Қысқа ғана кодтар арқылы телефон құрылысы мен смс-хаттардың қауіпсіздігін, сізді әлдекімнің аңдып отырғанын білуге болады. Біз сіздерге қазіргі заманғы смартфондар ішіндегі қажетті әрі жұмбақ кодтар туралы айтып өтпекпіз-деп жазды Stan.kz.
Осы код арқылы қоңырау бағыттауларын, СМС-хаттар мен өзге де мәліметтерді білуге болады. Экранда бағыттау мен нөмірлер көрсетіледі. Мұны әдетте қызғаншақ жолдасыңыз не ата-анаңыз қояды.
Егер сізге қоңыраулар түспесе, осы код арқылы оның қайда жолданып жатқанын тексеріңіз. Сізде дауысты қоңырау бағыттау функциясы қосылған болуы мүмкін.
Телефоныңыздағы барлық бағыттау қоңырауларын өшіру коды. Мұны роуминг алдында қоссаңыз, сізден ешқандай бірлік алынбайды.
Бұл код арқылы IMEI (International Mobile Equipment Identifier) кодты анықтауға болады. IMEI арқылы жоғалған телефоныңыздың қайда екенін біле аласыз.
Сіздің мекен-жайыңызды анықтауға арналған, сізді әлдекімнің аңдып жүргенін анықтайтын арнайы кодтар бар. Ол үшін netmonitor орнатылған болу керек.
iPhone үшін: *3001#12345#*
Android үшін: *#*#4636#*#* или *#*#197328640#*#*
1-қадам: UMTS Cell Environment-ке кіріп UMTS RR info ішінен Cell ID-тың барлық белгісін жазамыз. Бұл жақын жердегі базалық станса нөмірлері. Телефон оған жалғанып, белгі береді.
2-қадам: Басты мәзірге оралып, MM info ішіндегі Serving PLMN-ке кіреміз. Осыннан Local Area Code (LAC) жазамыз.
3-қадам: Осы екі қадам арқылы картадан телефоныңыз жалғанған базаны анықтай аласыз.
Әдетте КамАЗ бен үлкен антенналары бар шағын автобустар күдікке ілініп жатады. Олар байланыс жоқ жерде жұмыс істейді. Операторлар байланысты жақсарту үшін осындай көліктерді қолданып жатады.
Егер сіз Android қолдансаңыз, телефоныңызды вирустан жиі тексеріп тұрыңыз. PlaceRaider – ең қауіпті вирус саналады. Америка ғалымдары оның камера арқылы телефондағы мәліметтерді анықтай алатынын зерттеген.
Арнайы қызметтер телефонды қалай тыңдай алады?
Ұлттық құпия қызметтер заңды түрде мобильді байланыстармен жұмыс істейді. Олар соңғы 3 ай ішіндегі қоңыраулар мен мәліметтерді қарай алады.
Егер сізде тыңдау жүйесі қосылған болса, телефоныңыздың қуаты тез таусылғыш келеді, біреумен сөйлесу барысында кедергілер болады. телефоныңыз өзінен өзі өшіп қайта қосылатын болады.
Адамдар телефон арқылы қауіпсіздік сақтамай сөйлесе береді. Сондықтан тыңдау жүйесі арқылы барлық құпияны оңай білуге болады.
Telegram, Chare, Wickr, Signal секілді жалпыға тосқауыл қоятын мессенджерлерді қолданыңыз.
Нөміріңізді бәрінің білгені жөн бе? Жалпыға қолжетімді түрде жеке мәліметтеріңізді, отбасылық жағдайыңызды жазған дұрыс па? Балаларыңыздың суретін жариялағандада сақ болыңыз.
Телефоныңызға бақылаушы бағдарламаларды орнатпаңыз және тегін қуаттауға мүмкіндік беретін кабельдерге қосылмаңыз.
Тек қана мобильді операторлар ғана жақыныңыздың, танысыңыздың не компания қызметкерінің мекен-жайын анықтап бере алады. Ол үшін абонеттің рұқсаты керек әрі өзі кәмілет жасқа толған болуы керек. Кез келген абонеттің қайда екенін анықтап беруші сайттармен алаяқтар жұмыс істейді.
Stan.kz
Пікір қалдыру