Араб әлемі бізді Ресейден қорғамақ түгілі, әуелі өздерін қараңғылықтан құтарып алсыншы.
Кейбір кісілер Ресейден бізді арабтар құтқарады деп сенетін көрінеді. Біз арабтардың да экспанциясын бастан кешкенімізді, әлі де солардың көптеген шовинистік идеологиясынан зардап шегіп отырғанымызды ұмытпауымыз керек. Араб әлемі бізді Ресейден қорғамақ түгілі, әуелі өздерін қараңғылықтан құтарып алсыншы-деп жазды Arman Aubakir facebook парақшасында.
Бізге қазақтың ғылым-білімін дамыта отырып, көшпелі дәстүрдегі тегі бір (арғы бабаларымыз ортақ), ділі жақын (тілдің өзі шартты жағдай) елдермен саяси қарым-қатынасымызды нығайтуымыз қажет. Өзге алпауыттардың бодауындағы ең жақын халықтармен мәдени байланысты арттыру керек. Олар күн санап жұтылып кетудің алдында тұр. Мысалы, алтайлықтар өз балаларының тек орыс ертегілерімен өсіп келе жатқанын айтып мұңдарын шағады. Оларға біз қазақ тіліндегі ортақ тарихи материалдарды ұсына білсек, тегі бөлек шығармадан көрі өзегі ортақ біздің шығармаларды құп көрері анық. Мәдени апталықтар, т.б. шаралар керек-ақ. Бізден үміт күтіп, елеңдейтін туыстардың бар екенін ұмытпайық.
Тағыда Samat Azogsonатты facebook қолданушы :
800.000 қарақалпақ
500.000 якут
250.000 тыва
150.000 қалмақ
120.000 xакас
Осы 2 миллион xалықты Қазақстанға көшіріп алса, екінші-үшінші буында бір xалық болып кетеді. Қазақстанға үлкен демографиялық бонус болар еді-деп жазды.
Пікір қалдыру