ӘМІРХАН АМАНБАЕВ. КАДР КТК АРНАСЫ
Тәркіленген дүние-мүліктерді тізіп шығуға судья тіпті, бір сағаттан астам уақыт жұмсаған.
Қылмыстық топтың заңсыз жолмен тапқан табысы 19 миллиард теңге. Бұл қыруар қаржы жалған фирмалардың есеп-шоттарынан табылған. Сондықтан бір ауданның бюджетіне пара-пар миллиардтар енді мемлекет меншігіне өтетін болды.
Сондай-ақ, судья сотталушылардың дүние-мүлкін тәркіледі. Атап айтқанда олардың банк шоттарындағы миллиондар, қымбат көліктері, зәулім сарайлары тәркіленіп отыр. Тізімде тіпті тікұшақтар да бар.
Еске сала кетейік, сот 22 ақпанда қылмыстық топ құрып, арам жолмен келген ақшаны заңдастырды, ірі көлемде пара алды деп айыпталған Әмірхан Аманбаевты 14 жылға бас бостандығынан айырған.
Сонымен қатар, оның өмір бойы басшылық қызмет атқаруына тыйым салынады.
Дереккөз: КТК арнасы
Пікір қалдыру