SpaceX Айға турист ұшыруды жоспарлап отыр
Айда соңғы рет 1972 жылы “Аполлон-17″ ғарыш кемесі экипажының астронавтары болған. SpaceX ғарыш кемесін Ай бетіне қондырмай, оның орбитасы арқылы ұшыруды жоспарлап отыр. Алдағы он жылда АҚШ, Жапония, Ресей және Қытайдың Марсқа ұшу миссиясы аясында Айға адам ұшыру жоспары бар.
SpaceX туристерді ғарышқа өзінің NASA-ға арнап Халықаралық ғарыш станциясына экипаж жеткізу үшін жасаған Dragon ғарыш кемесімен ұшырмақ ниетте. Компания ғарыш орбитасына жүк жеткізген, бірақ NASA-ның келесі жылдың ортасына дейін ғарышқа адам ұшыру жоспары жоқ.
Азат Еуропа / Азаттық радиосы
Пікір қалдыру