|  | 

Шоу-бизнис

Жаңартылған Nokia 3310 жұқа әрі түрлі түсті дисплеймен шығады

© gizmochina.com

Әйгілі Nokia 3310 ұялы телефонының жаңартылған нұсқасы жұқа әрі жеңіл және дедисплейі түрлі түсті болып шығады, – деп хабарлайды Gizmochina сілтеме жасап tengrinews.kz .

Жалпы алғанда Nokia 3310 қатты өзгеріске ұшырамайды. Телефонының жаңартылған нұсқасы жұқа әрі жеңіл болуының себебі 17 жыл ішінде ұялы телефондар құрылымы әлдеқайда кішірейген.

Еске салайық, Nokia брендін өндіруші HMD Global фин компаниясы Nokia 3310 ұялы телефондарының жаңа нұсқасын ақпанда шығаратынын хабарлаған. Телефонның дисплейі өзгеретін болады. Алайда, оның қазіргі дисплейлерден айырмашылығы көп, яғни қуаты біразға жетеді.

Сонымен қатар, Nokia 3310 батырмалы телефон болып қалады.

tengrinews.kz

Related Articles

  • Қазақ патриот құрылысшысы

    11 тамыз күні, бұрынғы Кеңес Одағының аумағында құрылысшылардың кәсіби мерекесі атап өтілді. Еріксіз, менің досым Александр Владимирович Рязановты (1958-2009) еске алдым. Иә, биылғы тамыздың басында Одесса қаласына қысқа сапар шектім. Осы аймақта өмір сүретін Алекеңнің туысқандарымен қауыштым: бөле ағасы Александр Браилов, бөле қарындасы Оксана Позняк, бөле інісі Андрей Барбакар. Одесса аймағының құрамасындағы Измаил қаласында тұратын оның досы, журналис Александр Ободовскиймен сөйлестім. Зымырап өтетін уақыттың қарқыны соншама: биыл А.В. Рязановтың мезгілсіз қазасына дардай он жыл толды. Қайран Александр Владимирович әйгілі американдық эстрадалық әнші Майкл Джексондей (1958-2009) жарқыраған жұлдыздай өтті. Еліміздің құрылыс саласында Алекең де біртуар жұлдыз емей немене? Алайда, кең-байтақ мемлекетімізде күні бүгінгі дейін оның құрметіне бірде-бір көше, алаң, даңғыл аталмады.

  • Былқ-сылқ жауап… Былқ-сылқ істер…

    Бұдан бұрын Мәжілістегі «Халықтық коммунистер» фракциясының атынан депутат Айқын Қоңыровтың дәрі-дәрмек бағасын реттеу туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа жолдаған сауалы туралы жазған болатынбыз. («Дәрі-дәрмектің бағасы қашан реттеледі, Біртанов мырза?»., «Керей кз, 18.04.2019 жыл.) Онда депутат қолданыстағы заңнамаға дәрі-дәрмек бағасын мемлекеттік реттеу бойынша өзгерістер енгізілгенін, осыған байланысты министрліктің қандай шаралар қолданатыны сұралған. «Өткен жылдың алғашқы тоқсанымен салыстырғанда, 2019 жылдың бірінші тоқсанында дәрі-дәрмектер бағасы 8,4%-ға қымбаттаған. Бұл басқа бағалардың өсуінен 1,7 есе артық. Бұл жағдай дәрі-дәрмектер бағасы қымбаттауының объективті және субъективті себептерін шұғыл түрде анықтауды қажет етеді. Бұған қоса бөлшектік нарықта пайда түсімі аз арзан дәрі-дәрмектерді ығыстырып, қымбат дәрі- дәрмек саудасын дамыту қаупі да бар. Статистика комитетінің мәліметі бойынша, өткен жылы

  • Қазақстан Еуро-2020 іріктеуінде Шотландияны ойсырата жеңді (фото)

     Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионаты 2020 арналған іріктеу матчында Шотландия командасын оңай жеңді. Матч Қазақстан астанасында өтті деп хабарлайды Sports.kz сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ. Фото: sports.kz Рассказать ВконтактеРассказать в FacebookРасказать в Twitter Бұл ойынды бәрі үлкен қызығушылықпен күтті. Себебі бұл чехиялық бас бапкер Михал Билек үшін алғашқы ойын еді. Сондай-ақ құрамада жаңа футболшылар ойнауға тиіс болатын. Фото: sports.kz Рассказать ВконтактеРассказать в FacebookРасказать в Twitter Алғашқы құрам таңғалдырды. Онда «Астана», «Қайрата» және «Ордабасы» клубтарының үш ойыншыларынан болды. Сонымен қатар Бақтияр Зайнутдинов мен Александр Меркель. Фото: sports.kz Рассказать ВконтактеРассказать в FacebookРасказать в Twitter Астанада өткен І тобының кездесуі 3:0 есебімен аяқталды. Ойынның 10 минутында тақтайшада алаң иелерінің еншісіне 2:0 есебі жазылып тұрды. Голды Юрий Перцух пен Ян

  • Несие қайда жұмсалып жатыр?

    2018 жылдың 11 айында банктердің халыққа берген несиелерінің 52 пайызы импорттық тауарларды алуға жұмсалған екен. Мұны «Халықтық коммунистер» партиясының сарапшылары анықтап отыр. Осы партияның Мәжілістегі фракциясының жетекшісі А.Қоңыров мұны алаңдатарлық жағдай деп санап, Ұлттық Банк төрағасы Д.Ақышевке сауал жолдады. Өйткені, барлық дамыған және дұрыс жолмен дамып келе жатқан мемлекеттерде несиенің үлкен бөлігі өндіріс пен ауыл шаруашылығына беріледі. Ал сауда саласына, атап айтқанда алыпсатарлық жұмыстар үшін берілетін несие көлемі төмен. Бізде бәрі керісінше болып отыр. Депутаттың айтуына қарағанда бізде өңдеу өнеркәсібіне берілетін несие әлемдік тәжірибенің талабына да, Қазақстанды индустрияландырудың маңызды міндеттеріне де жауап бере алмайтын мардымсыз халде. Оның да жалпы көлемінің төрттен бір бөлігі ғана ұзақмерзімді қарыз саналады. Соның ішінде, ұзақмерзімге

  • Хорватия – Англия 1:1 (қосымша таймда 2:1)

    Алғашқы таймның бесінші минутында-ақ Англия Хорватияның айып алаңы сыртынан доп соқты. Жас жартылай қорғаушы Триппьердің ұлттық құрамасы үшін соққан алғашқы голы. Айып добын шебер орындап, оң жақ тоғыздықты ала топ еткізді. Ерте голдан соң Англия алдыңғы шепте арқасын босатып, өткір контршабуылдарға көшті. Жан салып, тер сорғалатып жүгіруді азайтты. Кейн мен Лингард бірнеше оңтайлы сәтте қапы қалды. Стерлинг сол баяғыша далаңдап бос шапты. Магуайр мен Янг тас қамал болып тұрды, Пикфорд өте сенімді ойнады. Шаршаңқы Хорватия қатты прессингке жарамады, дөрекілеу ойнады, жиі ереже бұзды. Әдеттегідей Модрич, Ракитич пен Перишич шебер ойнап, ерекше көзге түсті. Бірінші таймда көңілімде үш сұрақ туды: 1. Неге тоттенхэмдік Кейн-Алли дуэті ӘЧ-те мүлдем көрінбейді? 2. Неге Стерлингтің

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: