|  |  | 

Жаңалықтар Саясат

Алтай Әбибуллаев орысша сөйлемегені үшін қызметтен қуылған – ұзынқұлақ

Алтай Әбибуллаев орысша сөйлемегені үшін қызметтен қуылған - ұзынқұлақ

Апта басында Қазақстанның Польшадағы елшісі Алтай Әбибуллаев қызметінен босатылды. Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова оның мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзды деп айыптап, Мемлекет басшысынан шара қолдануын сұраған болатын. Артынша, Президенттің жарлығымен Әбибуллаев елші қызметінен босатылды-деп жазды sn.kz .

Алайда, Г.Әбдіқалықова мемқызметкер этикасы нақты қалай бұзылғанын сол күйі айтқан жоқ. Яғни, өзінің ұлтжандығымен, сауаттылығымен көзге түсіп үлгерген Алтай Әбибуллаевтың нақты не үшін жұмыстан кеткені халыққа белгісіз. Жұмыс орнына мас боп келді ме, есірткі қолданды ма, құмар ойын ойнады ма, бәлкім Астанадан келген жоғары лауазымды әйелдердің көңілін таба алмаған болар? Бұл жағын Ақорданың бірде-бір өкілі ашып айтпай отыр.

Ресми өкілдер ашық мәлімдемесе де, сол Сыртқы істер министрлігінің маңайында жүрген “ұзынқұлақтар” мәселенің мән-жайын “сыбырлап” үлгерді. Естуімізше, Әбибуллаевтың жауапкершілікке тартылуына орысша сөйлемеуі себеп болған. Тарқатып айтсақ, Польшадағы кәсіпкерлермен кездескен Қазақстан елшісі баяндамасын қазақ және поляк тілдерінде жасаған екен. Алайда, бұған шамданған орыстілді орта баяндаманы орысша жасауын талап еткен. Ал, Алтай Ибрагимұлы бұл талапты орындаудан бас тартыпты. Содан оның артына “шам алып түсіп”, ақыры жұмыстан кетуіне қол жеткізген көрінеді.

Әрине, бұл тек сыбыс қана. Мәселенің нақты мән-жайын Қазақстанның билік өкілдері ресми айтып береді деген үміттеміз.

Танымал саясаттанушы Расул Жұмалы да Әбибуллаевтың мемқызметкердің этикетін бұзатындай сауатсыз емес екеніне күманданбайды.

“Алтай Әбиболлаев сауатты да мемлекетшіл, қолынан іс келетін елшілердің бірі. Не үшін мансаптан айырды? Себебі неге айтылмайды? Сонысына қарағанда арандату әрекеті сияқты. Кезінде дипломат болғанда менің де артымнан талай арыз жазылған болатын “агашкаларға” бас имегенім үшін. Соған ұқсайды. Қалай болғанда өкінішті жағдай кәсіби мамандардың қудаланып, пәтуәсіз ығай-сығайдың салтанат құрып отырғаны. Керісінше болу керек”, – деп жазды саясаттанушы өзінің Facebook-парақшасында.

Related Articles

  • Қазақ мектебінде оқитын 7 жасар бала орыс тілі сабағында неге орысша сайрап тұруы керек?

    Қазақ мектебінде оқитын 7 жасар бала орыс тілі сабағында неге орысша сайрап тұруы керек?

    Магнумды өзім мүлде ұнатпайды екенмін. Үнемі барсам, есі дұрыс көкөніс таппайтынмын. Ескірген, шіріген. Азық-түлікті тек базардан аламын. Бірақ магнумге байкотты тоқтатпау керек! Сонымен бірге, орыстілді кино, фильмдерге де байкот жариялау керек. Бірақ, одан күштісі, балаларыңды тек қазақша оқытып, қазақша тәрбиелеу керек. Бірақ, балаңды қазақша тәрбиелейін десең, тағы бір кедергі шығып жатыр. Ғалымдардың айтуынша, баланы 13 жасқа дейін қазақ тілінде оқытып, ұлттық құндылықтарды бойына, ойына сіңіру керек. Енді солай істеп жатсақ, 7-8 жасар қап-қазақша өсіп келе жатқан балаңды мектепте орыс тілін үйретіп миын ашытуға тура келіп отыр. Яғни, 2-сыныптан бастап орыс тілі мектеп бағдарламасында тұр. Бжб, тжб-сында орыс тілі мұғалімдері баланың орысша мазмұндамасын (говорение) тексереді. Талап етеді. Сонда, біз байғұс қазақ,

  • Саясаттанушы: Еуроодақпен әріптестікке Орталық Азия көбірек мүдделі

    Саясаттанушы: Еуроодақпен әріптестікке Орталық Азия көбірек мүдделі

    Нұрбек ТҮСІПХАН Еуроодақ жетекшілері мен Орталық Азия елдерінің басшылары “Орталық Азия – Еуроодақ” саммиті кезінде. Самарқан, Өзбекстан 4 сәуір 2025 жыл 3-4 сәуірде Самарқанда “Орталық Азия – Еуропа одағы” саммиті өтті. Орталық Азияның ресми БАҚ-тары мен мемлекеттік құрылым сайттары Самарқан саммитінің “тарихи маңызын” айтып жатыр. Ал екі аймақ арасында осындай форматтағы алғашқы кездесуді сарапшылар қалай бағалайды? Азаттық тілшісінің сұрақтарына саясаттанушы Жәнібек Арынов жауап береді. – Орталық Азия және Еуроодақ саммиті қаншалықты тең жағдайда өтіп жатыр деп айта аламыз? – Орталық Азия мемлекеттерінің 30 жылдық сыртқы саясатына, тарихына үңілсек, Еуроодақ әрдайым тең дәрежеде жұмыс жасауға тырысатын үлкен әріптестердің бірі. Мысалы, АҚШ немесе Ресей не болмаса Қытаймен салыстырғанда мемлекет тарапынан болсын, қоғам

  • Енді қазақ тілін елемейтін мекеме байкоттың нысанасына ілігіп, шығынға бата беретін болады

    Енді қазақ тілін елемейтін мекеме байкоттың нысанасына ілігіп, шығынға бата беретін болады

    Кейде қоғамды бір ғана оқиға қозғалысқа түсіріп, іште қатқан шеменді жарып жібереді. Бұл жолы дәл сондай ахуал орын алды. Magnum дүкендер желісінде орыс тілді бір азамат қазақ тілін білмейтін курьерге шағым түсіріп, артынан дүкен әкімшілігі әлгі курьерді жұмыстан шығарып, мәселені жылы жауып қоя салмақ болғанда, жұртшылық оқыстан оянып кетті. Бұл тек бір азаматтың реніші немесе дүкеннің ішкі тәртібі емес. Бұл – тілдік теңсіздікке қарсы ұлттың рефлексі. Қазақтың өзі, өз жерінде, өз тілінде сөйлей алмайтын күнге жеттік пе деген сұрақ сананы сыздатып тұр. Өз елінде тұрып, өз тілінде сөйлемейтін азаматты қоғамнан аластатылуы ақылға симайтын дүние. Ал Magnum дүкендері желісі отты күлмен көміп қойғандай болды. Қазақ тілі – елдің өзегі. Оған жасалған

  • НАУРЫЗ туралы маңызды құжат

    НАУРЫЗ туралы маңызды құжат

    Ашық дереккөздерден 1920 жылғы 20 наурызда Ташкентте Тұрар Рысқұлов қол қойған Наурызды атап өту туралы бұйрыққа көзім түсті. Демек, биыл бұл тарихи құжатқа – 105 жыл! Алайда, арада небәрі алты жыл өткен соң 1926 жылы Наурызға тыйым салынды. Ал, 1920 жылы Түркістан Кеңестік Республикасының Орталық Атқару Комитетінің төрағасы болып қызмет еткен Тұрар Рысқұловтың тағдыры қандай қайғымен аяқталғаны баршамызға мәлім. Оны “халық жауы” деп танып, 1938 жылдың 10 ақпанында ату жазасына кескен… Нашел вот такой документ в открытых источниках: Приказ, изданный в Ташкенте Тураром Рыскуловым от 20 марта 1920 года о праздновании Наурыза. Получается, в этом году этому историческому документу исполнилось 105 лет! В 1926 году Наурыз оказался под запретом. А

  • “Прагматик болуымыз қажет”. Тайвань Украина мен Трамптан қандай сабақ алды?

    “Прагматик болуымыз қажет”. Тайвань Украина мен Трамптан қандай сабақ алды?

    Рид СТЭНДИШ Сашко ШЕВЧЕНКО Тайвань сарбаздары Жаңа Тайпей қаласындағы әскери жаттығуда қару-жарақты пайдалануды үйретіп жатыр. Архив. АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде Украина президенті Владимир Зеленскиймен жұрт көзінше керісіп қалған соң, Тайвань Вашингтонмен қарым-қатынасын басқаша жүргізуге көшті. Зеленскийдің Ақ үйдегі сол кездесуінің нәтижесінде жоспарда болған минералдар келісіміне қол қойылмады және АҚШ-тың Украина қорғанысына бөлетін қолдауы тоқтап қалатындай қауіп төнді. Осыдан соң Тайвань Вашингтонға ұсыныс жасады. Әлемнің ең ірі микрочип өндірушісі – Taiwan Semiconductor Manufacturing Company (TSMC) 3 наурыз күні АҚШ-қа 100 млрд доллар инвестиция құю жоспарын жариялады. Жоспарда жаңа зауыттар, өнімді буып-түю нысандары және зерттеу орталығы қарастырылған. Ақ үйде тұрып сөйлеген TSMC басшысы Си-Си Вей чип инвестициясына саяси қысым емес нарық талабы

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы:

Zero.KZ