АҚШ-Корея бірлескен армиясының әскери оқу-жаттығулар сериясы тарихтағы ең жоғары деңгейге жетті. Бұл реткі бірлескен оқу-жаттығуға АҚШ армиясының «Карл.Винсон» авиаматкасын, B-52 стратегиялық бомбылаушы ұшағын, ядролық суасты кемелерін және басқа да озық соғыс қаруларын іске қосуы, оқу-жаттығу сипатын аса қатерлі күйге өзгертті. Онсызда бүлінгелі тұрған Шығыс-Азия жағдайын «Сад» зымыранға қарсы жүйесі де айрандай ірітуде. Бүгінгі әлем ақпарат құралдарының хабарына Солтүстік Корея да қарап жатпай, баллистикалық зымырандарын атқан.
Шығыс-Азия қайшылығы ежелден күрделі, сезімтал күйде келе жатқан еді. АҚШ-Корея бірлескен оқу-жаттығуы басталған алғашқы күнде-ақ түбектің атмосферасы күреңітіп сала берді. 1 наурыз – 30 сәуір аралығында өтетін әскери-оқу жаттығу, масштабы жағынан биылғы жылдың рекордын көрсетіп тұр. Жапония «Киото» ақпараттық орталығының хабарлауынша өткен жылы әскери жаттығуға қатысушылар шамамен 317 мың адам болған. Алайда, биылғы көрсеткіш одан еселеп асып кетуі мүмкін деп отыр.
Шетел БАҚ-ында АҚШ армиясының «Карл.Винсон» авиаматкасымен бірге, АҚШ әскери базасындағы «Рональд Рейган» авианосеці де жеткізілуі мүмкін деген болжам бар. Құрама Штаттың екі бірдей ауыр әскери техникасы Шығыс-Азияға келуі, АҚШ армиясының аса үлкен екі әскери базасының көшіп келуімен бірдей. Себебі, бұл авиаматкалардың біреуінде, су үсті соғыс техникасын қоспаған күннің өзі де, 50 соғыс ұшағы, 3000-нан аса әскери қызметкер болады. Шығыс Азиядан АҚШ-тың екі бірдей алып авиаматкасының пайда болуы, тарихта да өте сирек болған. Ал бұларға B-1B бомбылаушы ұшағы мен B-52 алыс аралықты стратегиялық бомбылаушы ұшақтарының да бар екенін қосар болсаңыз, бұл реткі бірлескен әскери оқу-жаттығудың салмағын толық түсіндіре алады. Мұндай әскери ауыр техникаларының тартылуы, АҚШ армиясының негізі саналатын F-22, F-35B шабуылшыларының табиғи түрде болатынын көрсетеді.
Осыншалық әскери техника мен қарулы қосын іргесіне келіп жатқан да Солтүстік Корея, Қытай, Ресей қорғаныс күштерді шұғыл күйде дайындап отырғаны анық. Қытайдың берген жауабы әскери қуатты 7 есеге арттыру болса, Ресей Жапонның солтүстігіндегі аралдарға апарған әскери қосындарымен жауап берді. Ең батыл жауап қайырған Солтүстік Корея болды. Бүгін таңертең баллистикалық зымыранымен бірге төрт бірдей зымыран атып сес көрсетті. Сонымен, арысы тұтас Шығыс-Терістік Азия, қала берді Корей түбегі бір сәтте-ақ соғыс бұрқ ету алдында тұр.
“The Qazaq Times”
Пікір қалдыру