БАУЫРЖАН БАЙБЕК. ФОТО MATRITCA.KZ
“Қазақша білетін азаматтарды ағылшын тіліне үйрету керек. Білесіздер ғой, бір отбасыда бір адам жоғары шықса, жақсы жұмыс орнына ие болса, балаларын тартады, туыстарын тартады. Бір адам отбасын көтереді болашақта”, – дейді Алматы қаласының әкімі Бауыржан Бәйбек.
Сондай-ақ, базар мәселесі де Байбектің назарында екен. Бірінші кезекте Алтын Орда маңын тазартып, ірі магистраль салынбақ. Әкім енді көрінген жердің базарға айналуына жол бермейміз дейді.
“Алматы-1 және Алматы-2 вокзалдарын қалжыңдап базар деп атайды. Бірақ бұл базардан сіз пойызға отыра аласыздар. Немесе әуежайды алайық, ол жерден сіз тіпті ұшып кете аласыз. Айтайын дегенім, біз кез келген жерді базарға айналдырдық”, – дейді Байбек.
nur.kz
Пікір қалдыру