|  |  |  | 

Көз қарас Мәдениет Руханият

«Иманды ұл,ибалы қыз»  тәрбиелеу жолы 

    Elbasi Nauriz 2016
       «Біз тегіміз-түрік, дініміз-Ислам екенін ұмытпауымыз керек. Ол үшін қасиетті кітап –Құран Кәрімді насихаттауды естен шығармауымыз керек. Дінімізді, тілімізді сақтау – ұлттығымызды, мемлекеттігімізді сақтайды. “    Н.Ә.Назарбаев.        
        Бүгінгі қоғамдағы болып жатқан сан-салалы жаңалықтар,алыс жақын елдермен жасалып жатқан әр қырлы байланыстар,жастардың өмір тіршілігіндегі кездесіп жатқан қиындықтар мен қайшылықтар, жалпысы, қоғамдық құбылыстағы бұрын-соңды болмаған қозғалыстар мен өзгерістері адам тәрбиелеу шеңберінде,дәлірек айтқанда,бала тәрбиелеуді,өткен тарихымызда сыналған тақтақ жол,іргелі тәжірибе-«иманда ұл,ибалы» қыз тәрбиелеу мұратына еріксіз бағыттауды талап етуде.
       Имандылық – адамның қоғамдағы, күнделікті өмірдегі іс-әрекеттерін белгілі-бір қалыпқа түсіретін ішкі рухани реттеуіш қадір-қасиет, адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, кісілік белгісі. Дәстүрлі қазақ қоғамында адамның имандылығына – мінез-құлық жүйесіндегі ерекшеліктеріне көп көңіл бөлінген.«Бұрынғы уақытта – деп жазды Ж. Аймауытов пен М. Әуезов «Қазақтың өзгеше мінездері» деген мақаласында; — қазақ елі ұйымшыл, ері жауынгер, биі әділ, намысқор, адамы ірі, бітімді, қайратты, сауықшыл ел болған екен. Досымен достасып, жаумен жауласуға табанды, қайғыра да, қуана да білетін халық екен »-дейді.«Адамгершілік»-адам бойындағы «ізгілік», «сыйластық», «инабат-тылық», «кісілік» сөздерімен мәндес. Ұлттық тәрбие ілімінде адамның жағымды мінез-құлықтарын осы ұғымдардан таратады.Мінез-құлық пен қарым- қатынастағы келесі әрекеттерді атап өтуге болады: адамды сыйлау, ар- ұятын сақтау, мейірімділік таныту, кішіпейілділік көрсету т.б. Адамгершілігі ар-ұяты бар        адамның бет бейнесі, иман жүзді-лігі жарқын, биязы өзі парасатты келеді. Ондай адамды халық иманжүзді кісі деп құрметтейді. Қазақ халқының ата-баба дәстүрінде имандылық тек діни сенім емес, ол сондай-ақ, ұлттық психологиялық салтқа, халықтық ерекшелікке айналған құбылыс. Халқымыздың түсінігінде иман сөзінің аясында сенім мағынасымен қатар, барлық асыл қасиеттерді (ұят, ар-намыс, сабырлық, жомарттық, шыншылдық, адалдық, мейірімділік, кішіпейілділік т.б.) қамтитын түсініктер көрініс тапқан.
Бұрынғы дуалы ауыз аталарымыздың сөйлеген сөздері мен істеген амалдарынан имандылықтың желі есіп тұратын.
«Жастары иманды елдің – болашағы зор» – деген Ж.Баласағұн.Жас адамды имандылыққа баулу үшін олардың ар-ұятын оятып, намысын қайрап, мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілділік, қамқорлық, адалдық, ізеттілік сияқты әдептік-психологиялық қасиеттерді олардың бойына сіңіру-әрбір отбасының, балалар бақшасы мен мектептің, жоғары оқу орындарының парызы. Адамның жарық дүниеге келуі, өсуі, ержетуі, тіршілік етуі, қартаюы, ата мен баланың қарым-қатынасы, үлкендік пен кішілік, сыйластық, әдептілік пен арлылық, инабаттылық тәрізді маңызды мәселелер имандылықтың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ешқашан да назардан тыс қалмаған. Жастардың үлкендерге құрмет көрсетуі, үлкендердің кішілерге ізет білдіруі өмір сүру салтына айналған.Қоғамда берік қалыптасқан осындай көргенділікпен өмір кешу дағдылары жинала келіп,барша адамгершілік қағидалардың, имандылықтың жазылмаған кодекстерінің қалыптасуына негіз болған.Бойына адамгершілік асыл қасиеттерді жинап өскен жасты “көргенді” деп, жүрегінен нұр, өңінен жылу кетпейтін, әрдайым жақсылық жолын ойлайтын, әр істе әділдік көрсететін адамдарды “иманды” деп атаған.Адамгершілік пен имандылық.Бұл егіз ұғым адамзат тарихында қатар өмір сүріп келеді. Өйткені  адамдардың өмір сүруінде сенімділік пен турашылдық айрықша маңызға ие.
Егер бұл екі сөздің беретін мағынасы іс жүзіне асса әрбір адам, қоғам, мемлекет баянды,берекелі өмір кешкен болар еді. Мұндай сипатқа қоғамды, жалпы жұртшы-лықты ие қылу, әрине оңай шаруа емес. Дегенмен көп уақыт алса да , бұл сипаттарға қол жеткізуге болады.
 Халқымыз сырт көзбен емес, жүрекпен ұғатын адамгершілік құндылықтарды жоғары дәріптеген.Имандылық, әділеттілік, ізгілік, мейірімділік мұрат-тарын терең игеруге күш салған. Мал -мүлкінен, дәулетінен иманын жоғары бағалаған қазақ «Ер жігіттің үш байлығы бар: бірінші – иманы, екінші – ырысының тұрағы, үшінші – дәулетінің тұрағы» деп аталы сөз қалдырған.
 Имандылық қасиеттің сырына тереңірек үңілетін болсақ, қазақ халқы имандылықтың үш негізін өздеріне тірек еткен.Ол, біріншіден, наным-сенім, дін.Имандылық мағынасы иман сөзінен бастау алады. Тілімізде иман сөзіне қатысты иман жүзді, иманды адам, иманы бар т.б. бірнеше тіркестер бар. Иман сөзі – الإيمان «әл-Иман» араб тілінде «сенім» деген мағынаны береді. Яғни, иман келтіру, шын болмысымен сену, илану.Аллаһтың жалғыз екендігіне,оның пайғамбарларына,түсірілген кітаптарына, ақырет күніне шынайы сенуді білдіреді.
Ислам дінін мақұл көріп, шариғат заңдылықтарын салт-дәстүрімен қиюластырып, салиқалы өмір салтын қалыптастыруға талпыну арқасында, бүгінде жаһанданудың бет қаратпайтын жойқын  желіне жұтылып кетпей отырғандығымыз соның дәлелі бола алады. Қанымыз да,тегімізде бар имандылықты қаншама тұншықтырып жатса да, көкірек көзін ашып жіберсе, қайтадан өз биігіне көтерілері анық.Бірақ, бүгінгі тәрбиеде- жетпей жатқан нәрсенің нақ басында осы имандылық тұр.Оның көптеген себептері бар екені растай отырып,бастыларын атауды жөн көрдім.Бірінші.Қазақ отбасы, бүгінгі құрамында жасұрпаққа имандылық тәрбиесін толықтай игертуге дәрменсіз.Бүгінгі отбасында, кешегі атеистер,коммунистер,мәңгүрттер анағұрлым үлес иеленіп,ата- әжелер,әке-шешелер болып отыр.Жаңа ғана жүрегі,ықылысы иманға бұрылып көзін ашқан ата-әже,әке-шешелер өздері толық жетіліп кеткен жоқ.Екінші.Баршаға үлгі- өнеге көрсетіп,иман нұрын шашатын дін жолында жүрген,менің бауырларым,оның бастамашы ұйымдары мына бір жайды ескермей жүр.Өткен ғасырдың басында медіреселер саны,бүгінгі күннен әлде қайда мол болумен қатар,7-14 жастағы қазақ қыздарының 7-8 пайызы, сол медіре-селерде діни білім алған.Ал ұлдардың медіресеге қамтылуы бұдан 4-5 есе артық болған. (П.Саламатов, Ж.Қасымбаев).Шеткері ауылдарда ауыл молдасы жоқ болғанымен,қожа-молдалар әр шаңыраққа жетіп,бала сүндеттеген,жаназа шығарған,Құран хатым түсірген, уағыз айтқан, балалардың діни сауатын ашып,ата-анаға көмектесіп отырған.Кәзіргі кезде,тек мешіттің саны 3500-ден асып,шеткі ауыл тұр ғой,шет елдегі қазақ диаспораларының аумағында имандылық тәрбие жүргізу мүмкіндігі туған. Алайда,медіресе саны,аталған мезгілдегі медіресе санынан тым төмен жатыр. Діни уағыз айту,насихат жүргізу, мешіт-медіресе аумағында шектеліп қалған.Қазақтың: «Қорқақ молда,мешіттен ұзамайды»- деген сөзі осыдан шыққан шығар.Үшінші.Имандылық тәрбиесін баршаға игерту мүмкіндігі,мұралық дәстүрі,білімдік қоры,үлгі-өнегелік ғибраты дін бауырларым, Сіздердің қолдарыңызда тұр.Тек,ұтымды пайдалану дағдысы жетіспей келеді.
   … Мұхаммед (с.ғ.с.)-ға дейін,Алла тағала 124 мың пайғампарларды тәрбиелеп,әр түрлі ру тайпаларға жіберген.Олар жеке бастарының үлгі-өнегесі, тәрбиелік үгіт насихаты,уағыз өсиетімен көптеген сахабаларын тәрбиелеп алған. Пайғампары-мыз(с,ғ.с.): «Мені ең көркем үлгіде тәрбиелеген Раббымның Өзі»-дейді.Алла елшісі (с.ғ.с.)  пайғампарлығынан бұрын  да қара қылды қақ жарған әділдігімен,сөзіне берікті-гімен, сенімділігімен, мейрімділігімен және қол ұшын беруге әзір тұратын пиғылымен теңдессіз үлгі көрсеткен –адам.Оның үстіне Раббысы кемелдендіріп тәрбиелеген-діктен,33 мың сахаба тәрбиелеп, соңына ертіп,Алланың ақ жолында, қайыспас қайсарлықпен пайғампарлық міндетін атқара жүріп, адам тәрбиелеудің теңдесі жоқ мирасын,үмбетіне өлшеусіз үлгі-өнеге, рухани мол мұра қалдырды. Адамзат тари-хында одан өткен Ұлық Ұстаз  жоқ.Айналайындар,әр бірің,осындай ұстаз бола білің-дер!Отыз үш мыңды былай қойғанда,33 балаға шарапаттарың тисе,аз болмас.Хақ Елшісі оқу-жазуды үйренуге көп көңіл бөліп,Бәдір соғысында қолға түскен тұтқындарға 10 мұс-ылман балаға оқу-жазу үйрету шартымен,оларға бас бостандығын бергені есте ғой..!
Төртінші.Ұлтық тәрбие мен имани тәрбиесінің арасындағы дәстүрлі байланысты, ынтымақтасты бір-біріне қарсы қою немесе бір жақты бұра тарту байқалуда.Діни-уағыз,оқу- ағарту бағытында көптеген кітаптар мен оқулықтар,кеңестер,көмектер қауымға
таратылып жүр.Мысалы;«Хадис-ғұрпымыз,сүннет-салтымыз»,«Дін мен дәстүр», «Мұсыл-мандық тәрбие», «Исламдағы бала тәриесі» т.б.Осыларда: «тәрбие,дәстүр,ғұрып,
бата,иман т.б. ұғымдар мұсылмандық өркениет жемісі»-деп талдап, мұсылманға дейін қазақта имани тәрбие болмағандай  жазады.Осы қалпы қоя берсеңіз, «Исламға дейін өмірден озған қазақтың ата-бабалары-имансыздар»-деуі де мүмкін. -«Исламдағы бала тәрбиесі»деген кітап өте тартымды,тілі жатық екен,неге пайдаланбайсыздар?-деген сауалға,директордың  тәрбие жөніндегі орынбасары,қызымның берген жауабы:-Ата,осы тақырыпта жазатын,біздің «ғалымдар»,Ислам мемлекетінде өмір сүріп жатқан қазақтарға арнап жазады.Менің тәрбиелеп отырған балаларым,біріңғай  «мұсылман» балалар емес.Оның үстіне,кітапты оқып көріңізші,мектеп,мұғалім,дін қызметкерлерінің тәрбиедегі міндет,мақсаты туралы айтылмайды.Бәрі ата-аналарға сілтенген. «Ата-ананың ең үлкен міндеттерінің бірі-мұсылман үмбеті деген атқа лайық иманды перзент тәрбиелеу»Мұндай бұра тартушылық пен бұлтару кәзіргі мектептегі имандық тәрбиесінде де мол.
Бесінші.Мектеп пән бағдармаларында,тұжырымдамаларында ұлттық тәрбие мен ислами имани ұғымдарын пән мазмұндарына көптеп енгізу,тәрбие сағаттары мен жұмыстарында оларды ерекше ескеру,айтылған-ақ.Бірақ,жүзеге асырылу қарқыны тым мақтанарлық емес.Мысалы,тіл,әдебиет,тарих қатарлы гуманитарлық пәндердің кез-келген тараулары мен бөлімдерінде,жекеленген сабақтарында мұсылмандық әдептер, хадистер,жібек мінездерді мысал етіп алып,тіл сабақтарында;жаттығу талдаулар жасау,әдебиетте;діни өлеңдер мен аңыз,толғауларға сипаттамалар беру, әр пәннің ерекшелігіне сай,имандылық тәрбие негідерін қамтуға толық мүмкіндік бар.Мешіт пен мектеп,ата-аналармен ынтымақтаса отырып бұл тақырыпта көптеген тәрбиелк сағаттар,сайыстар,ертеңгіліктер мен кешкіліктерді ұйымдастыруға болады. Иманды, өнегелі,өнерлі адамдар қайда да бар.Олармен кездесу жасап,өнегелерін алып,өсиеттерін тыңдауға кәзірдері мүмкіндік жетеді.Шаңырақ көтергендеріне 55 жыл болған,қажылыққа қатарымен барып келген,қос қарияның әңгімесін тыңдауға,ауылдың үлкен- кішісі түгел жиналғандықтан ауылдық Мәдениет үйіне симай,көпшілігі түрегеліп тұрып,есік алдында тамашалағанын көзімізбен көрдік.Бұл шараның бас-қасында ауыл мешітінің имамы мен мектеп директоры тұрды.Ынтымақтастық осылай басталып,дәстүрге айналады.
Алтыншы.Қазақтың адамгершілік асыл қасиеттерін ислам дінінің ұстанымындағы жібек мінездер туралы ұғымы байытып,тәрбие діңгегіне айналған.Олар қазақтың ислам дініне дейін пайда болған адамзаттық адами құндылықтарға ешуақытта қарсы келмеген. Сондықтан,оларды бір-біріне қарсы қою,ара жігін тауып сараламақ болу орынсыз болады.Керісінше,оларды бір-біріне қабыстыра отырып,әдістемелік кеңестер жасау, отбасылық оқулық  дайындауда,басқа дін ғұламаларының ақылын тыңдау артық болмайды.Мәселен,барлық дінге ортақ,барлық ұлтқа ортақ құндылықтар да бар.Сондықтан,қоғамдағы орныққан басқа дін өкілдеріне,мұсылман дінінің артықшылы-ғын,өзі ұстанған діннен оның осал еместігін,айтқызу қажет-ақ.Олай болмаған-дықтан,кәзіргі кезде,мұсылмандық ғибадаттарды орындау кез-келген адамның қолынан келмейтін  «ауыр,қиын» деп түсіндіріп, «төте жолын» көрсетіп жастарды,өз жавғына тартып ждатқандар бар.Бүгінгі Қазақстан жағдайында,осындай кең көсіліп,айналаға тым алыстан көз тастау талабы тұр. Бұл жағынан,тәрбиелеу қазақ тарихында Иасауидің, Алтынсариннің,Абайдың тәрбиелік оқулықтарының тәжірибесі қашаннан бар ғой!         Басқаға ұқсатып бас қатыру қажет емес!
Жетінші. Адамгершілік білімі адамдардың дүниетанымын, олардың қызметін және мінез-құлқын, істері мен әрекеттерін анықтайды. Сондықтан да күні бүгінге дейін адамгершілік білімін «білім берудің алтын қазығы» деп түсініп келдік.Осы негізде, адамгершілік-рухани білімді жеке бөліп алып,арнаулы пән де жасадық. Адамгершілік білім беру үшін бар күшімізді салдық та,бердік те!Алайда,тәрбиелеу тек адамгершілік білім беруменшектелмейді екен.Оны бүгінгі жастарымыздың адами тұрпатынан, қасиетінен,әдеп-мінезінен аңғардық.Ендігі кезекте адамгершілік білім беруді,әдеп-иба дағдымен ұштастыру қажет болды.Нақтырақ айтсақ,әдепсіздерді әдейілеп әзірлегендей,көргенсіздер көбейіп кетті.  Қорқыт Ата бойынша: «Тәрбиелеу дегеніміз үлгі-өнеге көрсету, әдеп, өнер ұқтыру.»Фараби бабамыз:«Оқыту адамдар мен халықтарда теориялық қайырымдылық дарыту болады, ал тәрбие-білім-білікке негізделген өнер арқылы оларға этикалық қайырымдылық  дарыту тәсілі.Оқыту тек
сөз арқылы жүзеге асырылады, ал тәрбие кезінде адамдар мен халыққа білімге негізделген қасиеттерден шығатын әрекеттерді жасауды дағдыға айналдыру…».Айталық,ұлттық тәрбиеде болсын,ислами ұғымда болсын, имандылықты игертудің бір негізі-ұялту амалы.Алайда, жасқа қаншама кітап оқытып, қаншама адамгершілік білім беріп ұялта алмайсың.Ал,қазақтар. «Әй,ұят болады,қой оны!»деген көтеріңкі айтылған жалғыз ауыз сөзбен ұялта алған.Адамның имандылығының өлшемін,қанағатсыз қалыптасқан жағдайда:
«Олай болса,ол,ұяттан үш күн бұрын туған жан екен, » -деп қана түйіндей салатын.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с) хадисінде:«Иманның алпыстан астам тармағы бар,ал ұят – иманның бір тармағы» деген. Халықта «ұят кімде болса, иман сонда» деген мақал да бар.
Адамгершілік рухани тәрбие-имандылық тәрбиенің бір саласы ғана.Имандылық тәрбиесі-ұлттық тәрбиенің өзегі.Ұлттық тәрбиеде тәрбиенің басқа салалары да қамтылған.Бүгінгі таңда,Имандылық тәрбиесін негізге алған,тәрбиелеу бағдарларын жасаушылар да баршылық.Қандай бағдарлама-бағдар жасағандарымен, ұлтық тәрбие денгейіне жете алмай келеді,әлі де жете алмайды.          Себебі ұлттық тәрбиеде біртұтастық деп аталатын қағида бар.Ол тәрбиені бөлшектеп,бұтарлаған сайын,тәрбиелеу ісін жүзеге асыру қиындап,тәрбиелеудің ұлттық құралдарының байланысы алшақтай түседі.Айталық,ұлттық тәрбиеде ән айтсаң да,ойын ойнасаң да,салт атпен серуенге шықсаңда,тіпті санамақ жаттасаң да ақыл-ой тәрбесін де,дене тәрбиесін де,имандылыққа да тәрбиелей аласың.Тек
осы аталған тәрбие құралдарын,адамның жас,жыныс ерекшелігіне сай қолдана алсаң болғаны.Біз осы күнде бір ғана адам тәрбиесін 17-20(патриоттық,еңбек,ақыл-ой, экологиялық т.б.)ға бөлеміз.Ұлттық тәрбие ілімінде екіге ғана(тәрбиелі-көргенді,           тәрбие-  сіз-көргенсіз) топтайды.Сондықтан,әдеп пен мінезді,иман мен ибаны қамтыған,тек қана адамгершілік туралы білім беру ғана емес,дағды-машық игертуді негізгі бағыт етіп тәрбиелеуде негіздік өзгерістер жасау керек.Жақсылыққа құр сөз арқылы шақырып, ынтықтыру мүмкін емес. Адамның табиғаты сол – кез келген нәрседе үлгіні қажет етеді..
Әдеп,жібек мінез,иба тек дағдылынып машықтану арқылы игеріледі. Отбасында, мектепте,әлеуметтік ортада сыпайылыққа,әдепке,мінез -құлыққа қойылатын талап, бақылау жаңаша қалыптасып,ол,қауымдық қолдау табуы тиіс.Қазақ. «Қызға қырық үйден тиым,ұлға отыз үйден тиым қойған».Бүгінгі күні сол қырық-отыз үй қандай ұйымдық мекеме екенін,нендей орта қауым екенін ойлаған жөн- ақ.  
«Иманды ұл,ибалы қыз», «Құлықты ұл,қылықты қыз» тәрбиелеген ұлттық үрдісімізді жаңғыртпасақ,бүгінгі жағдайымыз(мен мұнда,қыз ұлдарымыздың бүгінгі бейбастақ, көргенсіздігін термелеп не қыламын,бәріңе аян ғой!»)тым мәз болмай тұр.Осы мақсатпен «Әулет мектебі», «Жеңге жезде мектебі»,«Бек ұл,пәк қыз,Айдарлы ұл,тұлымды қыз», «Батыр ұл,батыл қыз,намысты ұл,өрелі қыз» қатарлы отбасылық оқулықтар жазылып,ата-аналарға үлестірілуде.Егер қажет болса мына мекен жайдан олардың электрондық нұсқасын ала аласыздар.            Қобдабай Қабдыразақұлы  (ғалым-жазушы)
    ( қобдабай қ.)                           kerey.kz

Related Articles

  • Герб ауыстыру мәселесі немесе «терістеу синдромы» қалай пайда болды?!

    Еліміздің гербін ауыстыру туралы Президенттің ұсынысы (о баста ұсыныс суретші-дизайнер мамандардан шыққан сияқты) тұтас қоғамда болмағанмен, әлеуметтік желілерде әжептәуір қарсылық тудырды. Бірақ, байыптап қарасақ, бұл қарсылықтың қазіргі гербтің қазақ үшін ерекше қастерлі немесе эстетикалық тұрғыдан мінсіз болуына еш қатысы жоқтығын аңғарасыз. Соңғы уақыттары, ауыр індетпен қатар келген қаңтар трагедиясынан бастап, халық айтарлықтай күйзеліске ұшырады. Қазақстанның еркінен тыс, соғысқа, басқа да себептерге байланысты болып жатқан экономикалық қиындық салдарынан халықтың әл-ауқаты төмендеді. Осының бәрі қазір қоғамда байқалып қалған «терістеу синдромына» түрткі болды. «Терістеу синдромы» – дұрысты да бұрысқа шығаратын, қандай бастамаға болсын қарсы реакция шақыратын құбылыс. Әлеуметтік психологияны зерттеушілердің пайымдауынша, осы құбылысты барынша күшейтіп тұрған фактор – әлеуметтік желілер. Яғни, алдағы уақытта

  • Үздік ойдың үзінділері

    Үздік ойдың үзінділері Арма әлеумет! Мен қазір таза академиялық ғылыми ортада жүрмін. Өзімнің неше жыл бойы жинаған білімімді, оқыған оқуымды, шетелдік тәжірибемді, интеллектуалды қарым-қабілетімді шынайы қолданатын қара шаңырақтың ішінде жүрмін. Алматының бәрінен бөлек мәдени ортасы ерекше ұнады. Алматы қала мен дала дейтін екі ұғымның түйіскен әдемі ортасы екен. Ойлап көрсем мен бақытты перезент, бағы жанған ұрпақ екенмін. Әкем тұрмыс пен жоқшылық, жалғыздықтың тауқыметін әбден тартып еш оқи алмадым, небәрі үш ай оқу оқыдым-, деп менің оқуымды бала күнімнен қадағалады, шапанымды сатсам да оқытам деп барын салды. Ал мектепте бақытты шәкірт болдым. Маған дәріс берген ұстаздарым кілең дарынды, қабілетті кісілер болды. Университетте және шетелде мен тіптен ерекше дарын иелеріне шәкірт болдым.

  • Самат Әбіш қалай “сүттен ақ, судан таза” болып шықты?

    Азаттық радиосы Саясаттанушы Досым Сәтпаев ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке шыққан үкім “Қазақстандағы режим болашақты ойламайтынын көрсетті” дейді қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев. Сарапшының пайымдауынша, билеуші “элита” жеке істерімен және тасадағыкелісімдермен әуре болып жатқанда елде тағы бір жаңа әлеуметтік жарылысқа әкелуі мүмкін факторлар күшейіп келеді. СаясаттанушыРесей өзінің экономикалық мүдделері мен геосаяси жоспарларын кеңінен жүзеге асыру үшін Қазақстанның ішкі саясатына тікелей әсер етуге тырысып жатуы мүмкін деп те топшылайды. ПУТИН “ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ” МЕ? Азаттық: Сонымен ұзақ демалыс алдында осындай үлкен жаңалық жарияланды. Мейрам алдында, 19 наурызда қазақстандықтар мәжіліс депутатының постынан Самат Әбішке шыққан үкім жайлы білді. Мұның бәрінің байланысы бар ма әлде кездейсоқтық па? Досым Сәтпаев: Әңгімені бұл істің құпия

  • Христиан миссионерлерінің құмдағы іздері

    Орыны: Қашқар қ-сы; Жылы: 1933 ж; Аты-жөні: Қабыл Ахонд; Діні: христиан; Түсініктеме: Бұл жігіттің кейінгі есімі Қабыл Ахонд, христиан дінін қабылдаған алғашқы ұйғыр. Кейін діни сеніміне байланысты өлтірілген. Сурет еуропадағы миссионерлік музей архивінде сақтаулы. Аталған музейде жүздеген христиан ұйғыр өкілдерінің суреті сақталған. 1930 жылдары христиан ұйғырларына тұрғылықты мұсылмандар мен әкімшілік билік тарапынан қысым көрсетіле бастаған соң бір бөлімі миссионерлерге ілесіп еуропа елдеріне “һижраға” кетті. Алқисса Христиан әлемінің Қашқарияға баса мән беруі әсіресе Яқұп Бек мемлекеті кезеңінде жаңа мүмкіндіктерді қолға келтірді. 1860-70 жж. Қашқарияның Цин империясына байланысты көңіл күйін жақсы пайдаланған Христиан әлемі Үндістан мен Тибет арқылы Қашқарияға мәдени ықпалын жүргізе бастады. Олардың мақсаты бұл аймақты Ресей империясынан бұрын өз ықпалына

  • Демографиялық сараптама

    1-ші сурет қазақтар; Демографиялық ахуал 1949-2020 жж. аралығын салыстырмалы көрсеткен. 1949 жылға дейін, атап айтқанда коммунистік қытай үкіметі орнағанға дейін Шынжаң өлкесінің солтүстік бөлігінде қазақтар, оңтүстік бөлігі Қашқарияда ұйғырлар басым санды ұстады. 1951-54 жылдары ұлттық межелеу кезінде орталық үкімет құрған комиссия сараптамасы бойынша ұлттық автономиялық территорияны анықтау мына екі бағытта жүргізілді. Олар: БІРІНШІ, ұлттық автономияны межелеу бойынша оның атауын тұрақтандыру. Осы бойынша үш атау ұсынылды: *ШЫғыс Түркістан автономиялық федерациялық респубиликасы; *Ұйғырстан автономиялық респубиликасы; *Шынжаң автономиялы респубиликасы. ЕКІНШІ, автономияның әкімшілік тұрпатын анықтау; Осы бойынша: *Федерециялық тұрпат; *Автономиялық облыс және окург тұрпат; *Аймақ және аудан дәрежелі автономиялық окург тұрпаты. Межелеу комиссиясы аталған екі бағытта сараптама нәтижесін қорытындылады. Комиссия қорытындысы бойынша Шынжаң өлкесінің

1 пікір

  1. 1. “Иманды ұл,ибалы қыз” тәрбиелеудің мазмұны мен жалпы амалы жақсы жазылған.Мұндай түсініктер мектептің ешбір әдістемелік жинақтарында кезікпейді.Тәрбиелеу ұлттық мұрат,мақсат тарымен біз,мұғалімдер,толық таныс емеспіз.Алайда,сабақтан тыс,тәрбиелік жұмыстар,аздап болса да жүргізіп келеміз.2.Бізге ,ата-анаға тікелей көмек болар,имандылық пен иба игерту тәсілдерін талдаған,үлгісін көрсеткен,материалдар аса қажет.

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: