|  | 

Шоу-бизнис

Tesla жүк көліктерінің қашан шығатыны белгілі болды

        © Exist                    Tesla бас директоры Илон Маск Twitter  желісіндегі парақшасында компанияның жүк көліктері қашан шығатынын жариялады. Илон Масктың айтуынша, электрқуатымен жүретін фуралар 2017 жылдың күзінде таныстырылады.     “Tesla жүк көлігі қыркүйекте таныстырылады. Біздің команда жақсы жұмыс жасады. Бұл шын мәнінде жаңа деңгей”, – депа жазды Маск әлеуметтік желіде.  Жазбаның сұрақтарына ол болашақта Tesla пикаптары мен родстерлерінің пайда болатынын айтты. Осы компанияның басқа көліктеріндегідей жүргізушісіз басқару жүйесі жүк көлігінде де болуы ықтимал.                                tengrinews.kz 

Related Articles

  • “Астана” – “Вильярреал” 2:3

    Стоилов өзімен бірге қартайып бара жатқан командасына екі нәрсені әлі үйрете алмай келеді. Бірінші, доптан айырылмай қатарынан төрт мәрте пастасу (ең құрығанда алаңның өз жартысында). Екінші, командадағы еуропалық деңгейде ойнайтын екі шебер – Твумаси мен Кабанангаға дер кезінде доп асыру. Испанияның тәуір командасымен тартысты матч өткізді деп мақтауға, тоқмейілсіп отыра беруге болар еді. Бірақ алдағы трансфер маусымында қос мергенді Еуропа клубтары қағып әкеткесін не болмақ? Олардың да заманы өтіп барады, дұрысырақ алаңда доп тепкілері келеді. Ал қалған өкпесі өшкен, физикасы отырған, тек төрешімен тәжікелесуді қатыратын, дені Балқан түбегінен жиналған “астаналықтар” жасанды алаңдарында не нәтижеге қол жеткізбек? Ішкі чемпионатты күшейтпей тұрып, балалар мен жасөспірімдер футболына жағдай жасамай жатып, бюджеттің ақшасын шашып,

  • БҰҰ комитеті Семей өңірі бойынша қарарды мақұлдады

    Семей қаласы орналасқан Шығыс Қазақстан облысының картадағы орны (Көрнекі сурет). БҰҰ Бас ассамбелясының экономика және қаржылық мәселелер бойынша комитеті Семей өңірінің халқын сауықтыру, қоршаған ортасы мен экономикалық дамуын қалпына келтіру мақсатындағы іс-қимылдарды үйлестіру және халықаралық ынтымақтастық туралы қарар жобасына келісті. Қазақстан сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, құжат 23 мемлекеттің демеушілігімен және өзара уағдаластығымен мақұлданған. Министрлік ақпаратына қарағанда, қарарда Қазақстан үкіметінің Семей өңірін сауықтыру және дамытудағы рөлі атап өтіледі. Сонымен қатар құжат халықаралық қауымдастықты “Қазақстанның зардап шеккен тұрғындарды емдеу және оларға қызмет көрсетудің арнайы жобалары мен бағдарламаларын дайындап, іске асыруына және аймақты орнықты дамытып, экономикалық өсімге қол жеткізудегі жұмыстарына көмектесуге шақырады. Министрлік бұл қарарды БҰҰ Бас ассамблеясы Семей өңірі бойынша 1997 жылдан

  • АСПАННАН ТҮСКЕН МИЛЛИОНЕР

    Erlan Toleutai facebook парақшасынан “Сығанақ” қаласының ішінде “Қазақ елі” тарихи сериалының “Халық көтерілісі” сахнасын түсіріп жатқан едік. Дəл төбемізден “гүр” етіп, “Бидайықтың көл жайқаған жалғызындай” бір тікұшақ ұшып өте шықпасы бар ма! “Мынау қайтеді-ей”, – деп қойып, түсірілімді жалғастыра бердік. Сәлден соң, түскі асқа берілетін 40 минуттық үзілісті пайдаланатын əдетіммен Іле бойын жағалап кеттім. Жоғары өрлеп келе жатыр едім, бағанағы тікұшақтың өкпе тұсымнан шыға келгені. Тым төменде ұшып жүр, қамысқа қонайын деп жүрген кəдімгі инелік сияқты, үшкіл тұмсығымен су жағасындағы алып жартастарға сүйкене таяп барып “үңіледі” де, қайта серпіледі. Бір кезде шұғыл бұрылып, осының бəрін қызықтап қарап тұрған маған қарай төтелей салды. Əуелде өтіп кетер деп ойлаған ем, жоқ, тура

  • Қолөнер көрмесі өтеді.

     Қолөнері дамыған қазақтың тұрмыстық заттарының тарихы өте тереңде. Ел арасындағы шеберлердің шын ықыласының арқасында бабадан қалған асыл мұрамыз көпке қайта таныла бастады. Рухнаи жаңғыруда жадыға сақтап, Ұлттық кодымызды айшықтайтын, өзгеде жоқ ерекше дүние, ол – қолдану кезінде пайдасы көп, ағаштан ойылып, ою салып сапалы жасалған қазақтың көнеден келе жатқан тұрмыстық заттары. Сан түрлі заттардың түрін тұрмақ, атауында ұмытқалы қашан? Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында оқушылар, студент жастарға, жалпы жұртқа үш күндік көрме көрсетілмек. Аяқ, Аяққап, Астау, Бақыраш немесе жолаушы жанында жүретін, Жанторсық, май шайқайтын Жуаз, күміспен, сүйекпен шекетулеген Зерен, Күбі – талдан, аршадан қиып жасалатын, айран, қымыз пісуге арналған іші кең ыдысты, болмаса теріден қатырып жасалынған бие сауатын шелек –

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: