|  |  | 

Саясат Әлеумет

Солтүстік Қазақстан облысының əкімі Ерік Сұлтановтың халық алдындағы есебі

СҚО-да 7,6 млрд. теңгенің 6 ірі жобасын жүзеге асыру жоспарланған

d98e0541e8bfe1959ed1823fbf5

сурет 365info.kz алынды

 

22 ақпанда Петропавл қаласындағы Погодин театрының ғимаратында Солтүстік Қазақстан облысының əкімі Ерік Сұлтановтың халық алдындағы есебі өтті. Екі сағатқа созылған кездесу барысында облыс басшысының 2016 жылы атқарылған іс-шаралар қорытындысы мен болашақта атқарылар жұмыс жоспарлары тыңдалды. Кездесу барысында жұмыс істеген call centre-ге 30 сұрақ келіп түссе, 20-дан астам солтүстікқазақстандық аймақ басшысына ашық микрофон арқылы сұрақтарын қойып, жауап алды. Облыс əкімінің есебіне ақпарат жəне коммуникация министрі Дəурен Абаев қатысты.

Өңір басшысының ақпараты бойынша өткен жылы әлеуметтік-экономикалық дамуы оң серпін берген, макроэкономикалық көрсеткіштер өсімі қамтамасыз етілген.

 

2016 жылы 38,0 млрд. теңге кіріс жиналған. 2015 жылмен салыстырғанда өсім қарқыны 18,5 пайыз болды. Бюджеттің шығыс бөлігі 99,6 пайызға орындалды.

 

Ауыл шаруашылығы

 

Саланың үлесіне өңірлік жалпы өнімнің ширек бөлігі тиесілі. 2016 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 1,8 пайызға өсті және 416,7 млрд. теңгені құрады.

2016 жылы облыс диқандары гектар берекелігін орташа есеппен 17,2 центнерге жеткізіп, 5,5 миллион тонна астық жинады.

Жыл сайын біз алыс және жақын шетелдерге 1,5 млн. тонна сапалы солтүстікқазақстандық астықты, 250 мың тонна ұнды, 150 мың тонна майлы дақылдардың тұқымын экспортқа шығарамыз.

2016 жылы ауыл шаруашылығы өндірісіне демеуқаржы үшін бюджеттен 31,0 млрд. астам  қаржы бөлінді, бұл 2015 жылғы деңгеймен салыстырғанда 1,8 есе көп.

Облыстың агроқұрылымдары жыл сайын мал шаруашылығы үшін 20 мың бастан астам ірі қара сатып алынды.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі картасы шеңберінде 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін сомасы 191 млрд. теңгеден асатын 64 инвестициялық жобаны жүзеге асыру көзделген. 2016 жылы сомасы 7,8 млрд. теңге болатын 20 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 270 жұмыс орны ашылды.

 

         

Өнеркәсіп

Жетекші машина жасау кәсіпорындары тұрақты өсу серпінін көрсетті. Өнеркәсіп өндірісі көлемінің артуына өнім шығаруды 1,7 есеге көбейткен “ЗИКСТО” акционерлік қоғамы елеулі үлес қосты. Ол Үкіметтің қолдауы негізінде “Қазақстан Темір Жолы” ұлттық компаниясымен жасалған 15 млрд. теңгенің келісімшартының арқасында мүмкін болды.

Өнім шығару “С.М.Киров атындағы зауыт” АҚ-да – 8 пайызға, “Казнефтегазмаш” АҚ-да – 43 пайызға, “Көпбейінді жабдықтар зауыты” ЖШС-інде – 29,3 пайызға, “Поиск” ВФ” ЖШС-інде 5,4 пайызға артқаны байқалды.

 

Индустриаландыру картасы

2010-2016 жылдары аралығында Индустриаландыру картасы бойынша 47 млрд теңгеге 54 жоба іске қосылып, 2 мыңнан астам тұрақты жұмыс орындары ашылды, соның ішінде 2016 жылы 8,8 млрд. теңгеге 9 жоба іске қосылды.

Қазір кәсіпкерлікті қолдау  картасына 41 жоба енгізілді, оның жалпы сомасы 72 млрд. теңге.

В июле прошлого года Главе государства в рамках телемоста был презентован Петропавловский тракторный завод, на базе которого осуществляется сборка трактора сельскохозяйственного и коммунального назначения под брендом «К-704 «Батыр». Освоен посевной комплекс, который выйдет на испытания в апреле, также будет налажен выпуск зернометов.

“К-704-4Р “Батыр” брендімен тракторлар шығаратын Петропавл трактор зауытының ашылуы үлкен жаңалық болды. Бұл – жер жыртатын, топырақты өңдейтін, коммуналдық қажеттіліктерге жарайтын көпбейінді трактор.

Желтоқсан айында Елбасының қатысуымен өткен Жалпыұлттық телекөпір барысында “Тайынша-май” ЖШС-нің майлы дақылдар өңдейтін зауытының бірінші кезеңі іске қосылды. Жоба қытайлық “Айцзю” компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылды.

2017 жылы құны 7,6 млрд. болатын 6 жоба іске қосылмақ, 300-ден астам жұмыс орны ашылады.

Таяу уақытта Сергеевка қаласында өз шикізатын пайдалана отырып, жылына 10 мың тонна қант шығаратын “Трансагроинвест” ЖШС-нің қант зауытын салу жобасын жүзеге асыру көзделген. Зауытты үстіміздегі жылдың соңында іске қосу жоспарланып отыр. Кәсіпорынның пайдалануға берілуі облыстың қантқа деген сұранысын 100 пайыз қанағаттандыруға мүмкіндік туғызады.

Инвестициялар

2016 жылы облыс экономикасына 165,7 млрд. теңге инвестиция тартылды.

Былтыр Астана қаласында 33 дипломатиялық миссияның жетекшілерімен бизнесланч өткіздік. Осы кездесудің нәтижесінде Эстонияның, Германияның, Малайзияның, Швецияның, Қытайдың, Ресейдің және басқа да елдердің іскер топтарының өкілдері облысымызға іссапармен келіп, ынтымақтастықтың мүмкін бағыттарын талқылады. Жекелеген бағыттар бойынша қазірдің өзінде бірлескен жобалар жүзеге асырылуда. Инвесторлар үшін негізгі қызығушылық агроөнеркәсіптік кешен мен ауыл шаруашылығы машиналарын жасау салалары болып табылады.

 

Кәсіпкерлік пен туризм

Біздің облыс демеуқаржы беру бойынша қол қойылған келісімдер саны жағынан республика өңірлері арасында 1-орында тұр.

Кәсіпкерлер бизнестерін дамыту үшін мемлекеттік қолдау тетіктерін белсенді пайдалануда. “Бизнестің жол картасы – 2020”, “Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020”, “Агробизнес – 2020”, “Өнімділік – 2020”, “Экспортер – 2020”, тағы басқа салалық және үкіметтік бағдарламалар жүзеге асырылуда.

 

Жол-көліктік инфрақұрылым

Біз үшін жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту және жаңғырту маңызды мәселе болып қала бермек. 016 жылы ұзындығы 143 шақырым “Астана – Петропавл” автожолын жаңарту жұмыстары аяқталды.

Жергілікті маңыздағы 385 шақырым автожол 6,8 миллиард теңге қаржы жұмсалып жөнделді. 2016 жылдың желтоқсан айында Петропавл қаласы әуежайы терминалы және ұшу-қону жолағын жаңарту жұмыстарынан кейін пайдалануға берілді.

2017 жылдың қаңтар айынан әуежай толық көлемде жұмыс істеп тұр. Бұл өңір үшін ерекше маңызға ие, өйткені, бұл әуежай Ресей, еуропалық және азиялық компаниялардың жүктерін транзиттеу үшін географиялық тұрғыдан тартымды.

Тұрғын үй құрылысы

2016 жылы 619 пәтерлік 7 тұрғын үй, сондай-ақ, “СевКазЭнерго” АҚ қызметкерлеріне арналған 90 пәтерлік бір үй салынды. “Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020” бағдарламасы аясында жұмысшы жастарға арналған 5 қызметтік тұрғын үй және облысымыздың бес ауданында 135 пәтерлік 6 жатақхана пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, 2016 жылы “Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ-ның салымшылары және жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған тұрғындар үшін 834 пәтерлік 10 тұрғын үйдің құрылысы басталды, оның 3-еуі былтыр пайдалануға берілді. Қалған 7 үйдің құрылысы (келісімшарт міндеттемелері бойынша) 2017 жылы аяқталады. 1446 пәтерлік 16 тұрғын үй іске қосылады.

Сумен жабдықтау

2016 жылдың қорытындысы бойынша “2020 жылға дейін өңірлерді дамыту” бағдарламасы шеңберінде екі елді мекенде сумен жабдықтау жақсарды, 2 ауылға ауызсу берілді. Ауылдардың орталықтандырылған суға қолжетімділігі 56 пайызға дейін өсті (2015 жылдың соңында 55,8 пайыз).

Бұл жобаны жүзеге асыру қолданыстағы тозығы жеткен сумен жабдықтау желілерін 2020 жылға дейін 72 пайыздан 60 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

“Нұрлы жол” бағдарламасы аясында 2017 жылы 683 миллион теңгеге Петропавл қаласында су тарту бойынша 6 жобаны жүзеге асыру басталады.

 

Энергетика

2015 жылы жаңарту барысында жылу-электр орталығында құны 5,6 миллиард теңгенің №1 трубоагрегаты іске қосылды. Аталмыш турбина электр қуатын 63 МВт-ға (479 МВт-ға дейін) арттырды. Өткен жылы құны тиісінше 3,4 және 6,6 миллиард теңге болатын №12 жылыту қазандығы агрегаты және №5 турбиналық агрегатын іске қосу белгіленген қуаттылықты 479-дан 541 МВт-ға дейін арттыруға мүмкіндік берді.

Жылу желілерін жаңарту жобаларын одан әрі жүзеге асыру 2020 жылы құбырлардың тозуын 62 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

 

Білім беру

Білім беру саласында 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқумен қамту 98 пайызға жетті.

Өңірімізде үш ауысымдық білім беру мәселесін түбегейлі шешу үшін “Нұрлы жол” бағдарламасы шеңберінде облысымыздың аудандарында екі жаңа мектептің құрылысы аяқталды. Осы нысандарды пайдалануға беру нәтижесінде 2016 жылы үшауысымдық және апаттық мектептер мәселесі шешілді.

Жергілікті бюджеттен бөлінген қаржы есебінен Қызылжар ауданының Бәйтерек ауылында 300 орындық мектептің құрылысы аяқталды.

Компьютерлік технологиялардың тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 2016 жылы компьютерлерді жаңартуға және бір мыңнан астам компьютерді сатып алуға бюджеттен 100 млн. теңге бөлінді. Қазір 5 оқушыға 1 компьютерден келіп отыр. Облысымыздың 26 мектебінде IT-технология енгізу үшін 2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап робототехника курсы өткізіледі, 107 робот жиынтығы сатып алынып, 1500 оқушы қамтылды.

2017 жылы елімізде Мемлекет басшысының “Барлығы үшін тегін кәсіптік-техникалық білім беру” жобасы іске асырыла бастайды.

Денсаулық сақтау

Өткен жылы денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 20 пайызға артып, 25 млрд.   теңгеге жетті.

2016 жылы медициналық ұйымдарды жөндеу мен материалдық-техникалық базасын нығайтуға 1,2 млрд. теңге бөлінді.

Әлеуметтік қорғау

Жұмыспен қамту саласын дамыту маңызды басымдықтардың бірі болып қала бермек. 2016 жылы 23 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылып, 11,5 мың жаңа жұмыс орны ашылды.

Қолданылған шаралардың нәтижесінде облыс бойынша жұмыссыздық деңгейі 2016 жылдың үшінші тоқсанында 4,9 пайызды құрады. Күнкөріс деңгейі төмен тұрғындар саны 3,3,2 пайызға дейін  төмендеді.

Аз қамтылған азаматтарды “Өрлеу” жобасы арқылы белсенді жұмыс түрімен тарту мақсатында 211 әлеуметтік келісім жасалып, 228 адам жұмысқа орналастырылды.

Мәдениет

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында өткен жылы облыста тұрғындардың көпшілігінің қатысуымен 12 мыңнан астам мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілді. Облыстың театр-концерттік ұйымдары шалғай аудандардағы елді мекендерге 45 рет гастрольдық сапарға шықты. Спектакльдер көрсетіп, концерттер мен көрмелер ұйымдастырып, қайырымдылық шараларын өткізді.

2017 жылы Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының қазіргі ғимаратына ыңғайластырылған 500 орындық көрермендер залының құрылысы басталады. Бүгінгі күні оның жобалық-сметалық құжаты мемлекеттік сараптамадан өтуде. Жаңа ғимаратты 2018 жылы пайдалануға беру жоспарланған.

 

Спорт

Өңірде 170 мыңнан астам адам немесе жалпы халық санының 30 пайызы дене шынықтыру және спортпен айналысады.

2016 жылы спорт саласы 2,6 миллиард теңгеге қаржыландырылса, бұл алдыңғы жылға қарағанда 1,1 миллиард теңгеге артық.

Соңғы екі жылда Солтүстік Қазақстан облысында спорттың хоккей, футбол, баскетбол түрлері жандануда. 2016 жылы “Қызылжар СК” футбол клубы Бірінші лига командалары арасында ел біріншілігінің, ал “Барыс” баскетбол клубы Жоғары лиганың ерлер командалары арасында Қазақстан Республикасы чемпионатының қола жүлдегерлері атанса, 2015 жылы құрылған “Құлагер” хоккей командасы Қазақстан Республикасының кубогын жеңіп алды.

Есепті кезеңде республикалық және халықаралық спорт жарыстарынан солтүстікқазақстандықтар 540 медаль әкелді, оның 361-і спорттың олимпиадалық түрлері бойынша. Рио-де-Жанейродағы 31-ші Олимпиада ойындарына бес солтүстікқазақстандық қатысты.

 

Жергілікті полиция қызметі

 

2016 жылы жалпы қылмыстың 10,6 пайызға төмендеуі байқалды.

kerey.kz

Related Articles

  • Қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады?

    Қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады?

    Zhalgas Yertay         Қазақстан билігі мемлекеттік тілді дамыту үшін қатаң шешімдерге барғысы келмейді дейік. Бірақ қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады? Соны ойланып көрейік. Қазақ тілін дамыту жайын айтқан кезде Қазақстан билігі қоғамды екіге бөледі. Бірі – тілді дамытудың радикал шешімдерін ұстанады, екінші жағы – қазіргі статус-квоны сақтағысы келеді, яғни ештеңе өзгертпей-ақ қояйық дейді. Бірақ екі жолды да таңдамай, ортасымен жүруді ұсынып көрсек қайтеді!? Батыл қадамдарға барайық, бірақ ол радикал жол болмасын. Қазақ тілін күшпен емес, ортаны дамыту арқылы күшейтсек болады. Яғни адамдар тілді үйреніп әуре болмай-ақ, халық жай ғана қазақ тілі аясында өмір сүруді үйренсін. Негізгі ой осы. Біз осы уақытқа дейін адамдар ортаны

  • Зеленскийдің “жалғыз сенері әрі оң қолы”. Андрей Ермак кім?

    Зеленскийдің “жалғыз сенері әрі оң қолы”. Андрей Ермак кім?

    Рэй ФЕРЛОНГ Андрей Ермак (сол жақта) пен Украина президенті Владимир Зеленский (оң жақта). 2019 жыл. Андрей Ермак ұшақтан түсе сала өзінің бастығын құшақтады. 2019 жылы қыркүйекте президент Зеленскиймен жылы жүздесу жаңадан басталып келе жатқан саяси серіктестіктің басы еді. Бұл – Ермактың Ресей түрмесінде отырған 35 украиналықты Мәскеуден алып келген сәті. Ал 2020 жылы Ермак Зеленский әкімшілігінің басшысы болды. Бірақ Украинадағы жемқорлық шуынан кейін оның қызметіне жұрттың назары ауды. Себебі Ермак Украина энергетикалық инфрақұрылымына бөлінген қаржы жымқырылған коррупция схемасында негізгі рөлде болған деген ақпарат тараған. Бірақ тергеушілер бұл жайттың жай-жапсарын толық ашқан жоқ. Ермактың өзі Азаттықтың Украина қызметінің ресми сауалдарына жауап берген жоқ. Сонымен Зеленскийдің кеңсесін басқарып отырған Ермак кім? ТЕЛЕВИДЕНИЕДЕН

  • Тоқаев Нью-Йоркте Зеленскиймен кездесті

    Тоқаев Нью-Йоркте Зеленскиймен кездесті

    Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркте Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесті. 22 қыркүйек 2025 жыл. Тоқаев пен Зеленский. Сурет: Ақорда 21 қыркүйек күні Қазақстан президенті БҰҰ Бас ассамблеясына барған сапарында Нью-Йоркте Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесті. Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, президенттер екіжақты экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылаған. Сондай-ақ, Зеленский “Украинадағы жағдайға байланысты көзқарасын” білдірген, ал Қазақстан басшысы “қақтығысты тоқтату мақсатында дипломатиялық жұмыстарды жалғастыру қажет” деген. Зеленский осы кездесу туралы мәлімдемесінде Украина, АҚШ, Еуропа және өзге елдердің соғысты тоқтату жөніндегі талпынысын талқылағанын айтты. Оның сөзінше, қос басшы сондай-ақ екіжақты сауда-экономикалық әріптестікті, қазақстандық компаниялардың Украинаны қалпына келтіру ісіне қатысуға деген қызығушылығын сөз еткен. 2022 жылғы ақпанда Украинаға басып кірген Ресей Қазақстанның ең

  • Украина “өрмегі” заманауи соғысты қалай өзгертті? Әскери сарапшылар пікірі

    Украина “өрмегі” заманауи соғысты қалай өзгертті? Әскери сарапшылар пікірі

    Украина “өрмегі” заманауи соғысты қалай өзгертті? Әскери сарапшылар пікірі Амос ЧЭПЛ Ресейлік “Белая” әуе базасын шабуылдаған украин дронынан түсірілген видеодан скриншот. Фото:Source in the Ukrainian Security  1 маусым күні жарияланған видеода бомбасы бар квадрокоптерлер жүк көлігінен ұшып жатқаны көрінеді, арғы жағында өрт болып жатыр. Сол күні Украина қауіпсіздік қызметі Ресей аэродромдарына соққы жасағанын, нәтижесінде Кремльдің стратегиялық бомбалаушы ұшақтары жойылғанын мәлімдеді. Әскери тактика бөлмелерінде бұл видеоларды мұқият зерделеп жатқаны анық. “Бұл шабуылды бүкіл әлем әскери қызметкерлері дабыл деп қабылдауы қажет” деді Жаңа америкалық қауіпсіздік орталығының Қорғаныс бағдарламасы директоры Стейси Петтиджон (ханым) Азаттық радиосына. “[1 маусымдағы шабуыл] көптеген қыры бойынша Украинаның ұзаққа ұшатын дрондар шабуылынан тиімді бола шықты. Өйткені шағын дрондар шашырап кетіп, әртүрлі нысандарды көздей алады

  • Сталин ажал аузына тастаған қазақтың атты әскері

    Сталин ажал аузына тастаған қазақтың атты әскері

    Осы уақытқа дейін құпия сақталып келген 106-қазақ атты әскер дивизиясының деректері енді белгілі бола бастады. 1942 жылы дивизия Ақмолада жасақталыпты. Әскери шала дайындықпен жасақталған дивизия 1942 жылдың мамырында, Харьков түбіндегі қоршауды бұзып шығуға бұйрық берер алдында, 4091 сарбазға 71мылтық, яғни 7 адамға бір мылтық және бәріне 3100 жарылғыш оқ –дәрі бәріліпті. Қазақ боздақтарын қарусыз жалаң қылышпен өлімге жұмсауы – «Гитлермен салыстырғанда Сталин солдаттарды өлімге 8 есе көп жұмсадының» айғағы (Михаил Гареев, Әскери академиядан.2005 жыл). “Төртінші билік» газетінің 2016 – жылғы мамырдың 28-жұлдызындағы санында шетелдік архивтерден алынған видеосюжеттегі 106-атты әскер дивизиясы жөніндегі неміс офицерінің айтқаны: «Не деген қырғыз (қазақ) деген жан кешті батыр халық, атқа мініп, ажалға қаймықпай жалаң қылышпен танктерге

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: