ бетін сонау Қырымға дейін қыпшақтар, половецтер мекендеген, Алтын Орданы Жошы бастаған қазақтар билеген» десең, орыс саясатына жаға ма, жақпайды. Міне, 500-жыл бойы «Моғол» атанған Шыңғыс ханның кейін «моңғол» болып кетуі содан деп білемін.

«Қазақстан тарихының» Кеңес Одағы тұсында жазылғанын жоғарыда айттым. Онда қазақ жерінің орта ғасырдағы тарихы туралы бір сөз де жоқ десе болады. Әсіресе, қазақ хандықтарының кезеңдері көрсетілмеген. Ал, Кенесары хан туралы жазған тарихшы Бекмаханов сотталып кетті.  Кеңес тұсында Тарих ғылымы болғанмен, ондағы жазылған шығармалар «Марксизм Ленинизм институтымен» қадағаланып, тексеріліп отырды. Марксизм Ленинизм идеологиясына қарсы көзқарастағы адамдар тарихты зерттеушілердің қатарына жіберілмеді, тарихты зерттеушілердің қатарында басқа көзқарастағы адам болған күнде де, оларға диссертацияларын қорғатпады.

Мынандай бір оқиға еске түседі. Мен КазГудің тарих факультетін бітіретін болып, диплом жұмыстарының тақырыбын ұсынғанда бұрын ешкім жазбаған «Моңғолия компартиясының тарихын» жазуды таңдап алған едім. Сол диплом жұмысын  қазіргі Ұлттық кітапханада отырып

eкі ай ішінде жазып шыққанмын. Сол дипломдық жұмысымды «Марксизм- Ленинизм  институты» бір ай тексерді. Содан кейін ғана дипломдық жұмысым деканатқа түскен. Сонда әлгі ғылыми институт қарапайым студенттің дипломдық жқмысын тексеріп отыр. Мінеки, Кеңестік идеологияның тарихты бақылауы осындай қатаң тәртіпте болып еді.

Міне, 700 жылдан кейін, еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ғана Шыңғыс ханның шынайы тарихын зерттеушілер енді шығып жатыр.

Жазушылар Б.Нұржекеев, Х.Қожахмет және де басқалай тарихшы ғалымдар  Шыңғыс хан туралы жаңа көзқараста еңбектер жариялап жүр. Мен осылардың тұжырымына қосыламын.

Кеңес идеологиясының ықпалы санасына сіңісіп кеткен  Шыңғыс хан мен Алтын орда тарихын сол көзқарас пен концепцияда  Шыңғыс хан тарихын жазып, ескі сүрлеумен жүргендер де бар.

Олар Шыңғыс хан туралы жазғанда, орыс тарихын көп аударыстармай, іздене бермей ақ,  көбінесе шығыстанушы И.Березиннің, Бартольдтің еңбектеріне сүйенеді.  И.Березин 1858-жылы Рашид ад диннің «Жамиғат ат тауарихын» орысшаға аударуға тырысқан. «Тырысқан» дейтін себебім, ол «Жамиғат ат тауарихты» толық аударып шықпаған.  Онан басқа, И.Березиннің парсы тілін жетерліктей меңгергені де белгісіз. Солай болса да, Кеңес тұсындағы қазақ тарихшылары ғылыми жұмыс жазғанда көбінесе осы Березиннің аудармасына сүйенгенін байқауға болады.

Осы бірер жыл бұрын белгілі бір газетте, белгілі бір тарихшының «Шыңғыс хан туралы шындық» атты мақаласы шықты. Сол мақаланың жарымы шығыстанушы И.Березиннің аудармасынан келтірілген орысша үзінділер. Бұл дегеніңіз, ертеде империялық үстемдік идеологиясының негізінде аударылған дүниенің тұжырымдамасын қайталап шығу болып табылады.

Шыңғыс хан дәуірінен бері 700 жыл ішінде қоғамның түрлі формацияға өтуіне байланысты, сол кезеңдердің тарихи құжаттарын әр аудармашының түрлі  аударуларына байланысты және түрлі кезеңдерде  империялық, кеңестік идеологияның жетегінде кетуіне байланысты Шыңғыс хан тарихы, Алтын Орда тарихы, соған орай Орта Азия мемлекеттерінің орта ғасырдағы тарихы бұрмаланып жазылды.

Сондықтан қазіргі кезеңде  Шыңғыс ханның тарихының, Алтын Орда тарихының шындықтарын ашуға әлі де мүмкіндіктер бар. Мәскеу архивінде Орта Азия тарихына қатысты тіл мамандарының жоқтығына байланысты зерттелмеген Сібірден әкелінген мыңдаған  құжаттардың жатқанын атақты тарихшылардың бірі В.Ключевский жазып кеткен еді.  Содан кейін де ол құжаттарды іздеген ғалым болмады.

Тәуелсіз мемлекет болуымызға орай, Шыңғыс ханның тарихының, Алтын Орданың тарихының, орта ғасырдағы Орта азия мемлекеттерінің тарихтарының шындығы терең зерттеуді қажет етіп отыр.

Шыңғыс ханның шындығы қайда! Міне, көкірегімізде әлі күнге сайрап, шыңғырып жүрген ойлар осы.

 

Жұмат ӘНЕСҰЛЫ, жазушы, тарихшы

kerey.kz

Related Articles

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • 14 наурыз – Математиктер күні

    14 наурыз – Математиктер күні

    Кафедра профессоры Математиктер күніне арналған «Таңғы Studio» таңғы шоуында 15 наурыз, 2025 14 наурыз – Математиктер күніне орай «Таңғы Studio» таңғы шоуының қонағы белгілі ғалымдар: физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Қангужин Балтабек Есматұлы мен PhD-доктор Жұмабай Мәдібайұлы болды. Эфирде олар математиканың маңыздылығын, мерекенің тарихын, қазақ математиктерінің ғылымның дамуына қосқан үлесін талқылады. Профессор Балтабек Есматұлы математиканың ғылымдардың патшайымы саналатындығына тоқталды. Ол бір жағынан ғылыми білімнің шыңында тұрса, екінші жағынан басқа пәндердің дамуына негіз болатын көмекші ғылым екенін атап көрсетті. Ғалым шексіздік пен математикалық есептеулердің дәлдігін білдіретін π санының шығу тарихына да тоқталды. Доктор Жұмабай Мәдібайұлы бұл күннің 1988 жылдан бастап «π саны күні» (π – иррационал сан, шамамен 3,14142… тең) ретінде тойлана

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

1 пікір

  1. Тұрлан Алдиярұлы

    Ұлы бабамыз – Шынғыс хан өмірбаяның толықты түсінікті жазған бауырымыз Т.Әбенайұлы, оған қосымша украин тарихшысы В.Белинский, Қ.Данияров Мақтанышымыз, мен үшін құрметті қазақ ағамыз М.Мағауин Шынғыс хан деректі тарихи кітабында ұлы бабамыздың туған және Орда құрған жерлері, басқа елге жорықтары жөнінде қателіктер жіберген. Оқып толғанып ойлана келгенімде, тарихшылар мен жазушылардың бір елде, бір тілде, бір уакытта өмір сүріп жатып, бірінін жазғанын бірі оқымай, түсінгісі келмейтіні мен үшін үлкен қасірет. Ақын М.Шаханов және кейбір ақылы толысқанымен тарихшылардың берген мәліметтеріне сенбеу, жоқ жерден дау жанжал шығарып долы қатынның түсінігіндей ойларын ортаға салуы бүкіл қазақтың тариғына топырақ шашу, осыда мен үшін қасірет. Тарихшының ақынға шығарман қате, дұрыс емес деп айтқаны бұл жалғанда болмаған нәрсе, керісінше ақынның тарих қате деп айтуы күлкілі нәрсе. Бірақ Алаш ұлдарына тән нәрсе сияқты, бұлда мен үшін қасірет. Өткен бабаларымыздың аруағы разы болмай, материалдық емес рухани байлығы жоқ қазіргі және болашақ Алаш ұлдарына қандай тәрбие – тәлім бермекпіз? Ақыл айтатын, басып айтатын Майқы би, Бұхар жырау бабаларымыз дай, бір Қазақ табылмады ау.

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: