Бұған дейін хабарлағанымыздай, 29 мамырдан 30-на қараған түні Алматыда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп кәсіпкерлерден ақша бопсалау, Қазақстан мен Қытай мемлекеттік шекарасы арқылы контрабанда каналдарын ұйымдастыру және адам ұрлау, тапсырыспен адам өлтіруді қоса алғанда, басқа да қылмыстармен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесу үшін арнайы операция жүргізген болатын.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қылмыстық топтың жетекшілері мен белсенді мүшелері ұсталды, олардан едәуір көлемде атыс қаруы мен оқ-дәрілер алынды. Сонымен қатар, көрсетілген ҰҚҚ жетекшілерімен байланысы бар Алматы қаласы ІІД Әуезов АІІБ-ның бұрынғы бастығы полиция полковнигі Б.Қасабеков ұсталды. Дереккөз: NUR.KZ
Пікір қалдыру